Өт қуығында тас пайда болу ауруы

Главная » Рефераттар » Өт қуығында тас пайда болу ауруы

ӨҚТПА өт қуығында тас пайда болу ауруы (холелитиаз) дәрігерлерге көне заманнан бері белгілі сырқаттардың қатарына жатады. Мысалы, сонау 1341 ж. Падиадада G. Da Foligno қайтыс болған әйелдің өт қуығынан тас тапқан. Ал енді бұл ауру туралы мәліметгердің ерте ғасырлардағы ғалым дәрігерлер Гиппократ, Авиценна, аль-Фараби, Галеннің еңбектеріңде кездесуі айтылған жағдайды толық дәлелдейді. Қазіргі уақытта өт қуығында тас пайда болу ауруы (ӨҚТПА-ы) жер шарындағы көптеген елдердің тұрғындары арасында жиі байқалатын аурулар қатарынан орын алып отыр. Өз еліміздің және көптеген шетел ғалымдарының байқауынша холелитиазға шалдыккан ауру адамдардың саны жылдан жылға өсіп келе жатыр. Жоғарыда келтірілген деректерге дәлел ретінде тағы да бірнеше мәліметтерге көңіл аудара кетейік.
В. Niderle (1977), К. Dittle ж. басқалардың (1978) Батыс Еуропа елдері бойынша жалпы шолу ретінде жүргізген статистикалық зерттеулеріне көңіл бөлсек, бұл елдерде, 1940 жылдар мен 1960-70 жылдар аралығын салыстырғанда. Өт қуығында тас пайда болу ауруы (ӨҚТПА-ына) шалдыққан ауру адамдар саны 20%-ға өскен. Ал F. Nakayama (1970) және Н. Kameda-ның (1976) деректеріне жүгінсек, бұрын ӨҚТПА-ы өте сирек кездесетін Жапония елінде, өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында, бұл сырқатка шалдыққан ауру адамдар саны 1—3%-дан 8-9%-ға дейін көтерілген көрінеді. АҚШ-та ересек адамдардың 20%-ы холелитиазбен сырқаттанып, онда жыл сайын осы сырқатқа байланысты 700 000-нан астам холецистэктомия операциясы жасалатын көрінеді (Минушкин О.Н., Бурдина Е.Г., 1990, Bradi P., 1985, Scher K. ж. басқалар, 1987). Бұрынғы Одақ көлемінде де ӨҚТПА-ының жылдан жылға өсуі анық байқалып отырылғандығы бізге ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан мәлім. Олардың нәтижелеріне қарағанда XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап әрбір 10 жыл сайын өт қуығында тас пайда болу ауруына шалдыққан адамдар саны екі еседен (Лубенский Ю.М., Нихинсон Р.А., 1982, Крылов Н.Л. ж. басқалар, 1986), бес есеге дейін өсіп отырған (Соколов Л.К. ж. басқалар, 1987). Бұнымен қатар, егер бұрын өт қуығында тас пайда болу ауруы (ӨҚТПА-ы) көбінесе егде тартқан адамдардың арасында жиі кездеседі деген ұғым басым болса, кейінгі кездерде жарық көрген әдебиет көздерінде бұл ауру жастар арасында (Борей В.М., Гапано-Кишкевич В.П., 1985, Гвоздяк Н.Н., 1985, Кривицкий Д.И. ж. басқалар, 1986, Evron S. ж. басқалар, 1986), тіпті балаларда да кездесе бастағаны байқалып жүр. Ал  I. OrlofT (1988), Н.В. Эльштейннің (1989) т.б. байкауынша панкреатодуоденальді аймақ көлемінде өт қуығында тас пайда болу ауруы ең жиі кездесетін сырқат болып табылады екен. А.В. Шапошпиков пен Я.Д. Абусара (1976) патологоанатомиялық, зерттеулер барысында табылған нәтижелерге сүйене отыра мынандай тұжырымға келген: 21-30 жас аралығындағы адамдарда ӨҚТПА әрбір 26-ншы, 41-50 жастар аралығында әрбір 19-ншы, ал 70 жастан асқандар арасында әрбір 7-ншісінде кездесетін көрінеді, Е.Ріосһ (1978) 65 жасқа келіп қайтыс болғандардың 58 %-ында өт қуықтарында жатқан тастарды тапқан. Холелитиаз ауруын және оның ерекшеліктерін терең зерттеушілер арасында бұл ауру, негізінде, әйел жынысты адамдарда жиі кездеседі деген пікір басыңқы. Өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары әйел жынысты адамдардың ӨҚТПА-мен зардап шегуі еркек жыныстылармен салыстырғанда 5-7 рет жиі кездесетін. Сол ғасырдың 70-80-ші жылдарынан бастап бұл сан 2,5-3,5-ға дейін төмеңдеді. Бұндай жағдай, яғни ӨҚТПА-ың өршуі, 1978 жылы Мадридте өткен VI Бүкіл дүниежүзілік гастроэнтерологтар конгресінде ресми түрде аталып өткен болатын.

