Торлы құрылым және оның маңызы

Главная » Рефераттар » Торлы құрылым және оның маңызы

Орталық жүйке жүйесінде сүр және ақ заттармен қатар торлы құрылым (ретикулярлы формация) деген атпен белгілі болған түзіліс кездеседі. Ол пішіні мен мөлшері әртүрлі торшалардың шоғырлануы нәтижесінде пайда болады. Осы торшалардың шашыраңқы орналасқан өсінділері бір-бірімен айқасып, қиылысып, тор тәрізді зат құрайды. Торлы зат орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерінде орын тебеді. Жұлында ол астыңғы және үстіңгі мүйіздер аралығында — бүйір бағанда орналасады. Торлы құрылым жұлынның мойын бөлігінде анық байқалады, дегенмен, ол ми сабағында жақсы шоғырланған. Торлы құрылым ми сабағының медиальдық бөлігі мен өзегін ала жатады да, көру төмпектеріне дейін созылады. Тіпті, көру төмпешіктері мен гипоталамусте де бүл күрылымның элементтерін кездестіруге болады. Торлы құрылымды алғаш XIX ғасырдың аяғында Дейтерс ашқан. XX ғасырда оның морфологиясы терең зерттеліп, көптеген ерекшеліктері анықталған. Торлы құрылымды қщрайтын нейрондар өсінділері қысқа келеді де, өте көп тарамданады және олар топтасып, көптеген ядролар құрайды. Тек қана сопақша мида торлы құрылымның 90 ядросы орналасады. Мидың ешбір бөлімдерінде торлы құрылымдағыдай мөлшерде ядролар кездеспейді. Бұл торлы құрылым қызметінің күрделілігінің, жан-жақтылығының белгісі.
Торлы құрылым нейрондары дененің белгілі бір бөліктерімен нақтылы байланыс түзбейді. Олар әртүрлі рецепторлардың -көру, есту, жанасу, дэм сезу, терморецепторлар, т.б. тітіркенуі нэтижесінде қозады. Кез келген рецептор тітіркенгенде тітіркеніс орталыққа тепкіш арнаулы жол арқылы ми қыртысына бағытталады да, тітіркенген рецептордың табиғатына байланысты оның белгілі бір бөлігінде қозу пайда болады. Сондықтан бұл жолды арнаулы немесе классикальщ өткізу жолы деп атайды. Бүл жол үшін көру төмпегі (таламус) өткел болып табылады. Арнаулы өткізгіш жол арқылы импульс өте шапшаң таралады және ми қыртысының нақтылы бөлігіне бағытталады да, шоғырланған қозу процесін тудырады. Ол өзіндік қасиетін сақтап, әсер еткен тітіркендіргіштің сипатын бейнелейді, тітіркендіргіш жайлы анық мәлімет жеткізеді, нақтылы түйсік туғызады. Демек, бұл импульстер белгілі бір хабар (сигнал) ретінде қабылданады.

Ми сабағы деңгейінде эрбір арнаулы өткізгіш жолдан торлы құрылым торшаларына бүйір тармақ бағытталады. Осының нэтижесінде арнаулы өткізгіш жолмен тараған импульстің әсерімен торлы қүрылым торшалары қоса қозады. Бұл торшалар әртүрлі жолдардың бүйір тармақтарымен жалғасатын болғандықтан торлы құрылымда импульстер өзіндік сипаттарын жоғалтады. Қозған торлы қүрылым торшаларынан да импульстер ми қыртысына бағытталады, бірақ олар шашырай, жайыла таралады да, барлық қыртыс торшаларының жалпы белсенділігін арттырады. Осымен байланысты торлы құрылымның өрлеу жолын жалпылама афференттік жол деп атайды. Бұл жолмен импульстер баяу тарайды және өзіндік сипатын жоғалтып, сигналдық маңызынан айрылады. Сонымен, ми қыртысының эрбір нейроны импульстерді арнаулы және жалпылама афференттік жүйелер арқылы қабылдайды. Бұл жүйелер ортақ әсердің салдарынан кез келген рецептордың тітіркенуі нәтижесінде қозады. Бірақ жалпылама афференттік жүйе импульстерді өткізудің қосымша, айналма жолы болып табылады. Арнаулы жүйе арқылы келген импульстер белгілі түйсік тудырса, жалпылама жүйе ми қыртысы нейрондарының белсенділігін арттырып, олардың қызметінің атқарылуына жағдай туғызады. Торлы қүрылымның афференттік жолын толығымен қиып тастаса организм ессіз күйге (кома) көшіп, соңынан өліп қалады. Ал, осы жол жарым-жартылай қиылса, үйқышылдық, селқостық байқалады. Торлы құрылым ми қыртысымен қос бағытты байланыста болады. Ми қыртысы торлы күрылым нейрондарынан импульстер қабылдап қана қоймай, оның афференттік жүйесінің қызметін не жандандырып, не тежеп отырады. Демек, үлкен ми жарты шарларының қыртысы торлы қүрылымның қызметін басқарып, бағыттап отырады.

Торлы кұрылымның төмендеу жүйесі арқылы ортаңғы ми мен сопақша мидан жүлынның мотонейрондарына бұлшық ет қызметін күшейтетін немесе тежейтін импульстер жіберіледі. Сондықтан торлы құрылымның төмендеу жолдары белсендіруші жэне тежеуші болып екіге бөлінеді. Торлы құрылымның төмендеу жүйесі вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары арқылы ішкі ағзалардың қызметіне де әсер етеді. Торлы құрылым жүрек пен қан тамырларының, тыныс алу ағзаларының, ас қорыту жолының, бөлу мүшелерінің, ішкі секреция бездерінің, эсіресе, гипофиздің қызметін реттеуге қатысады. Ортаңғы ми мен сопақша мидың торлы құрылымын тітіркендіргенде гипофиздің алдыңгы бөлімі гормондарының бөлінуі күшейеді. Ми сабағы деңгейінде торлы құрылымның өрлеу жэне төмендеу жүйелері бірін-бірі жауып, бүркеп жатады. Осымен байланысты өрлеу жүйесі төмендеу жүйесінің белсендіруші немесе тежеуші бөлімдерімен бір мезгілде қозуы мүмкін. Егер өрлеу жүйесі төмендеу жүйесінің тежеуші бөлімімен бір мезгілде қозса, ми қыртысының талдау және жинақтау (анализдік жэне синтездік) қызметі күшейеді де, жүлын мотонейрондары қызметі тежеледі, сақтық артады, жануар қоршаған орта жағдайын бағалағаннан кейін ғана әрекет басталады. Ал торлы құрылымның өрлеу жүйесі төмендеу жүйесінің белсендіруші жолымен бір мезгілде қозса, онда рефлекстер күшейеді, бірден әрекет туындайды.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.