Тарихи дәуірлердегі адам тәрбиесі

Главная » Рефераттар » Тарихи дәуірлердегі адам тәрбиесі

Адам тәрбиесінің тарихи дәуірлердегі көріністерін сипат-тау үшін ең әуелі міндетті түрде… Американың атақты ғалымы Л.Г. Морган ұсынған адамзат қауымының даму классификациясын пайдаланған жөн. Ол өзінің «Көне қоғам» атты еңбегінде тағылық, жабайылық, мәдениеттілік делінетін үш түрлі кезеңдердің мәнін ашып, оның тағылық пен жабайылық кезеңдерінде төменгі, орта, жоғары сатылары болатындығын терең талдаулармен дәлелдеп береді. Оның бұл еңбегін қолдануға кезінде КСРО — ның идеологиясы үзілді-кесілді тыйым салғандықтан, ол елеулі ғылыми жаңалық ретінде аталынбайтын да еді. Л.Г. Морганның өмірлік негіздерге сүйенген ғылыми зерттеулері бойынша, адамдардың алғашқы қауым болып бірігуіндегі қарым — қатынастары әлі де дәстүр — салтқа айнала қоймағандықтан, отбасы зандылықтары да бірте — бірте қалыптас-қандығын айтады. Мінеки, осы классификацияны пайдалану арқылы Тас, Жаңа тас, Қола дәуірлеріндегі адамзат қауымының тәрбиесіндегі дамуды салыстырмалы түрде анық байқауға болады. Адам баласының табиғат қойнауынан әлі де ажыраса коймаған кезеңі — мөлшермен тас дәуірімен сәйкес келеді. Әйтсе де, құпия сырлары ашыла қоймаған құбылыстар жер бетінде қаншалықты көп болса, солардың ең бір күрделі де қиыны — адам баласына байланысты ашылмаған жұмбақ жайларды атаған жөн. Бұл жайында тіпті басқаны айтпағанда, тек адам баласының шыққан тегі туралы сауалдардың өзі бір төбе. Алайда, адамның Жер бетінде пайда болуы қалайда бір ғаламат жолмен емес, осындағы тірі табиғаттың сатылай жетілуі мен ұзақ дамуының нәтижесі екендігі ғылымға аян. Ғылымның пайымдауы бойынша — Адам жануарлар дүниесінен шыққан, Бірак, бұл пайымдауды дәлелдеу керек. Әйтпесе, оның ешбір құндылығы да болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан да, XX ғасырдың орта шенінде дүниежүзінің антропологтары, бұл салада табылған күллі ғылыми олжалардың негізінде, адамзат қауымының бірте-бірте қалыптасу тарихын айқын да анық етіп ажыратқандай еді. Адамның шыққан тегін іздестіру жолында, ең әуелі алғашқы маймылдардың тегі бірнеше салаларға жіктеліп, олардың өздері де бастабында маймақ жануарлар мен лемурлар болғаны анықталып отыр. Солардың ішінен келе — келе мартышка тәрізді маймылдар (макакалар, павиандар) өзгелерден едәуір бұрын оқшауланады. Бұдан кейін гибон және дриопиттер… немесе ағаштардың бастарында тіршілік ететін маймылдар бөлініп шығады, Міне осы маймылдар шамамен 25 — 30 миллион жылдар бұрын өзара даралана жетіліп екі түрлі тармақка бөлінеді: бірі -сол кездегі қалыптарынан онша үлкен өзгерістерге ұшырамай бүгінге дейін жетіп, бұрынғысынша сол ағаш бастарында тіршілік еткен күйі жануарлар дүниесінде қалды. Ал, екінші тармағы — адам тегінің бастау алуына себепкер болған. Міне, біздің қысқаша «өмірбаянымыздың» бейнесі осындай. Дегенмен адам тегі жайын-дағы ғылыми сайыстар әлі де жүріп жатыр. Жалпы Тас дәуірінің ұзақтығы — мөлшермен 180 мың жылға созылған. Тас қоғамы, немесе палеолит заманы — түгелдей адамзат қауымының тағылық кезеңін қамтиды. Оның өзі үш сатыдан: төменгі, орта, жоғарғы, — деп бөлінетіндігі белгілі. Адам баласы өзінің тағылық кезеңінің төменгі сатысында әлі табиғат қойнауында болса, ал, орта сатысында алғаш рет отты пайдалануды үйреніп, бүкіл тіршілігіне өзгерістер әкелген ұлы жаңалығын ашады. Тағы-лық кезеңінің жоғарғы сатысында адамдар найза, садақ құралдарын жасап, ілгерілей дамуының тағы да бір баспалдағына көтеріледі. Міне, осылайша мимырт баяу дамуының өзінде-ақ адам дене тәрбиесі мен жан дүниесінің тәлімдерін де үнемі жетілдірумен болады. Бұл шақта отбасын құру тәртібі бір ізге түсе қоймағанымен бұрынғы тым қарабайырлығынан өзгере де бастайды. Адам баласы өзі шыққан жаратылыс қойнауынан мүлдем құ-ралақан, ешбір тәрбие — тәлімсіз шықты деуге болмайды. Өйткені, ол шыққан жануарлар әлемінде тіршіліктің төрт динамикасының үшеуі – өзін — өзі сақтау, жыныс қатынасы мен ұрпақ қалдыру, үйірін қорғау тәрізді аса күшті түйсіктер қалыптасып қана қоймай, сонымен қоса жетілу мен сұрыпталудың тамаша тәжірибелері табиғи заңдылықтарымен өркенін жайып үлгірген болатын. Мінеки осынау жануарлар әлеміндегі түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиенің