ТИПТІК ПЕН ХАРАКТЕРЛІК

Home » Рефераттар » ТИПТІК ПЕН ХАРАКТЕРЛІК
Рефераттар Комментариев нет

Концепцияның тірек ұғымдары өнерде адам образын басты орынға қоятын – тип пен характер болып табылды. «Тип» (типтік) сөзі өзінің өнердегі қолданылымында екі түрлі мағынаны білдіреді. Бірінші жағдайда, ғалымдар осы сөздің ең әуелі міндеттерді (ғылыми психологиядағы тұлға типтері; ғимараттың типтік жобасын т.с.с.) жіктеуге қызмет ететін бастапқы мағынасына (көне.-гр. – үлгі, қолтаңба) бағдар ұстанады. Типтік бұл жерде қалыпты, дербес көп қырлылықтан ада, әлдебір қайталанушы кестенің жүзеге асырылуы дегенмен байланыстырыла ұғынылды. Тип аталған сөздік мағынада адамды көркем сомдаудың әдістерінің бірі болып табылады. Бұл дегеніңіз – персонаждың бойына адами қасиеттің әлдебір қайталанба нышан-белгісінің енгізілуі. Пушкин Шекспирдің  «жанды тұлғаларына» Мольердің «бір ғана құштарлық типін» тамаша қарама-қарсы қоя білген еді. Типті өнер мен әдебиетте осылайша ұғыну XVII-XVIII ғғ. рационализм дәстүрімен байланысты». Осылай болушылықтың соңғы екі жүз жылдықта орын алып келе жатқанын В.А. Грехнев орынды байқаған еді. Мәдениеттен алшақтай бастаған «бұқарашылдық» бастау көзді өркениет бізге таңып отыр. Жаңа әдебиеттегі типтердің өмірлік тамыр тартуы кең көлемде бәрін қамтушы құштарлық пен кесірліліктің айқын көрініс табуы мен олардың «тобырдың» бойында болар болмас тамыр соғуының формасы да ұшырасады. Осы турасында Н.В. Гогольдің «Өлі жандары»,  А.П. Чеховтың бірқатар туындылары, М.М. Зощенконың әңгімелері  куә бола алады.

Тип (типтік) кейбірде егер ол айшықтылық пен толықтыққа жете алса, әлдебір жалпының жекенің бойындағы көрініс табуы ретінде өте кеңінен ұғынылады. Осы ыңғайда «әмбебаптану» («универсализация») термині мен типтер турасында Ф.М. Достоевскийдің  «Нақұрыс» романының төртінші бөлімінің басында, В.Г. Белинскийдің кейбір ойларында (мысалға: «Типизм дегеніміз шығармашылықтың заңдарының бірі, онсыз шығармашылық әсте жоқ»[84]), Энгельс (типтік характерлер туралы), М. Горький (қиялдың қатысуымен туған типтер турасында) сөз етті. Осындай типтікті кең көлемде ұғынып, характерліктің ең жоғарғы дәрежесі ретінде түсіну Г.Н. Поспеловте қанат жайған. Бұл жерде характерліктің астарында (характер, әлеуметтік характер) өнердегі таным нысаны (жеке келбетке жалпының енімі, заңдылықпен жүзеге асатын қайталанба адами өмірдің нышаны) жатыр. «Характер» терминін осылайша қолдану көп ғасырлық дәстүрге арқа сүйейді.

«Характер» термині Ежелгі Грекияда қолданыс тапты. Аристотельдің шәкірті Феофрастың «Характерлер» кітабында бұл сөз адамдарды әлдебір түрге енудің өкілі ретінде басым жағдайда жаман жағынан анықтады. «Сараңдық – шығын шығып кетушіліктен қорқу, сараңданады мынандай жан…», — деп, өзінің 30-шы «жазбасын» аталғандай сөздермен бастап отырады да, ары қарай адамдардың қандай жүріс-тұрыс пен қандай қимыл-әрекет жасайтыны жайында суреттейді. Бұл арада «характер» сөзі кейінгі семантикалық «тип» (іштей бақыланып, сомдалып отырған адам бойына белгілі бір адами нышанның енгізілімі) сөзімен сәйкес. Жаңа дәуірде характер күрделі де, көп қатпарлы, қашанда сырттай толық көрініс таба бермейтін адамының ішкі мәні ретінде ұғыныла бастады[86]. Осы бір жаңғырған мәнінде аталған терминді Лессинг, Гегель, Маркс пен Энгельс, И. Тэн бастаған әдебиеттанудағы мәдени-тарихи мектептің өкілдері [87], сондай-ақ, XIX ғ. көптеген жазушылары мен суретшілері кеңінен қолданды. О. Роден: «Суреткердің салиқалы назары түскен әр тіршілік иесінде, әр затта характер ашылып, яғни ішкі шындық сыртқы форма арқылы сәулеленеді»,-деп жазды. Характер ұғымы адам тіршілігінің әлеуметтік-тарихи нақтылығы (конкретика) ретінде  марксистік әдебиеттанудың өзегіне айналды.

