Тоталитаризм — түркі философиясының бітпес жауы

Home » Рефераттар » Тоталитаризм — түркі философиясының бітпес жауы
Рефераттар Комментариев нет

Қазіргі түрік философтарының шығармаларындағы ой-толғамдар, басқа өкілдердің ойларымен қатар, әлемдік философиялық ойдың асыл қазынасында лайықты орнын тапты. Түрік философиясы, әлемдік философиялық ойдың дамуындағы ерекше кезең ретінде, қазіргі Қазақстанның рухани мәдениетін дамыту ісінде ерекше маңызға ие болып отыр. Десек те, ол Қазақстанның мәдениеті үшін ғана не қазақстандық ғалымдар үшін ғана керек емес, өйткені түрік елдері мен халықтар дэл осындай қажеттілікті сезініп отыр. Әлемдік философияға арналған жобаны жүзеге асыру, түрік халықтарының мәдени мүрасын зерттеу, түрік философиясының дербес дэрежесі, оның мәні мен мақсаты, тарихи рөлі мен рухани мэдениеттегі маңызы туралы мәселені көтеру, мүның бәрі де заман талап еткен жаңашыл әрі өзекті талпыныс деуге тұрарлық.
Бүрнағы кеңестік кеңістіктегі бірқатар түрік тілдес халықтардың өзін-өзі билеп, әлемдік қауымдастықта тәуелсіз саяси-қоғамдық даму жолына түскеніне аса көп уақыт өткен жоқ. Өзін өзі билеген ел бақытты ғой. Тарихи маңызына теңдесі жоқ бұл оқиға, өз орнын іздеумен қатар, элемдік ауқымды кеңістікке енуге байланысты, елеулі мәселелерге жолықтырды. Өзін-өзі бірегейлендіру мәселесімен байланысты қазіргі ауқымды кеңістікке жемісті кіру мәселесі берік негізді қажет етеді және ол түрік тілдес елдердің элемдік қауымдастықта, әлемдік саясатта, әлемдік мәдениетте өзін-өзі жоғалтып алмауының кепілі.
Бүл үдерісте философияның ерекше рөлі мен міндеті бар. Философияның сипаты, мазмүны мен қүндылықтары идеологиялық мэнге ие, қоғамдық дамуда ерекше маң-ызды. Қоғамның рухани-адамгершілік ахуалы мен сырт-тан келетін зиятты-рухани ықпалды қабылдауындағы тұрақтылығы сол қоғамда дэріптелетін философияға, онда көрініс табатын қүндылықтарға, философияның замана талабының сауалдарына қайтаратын жауабының мэніне тэуелді.
Ұлттық-мемлекеттердің қалыптасуына қауіп төндіретін жаһандану үдерістері күшейген жағдайда тэуелсіздік алған түрік тілдес халықтар үшін мүның маңызы зор. Дэстүрлі өмір салты мен социалистік қоғамды құру кезеңінен мүраға қалған мэдени ықпалдар жэне қазіргі өмірге енді-енді еніп келе жатқан демократия мен нарықтық қатынастар қүндылықтары тоғысқан қоғамдық жүйенің түбегейлі өзгеріске үшыраған кезеңінде өзіндік даму жолды таңдай білу — аса күрделі мэселе. Жэне бұл кезек күттірмейтін мэселе. Өзіндік тэуелсіздік жолдың қандай болу керектігін түйсіну жэне түсіну, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер кезеңінде пайда болатын мэселелердің көкейкестілігін арттыра түседі: өткеннің рухани мүрасына деген көзқарас қандай болмақ? Оны қабылдау қажет па, жоқ па? Өткеннен қалай сабақ алуға болады? Қандай философияны дэріптеу дұрыс жэне қазіргі элемнің философиясы қандай болуы керек?
Дамудың стратегиялық жолын таңдаудағы біртұтастық қағидасын ескере отырып, біз, өткеннің мэдени мұрасы халық жадынан өшірілмеуі тиіс немесе эділетсіздік ұмытылмауы тиіс деген ұстанымды басшылыққа аламыз. Ол біздің бүгініміз бен келешегіміздің жағымды құрамды бөлігіне айналғаны жөн. Сондықтан қазіргі қазақстандық философия үшін, сондай-ақ Қазақстанмен көршілес жатқан елдердегі философияның дамуы үшін де, түрік философиясының тарихы мен қазіргі жағдайын танып білу ерекше маңызды. Өйткені, элемдік философия тарихында осыған дейін «түрік философиясы» деген үғым мүлде жоқ болатын, еуразиялық континентте ұлан-ғайыр жерді алып жатқан, бай тарихы мен мэдени дэстүрлері бар халықтарға зиятты дүниетаным мен ой формасын қимай, философияны иеленуге рүқсат етілмеген.
