Тараз қаласының автомобиль-жол кешені

Главная » Рефераттар » Тараз қаласының автомобиль-жол кешені

Соңғы жылдары Тараз қаласының автомобиль-жол кешенінің (АЖК) қарқынды дамуы атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластануына, шу мен дірілдің көбеюіне, жердің су-жылулық режимінің бұзылуына әкеліп соқты. АЖК-ның өзара әсерлесетін элементтерінің біріне қызметі әлеуметтік өндіріс пен оны орналастыру нәтижелеріне тікелей тәуелді болып келетін автомобиль көлігі жатады. Автомобиль парктерінің жаппай көбеюі экологиялық проблемалардың шиеленісуіне әкелетіні белгілі. Бұл мәселелер автокөліктердің орташа жасының жоғары болуынан, пайдалануда жүрген автомобильдердің техникалық-пайдалану көрсеткіштерінің төмендігінен қиындай түсті. Бұл жағдай жанармай шығындалуына және атмосфераға ластаушы заттардың көптеп тасталуына әкеп соғады. Көлік құралдарының қарқынды ескіруі жалпы автомобиль көлігінің негізгі өндірістік қорының тозуының 75 %-ын құрайды. Соңғы жылдардағы әлемнің ірі қалаларының ластануының 80 %-ын автокөлікпен ластану құрайды (Тараз қаласында 58%). Тараз қаласының бір тұрғынына шаққандағы ластаушы заттардың жылдық орташа көрсеткіші 105 кг/жыл болып келеді.
Іштен жану қозғалтқыштарының пайда болғанынан бастап өндіріс құрылымы, технологиясы және автомобиль қозғалтқыштарын пайдалану біртіндеп дамуда, соңғы уақытта бұл үрдіс бәсеңдеген жоқ, керісінше, қарқыны күшейе түсті. Мұның екі себебі бар. Бір жағынан, сапалы, қолайлы динамикалық автомобильдерге деген жоғары тұтынушылық сұраныс, энергетикалық дағдарыс, автокөлік құралдарында жанармайды үнемдеу талаптарының қатаңдануы, пайдаланылған газдардағы улы заттарды қатаң заңмен реттеу сияқты әлеуметтік факторлар өте қатты әсер етті. Екінші жағынан, іштен жану қозғалтқышының дамуына қазіргі заманғы ғылыми әдістердің, электроника мен жаңа материалдардың кең қолданыс табуы негізінде жасалған жоғары технологиялар аймағындағы жетістіктер әсер етті.
Іштен жану қозғалтқышындағы пайдаланылған газдың құрамында 500-ден астам компоненттер бар. Олардың өмір сүру ұзақтығы бірнеше минуттан 4-5 жылға дейін созылуы мүмкін. Автомобиль көлігінің атмосфераны ластауы көбінесе пайдаланылған газдардың автомобильді қозғалтқыштың шығару жүйесі арқылы өтуі кезінде, сонымен қатар кейбір жағдайларда қозғалтқыш картерінің желдеткіш жүйесі арқылы өтетін картерлік газдар есебінен және жанармаймен толтыру кезінде, пайдалану үрдісінде қозғалтқыштың (бактың, карбюратордың, сүзгіштің, құбыр тізбектерінің) қоректендіру жүйесінен бензиннің көмірсутегілік булануы есебінен болады.
Бензинді қозғалтқышты автомобильдің пайдаланған газының улы компоненттеріне көміртегі оксиді, азот оксиді, көмірсутегі және күкірттік қоспалар жатады. Бір автомобиль жылына пайдаланған газбен бірге шамамен 800 кг улы газ, 40 кг азот оксиді және 200 кг жуық әртүрлі көмірсутектер шығарады. Қазіргі танда пайдаланған газдарды жою мен улылықты төмендетуге көп көңіл бөлінуде және бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары мен техникалық бағдарламалар жасалуда.
