«ТАҚЫРЫП» ТЕРМИНІНІҢ МӘНІ

Главная » Рефераттар » «ТАҚЫРЫП» ТЕРМИНІНІҢ МӘНІ

Көне гр. thema («Тақырып»//тақырыптама) сөзі жаңа еуропа тілдерінде тема//тематика түрінде кеңінен қолданыс табуда. Өнертану мен әдебиеттануда аталған термин түрлі мағынада қолданылады, ең бастысы оның ілкі екі мәні. Біріншіден, тақырып деп көркем құрылымның, форма аспектілерінің, тірек амал-тәсілдердің ең маңызды компоненттері аталады. Әдебиет бұл табалаушы кілт сөздердің мағынасы. Осы негізде, В.М. Жирмунский тақырыпнаманы көркем сөздің семантикалық аясы ретінде «Заттық мағынаға ие әр сөз суреткер үшін поэтикалық тақырып, көркемдікпен әсер етудің өзіндік амал-тәсілі болып табылады <…>. Лирикада көбіне тұтас поэтикалық бағыт басым жағдайда өзінің сөздік тақырыбымен анықталады; мысалға, сентименталист ақындар үшін «қайғылы», «қату», «елең-алаң», «аза», «өлім үнсіздігі» секілді сөздер тән болып келеді»[107] деген ой айтты. Осы мәнінде музыкатануда «тақырып» термині ертеден қолданылып келеді. Бұл – «есте қалып, әрі бірден танылатын» аталған туындының затына сай келетін «өте айқын <…> музыкалық фрагмент» құрылым элементі»[108].  Аталған терминологиялық дәстүр бойынша тақырып мотивке жуықталынып қолданылады. Ол көркемдік тінінің белсенді, бөлініп тұратын назар аударылушы компоненті. Б.В. Томашевскийдің айтуынша: «тақырыптың <…> шағын бөліктері» «ары қарай бөлшектеуге келмейтін» туындының мотиві деп аталады».

.

«Тақырып» терминінің өнердің танымдық аспектісіне тән болып келетін басқа мағынасы құрылымдық элементтермен емес, тұтас туындының мәнісімен байланысты болып келетін өткен жүз жылдықтың теориялық тәжірибелерінен тамыр тартады.  Тақырып көркем туындыгерліктің іргетасы ретінде автордың мүддесі, пайымдауы мен бағалауының өзегіне айналады. Аталған феноменді Б.В. Томашевский туындының басты тақырыбы деп атады. Ол тақырыптаманың құрылымдық емес, субстанциялық қырынан сөз етіп, махаббат, өлім, революция тақырыптарын атады. Тақырып дегеніміз  – бұл «туындының жекелеген элементтерінің мағынасының бірлігі. Ол көркем құрылымының компоненттерінің басын біріктіріп, өзектілікке ие болып, оқырмандардың қызығушылығын туғызады» деп түйіндейді ғалым[110]. Тап осы ойды қазіргі заман ғалымы да: «Тақырып дегеніміз туындының барша элементтері, кейбір интенциялар бағынып, мәтін бойында жүзеге асатын кейбір қондырғылар» деп айтады.

Бұдан ары біз тақырыптаманың тек субстанциалды аспектіне назар аударатын боламыз, яғни, затты көркем игеру (тану) өте кең көлемді, сондықтан, өнердің оның қайсысын қамтитынын әзер анықтаймыз. Көркем туындыда оның белгілі бір қырлары табиғат феномендері, ең бастысы, адам өмірінің болмыстық тұтастығы (яғни, әлем келбеті не реттілікпен, не бейберекеттікпен ұшырасып) не тікелей, не жанама түрде қаққа жарылады. Бұл ұғымдар (көркем тақырып, тақырыптама) біршама деңгейде тар догмалық интерпретациялау негізінде 1920 жылдардан бастап орыс әдебиеттануында көркем туындының тақырыбына қасарысып әлеуметтік сипат беру арқылы өз беделін түсіріп алды.

.

Көркем тақырыптама күрделі де, көп қырлы. Теориялық тұрғыдан оны үш бастау көздің жиынтығы ретінде қарастырамыз. Ол біріншіден, онтологиялық және антропологиялық әмбебаптылық (универсалия), екіншіден, жергілікті//локалды (кейде тіптен кең ауқымды) мәдени-тарихи құбылыс, үшіншіден, дербес өмірдің (ең алдымен, авторлық) өзінділік құндылығы. Өнер тақырыптамасын осылайша түсіндірудің басым бағыты М.М. Гиршманда көрініс тауып, оның сөзінше: «туындыдағы көркем тұтастық әлбетте адамзат, халық және нақты адами тұлға болып табылады».

МӘҢГІЛІК ТАҚЫРЫП

.

