Тараз қаласындағы туризм жағдайы

Главная » Рефераттар » Тараз қаласындағы туризм жағдайы

Бүгінгі таңда туризм саласы ең тиімді табыс көзі болып табылатыны, экономикалық негізгі және динамикалық салалардың бірі екені көпшілікке мәлім. Кейбір деректерге қарағанда дүние жүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алады екен. Көптеген елде туризм жалпы ұлттық өнімнің артуына, қоғамды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуіне, сыртқы сауда байланысының белсендірілуіне өте үлкен ықпал етеді.

Біздің облысымызда туризм саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді бас көтеріп келе жатқан сала, сондықтан да, берілген бағыт өзінің одан әрі дамуын және мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді қажет етеді. Біздің облыс Тянь-Шань тауының оңтүстік-батыс бөлігінде ораналасқандықтан болар, табиғи тарихи ресурстарға бай өлке. Тартымды климат, таза ауа, аса бай табиғи бағалы, сирек, эндемикалық, ерекше өсімдік, хайуанаттар әлемі, ғылыми, экономикалық және табиғи туризм үшін тартымды аумақ. Туристік кластерін дамытуға қолайлы жер. Облыс өзінің ерекше, сан түрлі табиғи жануарлар мен өсімдік әлемімен ерешеленеді. Мұнда қызыл кітапқа енгізілген ерекше бағалы 50 өсімдік түрімен қатар барлығы 3 мыңнан аса өсімдік түрі бар. Облыста 158-ден аса тағы жануарлар өмір сүреді. Облыста 4 мемлекеттік қорғауға алынған табиғи аймақтары бар. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан тарихи ескерткіштері көп, бұл ескерткіштер тек Қазақстанның ғана емес әлемдік мәдениетке туризмнің тарихи-танымдық, экологиялық, спорттық, ғылыми түрлерін танып білуге мүмкіндіктер береді. Туризм саласының дамуына жекеменшік туристік ұйымдар ықпалын тигізеді. Қонақ үйлері, демалыс үйлері, транспорттық компаниялар және мейрамханалар, кафе, дүкен және мұражайлар туристік бизнес саласымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары туристік бизнеспен айналысуға бел байлаған азаматтар саны облысымызда көбеюде. Мысалы 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс бойынша 11 туристік фирмада ғана турагенттік және туротраторлық қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін мемлекеттік лицензия болатын болса, 2007 жылдың 1 мамырында олардың саны 19-ға жетті. Бұл туристік фирмалардың 18-і Тараз қаласында,  ал 1-і Жуалы ауданында орналасқан. Олардың офистері бар.

Туристік компаниялар көлемді спекторлық қызмет түрін көрсетеді:

.
  • алыс және жақын шет елдерден туристерді қабылдау және оларды орналастыру;
  • ішкі туризм, Қазақстан пансионаттарында демалдыру және емдеу;
  • Қазақстандағы тарихи орындарға тур жасау, шөп тур тағы басқалары.

Облыс шеңберінде орта мектеп базасында жұмыс істейтін 2 экологиялық клуб бар, “Снежный барс”, “Горный клуб”, “Жабағалы-Манас” және “Росток” қоғамдық бірлестіктері балалар және жасөспірімдер туризмі мен альпинизмімен айналысады, сонымен қатар 9 балалар лагері бар. Тараз қаласында туризм саласының даму қарқыны жеке туристік ұйымдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің белсенді жұмысы арқасында біраз жетістіктерге жетті. Ал, негізінен алғанда мемлекет тарапынан жеке компаниялар мен ұйымдарға қолдау көрсету жоғары деңгейде жасалып келеді. 2006 жылы Тараз қалалық әкімиятының қолдауымен қала ішінде бірнеше туристік объектілер ашылды: “Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің саябағы”, “Комсомол” өзенінің жағалауында жазғы демалыс орны. Тараз қаласында орналасқан туристік объектілер модернизациялау кезеңінен өткізілді. Тектұрмас сәулет кесенесінің қасында “Неке сарайы” құрылысы жеке кәсіпкердің өз қаржы есебінен соғылып, іске қосылды.

