TOEFL дегеніміз не?

Home » Рефераттар » TOEFL дегеніміз не?
Рефераттар Комментариев нет

TOEFL дегеніміз не?

TOEFL (Test of English as a Foreign Language) стандартты американ ағылшын тілінің университет деңгейіндегі білімін тексеру мақсатында қолданылатын сынақ жүйесі. Шетелде білім алғысы келетін талапкерлерден ағылшын тілді елдердің ЖОО-ы талап ететін халықаралық тест болып табылады. Тест нәтижесі екі жылға жарамды.
TOEFL сынағы Educational Testing Service (ETS) компаниясының жеке патенті балып табылады және бүкіл әлемде оның емтихан тапсыру орталықтары жұмыс істейді. Аталған сынақ алғаш рет 1964 жылы өткізілген болатын. Содан бері 20 миллион студент өз білімін тексеріп үлгерген.TOEFL форматы мен құрылымы

TOEFL интернет-тестілеуі (Internet-Based test — iBT) 2005 жылы енгізілгеннен бастап барлық тесттік жүйе онлайн құрылымға ауысып келеді. Төрт сағат уақытты қамтитын тест төрт түрлі аспектіден тұрады. Сынақ барысында қосымша жазбаларға рұқсат етіледі.

1.Оқу

Бұл аспекті академиялық тақырыптағы 3-5 үлкен мәтіндер мен оларға қатысты тапсырмалардан тұрады. Студенттер мәтіннің негізгі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруі және қосымша деректер келтіріп, қорытынды жасай білуі қажет. Ал iBT форматында талапкер мәтін мазмұнын ауызша айтып, кесте толтыруы тиіс болады. Бұл тапсырманы орындауға өзге ғылым салаларындағы базалық білім де қажет болуы мүмкін.

2. Тыңдау

Тапсырма 6 үлкен мәтіннен тұрады. Мәтінді студенттер бір рет қана тыңдап, оған қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мәтіндер диалог, пікірталас немесе академиктің лекциясы болуы мүмкін. Студенттер сұрақтарға қарап мәтіннің негізгі ойы мен толықтыруларын айқын көрсете білулері қажет.

3. Тілдесу

Секция екі оңай және төрт күрделі тапсырмалардан тұрады. Алғашқы екі тапсырма студенттің академиялық өмірі жайлы болып, талапкер өз пікірін айта алуы керек. Келесі екі тапсырма студенттен оқу, тыңдау және ағылшын тілінің сөздік қорын талап етеді. Сосын студенттер соңғы ең күрделі тапсырмалардың мәтіндерін тыңдап, өз ой-түйіндерін толық айтуға бейім болуы керек.

4. Жазу тапсырмасы

Бұл бөлім екі тапсырманы құрайды (күрделі және қарапайым). Күрделі тапсырмасы академиялық тақырыпта жазылған екі мәтінді тыңдау және олардың ортақ байланыстары жайлы жазу болып табылады. Ал қарапайым тапсырма белгілі бір тақырып аясында эссе жазумен шектеледі.

Тапсырма iBT Уақыт шамасы
Оқу 3 мәтін, 39 сұрақ 60 мин.
Тыңдау 6 мәтін, 34 сұрақ 50 мин.
Тілдесу 6 тапсырма, 6 сұрақ 20 мин.
Жазу 2 тапсырма, 6 сұрақ 55 мин.

Тағы да айта кету тиіс, аталған тапсырмалардан басқа қосымша тәжірибелік материал беріледі. Ол алдағы болашақта сынақ жүйесіне жаңа толықтырулар енгізу мақсатында жасалатын тәжірибе. Қосымша тапсырманы орындау міндетті.

TOEFL-дің компьтерлік нұсқасы (СВТ)

TOEFL-дің компьтерлік нұсқасы (Computer-Based Test — CBT) 2006 жылы 30 қыркүйекте енгізілді.

TOEFL-дің қағаздағы нұсқасы (РВТ)

Сынақтың осы форматы студенттерге iBT нұсқасы жетпей қалғанда ғана қолданылады. Аталған формат интернет-тестілеу тапсырмаларын толығымен қамтиды.

Сынақтың бағалау жүйесі

TOEFL-дің интернет-тестілеу жүйесі

TOEFL-дің аталған нұсқасы 0 мен 120 балл аралығындағы межелікпен таразыланады.

Төрт аспектінің әрқайсысы 0 мен 30 балл шамасында анықталып, толық бағалау жалпы нәтижелердің қосындысы арқылы жасалады.

TOEFL-дің қағаздағы нұсқасы

Қорытынды нәтиже 310-ден 677-ге дейін аралықта болуы мүмкін. Оған тыңдау (31-68), жазу жаттығулары (31-68) және оқу (31-67) нәтижелері енеді.

TOEFL сынағына тіркелу

www.ets.org сайтына кіріп, «Get Bulletin» бетіндегі тіркеу формасын толтыру қажет. Толтыру ережесі мен басқа да ақпараттар сол бетте толық көрсетілген. Толтыру кезінде қателікке жол бермеуге тырысыңыз. Жоғарыда көрсетілген ресми сайтта тестілеудің өтетін уақыттары да берілген. Орыс тіліндегі қосымша ақпараттарды мына жерден ала аласыздар.

toefl

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.