Табиғатты және жануарлар дүниесін қорғау тарихы

Главная » Рефераттар » Табиғатты және жануарлар дүниесін қорғау тарихы

Жануарларды қорғаудың тарихы адамдардың, іс-әрекеті мен тығыз байланысты. Жер бетін мекендеушілердің арасындағы адамдардың ерекшеліктері олар өз тіршілігінде алдына белгілі мақсат қояды. Сол мақсатына жету үшін миллиондаган жылдар бойы табиғатқа және жан-жануарға әсерін тигізуде. Бұл құбылысты зерттей келе жануарлар әлемі мен табиғаттың тарихымен адамның тарихы бір -бірімен тығыз байланысып және бірін-бірі толықтырып отыратындығы анықталған. Алғашқы адамдардың топтары көшпенді өмір сүрген. Саны аз болғандықтан жануарлар әлеміне және табиғатқ а айтарлықтай әсерлерін тигізе қоймаған . Олар әртүрлі жеміс-жидектермен қоректеніп, сонымен тіршіліктерін жалғастырған. Алғашқы табиғатқа және жануарлар әлеміне айтарлықтай ықпалын шамамен миллион жыл бұрын адамдардың отты тауып, алғашқы кұралдарды және жабайы аңдарды аулауға қолданатын қаруларды қолдана бастауымен басталады. Уақыт өте келе адамдар бірте-бірте шағын адамдардың қоғамын құра бастады. Бұның бәрі табиғатта және жануарлар әлемінде өзгерістер пайда болуына әкеліп соқтырды. Адамдар отжағу үшін табиғаттың құ рамдас болып өсімдіктердің көптеп пайдалана бастады. Сонымен қатар жануарлар әлемінде ірі жануарлар, аңшылық құрудың салдарынан сан жағынан үлкен шығынға ұшырап, кейбір түрлері мүлдем жоғалуға дейін барса, кейбір түрлері мүлдем жоғалып кетті. Мысалы, зіл (мамонт). Адамдардың жабайы аңдарды қолға үйретіп егін егуді бастаған кезінен бастап табиғат пен жануарлар әлеміне тигзетін зиянды әсері одан сайын артты.

Егін егуге және қолға үйретіл ген жануарларды бағу үшін, көптеген ашық жаңа жерлер қажет болды. Сондықтан адамдар жаңа жерлерді ашу мақсатында ормандарды өртеп, аңдардың мекендейтін жерлерін тарылта бастады. Құл иеленушілік дәуірі кезінде еңбектің бөлін уі және техниканың дамуы қатты қарқын ала бастайды. Сондықтан табиғи және жануар тектес өнімді өндірудің көптеген тәсілдері және мүмкіншіліктері пайда болып табиғат пен жануарлар әлеміне келтірілетін зиянның мөлшері орасан зор көрсеткі штерге ие болды. Құл иеленушілік дәуірінде адамдардың жоғарғ ы сатысы төменгі сатысына билік жүргізе алу мүмкіндігі не ие болуына байланысты ең алғашқы жануарлар әлемін және табиғатты қорғауға арналған заңдар топтамасы адамдардың дамуының осы дәуірінде пайда болған.

Жануарлар әлемі туралы тарихи деректер. Тарихтағы деректерге сүйенетін болсақ жануарлар мен табиғатты қорғауға арналған заңдары. Біздің   эрамызға дейін жұмыс атқарғаны  туралы көптеген дәлелдер кездеседі. Мысалға, ежелгі Вавилонда Хамурапи патшаның біздің  эрамызға дейінгі      18  ғасырда жазылған  табиғат пен жануарлар әлемін қорғауға арналған заңдарын біздің эрамызға дейі н З ғасырда индия ипмераторы Ашока табиғатты және жануарлар әлемін қорғауға арналған заңдарын көп мөлшерде дінге сүйене отырып жариялаған. Қытайда кейбір князьдықтардың билеушілері бірнеше қорықтар ұйымдастырған. Технологиясы дамыған ғылыми техникалық прогресс және материал өндіру, технологиясы дамыған біздің замаңда жануарлар мен табиғатты қорғау мәселесі бүкіл планеталық үлкен мәселеге айналды. Адам мен табиғат бір-біріне тығыз байланысты. Табиғат пен қоршаған орта адам үшін өмір сүру аясы азығын іздеп табатын және өмір сүруге қажетті материалдарды алатын орта. Мал өсіру кәсібінің дамуымен қатар табиғат пен жануарлар әлеміне адамдардың әсері күшейе түсті. Мал табындарының   жайылымдарда көптеп жиналуы шөпқоректі жабайы аңдарды өмір сүруге бейімделген табиғи орталарынан қоныс аударуларына мәжбүр етті. Егін егушіліктің дамуы табиғатқа және жануарлар әлеміне одан да көп өзгерістер алып келді . Егін егуге арнап далалы жерлерді жырту, жыртылатын жерлерге арнап ормандарды кесіп өртеу жұмыстары жануарлар әлеміне өзінің көптеген зияңды әсерлерін тигізді.  Көп уақытқа дейін  адамдар  табиғат  пен  жануарлар әлеміне материалдық қажеттерін алатын таусылмайтын құрал ретінде қарап келді. Табиғат пен жануарлар әлеміне енгізген өзгерістерінің кері әсерін сезіне бастағанда, табиғат пен жануар әлемін тиімді пайдаланып оны қорғаудың, қажеттілігіне көзі жетті.

Қазіргі таңда әр елдерде соның ішінде Қазақстан Республикасында да табиғат пен жануарлар әлемін қорғауға арналған Қызыл Кі тап 1996 жылы жарыққа шықты және заңдардың топтамалары жасалып жү зеге асырылуда. Сонымен қатар көптеген    мемелекеттік ұйымдар мен мекемелер табиғат пен жануарлар әлемін қорғау барысында көптеген жұмыстар атқаруда. Көптеген жоғарғы оқу орындарында табиғатты және жануарлар әлемін қорғ айтын мекемелерде жұмыс атқаратын мамандардың кадрларын дайындайтын бөлімдері жұмыс атқарады.

Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР, 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 заңы қабылданған. Осы заңға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, есепке алу, мемлекеттік кадастры мен мониторинг, жануарлар дүниесін сақтау, өсімін молайту, сирек кездесетін және құрып кету каупі төнген тү рлерін қорғау, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштар және басқа препар аттарды қолдану кезінде   жануарларды қорғау ерекше қорғалатын   табиғи аумақтардағы жануарларды қорғау, жануарлар дүниесі объектілерін жасанды түрде өсіру, жаппай ауыру, зілзала кезінде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарлар ға көмек көрсету жөніндегі негізгі талаптар жүзеге асырылады. Осы  заңның басқа тарауларында жануарлар дүниесін пайдаланудың жалпы, арнайы пайдалану тәртіптері және жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері, пайдалану мерзімі, пайдалануға беру, пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері пайдаланған үшін төлем ақы, пайдалану үшін лимиттермен квоталар, пайдалану құқығын тоқтату негіздері заңдастырылып бекітіледі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.