Сонымен, жоғарыда келтірілген қысқаша әдебиеттік шолуды қорыта келгенде өт қуығында тас пайда болу ауруы әлемнің барлық елдерінің тұрғындары арасында кездесетіні анық байқалады және сол елдердің бәрінде, ғалымдардың мәліметтері бойынша, холелитазға шалдыққан ауру адамдар саны жылдан жылға көбеюде. Демек, бұл ақпараттардың бәрі ӨҚТПА-ы үдемелі түрде өсіп келе жатыр деген деректерді толық дәлелдейді. Әрине, ӨҚТПА-на шалдығу деңгейі көтерілген сайын өт қуығына және бауырдан тыс жатқан өт жолдарына жасалатын операциялардың саны да көбейеді. Мысалы, бұрынғы Одақ көлемінде бір жыл аралығында холелитиаз себебімен 60—100 мың холецистэктомия жасалынып тұрған көрінеді, ал АҚШ-нда бұндай операция саны жылына 650-700 мыңға жеткен. Әрине, өт жолдарына жасалатын операциялар пайызы жоғарылаған сайын бұл проблеманың басқа да әржақты, солардың ішінде медициналық, әлеуметтік-экономикалық мәселелермен жалғасатыны занды жағдай. Қазіргі кезде, өкінішке орай холелитиазбен ауырған адамдардың басым көбі клиникаға аурудың түрлі асқынулары пайда болған кезде ғана жеткізілуі байқалады, немесе сырқат көп уақытқа созылып, қажетті операция ауру адам егде жасқа келгенде жасалып жүр. Ал бұл жасқа келген ауру адамдарда, негізгі ауруына қосымша, жүрек-тамыр, өкпе, бүйрек, тағы басқа ағзалардың аурулары пайда болатыны белгілі. Әлбетте, бұндай пациеиттерге жасалған операциялардың нәтижелері ойдағыдай болмауы мүмкін және бұндай аурулардың операциядан соңғы кезеңдерінде әлеуметтік және экономикалық жақтарынан өте қолайсыз, шығынды жағдайлар туады. Өйткені, біріншіден, көптеген жағдайларда клиникаға жедел жеткізілген пациенттерге олерация еш дайындықсыз шұғыл (экстренно), немесе аз мерзім аралығында жүргізілген дайыңдықтан сон жасалады да, бұндай операциядан соң пайда болатын асқынулар мен өлім пайызы, хирургтердің деректеріне карағанда, күрт жоғарылайды. Мысалы, шұғыл жасалған операциялардан соң және жасы ұлғайған пациенттердің арасындағы өлім жиілігі 15—20% болса, қажетті дайындықтан соң, жоспарлы түрде жасалған операциялардан соң болатын өлім пайызы 0,3—0,5% көрсеткішінен аспайды.
Екіншіден, бүгінгі таңда холелитиаздың операцияға дейін немесе операциядан соң пайда болған асқынуларын емдеу өте күрделі және бағасы жағынан қымбатқа түседі. Оның себебі асқынулар пайда болған жағдайда ауру адамдардың организмінде әртүрлі қосымша ем қажет ететін өзгерістер туады. Осыған орай, емдеу барысында дәрігерлер көптеген дәрі-дәрмек қолдануға мәжбүр болады, сонымен қатар, ауруы аскынған пациенттердің клиникада болу мерзімі (яғни төсек-күн көрсеткіші) ұзарады. Оның үстіне операциядан соң асқынулар пайда болған ауру адамдардың еңбекке жарамсыз күндері көпке созылып, олардың арасында мүгедектер саны да көбейеді. В.И. Шуваева (1981), Д.И. Кавкало, В.И. Кудина (1983), И.Т. Кобыляцкий ж. басқалар (1985), А.Ж. Нүрмақовтың (1989) байқауларынша холелитиаз және оның асқынуларынан емделген ауру адамдардың еңбекке жарамсыз күндері 90—120 күндер аралығына созылған, ал В.И. Соколов пен В.А. Адриановтың (1982) мәліметтері бойынша бұндай ауру адамдар қатарынан 2—12% пациенттер тұрақты немесе уақытша мүгедек болады екен. Бұндай жағдай, әрине, медицина қызметкерлері жағынан холелитиазды емдеу көрсеткіштерін жақсартатын біраз шаралар іздестіріп, оларды күнделікті жұмысқа енгізуін талап етеді. Сондай шаралардың бірі холелитиазды ерте, яғни, оның қауіпті асқынулары пайда болмай тұрғанда және ауру адамдар кәрі, кәртәміш жастарға жетпей емдеу қажет деген ғалымдардың көзқарастарымен біз толық келісеміз. Рессй ғалымы В.Х. Василенко (1982) айтқандай: «… ерте және уақытында анықталған сырқатты емдеу оңайға түседі және оның нәтижесі де табысты болады. Тек мәселе сол ауруды уакытында анықтауға келіп тіреледі».

