Цифлік техникада пайданалынатын негізгі терминдер

Главная » Рефераттар » Цифлік техникада пайданалынатын негізгі терминдер

Микропроцессор аппаратының құралдары ЭЕМ процессорының структурасын қайталайды. Соның ішінде: арифметикалық логикалық құрылығысы; басқару құрылғысы және бірнеше жұмысшы регистрлер бар. МП бір немесе бірнеше интегралдық схемадан тұруы мүмкін. Бұл ИС-лар орындайтын функция принципі бойынша бөлінген. Микропроцессор – жұмыс атқару жүйесін программалық түрде өзгерте отырып, мәліметтерді өңдеп, түрлендіріп бере алатын бір немесе бірнеше үлкен интегралды схемалар жинағы. Интегралдық схеманың өндіріс технологиясын мейлінше жетілдіру бойынша МП-дың бес буындары пайда болды, олар өзінің техникалық сипаттамаларымен айрылады: Бірінші – баяу әрекеттегі төртразрядтық МП (10-20 мкс команданы орындайтын уақыты) – жиынтығы, жадының көлемі және адресацияның түрлері біршама шектелген болуы. Екінші – 2-5 мкс команданы орындайтын уақыты бойынша төрт және сегізразрядтық МП-лар командалардың жиынтығы, жадының көлемі және әр түрлері адресацияның (үлкейтілген) кеңейтілген болуы. Бұл МП-ларды пайдаланғанда оңай болады, себебі үлкен ИС-лар бірге тіркесетін комплектісімен және өзара бірін-бірі толықтырумен шығарады. Үшінші – шапшаңдылық секциялық МП (100…300 нс-команданы орындайтын уақыты) биполярлық технологияны пайдалану бойынша орындалынған және микропрограммалық бесқару принципімен сонымен қатар 16-разрядтық процессор, арнайы процессорлар. Төртінші – кірістірілгендер енгізу-шығару порттар және сақтайтын құрылғылар мен ішінде біркристалдық микроЭСМ, 32-разрядтық МП-лар. Бесінші – 64-разрядтық МП-лар. Қазіргі уақытта МП-лар барлық қызмет аудандарын қатынасылады.

Балалар микроЭСМ көмегі арқылы жазуды, санауды үйренеді, студенттер, оқушылар гуманитарлық (қоғамдық) және техникалық ғылымын оқып біледі. Космос кемесі, әскери техника, өндіріс роботтар және тұрмыс құрылғылары микроЭСМ арқылы басқарылады. Микропроцессорлық техниканың кең көлемде енудің негізгі себептері:

  1. микропроцессорлық жүйесінде цифрлік тәсілмен информацияны көрсетуді пайдалану. Бұл себеп құрылғылардың бөгетке орнықтылығын көтереді, информацияны шығындарсыз аударады және оның ұзақ мерзімге сақтайды;
  2. Программалық тәсілді информацияны өңдеуде қолдану. Бұл себеп (унификациялау) бір ізге келтірілген техникалық жабдықтарды жасауға рұқсат береді;
  3. МП-дың жабдықтардың тұтастығы, тығыздығы жоғары сенімділігі болады, тұтыну қуаты төмен болады;
  4. МП жабдықтардың біршама төмен бағасы және олардың биік дәрежесінің тиімділігі.

Негізгі терминдер және анықтаулар

Адрес – 1. Регистрді, жады ұяшығын, есте сақтау құрылғысының алқабын, сыртқы құрылғыны немесе желі торабының өзгешеліктерін, анықтаушы сан код немесе индентификатор. 2-команданың операнды көрсетуші бөлігі. 3 хабардың адресатты (алушыны) көрсетуші бөлігі. ЭСМ-дің есте сақтайтын объектінің тұрған орнын көрсету.

Алгоритм – берілген есепті қадамдық процедура түрінде шешу үшін қажетті операциялардың мазмұны мен орындау тәртібін түпкілікті анықтайтын нұсқаулар жиынтығы.

Аналогті – цифрлық түрлендіргіш (АЦТ) – аналогті (үздіксіз) сигналды талдап оны дискретті (үздікті) сигналға түрлендіретін құрылғы.

арифметикалық-логикалық құрылғы (АПҚ) – ЭВМ құрамындағы арифметикалық және логикалық операцияларды орындайтын құрылғы.

Ассемблер тілі – элементтерінің құрылымы машина тілінің командаларының форматтарына сәйкес келетін төменгі деңгейлік программалау тілі.

