Терминологиялың лексика

Home » Рефераттар » Терминологиялың лексика
Рефераттар Комментариев нет

Адамдардың әр түрлі қызмет салаларында араласуы, ғылыми-техникалық прогресстің дамуы, баспасөзде және радио мен теледидар арқылы ғылыми бөлімдерді насихаттау терминдердің ауызша тілге белсенді енуіне себеп болуда. Терминдер деп — біз ғылымның, техниканың, көркем өнердің, қоғамдық өмірдің кез келген салаларындағы белгілі бір ұғымдардың мағыналарын анық көрсететін сөздерді айтамыз. Терминдерді өз сөздерінде әр түрлі мамандың иелері -инженерлер, дәрігерлер, экономистер, заңгерлер, агрономдар, оқытушылар, т.б. ңолданады. Бірақ олардың бар-лығы да терминді орынды, қажетті жерлерде қолданып жүр және олардың тыңдаушыларға түсінікті болу жағын ойластырады деп айта алмаймыз.
Айтушы мен тыңдаушының сөздің мәнін түсінуіндегі айырмашылықтар қабылдау өсерін төмендетеді, сөйтіп «түсініктілік елесі» — біздің, сөздің мағынасын түсінуіміздің оның шын мәніндегі мағынасына сәйкес келмеуі мен осы сөздің мағынасын дүрыс түсіндім деген сенімділік арасында сәйкессіздік тууы мүмкін. Мысалы: оқушыларға Махамбеттің бір өлеңін оңыдық дейік:

Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ерлердің ісі бітер ме!

Содан соң оларға мәтінде түсініксіз сөздер бар ма деген сұрақ қойылады. Барлығы бір дауыстан ондай сөз жоң деп жауап береді. Сол уақытта «ереуіл ат» деген не? — деп сұрақ қойылуы мүмкін. «Ереуіл ат» дегеніміз «дұшпанға қарсы жорыққа мінетін ат» деп оқушылардың барлығының да бірдей дұрыс жауап беруі мүмкін емес. Көпшілігінің білеміз деп ойлағаны тек «түсініктілік елесі» екендігі анықталады. Сөзге анықтама бере алмау — «түсініктілік елесінің» басты белгісі. Бұл жерде әңгіме сөздің лексикалық мағынасын айнытпай, тура анықтау туралы емес, объектінің басты және қосалқы белгілерін білмейтіндік немесе оған еш қатысы жоқ белгілерді атау туралы болып отыр. Мысалы, анкеталық сауалнамаларды жүргізгенде кейбір сөздердің мағыналары мынандай түрде түсіндірілген: «Экспансионизм — немқұрайдылық, сионизмнің ең жоғарғы сатысы»; «Пацифистер — болмысқа өз көзқарастары бар адамдар».

Бұл түсіндірмелер аталған сөздердің шын мағынала-рымен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Қазіргі шық-қан шетел сөздерінің түсіндірме сөздіктерінде ол сөздердің мағыналары былайша түсіндіріледі: экспансионизм — экспансия саясаты (экспансия — 1. өзінің саяси жене экономикалық ықпалын басқа елдерге таңу саясаты, ол үшін тіпті басқалардың жерін күш қолданып басып алуға дейін бару; 2. Бір нәрсені алғашқы шеңберінен шығару, үлғайту, кеңейту). Пацифистер — пацифизмді жақтаушылар (пацифизм) кез келген соғысты, оның ішінде ұлт-азаттық, әділетті соғыстарды да жақтамайтын көзқарас.

«Түсініктілік елесі», әдетте, бұқаралық аңпарат қүралдары жиі қолданатын сөздерді қабылдаумен байланысты. Таныс сөздердің айтылуына қүлақ аса отырып, адамдар олардың мағынасына терең үңіле бермейді. Тыңдаушыға ол сөздерді білетін сияқты болып көрінеді, бірақ, мәнісінде олай болып шықпайды. «Түсініктілік елесімен» қатар кейбіреулердің жеке терминдерді білмеуі мүмкін. Сондықтан да сөйлегенде терминді қолдануға асқан жауапкершілікпен қарау қажет. Әңгіменің, пікірдің мән-мазмүнын ашуға қажетті терминдерді талғампаздықпен таңдауды және сөзді қажеттен тыс ғылыми терминологиямен толтырудың қажетсіздігін ескертеміз. Айтушы өзі қолданып отырған терминдердің мағынасын жақсы білуі шарт. Терминдердің анық мағынасын білмеу айтылған ойдың мағынасын қате түсініп, бүрмалауға апарып соғады. Мысалы, санитарлық-тазалық ережелерін сақтау туралы әңгіменің барысында «тырысқаң эмбрионы аса қауіпті» деген тіркес айтылған. Бұл сөздерге тыңдаушылар аң-таң болады. Эмбрион дегеннің хайуанаттар мен адамдардың үрығы деген үғымды білдіретіні белгілі. Ал жоғарыда ай-тылған әңгімеде сөз тырысңақты қоздырғыш вибрион (қисық таяқша немесе… үтір түріндегі бактериялар) туралы болып отыр. Сондықтан да «тырысқақ вибриондары аса қауіпті» деп айту керек еді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.