Цинь империясы туралы

Home » Рефераттар » Цинь империясы туралы
Рефераттар Комментариев нет

Цинь империясы Б.д.д. III ғасырда Қытайдың соңғы Чжоу дәуірінің басты жеті патшаларының — Цинь патшалығы құрамына бірігуі негізінде, осы ел тарихындағы тұңғыш орасан зор мемлекет (б.д.д. 221-207 жж.) пайда болады. Қытай қоғамының империялық билік жүйесіне өтуі Цинь империясының негізін қалаушы, б.д.д. 246-210 жж. билік қүрған Цинь-ши-хуан-дидің жаңа монархтық мәртебені қабылдауынан басталады^ Патша атына тіркелген хуан жэне ди сөзі бұрын тек құдайлық қасиетке тэн дэреже болды, ол сөзбе-сөз «құдайшыл эмірші» дегенді білдіреді.
Цинь империясының негізін қалаушы ретінде Қытай тарихы-на енген патша атағының толық атауы — «Цинь дэуірінің бастау-ында тұрған құдайшыл эмірші» деп түсініледі.
Цинь-ши-хуан-ди төңірегіндегілер жете зерттелген бірнеше шаруашылық-экономикалық жэне саяси реформаны өмірге енгізеді. Нэтижесінде жоғарғы империялық билік қызметінің заңдық негізі жасалып, басқару қүрылымдары күрделенеді.
Императордың ең бір маңызды реформаторлық қызметінің сана-тына салмақ, үзындық өлшемдерін, жазу өнерін жэне ақша жүйесін бір ізге салып, жалпы үзындығы 8 000 шақырым болатын бірегей қазына жолын салдыруын қосуға болады. Мүның бэрі тауар-ақша қатынасын дамытты жэне оны мемлекеттің толықтай қадағалауына жағдай жасады.
Рационалдық білім мен өндірістік қызметке байланысты Қытай өркениетінің көптеген табысы Цинь дэуірімен байланысты. Атап айтқанда, сол заманда ежелгі Қытайдың инженерлік-техникалық жетістігі — ¥лы Қытай қорғаны түрғызылды жэне екі өзен арасын қосқан ¥лы Қытай арнасы қазылды. Қорған — осы заманға дейін сақталған нағыз сэулет өнері қүрылысы, сол ерте замандағы қала түрғызу жэне инженерлік өнердің даму деңгейі жайлы түсінік береді. Түпнүсқалық деректердің көрсетуінше, оның қүрылысына 200 000 соғыс тұтқыны мен 100 000 эскери күш тартылып, 10 жыл бойына түрғызылған. Сэулет өнеріндегі салыстырмалы көзқарас бойынша, ол қүрылымдық жағынан қарапайым, негізінен саздан, тастан бой көтерген. Ең ежелгі фортификациялық сол қүрылыс б.д.д. У-ІУ ғасырларда Янь жэне Чжао патшалықтарының солтүстік жэне солтүстік-шығыс шекараларын қоныстанған көрші көшпенді халықтардан қорғану үшін тұрғызылып, кейін күйдірілген қыш кесекпен қоршалған. Цинь дэуірінде қорғанның тек үзындығы 750 шақырымдық бір бөлігі бой көтерді. Кейін қорған қүрылысын қайта-қайта жаңарту ХІУ-ХУ ғасырларға дейін созылып, оның үзындығы 3 100 шақырымға жеткен.
¥лы Қытай қорғанының өлшемдері эртүрлі бөліктерінде биіктігі 5-7 метрге, ені 6-10 метрге дейін жетеді. Әрбір 100 метр сайын қабырғадан қорғаныс мүнаралары бой көтерген жэне белгілі қашықтық сайын 3-4 метрлік қақпалар салынған. Қытайдың солтүстік жэне солтүстік-шығыс шекарасын бойлай түрғызылған қорған, негізінен, таулы аймақтар арқылы өтіп, теңіз деңгейінен 1 800 метр биіктікке көтерілген.
¥лы Қытай арнасы — әлемдік мэдениет дамуында өзіне теңдесі жоқ гидротехникалық қүрылыс. Қолдан қазылған, үзындығы 32 км арнаның теңдессіз ерекшелігі бір-біріне қарама-қарсы бағытта ағатын екі өзенді қосуында. Ежелгі қытай инженерлері осы күнге дейін жүмыс істеп түрған, тэулік бойы пайдалануға мүмкіндік беретін, үзындығы 2 000 км ішкі үлкен су жолын жасады.
