Топырақ бонитировкасы

Главная » Рефераттар » Топырақ бонитировкасы

Топырақ бонитировкасы дегеніміз — өнімділігі бойынша топырақтардың салыстырмалы  бағалануы (латын тілінен аударғанда «bonitos»–сапалы деген мағынаны білдіреді). Белгілі егіншілік қарқындылығы деңгейінде ауыл шаруашылық дақылдардың көпжылдық орташа өнімділігімен топырақтардың нақты белгілерін, қасиеттерін және режимдерін салыстыру негізінде топырақ бонитировкасы құрылады.

Ресейде бонитировкалау жұмыстары XV, XVI және XVII ғасырлардан  жүргізіле бастаған. Сол уақыттарда жер 4 санатқа бөлінген: жақсы, орташа, нашар және өте нашар.

Жер сапасын есептеудің екінші кезеңі 1833-1867 жылдары жүргізілген кадастр жұмыстарымен байланысты болды. Оны Мемлекеттік мүлік Министрлігі құрған кадастырлық комиссия өткізген. Кадастрлық комиссия мүшелері топырақ сапасының мәліметтерін жинаған, әр топырақтардың орташа өнімділігін анықтаған. Соның нәтижесінде өнімділік бойынша құрылған бонитировка шкаласы қалыптастырған.

.

Ресейдегі 1861ж. реформадан кейін бонитировкалау жұмыстарына В.В.Докучаев және Н.М.Сибирцев қатысты. Олар топырақты бонитировкалаудың ғылыми негіздерін қалады және бұл қағидалар осы күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Топырақты бонитировкалау әр шаруашылықтың топырақ жамылғысын нақты бағалауға, әр түрлі шаруашылықтар, аудандар, облыстардың жерлерінің сапасын салыстыруға, олардың  шаруашылық әрекетінің нәтижесін бағалауға және топырақ жамылғысын тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Сонымен бірге, бұл мәлімет жер салығының мөлшерін және жердің сату бағасын анықтауға қолданылады.

Топырақтың бонитировкасы, яғни топырақтың салыстырмалы бағалануы, ауыл шаруашылық дақылдардың өсіп дамуына маңызы зор болатын, топырақтардың объективтік белгілері мен қасиеттеріне сүйене отырып қалыптастырылады. Бонитировка жасағанда сандық көрсеткіштер  енгізіледі (ұпайлар), солардың көмегімен бір топырақ екінші топырақтан қаншалықта жақсы екенін көрсетеді.

Топырақ бонитировкасының қазіргі әдістері В.В.Докучаев құрған принциптеріне негізделеді, олар өнімділікпен жоғары коррелятивтік байланыста болатын топырақтың сандық көрсеткіштері мен агроклиматты жағдайларды бірдей қолдануға негізделген.

Көпжылдық орташа өнімділікпен тығыз коррелятивтік байланыста болатын топырақ қасиеттері ол қарашірінді мөлшері, қышқылдық, гранулометриялық құрам, сіңіру сыйымдылығы, тығыздық, қарашірінді қабатының қалыңдығы.

Көпжылдық орташа өнімділікпен тығыз коррелятивтік байланыста болатың агроклимат жағдайлары ол 100С дан жоғары температура қосындысы, ылғалдану коэффициенті (Высоцкий-Иванов бойынша), климаттың континентальдық деңгейі.

Топырақ қасиеттері мен агроклиматтық жағдайдың мәліметтерін қоса қолдану көпжылдық орташа өнімділікпен топырақтың қасиеттерінің тығыз коррелятивтік байланысы тек белгілі экологиялы-генетикалық топырақтар қатарының ішінде ғана байқалады (барлық топырақ типтеріне  қолдануға болмайды).

.

Мысалы, қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтар аймақтарында өнімділікпен тығыз коррелятивтік байланыста топырақ құрамындағы қарашірінді мөлшері (%) немесе оның қоры (т/га) болады. Бірақ, бұл көрсеткіш кебірлерді бағалағанда қажетсіз, өйткені олардың сапасын кебірлену қабатының тереңділігі мен кебірлер қабаттарының физико-химиялық қасиеттері бойынша  анықтаймыз.

