Тиопентал дегеніміз не?

Home » Рефераттар » Тиопентал дегеніміз не?
Рефераттар Комментариев нет

Тиопентал — тез әсер ететін наркоздық зат. Бұлшық ет арқылы енгізгенде оның наркоздық әсері 2,5 сағатқа дейін созылады. Препаратты бірнеше қайталап қолданғанның өзінде уыттылығы байқалмайды. Тиопенталдың есерінен болатын наркоз жануарлардың түріне қарай өртүрлі өтеді. Жануарлардың жасына, жынысына және қоңдылығына қарамай наркоздық құбылыс бірқалыпты өтеді. Жыртқыш андар мен азық талғамайтындар жеңіл көтерсе, ал шөпқоректілер наркоздық заттарға біршама сезімтал келеді. Сондықтан да оны жыртқыш андарға терең наркоз түрінде қолданса, ал шөпқоректілерге жеңіл түрімен ғана шектеліп қояды.

Тиопентал — ең күшті наркоздық заттардың бірі ретінде хирургиялық операцияларда және ішектің түйілуі кезінде, сіреспеге қарсы зат ретінде қолданылады. Препараттың мөлшері барлық мал үшін бірдей. Малдың 1 кг. тірілей салмағына қан тамыры мен кеңірдек арқылы енгізгенде 0,025-0,030г; тері астына енгізгенде 0,025-0,040 г; бүлшық ет арқылы енгізгенде — 0,03-0,05; ал ауыз қуысы арқылы 0,04-0,06 г; беріледі. Тиопенталға өте ұқсас препараттардың бірі — Гексенал (эвипаннатрий) Нехепаіит 1,5 екі метал (циклогексан -1-ил) — натрилы барбитурат. Ақ немесе сарғыш түсті, аздап ащылау дәмі бар, ұсақ кристалды ұнтақ. Препарат герметикалық шыны сауыттарда, құрғақ күйінде «Б» тізімі бойынша сақталады. Кейде наркоз мерзімін ұзарту мақсатымен гексеналдың жарты мөлшерін 15 минуттан кейін екінші рет қайталап беруге болады. Препаратты қан тамыры арқылы жылдамдата енгізгенде қан қысымының төмеңдегені байқалады. Гексеналды тік ішек арқылы беруге де болады, бұл әдіс бойынша препарат 5-8 есе көп жұмсалады. Сонымен бірге гексенал тік ішектің кілегейлі қабығын тітіркендіріп дефекация кезінде сыртқа шығып кетуі мүмкін. Кейде гексенал шошқаларға 36-38° С дейін қыздырылып құрсақ куысының ішіне енгізіледі.

Негізінен гексенал жеңіл наркоз үшін тиопентал тәрізді қолданылады. Қан тамыры арқылы енгізілгеңдегі мөлшері: ірі малға 6,0-10,0г; иттерге 0,4-0,6 г; шошқаларға- құрсақ ішіне 0,05-0,1 г (әрбір килограмм тірілей салмағына). Соңғы кездері ветеринария саласында ингаляциялық емес наркоздық зат ретінде 2 %-ды рометар, кетонал қолданылады. Рометардың тыныштандыратын, ауру сезімін жоятын және миорелаксанттық әсері бар, қолданған кездегі наркоз сатысының ұзақтығы 30 минуттен 5 сағатқа дейін шыны ыдыстарда шығарылады. Мөлшері: ірі қара малына — бұлшық етке 0,25-1,5 мл эр 100 кг салмағына, вена тамырға — 0,08 — 0,5 мл эр 100 кг салмағына. Жылқыға: — бұлшық етке 4 мл әр 100 кг салмағына, вена тамырға — 10 мл эр 100 кг салмағына. Қой — ешкілерге — 0,15-0,25 мл әр 10 кг салмақ мөлшерінде бұлшық етке егеді. Ит — мысықтарға -0,1 -0,2 мл эр 1 кг салмағына бұлшық етке егеді. Кетонал жақсы наркоздық зат болғанымен психотропты әсері өте жоғары. Сондықтан көп қолданылмайды. Кейде жеңіл наркоз үшін пропанидид метагекситан, калисол, эпантол, передион және оксибутиратты натрийды да қолдануға болады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.