ТАБИҒИ РЕСУРСТАРҒА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

Home » Рефераттар » ТАБИҒИ РЕСУРСТАРҒА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Рефераттар Комментариев нет

Табиғи ресурстарға меншік – бұл жер, су ресурстарына, өсімдік және жануарлар дүниесіне және басқа табиғи байлықтарға жөніндегі қоғамдық қатынастар формасы. Табиғи ресурстарға меншіктің ешқандай формасы жоқ жерде, қандай да бір қоғам жайлы сөз қозғау мүмкін емес. Меншік ұғымының экономикалық және құқықтық екі аспектісі бар. Біріншісі меншіктің экономикалық мазмұнын өндірістік қатынастар арқылы ашады. Екіншісі осы мазмұндағы құқықтық формада айқындалады. Демек, меншік – экономикалық-құқықтық санат.

Меншіктің экономикалық қатынастарын өндіріс қатысушыларының өндіріс нысандарына (аспап, саймандарына, құралдарына, өндіріс азық-түліктеріне) қатынасы арқылы анықтайды. Экономикалық қатынастарды құқықтық нормаларда бекіту нәтижесінде құқық меншігі заңды категориясы ретінде пайда болады. Табиғи ресурстағы меншік құқығы заң аспектісінде екі қасиеті бойынша: құқық институты және меншік иесінің заңды құқықтарының жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғи ресурстарға меншік қатынастарын реттейтін құқықтық институт ретінде құқықтық нормалардың жиынтығын ұсынады, міне осы, объективті мағынада меншік құқығын құрайды.

Табиғи ресурстарға меншік құқығының негізі ҚР Конституциясымен белгіленген, онда былай көрсетілген: Қазақстан Ресупбликасында мемлекеттік және жеке меншік тең түрде танылады және қорғалады. Жер және жер қойнауы, сулар, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгінген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. (6 бап). Негізгі заңның Ережелері ҚР Азаматтық кодексінде дамыды, 188 бапқа сәйкес Меншік құқықтарында заң актілерімен танылған және қорғалатын өз қалауы бойынша өзінің иелігіндегі мүлігіне билік етуге және пайдалануға субъектінің құқықтары бар. ҚР  20.06. 2003ж. Жер Кодексінде, Қазақстан Респуликасында Жер мемлекеттік меншікте екендігі нақтыланған. Жер телімдері осы Кодекстің (3 бабы) белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. ҚР 8.07.2003ж. бекітілген Орман кодексінде былай деп көрсетілген: ҚР аумағындағы барлық ормандар, сондай-ақ орман өсімдіктерімен қамтылмаған, бірақ орман шаруашылығы қажеттілігіне арналған орман қорының жерлері ҚР орман қорын құрайды.   Орман қоры мемлекеттік және жеке орман қорынан тұрады (6 бап ). 09.07.2003ж. ҚР Су кодекстерінде суларға: су нысандарында топталған, құрлық қыртысының үстіндегі және жер қойнауындағы барлық сулардың шегі бар жиынтығы, көлемі мен су режимі жатады. Жекелей алғанда оларға: теңіздер, өзендер, оларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа жер бетіндегі су нысандары, жерасты суларындағы жер қойнауының бөліктері (5 бап) жатады.   Сонымен қатар, мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілетін Қазақстан Республикасының аумағының шегіндегі барлық сулардың жиынтығы, Қазақстан Республикасының Су қорын құрайды (4 бап). Қазақстан Республикасының Су қоры мемлекеттік меншік иелігінде.

Осылайша, ҚР Конституциясы мен МК табиғи ресурстарға және өзге мүлікке меншік формасы мен жалпы мазмұнын белгілейді.  Экологиялық заңнамада нақты табиғи ресурстарға меншік формасының ерекше белгілері, сондай-ақ жерге, суға, жер қойнауына, орман және т.б. меншік иесінің заңды құқығын жүзеге асырудың тетіктерінің өзгешіліктері бекітіледі.  Дәл осы, табиғи ресурстарға меншік қатынастарының экологиялық құқық институты болып табылатындығына негіз болып табылады.

Табиғи ресурстарға меншіктік құқық субъективті мағынада меншік иесінің жер мен оның қойнауын, суларды, өсімдік және жануарлар дүниесін және меншіктің басқа объектілерін пайдалануға және иелік етуге заңды құқықтарының жиынтығымен түсіндіріледі.