тәжірибелері, түгелдей адам баласының игілігіне қызмет етуден ешқашан да жаңылған емес. Сондықтан да, адам баласы өзі шыққан жаратылыс ортасындағы биологиялық заңдылықтарға бағынатын түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбие хақында, тіпті анығырақ айтсақ, адам баласына дейінгі жануар-лар әлемінде қалыптасқан қарым-қатынастардың тәртібі мен ұрпақ тәрбиесіндегі тәлімдік көріністердің өзара байланыстары жайындағы зандылықтарды ескермей болмайды. Адамзат қауымы өзі өрісін ашқан саналық тәрбиенің алдында жануарлар дүниесі пайдаланған, әсіресе сүтқоректілердің түйсіктік және қарабайыр саналық тәрбиелерін ескермеуден қазіргі адамзат қауымының ұрпақ тәрбиесінде қабағат ауыр қателіктер бой көрсетуде. Біз табиғаттың барлық ғаламаттарына көңіліміз бен көзіміз тойған адамша қарамай, керісінше санамыздың таңырқау мен таңдана білу қасиеттеріне еркіндік бергеніміз жөн. Мүмкін сондай сәттерде ара ұясы мен құмырсқа илеуіндегі әбігерліктерден жүрегімізді лүпілдете ойға қалдырар әсерлерді аңғарармыз. Жалпы Сіздер сонда, олардың әрекеттері мен қимылдарынан аса тамаша реттелген түйсіктік механизмді ғана емес, адамның сезімдеріне әсер ететін, тіпті оның ой-өрісіне жақын сипаттардың бар екенін өз көздеріңізбен көресіздер. Адам баласы өзінің тағылық кезеңінің орта сатысында, бүкіл тіршілігінің мәні мен мазмұнына өзгеріс әкелетін ұлы жаңалыққа колын жеткізеді. Ол жаңалықтың аты айналасына жылылық пен жарық әкелетін от атты құдіреті мол құбылыс болатын. Міне, адам отты ашқанға дейін өзі де Жер бетіндегі өлі және тірі табиғаттың бір бөлшегі тәрізді. Жаратушының жаратынды заттарының бір түрі ғана болып саналатын еді. Ал енді отты серік ете бастаған адам баласы, өзі өмірге әкелген жасанды заттардың түрлерін біртіндеп көбейте береді. Осылайша, Жер бетінде Жаратушының (табиғаттың) жасаған жаратынды заттарымен қоса, Адамның қолынан шыққан жасанды заттардың түрлері көбейе түседі. Сөйтіп, от ең әуелі адамдардың ой-қиялына қозғау салып, оның ойлау қабілеттерін күшейтеді. Олар от арқылы біртіндеп айналасындағы үрей мен қорқыныштардан құтылып, үнемі еңсесін басып тұратын қараңғылықты сейілтеді. Салыстырмалы ойлау тәсілдерін игере бастайды. Осының арқасында ол оттың көмегімен тән қажеттілігін іздеу арқылы — ең алғашқы аса қарапайым нұсқадағы — табиғи ғылымдардың (физика, химия, биология.., т.б.) негіздерін қалай бастаса, ал жан дүниесінің қажеттілігін аңсау арқылы әуел бастағы рухани ғылымдардың (сөз, тағылым, тәлім, құлық, айла т.б.) бүгінгі халық педагогикасы мен психологиясының қарабайыр сұла-бапарын қалыптастыра береді. Сонымен алғашқы адамдар оттың арқасында біртіндеп жетіле бастаған саналарына, тәні үшін физиология заңдылықтарын, ал жаны үшін тәлімдік тағылымдарын жетілдірумен қоса, көзінің қарашығындай сақтап ұрпақтан — ұрпаққа жалғастырып отырған. Ендеше, Адам және Ғылым бірінсіз — бірі өмір сүре алмайтын егіз ұғым және егіз құбылыс екен. Осылайша, адамды адам еткен ең әуелі от, сонан кейін еңбек еді, — деп бұрынғы Ф. Энгельстің тұжырымына аз — кем өзгеріс енгізген жөн. Адамзаттың тағылық кезеңінің орта сатысындағы оттың ықпалын осылайша ғана тұжырымдамасақ. оның бүкіл сипаттарын айтып түгендеу мүмкін емес. Адам бойындағы өнер тапқыштықпен ізденгіштік қабілеттерінің біртіндеп дамуының арқасында, жалпылама қажеттіліктер — күрке жасау, ошақ қазу, тамақты теріп жеу, т.б. сол сияқтылармен қоса, келе — келе арнаулы құралдар: найза, садақ, пышақ, көсеу, балға, балта тәрізді көптеген мақсатты саймандарды ойлап табумен қоса, оның ыңғайлы түрлерін де жетілдіре береді. Осылайша, адам өндір-гіш құралдардың арқасында кез келген мақсаттарын ұтымды орын-дайтындығына әдеттене түседі. Мұның өзі түрлі саладағы қажетті заттарды жасауға деген бейімділіктің қайнар көзіне айналады. Адамның тән құрылысының тәлімі нәзіктенген сайын, оның жан дүниесінің күрделенуі мен рухының жетілуі жеделдейді. Енді ол өте қарабайыр болса да материалдық құндылықтар мен рухани байлықтардың алғашқы қадамдарын жасай бастайды. Бұл шақта отбасын құру тәртіптері бір ізге түсе қоймағанымен, бұрынғы тым қарабайырлығынан имандылық жолдарына ыңғайлана береді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.