Бонитировка бойынша жұмыс алдында алдын ала сол аймақтың топырақтар карталарының және агрохимиялық, мелиоративтік, эрозиялық карталардың сапасын  мұқият тексеру қажет. Егер  сол мәліметтер кажетті сапада болмаса, карталардың сапасын жақсартуды жасағанша бонитировка жұмыстарына кірісуге болмайды.

Бонитировка жасау үшін топырақтардың негізгі диагностикалық қасиеттерін айқындау қажет болады, сондықтан барлық шаруашылықтардың мәліметтерін жинау керек.

Алынған мәліметтер бойынша әр шаруашылықтың топырақтар тізімі бойынша олардың морфологиялық, агрохимиялық, агрофизикалық және басқа қасиеттері жазылып қандай көрсеткіш диагностикалық болуы мүмкін екені анықталады.

Әр топырақ кескініне бөлек карточка дайындалады оған келесі мәліметтерді жазады:

  1. Топырақтың типі, типшесі және алып жатқан ауданы.
  2. Топырақтың гранулометриялық құрамы; 0,05-0,01мм аралықтағы бөлшектер мөлшері, 0,01мм < бөлшектер, 0,001мм > бөлшектер, тасты болуы (м3/га, немесе аз, орташа, мол);
  3. Аналаық жыныс және астындаға аналақ жыныс, (генезисі, лесстығы, балшықты шайылымдардың болуы, қиыршықтануы);
  4. А1 және А+В қабаттарының және жыртылатын қабаттың қалыңдығы
  5. Қарашірінді мөлшері (%) және оның қоры (т/га);
  6. Мәдениелендіру дәрежесі (тың жерлер, мәдениеленген, жақсы мәдениеленеген, орташа мәдениеленген, нашар, жасанды, өзгертілген);
  7. Эрозияға шалдығу дәрежесі (орташа, сәл, қатты, өте қатты);
  8. Кебірлену дәрежесі немесе тұздалу дәрежесі (кебірленген қабаттың қалыңдығы, зиянды тұздардың орналасу тереңділігі мен концентрациясы);
  9. Глейлену дәрежесі, глейлі қабаттың орналасу тереңділігі, шымтезек қалыңдығы, оның шіру дәрежесі
  10. Грунт суларының орналасу тереңдігі, оның минерализациялану дәрежесі;
  11. НСl – дан қайнау тереңдігі мен сілтісіздену дәрежесі;
  12. Су ертіндісінің рН көрсеткіші;
  13. Гидролитикалық қышқылдығы;
  14. РК мөлшері;
  15. Физикалық қаситеттері;
  16. Сіңірілген негіздер мөлшері немесе  сіңіру мөлшері;
  17. Сіңірілген натрий мөлшері;

Әр топырақ түршесіне бөлек карточкада вариациялы статистикалық әдістер көмегімен осы көрсеткіштерді орташа мөлшерлері анықталады және қанша кескіннен алынғаны көрсетіледі.

Математикалық өндегенде кем дегенде екі көрсеткішті қолданамыз; маңызды көрсеткіш болып, тәжірибе дәлдігі саналады. Сонымен қатар әр көрсеткіш қандай әдіспен анықталғаны көрсетіледі.

Әр топырақ бойынша оның ауданы көрсетіледі, оның ішінде егістік, шабындық, жайылым аудандары көрсетіледі. Әр диагностикалық көрсеткішке бонитровка ұпайы саналады, ішіне орташа көрсеткіші  де көрсетіледі, уақытша 100 ұпайға теңеп ең жақсыларын алады.

Топырақтың бонитировка ұпайын есептеуге негізінен тек қана  өнімділікпен корреляцияда болатын белгілерді ғана аламыз. Оларды топырақ климаттық жағдайларға байланысты нақтылы жергілікті жағдайға байланысты анықталады. Кейбір белгілер көрсеткіштері  бір ауданда өнімділікпен байланысса, басқа ауданда ол  өнімділікпен байланспауы мүмкін. Сондықтан бонитировкалау әдісі бойынша  белгілерді топырақтану маманы сол жерде нақтылы анықтайды.

