Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы

Главная » Рефераттар » Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы

Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы

Жердің планетарлық қабаттары–жер қабығы (литосфера), газ қабаты (атмосфера) және су қабаты (гидросфера) түйісіп, әрекеттесетін шегінде топырақ жамылғысы (педосфера) орналасқан. Топырақ қабаты жоғарыда көрсетілген планетарлық қабаттардың өзара қарым-қатынасының, осылардан туындаған ағзалардың әсерінен пайда бола отырып, жердің күрделі геосфералар жүйесінде айрықша қызмет атқарады. Топырақ кењістікте орналасуына, пайда болуына, дамуына байланысты әлемдегі күрделі табиғи жүйелер–биогеоценоздың, экологиялық жүйенің, биосфераның құрамды бөлігі болып саналады. Жер ғаламшарында топырақ сан-алуан экологиялық қызметтер атқарады. Осылардың ішінде топырақтың атқаратын келесідей басты әлемдік қызметтері бар.

Бірінші және ең бастысы–топырақтың жер бетінде тіршіліктің негізгі өзегі болуы. Топырақтан әуел баста өсімдіктер, су және қоректік заттар сіңіріп өнім құрайды, ал олардан жануарлар және адамзат қоректік заттарды алып пайдаланады. Топырақта тіршілікке керек биофильды элементтер шоғырланады, өсімдіктердің тамырлары жайылады, онда көптеген жәндік түрлері және орасан көп микроағзалар қоныстанған. Топырақсыз табиғаттағы ағзалар кешенінің тіршілігі жоқ. Сонымен бірге айта кететін бір жәйт, топырақ өзі тіршілік салдарынан пайда болады және өзі тіршіліктің жалғасуына себепші болып келеді. Сөйтіп биосфералық процестердің диалектикалық бірлігін дәлелдейді.

.

Топырақтың екінші әлемдік қызметі-табиғаттағы үлкен геологиялық және кіші биологиялық зат айналымының өзара қарым-қатынасының жүріп тұруына әсер етуі.

Жер бетіне шыққан тау жыныстары бұзылу процесіне ұшырайды. Осы бұзылу қабатының үстінде топырақ пайда болып, биофильды элементтерді шоғырландырады. Ал осы элементтерді өсімдіктер пайдаланады және бірнеше сатылы өзгерістен кейін олар қайтадан топыраққа оралады (биологиялық зат айналымы). Топырақтан элементтердің бір бөлігі жауын-шашын мен шайылып өзен-көлдерге, мұхиттарға барып шөгінді тау жыныстарын құрайды. Олар геологиялық даму кезеңінде қайтадан жер бетіне шығады немесе басқа күйге көшеді (геологиялық зат алмасуы). Топырақ осы екі зат айналымның қарым–қатынасының реттегіш және байланыстырушы бөлігі.

Топырақтың үшінші әлемдік қызметі–атмосфера мен гидросфераның химиялық құрамын реттеуші болуы. Топырақтың тыныстануы өсімдіктер фотосинтезіне және тірі ағзалардың тыныстануына, атмосфераның жерге жақын қабатының химиялық құрамының біркелкі болуына ‰лкен әсер етеді. Сонымен бірге гидросфераға құрлық бетінен барып жиналатын заттардың құрамында топырақ жамылғысының әсерімен байланысты болып келеді.

Топырақтың төртінші әлемдік қызметі биосфералық процестерді реттеуші болуы. Соның ішінде халықтыњ жер бетіндегі тығыздығына әсер етуі. Топырақ құнарлығының өндірілуіне байланысты өсімдіктердің өніп-өсуіне қажетті жағдай пайда болады. Сондықтан құрлық бетіндегі тірі ағзалардың тығыздылығы, азды–көптілігі климат жағдайына және топырақ жамылғысының географиялық өзгеруіне байланысты болып келеді.

Топырақтың бесінші әлемдік қызметі–органикалық заттарды және олармен байланысқан химиялық энергияны жердің беткі қабатына шоғырландырып жинауы. Құрамында 4-6 пайыз қарашірінді бар, яғни әр гектарға шаққанда 200–400т қарашірінді бар топырақта, 20 –30 тонна антрацит көмір бойында бар энергия жиналған. Академик А.В.Ковда топырақтыњ энергия көзі ретінде маңызын айқындай келе: «топырақ жамылғысы биосфераның құрамды бөлігі бола отырып, сонымен бірге жердегі әмбебап энергия жинағыш (аккумулятор) және табиғаттағы заттар алмасуымен айналымның үйлесімді жүруіне қажет, қарашірінді құрамында бар тіршілікті қуаттаушы энергия көзінің үнемді жұмсаушысы»-деп атап көрсеткен.

Қорыта келгенде, топырақ өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында Жер ғаламшарының аѓзалар дүниесінде өте үлкен маңыз атқаратынын аңғарамыз. Табиғаттың туындысы және оның бір бөлігі бола отырып, топырақ әлемі табиғатыныњ дамуының негізгі ортасы болып табылады. Сонымен бірге атмосфера, биосфера, гидросфера және литосфера қабаттарымен үздіксіз зат және энергия алмасу процестеріне қатынасып, олардың өзара қарым-қатынасының үйлесімділігіне әсер етіп, тіршіліктің сан қилы түрлерінің сақталуына жағдай туғызады.