Байт – информацияның 8 битке тең өлшем бірлігі. Мұны компьютер біртұтас бірлік ретінде қарастырады. Байтпен компьютерде қолданылатын қажетті символдарды кодтайды.

Бит – информация мөлшерін өлшеудің екілік кодтағы бірлігі. Оның шамасы мүмкіндігі (ықтималдығы) тең тек екі жағдайдың бірі туралы информацияға тең («бит» — ағылшынша екілік сан деген сөз).

Бод – информацияны беру жылдамдығының өлшемі, 1 бод секундына 1 бит информация беру деген сөз.

Буфер – мәліметтер алмасуы кезіндегі алмасу жылдамдықтарының, мәліметтер блогының өлшемдерінің және оқиғалардың пайда болуының кезеңдерінің айырмашылықтарын үйлестіруге пайдаланатын машина жадысының өрісі немесе арнайы құрылғы.

Графиксалғыш – мәліметтерді графикалық пішінде қағазға және т.б. мәлімет тасуышқа шығару құрылғысы. Өлшемі, дәлдігі, жылдамдығы, шығару түстері, басқа да көрсеткіштеріне қойылатын талаптарға сәйкес графиксалғыштардың көптеген түрлері кездеседі.

Дисплей – деректерді ЭВМ-ге енгізу және электронды-сәулелік түтік экранында тіркеп, кескіндеу мен оны немесе экранды пульт. Олар ЭВМ мен маман-оператордың арасында оперативті (қолма-қол) түрде информация алмасуы қажет жағдайларда қолданылады. ЭВМ-ге деректерді енгізу, қайта шығарып алу, т.с.с. клавиатура және «сәулелі қаламұш», «джойстик» арқылы жасалынады.

Сөздің ұзындығы – бір машиналық сөзде биттің саны.

Есте сақтаушы құрылғы (ЕСҚ) — жады-деректерді автоматты түрде қайталап бере алатын күйінде жазып алатын құрылғы.

Жады – информацияны сақтауға арналған құрылғы.

Интерфейс – микропроцессор мен сыртқы құрылғылар арасындағы деректер ағыны мен олардың көлемін (форматтарын) басқаратын құрылғылар.

Команда – нұсқау деп компьютерге қажетті амалдарды (операцияларды) орындауға берілетін кез-келген бұйрықты, нұсқауды айтады. Белгілі операцияны орындаушы құрылғының орындауына сәйкес келетін басқарушы сигнал.

Контролер – сыртқы құрылғыларды басқаратын құрылғы. Орташа, үлкен және үлкен ЭВМ-дерде бұл құрылғыларды басқаратын құрылғы деп атайды және ол аса күрделі болып келеді. Дербес компьютерлерде, МИНИ және микро ЭВМ-дерде контролер микрропроцессор құрамына енгізілген, яғни БИС – пайдаланылған жүйелер ішіндегі модуль болып есептелінеді.

Программа – ЭВМ орындаған кезде қойылған мәселені (есепті) шешуге болатын командалар мен оперторлардың реттелген тізімі

Магистарль – микропроцессор құрылымының микропроцессорлық жүйенің әр түрлі элементтерінің перифейлік құрылғылармен информация алмасуына арналған әмбебап шина.

Микропроцессорлық комплект (МПК) – микропроцессорлық үлкен интегралдық схемалар комплекті – микропроцессорлар мен микропроцессорлық жүйелерді құрастыруға арналған үлкен интегралдық схемалардың бір-бірімен тіркестіруге, жалғастыруға ыңғайланған жиынтығы.

Микропроцессорлық жүйе (МПС) – информацияны түрлендіру процесін іске асыру үшін пайдаланылатын микропроцессорлық өңдеуші жады және енгізу-шығару құрылғыларының жиынтығы.

Модем (модулятор-демодулятор) – мәліметтерді белгілі байланыс жолы бойымен ары-бері жеткізу үшін жарамды түрде түрлендіретін құрылғы.

Регистр – берілген мәліметтерді, информацияны өңдеу барысында уақытша есте сақтауға арналған электрондық (функционалдық) құрылғы (блогі).

Стек – адресіз ес түрі. Стек көрсеткіші атты регистр арқылы адрестелетін жады аумағы. Стек көсреткішіндегі дерек жады аумағының түбіндегі ұяшықтың адресін көрсетеді.

Шина – жалпы қызмет белгісі бойынша біріктірілген информация тасымалдау жолдары, мысалы: берілген мәліметтер шинасы, адрестер шинасы, басқару шинасы.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.