Тау жыныстары

Home » Рефераттар » Тау жыныстары
Рефераттар Комментариев нет

Тау жыныстарында өтiп жатқан, топырақ түзу үрдiстерiн түсiну үшiн, тау жыныстарының жіктелуін, генезисін және қасиеттерiн терең білу қажет. Олар топырақ түзушi жыныстардың негiзi болады, яғни топырақ пайда болатын жоғарғы қабаттардағы жыныстар. Тау жыныстарының ерекшелiктерi маңызды дәрежеде топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерiн анықтайды.

Тау жыныстары дегенiмiз – алқап және қабат болып орналасатын, бiр немесе бiрнеше минералдардан құрылатын, дербес геологиялық дене. Мысалы, егер гипс шағын болып, жақсы қырланған қоспасыз құрылса, ол минерал болады, ал егер ол қыртыс немесе зор қабатты және ендi болып орналасса және құрамында әр түрлi қоспалар болса, ол тау жынысы болып саналады. Барлық тау жыныстары, пайда болуына байланысты үш топқа бөлiнедi: магмалық, метаморфты, шөгiндi. Тау жыныстарының 16 км тереңдiлiкке дейiнгі қабаттында жобалап алғанда: магмалық жыныстар 60%, метаморфты- 32%, шөгiндi тау жыныстары 8%.

Магмалық тау жыныстары. Балқынды магманың жер бетiне шықпай жер астында бiртiндеп суып немесе жер бетiне шығып төгiліп қатуынан пайда болатын жыныстарды магмалық тау жыныстары дейміз. Пайда болу жағдайына байланысты барлық магмалық тау жыныстары үлкен екі топқа бөлiнедi: — терең орналасқан немесе интрузивтi; — төгiлген немесе эффузивтi.

Интрузивті тау жыныстары жер қабатының ішінде жоғары температурада және үлкен қысым жағдайында пайда болады. Біркелкі кристалды масса пайда болуымен, әр түрлі интрузивті денелер құрып (гранит, сиенит, габбро), тау жыныстарының арасында, балқынды магма біртіндеп суыйды және олар қатаяды. Жер шарындағы материктер 10-20км қалыңдықпен интрузивті тау жыныстар айнала орналасалы. Балқынды магма жердің бетіне қарай көтеріліп жер қыртысында әр түрлі тереңділікте тығыз әр түрлі формалы суыған кристалды масса құрады. Олар: балиттер-күмбез тәрізді денелар, алқабы 200км2 жоғары; күмбез-алқабы 200км2–ден аз; лаколиттер- саңырауқұлақ пішінді күмбез, алқабы 200км2 –ден аз; лаколлиттер-саңырауқұлақ пішінді күмбез, алқабы 100-200 ден 3-10км2 –қа дейін; силок-қыртысты тамырлы, шөгінді жыныстардың қыртыстарына қосарланып орналасады. Эффезивті тау жыныстары төмен қысыммен жоғары температура жағдайында магманың жер бетіне немесе суға төгілуінен пайда болады. Бұл жағдайда магма, аморфты тығыз масса құрып, тез суыйды. Тез суу үрдісінде суып жатқан магмадан шыққан газды өнімдер бөлігі, саңылау сияқты із қалдырады. Эффузивті жыныстар жоғары саңылаулықпен (пемза, жаңартаулы туф), шынылықпен (жанартаулы, әйнек), біріктікпен (базальт) ерекшеленеді. Олардың массасы аморфты және жасырын кристалды, атқылау көзінен түбегейлі күмбез пішінді орналасады. Көп масса төгілгенде қабық пайда болады және ағындардың едәуір алқабын алып жатады, сонымен қатар көлбеулі бетпен ағатын балқынды магманың ағындарымен пайда болатын –ағын пішінді.

Жер бетіне шыққан, магмалық тау жыныстар біртіңдеп үгіледі, ыдырап мүжілу қабатын құрайды. Олардан құралған топырақтар мүжілген қабаттың топырақтары деп аталады. Әр бір тау жынысы, анық геологиялық жағдайда құрылып сыртқы белгілі жиынтықпен сипатталады. Олардың ішінде маңыздысы болып минералогиялық құрамы, құрылысы және түсі болып саналады.