Көркем туындыларда өмірдің тұрақтылығы, оның іргетастық сипаттары (автордың өз еркімен немесе оған тәуелсіз түрде) тұрақтылықпен айшықталады. Бұл ең алдымен ғаламдық және табиғи бастау көздер (әмбебаптылық) хаос пен ғарыш, қозғалыс пен тоқтау, өмір мен өлім, жарық пен қараңғы, от пен су т.с.с. Бұның барлығы өнердің тақырыбының онтологиялық кешенін құрайды. Көркем тақырыптаманың өнердің антропологиялық аспектісі өте маңызды, әрі  өте бай болып келеді. Ол өз бойына біріншіден, адам болмысының антиномиялы (шеттеу мен араласу, паңдық пен мойынсұнушылық, туындыгерлік пен талқандаушылыққа бейімділік, күнә мен пәктік т.с.с.с) рухани бастау көзін; екіншіден, жан-тәндік адам құштарлығымен байланыстағы инстинкттер аясы болып табылатын  либидо (жыныстық ая), билікке ұмтылыс, материалдық игіліктерге, қымбат заттарға, сән-салтанатқа бой ұру т.с.с.с.; үшіншіден, адамдар жыныстық (еркектік, әйелдік) және жас ерекшелігі (балалық, жастық, ересектік) жағынан бөлінеді; ең соңғысы, төртіншіден, адам өміріндегі дәуірден жоғарғы жағдайлар, адам тіршілігінің тарихи тұрақты формалары (еңбек пен демалыс, жай күндер мен мерекелер; шындық өмірдің тартыстылық мен үйлесімдік бастау көздері, бейбіт тіршілік пен соғыс немесе төңкеріс; туған жер және одан жырақтағы өмір немесе саяхат; азаматтық және жеке бастық іс-әрекет т.с.с.) сыйдырады. Осындай жағдайлар іс-әрекет пен талпыныстардың, кейде адамның ізденістер мен шытырмандыққа, белгілі бір мақсатты жүзеге асырудың аясын құрайды.

Аталған (және сөз етілмеген) тіршіліктің бастау көздері өнерге келген шақта бай да, көп қабаты кешенді мәңгілік тақырыптарды құраса, олардың көпшілігі «архетипті» болып келіп, жоралғылық-мифологиялық ескіліктен (архаикадан) бастау алады. Көркем шығармашылықтың бұл қыры барша ел мен дәуірлердің құндылығы болып табылады. Ол не туындының түп қазығы, не оның бойындағы өз авторының санасы түйсінбеген  көлеңкелік (мифопоэтикалық астармәтін) ретінде байқалады. Өнер мәңгілік тақырыптарға бет бұрғанда онтологиялық бағдардағы философия және адам табиғаты туралы іліммен (антропологиямен) туыстасып жақындасады. Өнердегі тіршілік тұрақтылығының сәулеленуі романтизм дәуіріндегі философтардың[114], сондай-ақ, мифологиялық  (Германияда – Гриммдер, Ресейде – Ф.И. Буслаев) және неомифологиялық мектеп ғалымдарының (Н. Фрай) [115],  Фрейд пен К. Г. Юнгтың еңбектеріне бағдар ұстаушы психоаналитикалық өнертанудың зерделеу өзегіне айналды.

Соңғы кездерде бірқатар байыпты жұмыстарда (Г.Д. Гачевтің, Е.М. Мелетинскийдің, Смирновтың, В.И. Тюпаның, В.Н. Топоровтың[116] еңбектерінде) бізге таяу дәуірлердегі әдеби шығармашылықтың мифологиялық архаикаға қатыстылығы сөз етіле бастады.  Ең басты назар аударуға тұрарлығы Д.Е. Максимовтың теориялық жинақтаулары. Түп төркіні архаикаға кететін әмбебаптықтың маңызы зорлығын бекемдей отырып, ғалым сонымен қатар, XIX-XX ғғ. әдебиетіндегі «мифопоэтикалық дәстүрді» бәрін қамтымайтын, жергілікті құбылыс деп ой түйеді. Бұл дәстүр деп тұжырымдайды Д.Е. Максимов, Дантенің  «Құдіретті комедиясынан» бастау алып, Мильтон поэмаларынан Гетенің «Фаусына» және Байронның мистерияларына созылды; оның өзектенуі Вагнерден кейін символизмде ішін ара орын алды. Ғалым кең тараған өнер мен әдебиеттегі тоталды мифологизм турасындағы ұғыммен мүлде келіспейді: «заманалық көркем туындыны мифологиялық түсіндіруде <…> жөнсіз көкке көтеріле айтылатын әдебиеттанудағы қиялдауға байыпты және өрелі ғалымдар жиі беріліп жүргендігін мақұлдауға болмайды»[117]. Бұл ой түю біздің көзқарасымыз бойынша әбден дұрыс. Көркемдік таным мен игеруде мифологиялық пен мифопоэтикалық бастау көз және тіршіліктің әмбебап аясы (өзінің барынша маңыздылығына қарамай) өз бетінше бәрін қамти алмайды. Бұл тек өнер тақырыптамасының бір қыры ғана.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.