Сонымен бірге, бірде бір мемлекетте табиғи ресурстар мен табиғат объектілеріне абсолютті құқықтың жоқ екендігін атап өткен жөн. Мемлекет, қоғам, меншік иесі мүддесінде (экологиялық, санитарлық, экономикалық және т.б.) меншік иесінің табиғи ресурстар мен табиғат нысандарын пайдалануға құқығы шектелуі мүмкін. ҚР ЗК 2 Тарауынан алынған, Азаматтардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншіктің құқық объектісі, жер телімі болып табылады. 23 бапқа сәйкес, ҚР азаматтарының жеке меншігінде: шаруашылық (фермерлік) қожалықтар, жеке қосалқы шаруашылық ісін жүргізуге, орман өсіру, бау өсіру, жеке тұрғын және саяжай құрылысына, сонымен қатар тұрғын үйлер мен ғимараттар (құрылыстар мен жайларды) және олардың кешенін, ғимараттарға арнауына сәйкес қызмет көрсетуге (құрылыстар салынуға) арналған жерлерді қоса алғандағы жер телімдері болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде: тауарлы ауылшаруашылық өндіріс, орман өсіруге, өндірістік және өндірістік емес құрылыс салынған немесе салуға, соның ішінде тұрғын үйлер мен ғимараттар (жайлар мен құрылыстар) және олардың кешендерін, ғимараттарға арнауына сәйкес қызмет көрсетуге (құрылыстар салынуға) арналған жерлерді қоса алғандағы жер телімдері болуы мүмкін. Осы мақсаттарда тауарлы ауылшаруашылық өндірісті жүргізуге, орман өсіруге арналған жерлерді  қоспағанда шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шетелдік заңды тұлғалардың жер телімдері жеке меншігінде болуы мүмкін.

Мемлекеттік меншік құқығы объектісі болып ҚР су қорын құрайтын, су қорына енетін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий мен Арал теңіздерінің сулары; өзендер, көлдер, су қоймалары, басқа каналдар мен магистралды арналар; жерасты сулары; мұздықтар жатады (ҚР СК 4-8 баптары). Меншік құқығы жалпы табиғаттағы бар суларға ғана емес, ол тек жекешелендіруге болатын, яғни су объектілеріне ғана тарайды…

Көптеген уақыт заңнамада жер қойнауы деген түсінік белгіленбеді, бұл әртүрлі ілімге әкелетін және осыған орай мемлекеттің жер қойнауына құқтарының аумағын өте кеңейтіп немесе тарылтатын. (Жер қойнауы туралы Заңның) 5 бабына сәйкес минералды шикізат, егер Келісім шартпен өзгеше көзделмесе Жер қойнауын пайдаланушының (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына – шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында) иелігіне меншік құқығында жатады. Техногендік минералдық жыныстар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады, егер Келісім шартта өзгеше көзделмесе.

Мемлекеттік меншік иелігіндегі техногендік минералдық жыныстардан алынатын пайдалы қазбаларға (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығы) келісім шартпен анықталады.  Минералдық шикізаттарға, техногендік минералды жыныстарға немесе пайдалы қазбаларға (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығы) меншік құқығында иелік ететін жер қойнауын пайдаланушы,  оларға қатысты заңнамалармен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасауға құқылы.

ҚР Конституциясында меншік құқығы объектілерінде өсімдік дүниесі және басқа табиғи ресурстар көрсетілген. Өсімдіктер дүниесіне орманнан өзге өсімдіктер де жататынын, ал орман да өзге де өсімдіктер әлемі жермен органикалық байланысты екенін ескерсек, онда осы жерлерді меншік құқығы объектісі ретінде қарастырумызға негіз бар.  Өсімдік дүниесінің меншік иесі ретінде бұл жерде жерді иеленуші болады. ҚР Орман Кодексінің 5 бабында былай делінген: Орман қоры жерлерін, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін Қамтитын Қазақастан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектісі болып табылады. Бұрынырақ біз орман қорының мемлекеттік және жеке қордан тұратынын айтып өткен едік, ал 7 бапқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншік объектілеріне жатады және республикалық меншікте болады.

Жекеше орман қоры учаскелерін иеленуді, пайдалану мен оған билік етуді, осы ҚР ОК және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес, жеке орман иеленушілер жүзеге асырады. Атмосфералық ауаға келетін болсақ физикалық қасиеттеріне байланысты оны меншік құқығы пайда болудың міндетті шарты болатын бір мемлекеттің аясында оқшаулауға немесе жекешелендіруге мүмкін емес. Сондықтан бұл табиғи объект бүкіләлемдік байлық болып табылады. Мемлекет ауаға қатысты меншік иесі ретінде заңды құқықты жүзеге асыруға, жекелей алғанда иелік ету және билік жасауға құқығы жоқ.  ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және молықтыру туралы 2004 жылғы Заңына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншік иелігінде.

Табиғи ресурстарға меншік құқылы субьектілер

1991 жылы ҚР тәуелсіз егеменді мемлекетінің құрылуымен байланысты және 1993 жылы тамыз айында қабылданған ҚР Конституциясында, республиканың табиғи ресурстарының ерекше жалғыз меншік иесі болып  мемлекет жарияланған, ал 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясында мемлекттік ерекше иелік етуі күшін жойып жерге заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін екендігі белгіленді.

Жерге, республика аумағында – Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып, Жер Кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұл жерде сонымен бірге, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар (мұндай құықтарға шетелдіктер өндірістік объектілер, тұрғын үй кешендерін және жеке құрылыстар салуға жер учаскесін қайтарылу негізінде, егер олар тұрақты тұру құқығын сатып алған жағдайларда). Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік иелігін пайдаланатын субъектіге келетін болсақ, мемлекет атынан кім, меншік иелігінің заңды құқықтарын жүзеге асырады деген сұрақ туындайды? Мемлекет атынан табиғи ресурстарға меншік құқығын  ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар және арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.