Тау жыныстарының минералогиялық құрамы әр түрлі. Олар бір (мономинералды) немесе бірнеше (полиминералды) минералдардан құрылуы мүмкін. Мономинералды жыныстардың үлгісі болып, жалғыз кальциттен құрылатын мәрмәр, әктас, немесе жалғыз кварцтен құрылатын кварцит саналады. Полиминералды жыныстардың үлгісі болып ортоклаз, слюда, кварц, платиоклаз және мүйіз алдамыш құрылатын гранит болып саналады.

Жыныстардың өте маңызды диагностикалы белгісі болып олардың құрылымы мен құрылысы. Жыныстар құрылым жыныстарды құраған минералдардың бір-бірімен жабысуын және құралған көлемін көрсетеді. Құрылым пайда болу жағдайын көрсетеді. Интрузивті жыныстарға анық көрінетін түйіршікті (толық кристалды) құрылым тән. Бұл құрылым магма біртіндеп суығанда пайда болады, барлық минералдар біртіндеп және біркелкі кристалданып пайда болады (гранит, габбро).

Эффузивті тау жыныстары жартылай кристалды құрылыммен сипатталады, олар мынандай түрлеге бөлінеді: Афонитті құрылым-қарапайым көзбен көрінетін, кристаллды дәндердің боомауымен сипатталады. Порфирлы құрылым – тығыз, ұсақ дәнді немесе шынылы негізгі массамен сипатталады, ішінде бөлек кристалдар көрінеді. Көбінесе бұл кристалдар кварцтан, дала шпатымен (трахит) көрсетіледі. Шынылы құрылым тұтас кристалданып үлгермеген магмалық массадан құрылады.

Тау жынысының құрылысы, яғни жыныстың массасын құратын, минералдардың өзара орналасуы, олардың тығыздық деңгейі. Магмалық жыныстар құрылысы массивті және борпылдақ болады. Массивті құрылыс – тұтас, минералдар бір-біріне тығыз байланысты болады, ал борпылдақ құрылыс — қарапайым көзбен көрінетін саңылаулардың болуымен сипатталады (пемза). Тау жыныстарының түсі әр түрлі және жыныстарды құрушы мен оның массасында жайылған екінші дәрежелі минералдардың түсіне байланысты. Магматикалық жыныстардың түсі олардың минералогиялық құрамына байланысты және әр түрлі – ақ түстен қараға дейін болады. Түсті жыныста көп кездесетін түстен анықтайды.

Магмалық тау жыныстардың минералогиялық құрамы әр түрлі және магманың құрамы мен суу жағдайына байланысты. Магма суығанда әр түрлі минералдардың біртіндеп кристалдануына әкелетін, ыдырау және дифференсация үрдістері пайда болады. Барлық магматикалық тау жыныстары құрамында кремнезем кездеседі. Егер минерал құрамында ол көп болса минерал ашық түсті болады, егер аз болса, минерал түсі күңгірт болады. Барлық магматикалық тау жыныстары құрамындағы SiO2 мөлшеріне байланысты қышқыл орта, негізгі және ультранегізгі топтарға бөлінеді.

Шөгінді тау жыныстары. Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75% алып жатыр. Үстінде топырақ дамып және топырақ түзуші үрдістер өтетін, олар ең көп тараған топырақ түзуші жыныс болады. Бұрын болған магмалық және метаморфты тау жыныстарының мүжілу нәтижесінде шөгінді тау жыныстары пайда болады. Тау жыныстарының пайда болуынан бастап мүжілу үрдістері пайда болады және үзбей өтіп жатыр. Мүжілу үрдістері дегеніміз тау жыныстарының бұзылуына әкелетін үрдістер мен құбылыстар жиынтығы.

Шөгінді жыныстар кесектер мүсіні мен құрылымына байланысты (яғни кейбір мүжілу үрдістердің басым болуынан) 3 топқа бөлінеді: – кесектi – балшықты – химиялық және органогенді.

