Тіс аурулары

Главная » Рефераттар » Тіс аурулары

Тіс саулығы, тіс аурулары мен тістің күтімі туралы. «Ас адамның арқауы» дейді қазақ. Демек, адамның ассыз күні жоқ. Ауызға түскен қатаң астың қандайын болса өңдеп, баптайтын тіс. Олай болса, адам өмірінде тістің атқаратын рөлі орасан зор болып келеді. Дұрыс шайналмай емесе шала шайналып желінген тағам асқазанды  бұзады, сода әрі түрлі ауру жамала береді. Тіс – адамның көркі. Тіссіз адамның бет әлпеті бұзылады, еріндері жымырлап, азу тістері болмаса ұрттары ішке кіріп, ауызы опырылып тұратынын көргенде сау адамның зығыры қайнайды. Тіс сөз сөйлеуге ерекше әсер етеді. Күрек тістер түскен адамдардың сөздері анық айтылмайды, сондықтан да түсініксіз болады. ТІс адам өміріндегі екі рет шығады. Алғашқыда 20 сүт тісі шығады. Олар дені сау сәбилерде алты айдан бастап екі жарым, кейде үш жасқа дейін шығып болады. Кейін сүт тістер орнына кәдімгі тұрақты 28 – 32 тістер шыға бастайды.

Әрбір тісті жеке алып қарасақ оның иектен шығып тұрған бөлігін басы десек, жақ ұясына кіріп тұрғандарын түбірі дейміз. Тісітің бойы қуыс, ондағы қан тамырлар мен нервтер тісті денемен байланыстырып тұрады. Адамның тістері ауырып, үгіліп тесілгенде, әлгі тіс нервтері жалаңаштанады, ауырады, тіпті қабынып ісінеді. Кейбіреулердің шыдатпайтынын тіс ауруынан жедел жәрдем алуға алуға жүгіретіні осыдан. Тістің иектен шығып тұрған басын қатқыл ақ ткань қоршаған, оны эмаль дейді. Тіс түьірін бөлеп тұрған тканьдерді цемент дейміз. Эмаль мен цементтен басқа олардың арасындағы тістің негізгі тканьдарын дентин деп атайды. Тіс құрамындағы органикалық заттардан басқа кальций, фосфор секілді органикалық емес тұздарды едәуір кездеседі. Тістің қтқылдығы, мінеки, осы элементтерге байланысты.

Ауызда жиі кездесетін ауру – тіс жегісі (кариес). Мұнда әуелі тістің эмалі үгіледі, содан кейін дентині ойылады. Сәбилердің сүттік тістері, жалпы жас балалардың тістері жиі ойылады. Біздің елімізде ересектердің 80 проценті, ал капиталистік елдердегі ересектердің 100 проценті тістік кариеске ұшырайды. Тіс бірден ойылмайды, әуелі ол тіс эмалінде кішкене дақ түрінде білініп, ұлғая келе эмальді бұзып, дентинге түседі. Дентині бұзыла бастаған адамның тісі ыстық немесе салқын ас ішкенде, тістің арасымен салқын ауа жүргенде ауыра бастайды. Тістің ауруын дәл осы кезде емдеп тоқтатуға болады. Дәрігер нақты көмек көрсете алады.

Амал не, практикада бұл секілді жағдай сирек кездеседі. Тісті қатты ауырып, жаны қиналмаған адам дәрігерге көрінуді керек етпейді. Ал тіс ойыла беріп эмалі, дентині опырылып, қуысындағы қан тамырлары мен нерві зақымдалады. Ауыз қуысындағы микробтар оларды қабындырады (пульпит), сөйтіп тіс ауруы асқынады. Адамның тісі ауырса әбден мазасы кетеді, ұйықыдан қалады. ТІс ойылып пульпитке ауғанда, тістің қуысындағы заттар шіріп, ауызды сасытады. Тістің нервісі мен қан тамырлары қабына бастағанда – ақ емдету адамды азаптан құтқарады, тісті аман қалдырады. Кейде тістің нерв пен қа тамырларының немесе тіс түбірі ұясының қабынып ауырғаны ұзаққа созылса, олардың іріңі, бактериялар мен уы қан арқылы денеге тарайды. Мұндайда адамның тұла бойын ірің жайлап ауырады (сепсис), жүрек, бүйрек, бауыр, соқыр ішек секілді жеке ағзалары қабынып іріңдейді. Сондықтан әрбір азаматтың тісі ауырмаса да тіс дәрігеріне жылына екі рет көрініп тұрғаны жөн. Мұны аурудан алдын ала сақтану дейміз.

Тістің қадалып тұрған жақ жиегі кейде кеміріліп еріп бойға тарауы (альвеолярная пиорея) жиі кездеседі. Бұл кезде адамның  тістері босайды, қызыл еті тамақ ішсе де, жуса да қнай береді, тіс түбінен кейде ірің шығады, тіс түбіне қожырланып тас жиылады, ауыздан сасық иіс мүңкиді. Осы кезде жедел емделмесе, тіпті сау тістер де түсіп бітеді.

Кейбіреулер тістерін күнделікті тазартпайды, ойылған тістерінің арасына ішкен тамағы тығылып қалады да, олар борсып, микробтардың ұясына айналады, әлгіндей тығылып шіріген тамақытң бір миллиграмында 800 мллиондай мироб болатыны анықталып отыр. Бұл микробтардың адамға әр түрлі кесел жұқтыратындары да аз емес. Тісті тазартып тұрудың денсаулық қндай маңызы екені міне осыдан көруге болады.