Облысымызға келген қонақтарға, туристерге қызмет ететін 14 қонақ үй бар. Олардың үлкендері “Жамбыл”, “Тараз”, “Газовик”.

“Жамбыл” – Тараз қаласындағы қонақ үй. Төле би даңғылы мен Әйтиев көшесінің қиылысында орналасқан, қала орталығы архитектуралық кешенінің ажырамас бөлігі. Төрт қабатты ғимарат 1961 жылы тұрғызылған, 1995 жылы қайта құрылды. Қонақ үйде 1-3 бөлмелі 73 жайлы номерлер бар. 20 люкс (1 орынды, 2 орынды және апартамент), 40 орташа (1 орынды, 2 орынды, 3 орынды) бар. Онда мейрамхана, бар, казино, бизнес-орталығы, экскурсиялық қызмет, гид-аудармашы қызметтері, интернет, факс, конференц-залы, шаштараз, косметологиялық кабинеті, сауна, бильярд, кір жуу, автотұрақ, телефон, радио, теледидар, тоңазытқыш, шағын бар, ванная, балкондары бар.

“Тараз” қонақ үйі – Тараз қаласында, Жамбыл даңғылында орналасқан. Қонақ үйде 200-ден аса номерлері бар. Сонымен бірге мейрамхана, түнгі бары, химиялық тазалау, шаштаразы, көлік тұрағы, теледидар, радио, балкон, душ, ваннасы бар. 2003 жылы 24 қазанда Тараз қаласында « Евразия » атты керемет көңіл көтеру кешені ашылды. Қала тұрғындарына арналған бірінші классты, қазіргі заманғы кинотеатр техника деңгейімен дизайн және сервис деңгейі жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

Керемет кинозал 100% қатысу эффектісін құрайтын жаңа кинопроекционалды және дыбыстық құралмен ( система Dolby Digital Surround Ex ), қамтылған. Көрсетілімнің ерекше анықтылығы мен тұнықтылығынан экранда болып жатқан құбылыстарының шындық иллюзиясына батқандай боласыз. Ал көріністі экранда 200 есе үлкейтіп көрсеткеннен тамаша киноәлеміне тап болғандай боласыз.

Кинотеатрдың репертуарын ресейлік кинопрокатқа шығатын ең жақсы фильмдер құрайды. Репертуарды құрастырудағы профессионалды басқару әр көрерменге өзінің талғамы бойынша фильмді тауып алуға кепілдік береді. Сонымен қатар анимация, комедия, боевик, триллер, фантастика және мелодрама көрушілерде көңіл аударусыз қалмайды. 2008 жылы 10 ақпанда « Евразия » көңіл көтеру кешені өзінің қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа ультрасәнді « Паутина » атты түнгі клубты сыйға тартты. Көңіл көтеру кешенің 2-ші қабатында көңіл көтерудің толық паркі орналасқан. Бұл жерде әр адам өзінің талғамына байланысты қызықтарды таба алады.

Ең кішкентай қонақтар үшін ойын бөлмелері мен  карусельдер, ал жылдамдық пен азарты сүйетіндер, жеңіс сезіміне бөленуді сүйетіндер үшін – « Bumper Cars » автодромы ұсынылады. Мұнда тек үлкен азаматтар ғана емес, сонымен қатар балалар да өздерінің жылдамдық пен логикасын көрсете алады және жылдам реакциясы мен көлік айдау класын көрсете алады.

Осымен қоса, міндетті түрде барлық адамдар жақсы көретін « Дерби » және родео « Бизон » деп аталынатын секіргіштер ұсынылады.