Топырақтың әр белгілері үшін бонитет ұпайын келесі формула бойынша есептейді:

Б=3ф/3м•100

Мұнда, Б- бонитет ұпайы

3ф – қандай болсын белгінің нақтылы мәні (азот, фосфор, калий, қарашірінді мөлшері);

3м — берілген белгінің ең жоғары немесе оңтайлы көрсеткіші,

Жер құрамындағы қоректік заттардың қорын келесі формула бойынша есептейді:

Н=а • 10000 • В •Р /100

Мұнда, Н – қарашірік қоры, т/га;

а – генетикалық қабаттың қалыңдығы, м;

В – топырақтың көлемдік салмағы;

Р – қарашірінді мөлшері, %;

Белсенді қоректік заттар мөлшерін келесі формула бойынша анықтайды;

Н= а • 10000 •В•М

Мұнда, Н – азот, фосфор, калий мөлшері, кг/га;

а- генетикалық қабаттың қалыңдығы, м;

В-берірген қабаттың көлемдік салмағы;

М- азот, фосфор, калий мөлшері, кг/т топырақта.

Аналитикалық мәліметтерді, егісте және басқа жерлерде орналасқан кескіндерден алынған топырақ үлгілерін талдау нәтижесінен алады.

Әр аймақта өнімділікке тікелей әсер ететін белгілер әр түрлі, сондықтан бонитет ұпайын есептейтін белгілер жиынтығы әр аймақта әр түрлі болып келеді.

Солтүстік Қазақстан аймағында бұл белгілер келесідей:

а/ 0- 50см. қабаттағы қарашірінді мөлшері (пайызбен көрсетіледі);

б/ 0-50 см. қабаттағы сіңірілген Na-дің орташа мөлшері сіңіру сыйымдылығы % -мен алынған;

в/0-50см. қабаттағы сіңірілген Ng- дің орташа мөлшері /сіңіру сыйымдылығының %;

г/ 0-50см. қалыңдықтағы орташа тұздану типі мен тұздардың мөлшері.

г/0-50 см. қалыңдықтағы орташа тұздану типі мен тұздардың мөлшері.

д/ қиыршықтану дәрежесі.

.

г/гидроморфты дәреже.

Негізгі бонитет балы топырақтың 0-50 см. қабатындағы қарашірінді мөлшері бойынша есептеледі, ал басқа қасиеттері бойынша түзету коэффициенттерін қолданып, нақтылы бонитироква ұпайын анықтайды.

Қазақстан Республикасы жер аумағы аудастырылып табиғи – ауыл-шаруашылық аймақтарға бөлінген (45-сурет, 50-кесте). Осы аймақтардың топырақтарының орташа бонитировка ұпайы көрсеткіші келесідей болып келеді:

  1. орманды –дала аймағы топырақтарындағы егістік жерлерде 52, мал жайылымдарында — 26 ұпай;
  2. дала аймағы топырақтарындағы егістік жерлерде – 38, мал жайылымында – 19, шабындықтарда – 30 ұпай;
  3. қуан дала аймағы топырақтарындағы егістік жерлерде – 25, мал жайылымында – 15, шабындықтарда – 22 ұпай;
  4. шөлейтті аймақ топырақтарындағы егістік жерлерде – 19, мал жайылымында – 11, шабындықтарда – 14 ұпай;
  5. шөлді аймақ топырақтарындағы егістік жерлерде – 12, мал жайылымында – 9, шабындықтарда – 12 ұпай;
  6. тау етегі-шөлді-далалық аймақ топырақтарындағы егістік жерлерде – 21, мал жайылымында – 12, шабындықтарда – 16;
  7. субтропикалық шөлді аймақ топырақтарындағы егістік жерлерде – 13, мал жайылымында – 8, шабындықтарда – 10;
  8. Орта Азиялық таулы аймақ топырақтарындағы егістік жерлерде – 45, мал жайылымында – 29, шабындықтарда – 35;
  9. Оңтүстік Сібір таулы аймақтар топырақтарындағы егістік жерлерде – 45, мал жайылымында – 45, шабындықтарда – 35;

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.