Тіс қадірін тіссіз немесе тіс ауырып жүрген адам біледі, тісті күтуді сонда ғана түсінеді. Тістің бұзылуына тұрмыстағы кейбір әдеттер де себеп болады. Мысалы, сәбилер жасынан не саусақтарын не ернін сорып үйренеді, мектеп балаларынң кейбіреулері қарындаштарын немесе қаламын кеміреді, содан тіс бұзылады. Кейбір ересек адамдар шақпақ қантты тістеп сындырады, сүйек кеміреді, жаңғақ шағады және тғы сол сияқты. Мұның бәрі тістің шынтауына, жарылуына  әкеп соғады. Сөйтіп тіс ойылуы басталады. Тігіншінің инені, етікшінің шегені тістеп отыруы да тіс үшін қауіпті әдет. Темекі трубкасын тістеп отыруы да пайда бермейді.

Тіс ауруын емдеуде «шылыққа» салынуға болмайды. Медицина қызметкерлері тіс ауруының түрлеріне қарап, оларға сәйкес түрліше дәрі – дәрмек қолданады, керек болса операция жасайды. Қазақ арасында «тіске құрт түсті» деп, тіс «құртын» басқаларға шақыртатыны бар. Ол нандық!

Дұрысында тісі ауырған адам дәрігерге көрінгенінше пирамидон немесе анальгин таблеткаларын  сыртындағы жаузында көрсетілген тәртіппен пайдалануына болады. Дәріханаларда рецепсіз сатылатын тіс тамшылары бар, оны тіске дәрігердің айтуынша мақтаға тамызып басқан жөн. Ауырған жаққа жылылық басқан да жақсы. Ауызды таза ұстау үшін тамақ ішкеннен кейін ертелі – кеш арнаулы жылы ерітіндімен ауызды шайып отыру керек.

Кейде ауру тістің етіне көшіп ісіріп жібереді. Тісі ауырған адамның жағы томпайып ісетіні осыдан. Мұндайда кідірмей дәрігерге көріну керек. Кейде аурудың дауасы тісті жұлумен бітеді. Бірқатар адамдар бұзылған тісті жұлуға көнбейді, әрине, бұл қате, түсінбеушілік. Дәрігер адамды емдеу үшін оның ауруының себебін, қайсы жерінің қалай ауырғанын білуге тиісті, сонда ғана аурудың дауасы табылады. Кейде ауру тісті жұлса тіс ауруы басыла қалады.

Кейбір адамның аузының сілекей қабықшасы қабынады, температурасы көтеріледі, аузынан мүңкіген сасық жағымсыз иіс шығады. Мұндай жағдайда ащы, не қатты тамақ ішпей, ауызды сода қосып (бір стақан суға жарты шай қасықтан) қайнаған жылы сумен шайқау керек.

Тіс ауруына байланысты іштен туған кейбір кемістіктерге де көңіл аударғанымыз келеді. Мүмкін, ел арасында кездескен жырық ерінді, жырық таңдайлы балаларды көрген боларсыз. Олардың себептері ілгеріде қысқаша айтылады. Тістің қамын тіс кетіліп ойылып, қақсап ауырғанда ғана ойламай, ерте ойланған жақсы.

Тіс ауруына қарсы шаралар сәби іште жатқанда басталғаны жөн. Екіқабат әйелдер жұмыс кезінде, күнделікті өмір, тамақтану жағдайында дәрігердің кеңесін бұлжытпай орындап отыруы керек. Олар тіс дәрігеріне әдейі көрінің, бұзылған тістерін емдетпесе, одан кейін екі-үш айда қайтадан қаратып тұрмаса, немесе босанғаннан кейін ауруы асқынған тіс ауруы – кариестің салдары болуы мүмкін. Сондықтан бұзылған тістерді екіқабат кезде де алдырып тастауға немесе әбден емдетуге болады.

Сәбилердің тамағында  витаминдердің кемдігі, олардың таза ауада, күн сәулесінде аз болуы тістің бұзылуына себеп болатынын естен шығармау қажет. Баланы тамақ ішкеннен кейін аузын шайып тастауғ үйрету керек. Ауызды шаюдың гигиеналық зор маңызы бар, өйткені қуысындағы микробтар сумен шайылып, сыртқа шығып кетеді. Сәбиді тісін тіс пастасымен щеткілеп жуып, тазартып тұрса шіритін ас қалдықтары қалмайды, ауыздан жағымсыз сасық иісте шықпайтын болады.

Тіс мықты болу үшін, өзге мүшелердей, оның өзі де жұмыс істеуі керек. Ол үшін күнделікті тағамда шайнап жейтін қатқыл тамақ болуы да қажет. Қазақ арасында тістері бүтін қарттардың жиі кездесетінін себебі, олар жұмсақ тамақтн гөрі шайнамалы қатқыл тамақты, яғни  кесек – кесек ет, ірімшік, құрт, таба нан, тары , бидай және тағыда сол сияқты тағамдарды көбірек пайдаланады. Егер ауызды толтырып жақсы шайнаса, тіс щеткелегендей әбде тазалаады. Адам таматы тек бір жағымен шайнаса, екінші жағындағы тістерге шоғырланып тас жабысады. Ендеше асты екі жақпен бірдей кезек – кезек шайнау тістердің тазалығына, мықтылығын, беріктілігін арттырады деп түсіну керек. Балалардың тістері ауырмаса да жылына екі – үш рет қаралып, бұзыла бастаған тістері кезінде емделгені жөн. Ересек адамдар да тсін күтіп, жатар алдында тіс пастасымен щеткілеп тазартып жатқаны дұрыс. Тамақ ішкеннен кейін ауызды шайып, жылына екі рет тісті дәрігерге көрсетуді әдетке айналдыру қажет.

Загрузка...