2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы келуші туристтер мен ішкі бағыттағы туристтер санының 9,4 пайыздан 28,1 пайызға өскені белгіленген. Аса көп барған жерлер: Түркия – 3444 адам (93,6), БАӘ — 86 адам (2,3), Германия – 33 адам (0,9). Көрсетілген елдерден басқа туристтер 16 дүниежүзі елдерінде болды. 2006 жылы ТМД елдеріне 737 турист болып қайтты; Қырғыстанда болғандар – 82,6 пайызды құрайды, Ресей федерациясыда – 16,7 пайыз, Өзбекстанда — 0,7. шығушылар мен келушілердің негізгі мақсаттары демалу, бос уақыт және коммерциялық қызмет. Туристтік фирмалар өткен жылы 7494,0 мың теңгеге қызмет көрсетті. Бұл төлемнің ең көбін орында броньдау жөніндегі қызмет тұрады. 2005 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде шетелдің азаматтары мен облыс резиденттері қатарынан туристтердің шекара арқылы орын ауыстыруы жөніндегі теріс сальдо қалыптасты, яғни, келушілерге қарағанда кетушілер көп болды. Шығу туризмінің үлесі – 55 пайызды, ішкі – 51 пайызды, келу – 3 пайызды құрайды. 2006 жылы облыстың туристік фирмалары қызмет көрсеткен туристердің жалпы саны 7131 адамды, көрсетілген қызметтер төлемі – 170796,0 мың теңгені, салықтар мен басқа бюджеттік төлемдер – 1225,9 мың теңгені құрады. Туристік фирмалардың басым бөлігі келу және ішкі туризмін дамыту қажеттілігіне қарама-қарсы сыртқа шығу туризмін дамыту, сондай-ақ туристік жолдаманың бағасына кірмейтін визалық, экскурсиялық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жолында жұмыс істеуде. Мұндай жағдайдың орын алу себебі келесі факторларымен түсіндіріледі: туристік индустрияның өзіндегі де, сонымен сабақтас саладағы да әлсіз менеджмент, сондай-ақ туристік инфрақұрылымдағы қолда бар объектілерді негізгі қорларының тозуы, мемлекет есебінен, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды, кредиттік ресурстарды тарту есебінен қаржыландырудың болмауы.

Әлемдік туризмнің даму тәжірибесі көрсеткендей, барлық мемлекеттер бірінші кезекте келу және ішкі туризмді дамытуға мүдделі. Өйткені бірінші түрі мемлекеттің қазынасынан валюталық түсімді – табысты қамтамасыз етсе, ал екіншісі мемлекет ішіндегі қаражатты жинақтайды және туризмнің инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Әлемдік тәжірибеде бір шетелдік туристке қызмет көрсету 9 жұмыс орнын құрайды. ҚР-ның статистика жөніндегі агенттіктің деректері бойынша бір шетелдік турист өзінің республикада болған уақытында шамамен бюджетке 700 АҚШ долларын әкеледі.

Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелері

 Елбасы Н. Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде үсыныс» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты — Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабылеттілігін көтеру. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм 2010 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап көрсетілді.