Кесектi жыныстар. Механикалық немесе кесектi жыныстар – магмалық және метаморфтық жыныстардың химиялық құрамы өзгермей физикалық бұзылу өнiмдерi. Кесекті жыныстар ірі кесекті, орта кесекті және ұсақ кесектілерге бөлінеді. Кесекті жыныстарды жіктеу кесектердің көлемі мен формасы, сырғымалық дәрежесі мен цементтің болуы немесе болмауына негізделген. Жыныстардағы кесектердің формасы бұрышталған немесе жұмырланған болады жыныстар борпылдақ, байланысты және цементтелгендерге бөлінеді. Қатты бөлшектер көлеміне байланысты шөгінді жыныстар мынадай топтарға бөлінеді: Ірі кесекті (псефиттер) көлемі 1 мм-ден және одан жоғары (бірнеше метрге дейін) тоң кесектер, дөңбек тастар (қойтас), қиыршық тас, мальта тас ж.т.б. Орта кесекті (псамиттер) бөлшектер көлемі 0,05-1 мм-ге дейін (құмдар, құмайттар). Ұсақ кесекті (алевриттер) бөлшектер көлемі 0,01-0,05мм (лесс, лесс тәрізді құмбалшықтар).

Үлкен кесектi жыныстар көбiнесе теңiздердiң, көлдердiң, тау өзендерiнiң» жағалауына, әсiресе сол өзендердiң еңкiстi жазыққа шыға берiсiнде көп тараған. Үлкен кесектi жыныстардың цементтелген бұрышталған жиынтығы брекчия деп, жұмырланғандары – конглоперат деп аталады. Құмдар – кең тараған борпылдақ орта кесектi шөгiндi жыныс. Құмның ең үлкен алқаптары шөлдер мен шөлді далаларда жинақталған. Өзендердің жағалауында және олардың террасаларында құмдар жиі топырақ түзуші жыныс болып келеді. Лөсс- ашық қуқул түсті шаңды құрылымды ұсақ кесекті жыныс HCl-дан қатты қайнайды, құрылысы ұсақ саңылаулы. Құрылымы жер тәрізді. Лесстер ең жақсы топырақ түзуші жыныс деп саналады, олардың үстінде құнарлы топырақтар қалыптасады. Лөс тәрізді құмбалшықтар сыртынан лесстерге ұқсайды, бірақ тығыздау, карбонаттары азырақ. Балшықты жыныстар. Балшықты жыныстар физикалық және химиялық мүжілудің бірлесу нәтижесінде пайда болады. Балшықты жыныстар құрамына ұсақ кесектi жыныстар, оның iшiнде көбiнiң диаметрi 0,01 мм-дең кіші бөлшектер болады (6- кесте). Балшықтарды негізінен туынды минералдар құрайды. Олардың iшiнде көбiнесе каолинит, монтмориллонит және иллит тобының минералдары болады және осылар одан басқа кремнидің, темiрдiң, алюминийдiң сулы тотықтары бар, кейде кальцит, доломит, гипс кездеседi. Кейде бастапқы минералдар да кездеседi (кварц, далалы шпат, слюда).

Балшықтар бірталай физикалық қасиеттермен сипатталады. Құрғақ күйінде олар борпылдақ немесе тығыз болады. Тығыздарында егер бармақпен үйкелесеңіз, жылтыр алқап пайда болады. Барлық балшықтар өте икімді, ылғалды күйінде олар берілген форманы құрады және ұзақ уақыт оны сақтайды. Суды көп мөлшерде сіңіріп балшықтар қатты ісінеді және көлемі күрт өседі. Құрылысы тығыз қатты цементтелген балшықты жыныстар артллит деп аталады, көбінесе олардың су өткізгіштігі шамалы.

Құм мен балшықтардың арасында аралас балшықты-құмды жыныстар бар-әр түрлі құм, балшық, шаңның бөлшектерінен құрылады. Олардың пайда болуына сәйкес әр түрлі құмдар мен құмбалшықтар жатады. Олар көп тараған топырақ түзуші жыныс болып саналады. Құмайттар –сұр сары түсті жер тәрізді жыныс, құрамында 10-20% балшық бар, басқа бөлігінде құмды және шаңды бөлшектер. Олар жақсы жақсы су өткізгіштігі, тұрақсыз шар құрылады, икемсіз. Құрамында ылғи кварц, слюда, темір тотықтары кездеседі. Олар жаºсы су¼ткiзãiштi, т½раºсыз шар º½рылады, икемсiз. ²½рамында ыл¹и кварц, слюда, темiр тотықтары кездеседi.