Топырақтың адам өміріндегі алатын орны

Адам өмір сүретін табиғи ортада, яғни экосферада топырақтың алатын маңызы өте зор. Өйткені топырақ көмегімен адамзат қолданатын азық-түліктің, өмірге керек өндірістік шикізаттардың басты бөлігі алынады. Ғалымдардың есептеулері бойынша жер шары халықтарының пайдаланатын тамағының 98 пайызы жердің құнарлы қабаты арқылы алынатынын көрсетеді. Сонымен бірге топырақ құнарлығы арқылы өндіріске керек көптеген шикізат осы топырақта әр түрлі өсімдіктер өсіру және өсімдіктерді азық ретінде пайдаланатын жануарлардың жүні, терісі ретінде өндіріледі. Сондықтан топырақ ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы ретінде өте маңызды роль атқарады. Адамзат қоғамына қатынастылығына байланысты топырақ бір жағынан адам өмір сүретін табиғи орта, тіршілік кеңістігі болып саналса, екінші жағынан ол экономикалық негіз және негізгі өндіріс құралы.

Сайып келгенде, топырақ табиғаттың өзі тудырған ерекше денесі, оның адамзат өмірінде, табиғатта алатын орыны айрықша маңызды. Топырақ баға жетпес халық байлығы, халық қазынасы. Сол себепті барша адамзат оны ауыл шаруашылығында тиімді де, дұрыс пайдалануы керек, оны құнарсызданудан, жойылудан сақтап, қорғау қажет. Келесі ұрпаққа топырақты тоздырмай, ластамай, құнарлы қалпында жеткізу әр адамның парызы деп есептеуге болады.

Топырақтың экологиялық қызметі

Экологиялық пәндер қатарына жататын топырақтану ғылымының қазіргі кезде маңызы өте үлкен. Өйткені топырақтың экологиялық қызметі алуан түрлі және оның экосистемалармен жер биосферасында атқаратын қызметі ерекше маңызды.

Топырақтың жалпы және ең басты бірінші экологиялық қызметі – жер бетіндегі тіршіліктің табиғи ортасы болып, тірі ағзалардың, жан-жануарлардың өмір сүруіне жағдай жасауы болып саналады. Топырақтың ғажайып ерекшелігі, оның бойында тіршілік ететін ағзалардың өте тығыз орналасуы. Біздің планетамызда құрлықтардың бет ауданы теңіздер мен мұхиттардың бет ауданынан 3 есе кем екеніне қарамай, құрлықтағы қалыптасқан экосистемалардың биологиялық массасы, суда қалыптасқан биомассадан жүздеген есе көп. Сонымен бірге құрлық өсімдіктерінің және жануарларының түрлері сулы ортаны мекендегендерге қарағанда кµп басым. Осы салыстырулар атмосфераѓа, гидросфераға және литосфераға қарағанда топырақ құрылымы жағынан жоғары дәрежеде дамыған тіршілік ортасы екенін дәлелдейді. Топырақта әрі қатты, әрі сұйық, әрі газ бөліктерінің болуы осында жайғасқан ағзалардың тіршілігіне қажетті, қолайлы жағдай туғызады. Топырақтың бойындағы органикалық-минералдық заттар автотрофты, гетеротрофты ағзалар мен ацидофил және алколофилдердің дамуына оң әсерін тигізеді.

Топырақтың екінші маңызды экологиялық қызметі–құрлық биогеоценозында өтіп жататын геологиялық және биологиялық заттар мен энергия айналымдарының сыбайластығының орталық буыны болуы. Фотосинтез арқылы түзіліп жиналған органикалық заттар топырақта минералды заттарға ыдырап, қайтадан тіршілік сатысының құрамына қосылады. Топырақтың осы қызметімен оның құрамындағы ағзалар және өсімдіктер фотосинтезі қосылып оның биологиялық өнімділігінің негізін жасайды. Сөйтіп жер үстіндегі тіршіліктің кезекті жаңа сатысының жүруінің негізі болады.

.

Ауыл шаруашылығы тұрғысынан қарағанда топырақтың биологиялық өнімділікті, яғни өсімдіктердің өнімін қалыптастыруға жағдай жасауы, оның құнарлығы болып есептелінеді. Топырақтың құнарлылығы оның келесі басты экологиялық қызметі болып саналады. Өйткені адамдар өміріне азық-түліктің барлығына дерлік және өндіріске қажет көптеген шикізаттар топырақтың құнарлығы арқылы алынады.

Топырақ басқада кµптеген экологиялық қызметтер атқарады. Олар мыналар: ағзаларды сумен қамтамасыз етуі, атмосфера және жер асты сулармен келген заттарды сіңіруі, өсімдік тұқымдарын сақтауы, гидротермалды өктем құбылыстарды бәсењдетуі, топырақтағы тірі ағзалардың саны мен құрамын реттеуі, биогеоценоздардың даму тарихының айғағы ретінде өз кескінінде қалдықтарды жинақтап сақтауы.

.

Қорыта келгенде, топырақ–табиғаттың қымбат байлығы, құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің арқауы. Аты әлемге әйгілі эколог Ж.Дорст топырақтың маңызын төмендегідей сипаттаған: «Топырақ–біздің ең қымбат байлығымыз. Ол құрлықтағы табиғи және жасанды биоценоздар кешенінің баянды ортасы. Сайып келгенде тіршілік жердің ең бетінде орналасқан жұқа қабатына тәуелді».

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.