Өт қуығында тас пайда болу ауруын (ӨҚТПА-ның) асқынбаған түрін емдеу тәсілдері

Жалпы өт қуығында тас пайда болу ауруын және оның әртүрлі асқынуларын емдеу өте күрделі және актуальді проблемалар катарынан орын алуда. Оның себебі, бірішіден, жоғарыда айтылғандай, ӨҚТПА-ымен зардап шегетіндердің саны жылдан жылға көбеюде болса, екіншіден, өкінішке орай, оның қауіпті асқынулары пайызының жоғарылауында. Осылармен қатар, ауруханаға сырқаттың әртүрлі асқынулармен түскен ауру адамдар көбінесе орта жастан асқан немесе кәрі және кәртәміш жастағылар. Ал бұл жастағы ауру адамдардың бойында, негізгі ауруымен бірге, басқа да сырқаттар кездесіп, олар негізгі аурудың барысын күрделендіріп,пациенттің жағдайын ауырлата түседі және емдеу көрсеткіштерін де төмендетеді. Міне осы айтылған деректер хирургтердің ойын холелитиазды және оның асқынуларын емдеу көрсеткіштерін жақсартып, оны жақсы деңгейге жеткізетін жолдар іздеуге бағыттайды.
Бүгінгі таңда ӨҚТПА-ының асқынбаған түрін емдейтін тәсілдерді негізгі екі топқа бөлуге болады.
1. Консервативтік тәсілдер:
а) дәрі-дәрмектермен емдеу;
б) физикалық құбылыстарды колдану арқылы емдеу.
2. Хирургиялық тәсілдер:
а) дәстүрлі операция жасау арқылы емдеу;
б) эңдоскопиялық аспаптармен операция жасау арқылы емдеу (эңдоскопиялық хирургия).