Құмбалшық–қыртыссыз жер тәрізді жыныс, құмайттарға қарағанда құрамында балшық көп- 20-60%, басқа бөлігі шаң мен құм. Құм мен балшық мөлшеріне байланысты әр түрлі физикалы қасиеттерге ие, олардың балшықтарға қарағанда икемділігі аз, су өткізуі жақсы. Құрамында балшықты минералдар бар, бастапқы минералдардан кварц, слюда кездеседі.

Химиялық және орнагенді жыныстар. Химиялық шөгінді тау жыныстары су ертіндісінен тұздардың шөгу нәтижесіде жер қыртысында немесе оның үстінде болып жатқан химиялық реакциялар әсерінен пайда болады. Мысалы гипс, антидрид, тас және калий тұзы, әкті туф. Түгел немесе бір бөлігі жануарлармен өсімдіктердің организмдердің өмір сүру нәтижесінде пайда болған жыныстарды органогенді деп атайды. Бұл жыныстар-бор (мел), әк-ракушечник, диатомиттер, шымтезек, көмір, сапропель. Көбінесе химиялық және биологиялық үрдіс табиғатта бір уақытта өтеді және соңында биохимиялық шөгінді денелер бөлінеді. Бұл жолмен темірлі және марганецті жыныстар фосфориттер, бокситтер ж.б. пайда болады.

Химиялық шөгінді тау жыныстарға гидрототықтар (бокситтер), фосфаттар (фосфариттер), кремнийлы(трепел, яшма, диатомит), карбонатты (әктас, мергель, доламиттер), тұздар (гипс, тас тұзы, калий тұзы) жатады. Биохимиялық жыныстар ішінде құрамы органикалық жыныстар бөлінеді, жанғанда жылу шығарады. Жанатын көміртекті жыныстардың (көмірлер, жанатын тақта тастар, мұнай, шымтезек). Олардың халық шаруашылығында маңызы зор. Агрорудалар тыңайтқыш ретінде топырақтың құнарлығын көтеру үшін және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттыру үшін қолданады. Агрорудаларда өсімдіктер қоректенуіне қажетті бірқатар элементтері бар (азот, фосфор, калий ж.б.) және топырақтардың қасиетін арттыру үшін қолданады. Басты агрорудаларға азот қышқылды, фосфор қышқылды, калийлы, әкті, гипсті, органикалы және құрамында микроэлементтері бар агрорудалар жатады (азот селитрасы, фосфарит, апатит, гипс, вивианит, сильвинит, әк, глауконит).

Метаморфты тау жыныстары. Метоморфты тау жыныстары, жер қыртысынын кейбiр тереңдiнде өтетiн, жоғары қысыммен температураның әсерiмен магмалы және шөгiндi жыныстардың қайта кристалдануымен терең өзгеруiнiң нәтижесiнде пайда болады. Метаморфоза үрдiсi нәтижесiнде жыныстың құрылымы және олардың минералогиялық құрамы өзгереді. Барлық метаморфты жыныстардың құрылымы ұсақ кристалды болады, олар алғашқы жыныстардың қатты күйде жаңадан кристалдану нәтижесінде пайда болады. Метаморфты жыныстардың құрылыс түрлері келесідей болады: — Тақта тас тәрізді – ұзын бетiмен параллельдi орналасатын, ұзынша формалы минералдар болуымен сипатталады. — Алқапты – әр түрлi ендi минерал алқаптарының кезектестiрілуі. -Талшықты – бiр-бiрiмен өрiлiп жатқан талшықтар, түрлi минералдармен кезектесуі. -Массивті біркелкі, минералдар бір-біріне тығыз жабысып тұрады. Метаморфты тау жыныстарын зерттегенде: құрылым мен құрылыстан басқа олардың түсімен минералогиялық құрамын ескеру қажет.

Метаморфты жыныстардың түсі әр түрлі және олардың минералогиялық құрамымен анықталады. Метаморфты тау жыныстарының құрамына бастапқы және туынды минералдар кіреді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.