В.Ф. Переверзевтың пікірі бойынша, өнердің мәні «аталған өмір формасына» тән «әлеуметтік характердің <…> проекциясы» психология мен характерді тудырса; ал, образ болса, жазушының шындық өмірден табатыны. Характер бұл арада көркем шығармашылықтың әлдебір әмбебап доминанты болып ұғынылады. Бірақ ең көп тараған «характер» сөзінің дербес мағыналық толықтырымы астарында өмір негізінің суреттелуі емес, персонаждың бойында туындаған оның көп қырлылығы мен нышан-белгісінің арасындағы өзара байланыс  жатыр, сондықтан біз оны (көбіне ХIХ ғ. реалисттік өнеріне тән болып келетін) тірі жан ретінде қабылдаймыз. С.Г. Бочаров осыған байланысты көркем характер автор өмірге әкелгендіктен шындық өмірдегі характерден еректенеді деген ой айтады. Бір желілі типтік-кестеден индивидтің сан алуандығы мен бірлігін танытатын характерге өту Жаңа уақыттағы еуропа әдебиет тарихының маңызды бір үрдісі болды. Өзін Шекспирден бастап таныта бастаған «Характерологиялық эстетика» (оған айқын дәлел – Гамлет образы) «табиғи данышпан, дербес те, өзіндік характерлерді тудырушы» деп Шекспирді «ашу» кезіндегі XVIII ғасырдың екінші жартысы мен романтизм дәуірінде буыны бекіп, қаламгерлер «қарапайым ғажайыптықтың жоғарғы эффектісіне» қол жеткізіп, әулиелік көлеңкесімен бүркемеленген, күрделі де, қайшылықты характерлерге ие ұлттық және әлеуметтік, кәсіби және жергілікті тұрмыстық, тарихи, мәдени, жас ерекшелігі психологиясымен байыққан адам бейнесін тудыра бастады деген пікір айтады Л.Е.Пинский.

Характерді (яғни, тірі тұлға ретінде сан алуан  қасиетін) тудыруға және туындатуға  бағдар ұстану өнерге (ең алдымен әдебиетке) адами әлемді дербес-тұлғалық жолмен игеруге жол ашты. «Характерде, -деп жазады Грехнев,- адам дербестігінің жарқын да, кесек танылатын мызғымас тіні жатыр. Әдебиеттегі характердің көрініс табуының психологиялық алғышарты жан-дүние болмысының көлемді елестетілуі, мәдени әлемдегі жинақталған психологиялық алымдылық болып табылады». Типтендіру теориясы мен характерді туындату – әлбетте, танымдық іс-әрекет ретіндегі өнердің алға қадам басқан жетістігі болып табылады. Бірақ, XIX ғ. туындаған  осы концепциялар, сонымен қатар, бір жақтылау болып келеді.  Қалай болмасын олар болмысты көркемдікпен игерудің барлық формасын қамти бермейді. Көркем сөз өнері тек мына жағдайда: характер мен типке қатысы жоқ болғанда ғана өмірлік шындықтың шыңына жете алады. Осылайша, мифтерде, ертегілерде, халық эпостарының қаһармандары белгілі бір әрекет жасағанымен оларына ешбір мінездеме алмайды.  А.И. Белецкий: «Адам характерлері әдебиет өнеріндегі әуелден ең басты проблема еместін», — деп түйіндейді. Аталған ғалым одан ары халық ертегілері мен қаһармандық эпостарда  «қатысушы тұлғалар тек іс-әрекетті жүзеге асырушылар ғана <…> бірақ олардың мінездемесі турасында сөз айтудың еш мәні жоқ»[92] деп ой қорытады. Күй кешудің сараң да, бірізге түскен таңбалануы оқиғаның өрбуіне бағынышты болып келіп, ертегілік кейіпкердің басына қайғы бұлты үйіріліп,  «көзіне ыстық жас толып», не болмаса оның  «буыны өзінен-өзі босап сала береді». «Ал, жазушылардың басты назарында, — дейді XIV ғ. соңы мен ХV ғ. басындағы шіркеулік орыс әдебиетіне сипаттама берген Д.С. Лихачев,-адамның жекеленген психологиялық жағдайы, оның сезімі, сыртқы әлемдегі болып жатқан оқиғаларға сезімдік үн қатуы болды. Бірақ бұл сезімдер, адам жанының жеке хал-ахуалы әлі характерге біріге қойған жоқ еді».

«Характерден тысқарылық» басқаша қырынан біздің дәуіріміздегі көптеген туындыларға тән. Адам әлеміне (кейінірек сөз болатын әдебиеттегі «сана ағымында») тұрақсыздықпен, аморфтықпен, әлдебір бөтен белгісіздіктің жолымен қол жеткізіледі. Г. Гессе өзінің  «Дала арланы» романында әр кейіпкері «нақты белгіленіп, тұтаса жиынтықталған» дәстүрлі реалистік әдебиетпен дау-дамайға түсіп, оны үстірт және арзан  эстетикаға балады. «Шын мәнісінде,-деп жазады ол,- кез келген «мен» тіпті ең қарабайыр, тұтасқан бірлік емес, көп қатпарлы әлем, ол кішкентай жұлдызды аспан, форманың хаосы, сатысы мен ахуалы, мұрагерлік пен мүмкіндік <…> Әр адамның денесі тұтас болғанымен жаны жоқ. Поэзия <…> дәстүр бойынша <…> персонаждардың жалған тұтастығын, жалған бірлігін кәдеге жаратады». Сонымен бірге, тұлғаның бірлігі «тек қана иллюзия» болып табылады. Біз келтірген Гессенің пікірі өте нысаналы. ХХ ғасырдың философиясы мен әдебиетінде адамды рухтанған және біртұтас тіршілік иесі деп тануға қатысты скепис байқалды. Бұл скепис соңғы он жылдықтағы посмодерндік бағыттағы еңбектерде (Ю.Кристева, М.Фуко, Ж.Деррид және тағы басқаларда) шыңына жетікізіле жазылды. Адамды бейреционалды тірлікке бағынышты әлжуаз жан дейтін концепция бізді өнердің тұлғалық бастау көзінен аулақтады. Сонымен бірге, философиядағы, гуманитарлық ғылымдардағы, оның ішінде,  өнертану мен әдебиеттанудағы тұлға санаттамасы өз өзектілігін сақтап қалуда. Біз енді соған бет бұрамыз.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.