Консервативтік тәсілмен емдеу. Дәрі-дәрмекпен тастарды еріту (холелитолизис). Холелитолизис (гректің сһоіе — өт сұйығы, lithos — тас, liticos — еріту) өт қуығындағы тастарды түрлі заттарды қолдана отырып еріту тәсілі. Өт қуығындағы тастарды ерітіп шығару жолдарын табу жөніндегі ізденіс жұмыстары көп уақыттан бері жүргізіліп келе жатыр. Сол уақыт аралығында іздену барысында ғалымдар өт тастарын еріту үшін әртүрлі заттарды қолданып көрді. Солардың ішінде хлороформ, эфир, гепарин, әртүрлі өсімдік майлары, жапон мушмулласы т.б. бар. Өкінішке орай, аталған заттардың өт тастарын ерітудегі мүмкіншілігі ойдағыдай болмады. Сондықтан аталған заттар казіргі кезде ем ретінде қолданылмайтын болғандықтан олардың тек тарихи ғана маңызы бар деуге болады. Бірақ бұл бағыттағы ғылыми-іздену жұмыстары тоқталмай одан әрі жалғастырылып келеді. Сол ғылыми ізденулердің аркасында және ӨҚТПА-ына патогенезін терең зерттеудегі ғылыми жетістіктердің нәтижелерінде қазіргі кезде өт тастарын ерітетін тиімді қасиеттері бар заттар табылды. Солардың ішінде өт қышқылдары хенодезоксихол (ХДК,) және урсодезоксихол қышқылдарының (УДҚ) негізінде жасалған дәрілерді (хенохол, хенофальк, урсосан т.б.) және моноактоннонды атап өтуге болады. Бұл заттарды өт тастарын еріту үшін қолданғандағы нәтижелері баяндалған көптеген ғылыми жұмыстар жарық көрді. Кейінгі кезде бұл заттардың қатарына 7-кетолитохол қышқылы қосылып отыр (Mazzela G. ж. басқалар, 1986). Авторлардың пікірлері бойынша бұл зат өт тастарын ерітуімен қатар, өт сұйығының литогендік касисгін төмендететін көрінеді.

Хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері. Жоғарыда көрсетілгендей ӨҚТПА-н емдеуде бүгінгі тандағы ең тиімді және радикалды тәсіл ол хирургиялық операция жасау арқылы өт қуығын, ішіндегі тасымен бірге, алып тастау болып табылады (холецистэктомия). Бұл операция қазіргі кезде негізгі екі әдіспен іске асырылады. Біріншісі, ежелгіден келе жатқан дәстүрлі хирургиялық операция аркылы орындау болса, екіншісі эндоскопиялық аспаптарды колдану арқылы орындау (эндоскопиялық операция). Аталған операциялардың әрбіреуінің қолдану көрсеткіштері, қолдануға қарсы көрсеткіштері және өз алдына артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Енді аталған операцияларды іске асырудағы негізгі белестерінің ерекшелікгеріне жеке-жеке қысқаша тоқтала кетейік. Дәстүрлі хирургиялық операция. Бұл тәсілмен іске асырылатын холециетэктомияның бірнеше белестерін (этаптарын) ажыратады. Олар: 1) операциялық бару жолын таңдау; 2) өт қуығын алып тастау; 3) операция үстінде магистральді өт жолдарын тексеру; 4) операцияны тамамдау. Жас хирургтердің есінде болатын бір жағдай, ол операция барысында, аталған әр белестерге ерекше көңіл бөлу керек. Себебі операция белестері ұқыпты жасалса, оның нәтижесі де ойдағыдай болады. Керісінше, егер олар дұрыс орындалмаса, онда операция барысы күрделеніп, операция үстінде немесе одан соңғы кезеңде түрлі асқынулар мен холецистэктомиядан соң пайда болатын әртүрлі синдромдар (постхолецистэктомиялық синдромдар) пайда болатын себептер туады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.