Осыған байланысты Үкімет туристік кластерін құру және дамыту бойынша іс-шаралар қабылдауды Туризм және спорт министрлігінің алдына қойды. Үкімет туристік кластердің қүрылуының маңыздылығын ескеріп, Қазақстан аумағында туристік мүмкіндіктерге маркетингтік зерттеу жүргізу үшін 65 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді. Туристік кластер дегеніміз — туризм инфрақұрылымындағы салалардыңжиынтығы. «кластер» ұғымы математика, астрономия және музыка салаларында қолданылатын, қазіргі кезде экономикалық әдебиетте де кең қолданысын тапты. «Кластер» термині (ағылшын тілінен «сіизіег» жиынтық) типтес нысандардың жиынтығы деген үғымды білдіреді. Мысалы, жұлдыздар жиынтығы, атом кластері. Экономика саласында кластер дегеніміз экономиканың бір саласына жататын, бір-біріне салалас жақындығы бар кәсіпорындар, ғылыми орталықтар, университеттер тобы. Бір кластерге кіретін кәсіпорындар мен үйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Туристік кластер — туризм индустриясы, онда негізгі қозғаушы күш — мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін туристік ұйымдар. Біздің облысымызда туризм саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді жанданып келе жатқан сала. Туризм қазіргі заманда Қазақстан экономикасының ең перспективті саласы болып табылады. Аталған сала ідамудың дұрыс өзгерістерінен өтсе, онда ол саудаға , облыстық бюджетке де үлкен кіріс алып келер еді. Жамбыл облысы мәслихатының 2006 жылғы мындағы №17-9 шешімімен «Жамбыл облысында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты — қазіргі заманғы тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік кешен қүру және оны жоғары кірісті экономика секторына аиналдыру болып таоылады. 2006 жылдың 30-шы наурызындағы №89 облыс әкімиятының Қаулысымен туристік кластерді құру және дамыту оойынша облыстық үйлестіру кеңесі құрылды. Үйлестіру кеңесінің басты міндеті — бизнес пен мемлекеттік органдар арасында мәселені бірігіп шешу үшін диалог орнату, ғылыми-техникалық және инновациялық сала, сол сияқты ғылыми мекемелер, зерттеу орталықтарымен шаруашылық субъектілері арасында ынтымақтастық болуына ықпал ету. Туристік кластердің негізгі қатысушыларының баиланысын қарастыра келе анықталған нәрсе — туристік кластер ядросы, Жамбыл облысына шет елдер туристерінің келуін қамтамасыз ететін аумақтағы туристік ұйымдар болып табылады. Қонак үйлері. демалыс үйлері, транспорттық компаниялар және мейрамханалар, кафе, дүкен және мұражайлар туристік бизнес саласымен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда облыста 14 туристік фирма туроператорлық және турагенттік қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия алған. Бұл фирмалардың барлығы Тараз қаласында орналасқан, кеңселері бар, штаттары толық. Туристік компаниялар көлемді спекторлык қызмет керсетеді. Алыс және жақын шет елдерден туристерді қабылдап және оларды орналастырады. Қазақстан пансионаттарында демалдырады және емдейді. Қазақстандағы тарихи орындарға саяхат жасайды. Туристік үйымдармен Жамбыл облысының аумағы бойынша бірнеше тамаша бағыттар өңделді. Бүлар «Ежелгі Тараздан жаңа заманға», «Қарлы шыңдардан, құмды төбешіктерге», «Көксай» шатқалдары деп аталады.

Қаламызда туристердің қызығушылығын танытатын тарихи ескерткіштер, мәдени-тарихи ғимараттар саны көп. Аймақтың табиғи мүмкіндігі жоғары аң, балық аулайтын орындары бар.

Облыс Тянь-Шань тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, кіріс туризімін дамытуға өте колайлы, табиғи ресурстарға бай өлке. Бұлар: бос алқаптар, алқаптағы көлдер, Шу өзені, биіктігі төмен Қаратау беттері, биіктігі орташа Қырғыз тауының, жоғарғы биіктіктегі Талас, Алатау беткейлері. Осы уақытқа дейін ешкім тимеген табиғи орындары, сонымен қатар 4 (төрт) қорғауға алынған жерлері бар. Солардың бір тобы — Жуалы ауданындағы Берікқара кешені, Андасаи мемлекеттік табиғи аймағы, Қарақоңыз мемлекеттік табиғи аймағы, Жусандала мемлекеттік табиғи аймағы. Табиғи ресурстарды туристік бағытта қолдану, тұрғылықты халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету арқылы жоғары нәтижелі туристік инфрақұрылымды құруға мүмкіндіктер туғызады. Мысалы, «Кексай» шатқалында «Көксай-Төңкеріс» экологиялық туризм жобасының іске асырылуы аймақтағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге және ол жерді туристік мақсатта қолдануға мүмкіндік берер еді. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи ескерткіштер көп. Бұл ескерткіштер тек Қазақстанның ғана емес, әлемдік мәдениетке туризмнің тарихи-танымдық, экологиялық, спорттық. ғылыми түрлерін танып білуге мүмкіндіктер береді. Ол жерлерде облыс тұрғындарына, қажетті таза ауа бар және де табиғаттың сұлу көрінісін тамашалауға болады. «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасы, «Балқаш» және «Билікөл» көлдері өздерінің бай табиғаттары бар болғанымен қазіргі заман талабына сай демалыс орталықтары жоқ.