Оңтүстік аймақтың өндірістік-автокөлік кешенінің қызметі мен даму үрдістерін статистикалық талдау облыстың басқа қалаларымен салыстырғанда Тараз қаласында өнеркәсіптің өте тез қарқынмен дамып жатқанын көрсетті. Мұны сызықтық трендтерге қатысты регрессия коэффициентті көрсетеді. Дегенмен, АЖК-ның даму пропорцияларын негіздеу үшін автомобиль көлігі қызметтерін өндірістік қажеттілік есебінен, тек қана сызықтық тренд көрсеткіштерімен шектелмеуі керек.
Жамбыл облысының жол–көше тораптарындағы АЖК даму пропорцияларын негіздеу әдістемесімен тәжірибелер жасалды. Әр серияда бес тәжірибеден жүзеге асырылды.
Тәжірибенің бір сериясының екінші сериядан айырмашылығы автомобиль жолдары жүйесінің тығыздығы (АЖТ) немесе автомобильдің орташа жүккөтергіштігі (АОЖ) сияқты бастапқы көрсеткіштерді өзгерту арқылы қамтамасыз етілді. Серия ішіндегі тәжірибелер бір-біріне қозғалыс құрамның пайдаланылуының үздіксіздігімен, яғни КПК ( «келісілген» жүк автокөліктері паркін пайдалану коэффициенті) және СПК («сағаттық» жүк автотранспорты паркін пайдалану коэффициенті) арқылы ерекшеленеді.
Өткізілген есептерге негізделіп келесідей қорытындылар алынды:
1. Автомобиль жолдары тығыздығының өсуі автомобиль көлігінің атмосфералық ауаға тигізетін әсерінен туындайтын экологиялық шығынның төмендеуіне әкеп соғады: Жамбыл және Төле би даңғылдарындағы жолдар тығыздығы 5,25 %-ке өскенде, экологиялық шығын 0,5 % төмендеді. Яғни, экологиялық шығынды 1% төмендету үшін жол жүйесі тығыздығын 10,4 %-ке арттыру керек. Төмен АЖТ көрсеткіші байқалатын Сәтбаев көшесінің жолдарында АЖТ-ның 16,2%-ке өсуі шығынның 40,5% төмендеуіне әкелді, көрініп тұрғандай, жолдың шығынын 1% азайту үшін жүйе тығыздығын не бары 0,4 %-ке жоғарылатса болғаны. Бұдан автомобиль жолдары жүйесінің тығыздығы тығыздық жоғары болғанға қарағанда АЖТ көрсеткішін арттыру экологиялық жағынан тиімдірек екенін көреміз.
2. Қарастырылып отырған көшелерге автомобильдің орташа жүккөтергіштігін арттыру экологиялық тұрғыдан тиімді емес, себебі ол экологиялық шығынның өсуіне ықпалын тигізеді. Жамбыл және Төле би даңғылдарында бұл көрсеткіштің 25,7 %-ке өсуі шығынның 55,3 %-ке артуына әкеп соқты, яғни жүккөтергіштің әрбір қосылған 1 %-і қоршаған ортаға 2,1 % қосымша зиян алып келеді. Сәтбаев көшесінде қосылған жүккөтергіштікке 2,6 % қосымша шығын сәйкес келеді. Бұл төмен тығыздықты көшелерде жоғары тығыздықты көшелерге қарағанда автомобильдің орташа жүккөтергіштігінің өсуі үлкен экологиялық шығындарға әкеп соғатынын көрсетеді.
3. Бір көшедегі автомобиль көлігінің жолаушы-айналымы жылдар бойынша өзгеруіне қарамастан барлық есептік тәжірибелерде тұрақты болып қалады. Бұл бұрын жасалған (мәселені ақпаратпен қамтамасыз ету кезінде) жолаушы автокөлігінің көліктік жұмыс көлемінің жоғары тұрақтылығы туралы қорытындыға сәйкес келеді (автомобиль жолдары жүйесінің тығыздығы өзгергенде автобустардың бағыттық жүйесі бірден емес, жалғасатын сатылар арқылы өзгереді).

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.