Тоқсан би Жабайұлы

Home » Рефераттар » Тоқсан би Жабайұлы
Рефераттар Комментариев нет

Тоқсан би Жабайұлы Керей руының есімі бүкіл қазақ еліне танымал ірі өкілі. Ол ел билеу істерінде, дау-дамай айтыстарда Керей руы атынан сөйлеп, осы рудың намысын қорғаған, жоғын жоқтаған өз кезінде осы рудың басшысы болған. Сондықтан Керей шежіресіне кеқінен тоқтап, Тоқсан бидің аталарын Танаш би, Тарышыдан бастап тарат-қанды жөн көрдік. Бірер сөз Керей шежіресінің жазылуы, жиналуы жайлы. Ең алғаш Керей шежіресін жазған Дәулен ба-тыр Таузарұлы болған. Дәулен шежіресін баласы Толыбай сыншы толықтырған. Артынан Керейдің Қарабас батыр, Шәуке мырза, Майлы би, Киікбай би, Қара би сияқты арабша сауаты бар адамдары толықтырады. Онан соң Балта Керей Түрлыбай батыр, Тіленші би, Баян бай, Жабай батыр, Шақшақ би сияқты мұсылман-ша хат таныйтын адамдар толықтырып XIX ғасырға жеткізген. Сонан кейін Дәулен шежіресін Тоқсан би, Тәбей Барлыбайүлы, Шөңке Мамышүлы, Сексен Шақ-шақүлы, Есеыей Естемісүлы еияқты Керей елінің ше-жіреші ақсақалдары толықтырыпты. Бүл шежірені Сегіз Сері жазып алып, өзі өмір сүрген кездегі үрпақта-рымен толықтырады, одан кейін баласы Мұсайын, Құсайынның Бекісі, Мүсайынның Нұрмүхамеді жалғастыр-ған. Солтүстік Қазақстан облысы жерін мекендейтін Ашамайлы Керейдің шежіресін жинастырушы және жалғастырушылардың ең соңғы өкілі-Қаратай Биғожин (Сегіз Серінің үрпағы). Қаратай Биғожин — республикаға танымал ауыз әдебиетін зерттеуші, шежіреші. Қазір бүл салада өнімді еңбек етіп жүр. Жоғарыда айтылғандай Қара би, Жабай батыр, Тоқсан би өз кездерінде Керей шежіресін жалғастырған, толықтырған адамдар, сондықтан да бүл шежірені де