Облысымызда 4 профилакториялық-санаторий және 10 қонақ үй бар. Тараз қаласында шетелдік қонақтарды қабылдайтын 3 қонақ- үй бар. Олар — «Тараз», «Жамбыл» және «Газовик» қонақ үйлері. Бұлардың ішінде «Жамбыл» қонақ үйі ғана «ИСО 9000» жүйесінің сертификатына байланысты қона үйге модернизациялык техникалық жұмыстары жүргізген.

.

Туризмнің дамүы көліктік инфрақұрылымның дамуымен тығыз байланысты. Бұның басты факторь тасымалдау көлемінің ұлғаюы және ішкі туризм саласының дамуы. Ұлттық тасымалдаушы ретінде «Қазақстан темір жолы» қолдау көрсету арқылы 200 жылдан бастап, алғашқы қадамын жасап, арнайы поезд «Жібек жолы» бағытын ұйымдастырды. Олар— Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағыттары.

Жамбыл облысы өкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің алдында облысымыздағы туризм саласын дамыту бойынша шешілуін қажет ететн біраз мәселелер тұр. Мысалы, облыс аумағында туристік орындарда жол жағдайы нашар, кей жерлерде мүлдем жолдың жоқтығы алаңдатады. Туристік орталь «Берікқара» және «Көксай» шатқалы Жуалы ауданында «Мақпал», «Шал су» шатқалдары, Т. Рысқұло ауданында А. Марғұлан атындағы археологиялық институт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Байзақ ауданында «Ақыртас» ежелгі қалашығының орнында қазба жұмыстарын жүргізбекші. 2009 жылы ашық аспан астында ашық музей құру жоспары бар. Осыған байланысты аталған орынға асфальт жол салу қажет.

.

Туристік салада қызмет керсететін кәсіпкерлерп кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті тарапын қолдау көрсетілуде. Жыл сайын Алматы қаласын, Қазақстанның халықаралық КІТҒ туристік жәрмеңкесі өткізіледі. 2005 жылы КІТҒ жәрмеңкесіне әлемнін 23 мемлекетінен 200-ден аса компания қатысқа Облыс өкілдері екі жыл қатарынан КІТҒ қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңке жұмысына белсе қатысуда. Бұл жәрмеңке Орта Азия елдері арасындаі ірі жәрмеңкелердің бірі болып табылады. 2003 жылдың қаңтар айындағы «Қазақстан турист» ЖШС-Мадрид қаласындағы халықаралық туристік жәрмеңке жұмысына Қазақстан өкілдері құрамында қатысты Туризм саласы үшін басты мәселелердің бірі — мамандардың тапшылығына байланысты оқу курстарын ашу, гид-экскурсовод, гид-жүргізу туристік жол бағыттарының гиді мамандарын дайындау жұмысын жүргізу назарға алынып отыр. «Жамбыл облысындағы туризмді дамытудың болашағы қандай?» деген сұрақ қойылуы мүмкін Мысалы, Алматы қаласында «Шымбұлақ», «Қапшағай» «Шарын» немесе Шымкентте Ақсу Жабағылы қорығы, Түркістан бар. Олардың тұрғын саны көі және қаржы мүмкіндіктері де мол. «Даму консалтинг» ЖШС-нің (Тараз қаласы) жүргізген зерттеуіне сәйкес Жамбыл облысы Қазақстан облыстары арасында (біздің облысымыздың аумағы арқылы Қазақстанның ірі облыстарымен байланыстыратын автомагистраль және темір жолы өтеді) халықтың тығыз орналасқан облыстарының бірі болып табылады. Яғни, ішкі туризмді қамтамасыз ете алады. Мысалы, басқа да облыстардың тұрғындарын өз облысымызға туристер ретінде қабылдауға болады. Туризм саласымен тығыз байланыста жатқан басқа салалардың дамуына негізделген туристік өнімнің кешенді түрде іске асырылуы.

Dvorec_sporta_Taraz_koncept_vid_s_ptichego_poleta

Тараз қаласындағы спорт кешені

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.