Философияда түрік философиясын, оның тарихын, көпқырлы мэселелер жиынтығының жан-жақты зерттеуі жабық тақырып болатын, бірақ онда келешек зерттеулердің үлкен элуеті бартын. Қазақ халқының рухани мэдениетінің дамуында стратегиялық маңызға ие болған қазіргі түрік философиясын өзіміздің назарымызда ұстауымыз ерекше, жаңашыл оқиға болатын. Философия тарихында да, қазіргі философияда да жоғарыда айтылған «түрік философиясы» ұғымының болмауының, аталған тақырыптың зерттелмеуінің, жалпы, түріктердің үлытарихы мен мэдениетінелемеудің астарында саяси, идеологиялық себептер жатты. Қазақстанда түрік мэдениеті жетістіктерінің ауызға алынбауы, төмендетілу факторлары туралы, оның жағдайлары мен себептері туралы, түрік тарихын жадттан өшіргісі келгенталпыныстар туралы алғашқы рет биік мемлекеттік деңгейде, ауқымды, іргелі түрде Қазақстанның Түңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабында айтылды. Кітап кіріспесінде ол былай жазады: «Президент, өзінің үлты, осы ғасырдағы Алтайдағы көптеген түріктер сияқты, жақын арадағы 100-200 жыл ішінде жойылып кетпей, керісінше, барынша гүлденіп, басқа халықтардың элемдік тобында тарихына лайықты орынды иеленуіне жауап береді» (7).
Бүған тек Елбасы ғана емес, барша ғалымдар да жауапты. Бүл мақсатқа жету үшін олар өз деңгейінде біраз жылдан бері ғылымда қалыптасқан түрік тілдес халықтардың тарихы мен мэдениетіне деген теріс көзқарастың себептерін терең пайымдап, неліктен үзақ уақыт философияда «түрік философиясынан» жатырқаудың жэне жаттанудың орын алғанын түсінуі тиіс. Біз дэл осындай рефлексияның нэтижесі, түрік мәдениеті мен тарихына қатысты бір кезде үстемдік қүрған эділетсіз көзқарасты еңсеру барысында жасалатын нақты қадамдар гуманитарлық білімнің бүл саласындағы оқыту мен ғылыми зерттеулерге оң эсері болады деген ойдамыз.
Дэл осы тақырыптың саяси мақсатта жабық қалуы, ең алдымен, «қеңестік Шығыстың» түрік халықтарының отарлық тарихымен, кейін кенжелеп қалған халықтардың тарихы қазан төңкерісінен кейін ғана басталды деген қағида идеологиялық түғырға айналған социалистік қүрылыспен байланысты. Тарихта бүрын-соңды болмаған жаңа қү-рылысқа түріктердің ертедегі айбынды тарихы, олардың тарихи үдеріске жасаған эсері туралы, эсіресе, қоғамдық сананың бағдарына тигізген эсері туралы айтылатын тарихтың қажеті шамалы еді. Жаңа социалистік мэдениет орнын басуы тиіс болғандықтан, түрік халықтарының елеулі жетістіктері бар мэдениетінің керегі болмай қалды. Біздің кешегі тарихымызда бүкаралық сананы социализмге өткен кезде капитализмге соқпай өткен халықтарда мемлекет кана емес, жазу да болмады дегенге сендірді. Кезінде мұны миллиондаған адамшындықретінде қабылдады.
Түріктердің тарихы, мэдениеті, рухани өмірінің құбылыстары жайлы жақ ашпаудың сыры түсінікті болатын, өйткені социалистік идеология жаңа қоғамдық құрылымды мүлдем жаңа негізде қалау стратегиялық бағытын үстанып, өткеннің мүрасын ескінің қалдығы деп саналы түрде лақтырып тастады. Түрік халықтарының рухани мэдениетінің өнімдерін «феодал-байлардан қалған сарқыншақ» ретінде қарау басым болатын, тек кейбір жағдайларда ғана халықтың ауызекі-поэзиялық шығармашылығына назар аударылатын жэне сонда да, партиялық-таптық түрғыда қоғамның кемшіліктерін сынау элементтері табылып жататын.
Бүған қоса, түрік мэдениеті мен тарихының жетістіктерін көзге ілмей, кемсітудің тағы бір себебі — гуманитарлық ғылымда біраздан бері үстемдік қүрған еуропашыл бағдарда жатыр. Бүл бағдар бойынша рухани мэдениеттің асқақ үлгілері, олардың жаны саналатын философия — өркениетті деп аталатын халықтарға ғана тэн рухтың шығармашылық қызметінің нэтижесі болатын. Ал оларға қарама-қарсы түратын, яғни өркениетті дамуды білмейтін халықтар биік зиятты-рухани қызметке қабілетсіз болып шықты, демек, олар жасаған мэдениетте терең философиялық рефлексияның болуы мүмкін емес.
Мұндай дүниетанымдық-идеологиялық тұрғы түрін Гегельдің «Философия тарихынан дэрістерде» жэне «Философия тарихында» жүйелі, айқын көрініс тапқанын философтар жақсы біледі. Гегельдің баршаға мэлім мынандай ойларын еске түсіруге болады: «Шын мәнісінде, философия Батыстан басталады», «…біз, Батыста, шынайы философия топырағында тұрмыз», «Сонымен, шығыстық ойды философия тарихынан алып тастау қажет», «…бүл тұста философиялық танымға орын жоқ» жэне т.б. (8).
Философия құбылысына, оның тарихына мұндай бағаның берілгеніне екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, ол түбегейлі жойылмай, ықпалын сақтап келеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.