Тоқсан бидің шығармашылық мұраларының бірі деу керек. Керей-Орта жүз қазақтарының үлкен тайпаларынық бірі. Керей ашамайлы, меркіт болып екіге бөлінеді. Керейдің көбі Ашамайлыдан (шын аты-Ғали) тарайды. Ашамайлы Керей Жанай Сардардың баласы Бағлан биден-3 бала:Архат, Фархад, Самрат: Бағлан би біздің Солтүстік өңірдегі керейлердің түп атасы болып есепт-еледі. Оның бейіті қазіргі Қорған облысының Полавинка (Ақсиыр) ауданына қарасты Звериноголовка (қазақша Бағлан) қалашығының түбінде, яғни Тобыл өзенінің жағасындағы керей тоғайында жатыр. 1928 жылға дейін ол жерде атақты Бағылан жәрменкесі болғаны та-рихтан мәлім. Бағлаы би өз замаыында қазақ халқының айтулы көсемдерінің бірі болған. Фархад батырдан-3 бала: Танаш би, Аббас, Манас. Аббас сардардан Аббае керейлер тарайды. Бірақ ерте-ректе болған соғыстарда көп қырылып, Меркіт, Аббас керейлердің саны кеміп, аз елге айналады. Таыаш бидің бәйбішесі Айша Орта Азйялық Барлас түріктерінің бегі Бақырғанидың қызы екен. Інісі Манас майданда қаза тауып, Танаш би жасы үлғайған шағын-да бәйбішесі Айшаның руқсатымен және әмеңгерлік жо-лымен сол Манастың келіншегі Сәлиманды алады. Танаш биден-14 бала: Балға. Балта, Едіге, Орал, Ор-ман, Орақ, Алтай, Ақпан, Емен, Есен, Аман, Ңырым, Көшебе, Тарышы. Осы 14 үлдың Тарышыдан басқа 13 үлкені Айшадан туған, ал Тарышы Сөлиманнан туған. Бірақ Сөлиман Тарышы туған соң, көп ұзамай ауырып қайтыс болады да, Тарышы Айша бөйбішенің баурында өседі. Танаш және оның балалары XIV ғасырда өмір сүрген адамдар. Танаш Фархадүлы өзінен жасы кіші Ма-май, Тоқтамыс, Ақсақтемірге ақылшы болыпты. Сөйтіп, ол өз заманында Алтын Орда хандығында әділқазы-би аталыпты. Танаш бидің балалары: Балға, Балта, Едіге батырлар әр кезеңде Мамай, Тоқтамыс хандардың өске-рінің бас қолбасшысы болған. Кейін олар Ақсақтемірдің өскерін басқарыпты. Едіге батыр Өмір-Темір әскерінің бір тобын бастап жаумен соғысыл жүргенде ауыр жара-ланды. Ол сарбаздарьета өзін Үлы таудың ең биік шыңына жерлеңдер деп өсиет етеді. Ақыры солай жерленеді. Балға, Балта, Танаш үлдарының Үлы тау маңында жағалауында әскерлерін қондырған өзендері осы күнге дейін Балға, Балта өзендері деп аталады. Қазіргі Сол-түстік өңірдегі керейлер Балға (Сибан), Балта, Көшебе, Тарышы аталарының үрпақтары. Тоқсан би Тарышыдан тарайтын болғандықтан қолда бар шежіре бойынша Тарышыны таратайық. Таратпас-тан бүрын шежіре жайлы Тоқсан би айтыпты деген бір әңгімені айта кетейік. Танаш би және оның балалары Балға (Сибан), Балта батырлар өлген соң, оның үрпақтары енші бөлмек бола-ды. Енші бөлу билігін Балта батырдың 44 баласының үлкені, өрі қарт батыр, әрі би Ноғай ақсақал өзінен жолы үлкен, жасы кіші Көшебеге ақылдаспай қолына алмақ болады. Танаштың піаңырағы Көшебеде қалған-дықтан да болу керек, Көшебенің қолыыда інісі Тары-шы болады. Ноғай еншіні төртке емес, Тарышыны есепке алмай үппсе бөлмек болады. Көшебе бүған қарсы болып: «Танаштан туған төрт баламыз, енші төртке бөлінсін», — дейді. Оған Балтаның үрда-жық батыр балалары: «Егінді біз ектік, малды біз жинадық, жау-дан біз қорғадық, жорықтан көп олжаны біз әкелдік. Еншінің көбі біздікі болу керек. Біз аға баласымыз, сөзді қой. Тарышыға енші бергің келсе өзің бер, өйт-кені ол атамыздьщ баласы емес, сенің Балумаржаннан туған екінші үлың», — деп, дау айтумен қатар, жала да жабады. Көшебе сол кезде науқас екен, өкпесін сүйреп зорға жүрген Көшебеге бұл дау ауыр тиеді. Екі жағы ара ағайын саналатын меркіт керейдің кө-рі биі Адаққа жүгінеді. Ноғай бидің ызғарынан қорыққан Адақ әділ билік айта алмай, ақыры Ноғай би бастаған керейдің би мен бектерінің қойған шартын мақұлдайды. Шарт бойынша Көшебе Тарышының өз ұлы еместігін растау үшін, біріншіден, көкірегіне қүран ұстап: «Тарышы менің балам емес» — деп ант беру керек. Екіншіден, құладын деген құсты атып түсіру керек. Үшіншіден, үстін ақ кигізбен жапқан терең ордан атпен қарғып өту керек. Көшебе осы үш шартты орын-дауға келісімін береді. Бірінші, екінші шартты орындап, үшінші шарт бойынша ақ боз атпен үстіне кигіз жабылған ордан қарғып, ордың арғы бетіне түседі, бі-рақ аты омақаса қүлап мертігеді, Көшебе де қүлайды. Содан кейін көп үзамай, бұрыннан қатты науқас Көше-бе қайтыс болады. Шарт орындалса да, Көшебе мен Тарышыға енші мол берілмейді.

Балта мен Балға (сибан) балаларынан қорлық көріп жапа шеккен Жауынгер Көшебеүлы Жарқын, Жәдігер, Жанкөрпе, Жазы есімді төрт інісін, туысы Тарышыны ертіп, бабасы Бағлан бидің зираты (Қазіргі Қорған об-лысындағы Звериноголовка селосы, яғни бүрынғы Бағы-лан жәрмеңкесі орналасқан жер) маңына барып қоныстанады. Тоқсан биден қалған осы аңыз-әңгіме ақиңаттан алыс та емес. Жоғарыда аталған адамдардың кейбі-реулерінің үрпағы осы уақытқа дейін жоғарыда аталған жерде тұрады. Бізге жеткен тағы бір аңыз-Танаштың келіндей ал-ған әйелі Сәлиман жас босанып, ұл бала тапқанда, Айша бәйбіше (Танаштың) оған Тарышы деп ат қойып: «Бұл баланың ұрпағы тарыдай көп болып, өсіп-өне берсін!» — деп, ақ батасын беріпті. Айша бәйбішенің аузы уәлі болса керек, сол кісінің батасы да, тілегі де қабыл болып, Таныш бидің артында қалған төрт ұлының ішінде Тарышыдан көп елдер тараған. Енді, Тарышыдан тараған үрпаққа бет бұрсақ: Тарышыдан-бір бала: Шимойын.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.