Арнайы эдебиеттерде жүргізілген құрылыс жүмыстарының ба-сты себептерінің бірі ретінде Цинь-ши-хуан-дидің жеке басының қасиеттері мен жүргізген реформалары, саяси-элеуметтік іс-эрекеттерінің қаталдығы өз ролін атқарғаны жайында жазылған. Ол ақсүйек үрпақтары мен зиялы қауым өкілдерінің басым бөлігін ауыр да азапты каторгалық жүмыстарға жеккенімен қоса, қүртып та жіберген. ¥лы Қытай қорғаны мен ¥лы Қытай арнасының құрылыстары мыңдаған адамның өмірін қиды. Дегенмен, бар-жоғы бірнеше ондаған жылға созылған Цинь империясы Қытай өркениеті та-рихында айтарлықтай із қалдырды.
Б.д.д. 207 жылдан б.д. 220 жылы-на дейін өмір сүрген Хань империя-сы өзінен бұрынғы патшалықтармен салыстырғанда, элдеқайда өміршең болды. Ол ішкі қайшылықтары бола тұра, келешек ұрпақ көзқарасы бойынша ежелгі ұлттық ұлылықтың, оның саяси жэне рухани құдіретінің көрінісі болды. Б.д.д. 206 жылы патша лауазымын қабылдаған Лю Бан Хань эулетінің негізін қалады.
Империялық биліктің бірегей үлгісі ретінде қалыптасқан осы мэдениет Қытайдың гүлдену кезеңі болды. Кейінгі эулеттер сол та-рихи кезеңді жасампаздықтың белсенді үлгісі ретінде бағалайды. Өйткені, оның саяси қүрылымы, философиясы мен мэдениеті болашақ үрпаққа үлкен эсерін тигізді.
Қытайдың императоры мен үкіметіне негізделген билік жүйесі адамзат қауымдастығы тарихындағы ең бір түрақты сая-си жүйе болды. Б.д.д. 221 жылы пайда болған империя үкіметі са-яси жауапкершілік пен қоғамның берік қалыптасқан элеуметтік қүрылымына негізделген билік ретінде дамыды. Бүл адамдар арасындағы қатынастың элеуметтік құрылымдағы алатын орнымен байланыстылығын көрсетті. Бірегей билік тұжырымдамасы діни түсініктерде, философия жэне билік иелерінің күнделікті дүнияуи эрекеттерінде қолданыс тапты. Тарихи уақыт өзгерістерімен билік құрылымдары, эртүрлі элеуметтік топ ерекшеліктері өзгерсе де, төменгілердің жоғарғыларға абсолюттік бағыныштылығы өзгеріссіз қалды.
Хань эулеті, шын мэнінде, барлық жағынан құдіретті мемлекет бол-ды. Алайда, ежелгі мемлекеттік құрылым дамуының табыстары эділетті көрсетілгенімен, мэдениет дамуында алдыңғы тарихи дэуірлерден айта қоярлықтай айырмашылығы болған жоқ. Қарастырылып отырған уақыттың рухани өмірінің құрамдас бөліктері баяу өзгерді, ол тек соңғы Чжоу дэуірі мэдениетінің жетістіктерін жалғастырды.
Зерттеушілер еңбектерінде Хань дэуірінде портреттік кескіндеме өнерінің ерекше дамығаны көрсетіледі. Осы жанрдың қазіргі кездегі айтарлықтай танымал шығармасы қатарына 1957 жылы Лоянға жақын жердегі Хань дэуірі қабірінен табылған фреска-лар кіреді. Мұнда б.д.д. III ғасыр соңында орын алған өзара шайқас оқиғасы бейнеленген. Хань эулеті билігінің негізін қалаушының қарсыластары құрған қақпанға түскені жэне өзінің серіктестерінің тапқырлығы арқасында аман қалғаны бейнеленген.
Белгісіз суретші тойға қатысқан адамдардың өзіндік кескінін, түр ерекшеліктерін шебер берген. Осылардың біреуіне байланысты «Тарих жэне жылнамалар» авторы: «Жасаған эрекетіне байланысты мен оның түрін ұзын бойлы, ер тұлғалы болуы керек деп ойладым. Бейнесін көрген уақытта менің көз алдымда қандай адам тұрды? Сыртқы түрі, бет пішіні бойынша ол бір сүйкімді эйелге үқсас еді…»
Хань дәуірі сарайының қабыргалары портреттік фрескалар-мен безендірілу салтының болғаны туралы деректер береді. Мұнда өз заманының кейбір танымал суретшілері туралы мэліметтер сақталған. Осылардың бірінің кескіндеме өнерін жетік меңгергені сонша, адамның тек бет ажары ғана емес, оның жас ерекшеліктерін де көрсете алғаны айтылады.
Бірде император суретшіге өзінің гареміндегі кэнизак эйелдердің суретін салуға бұйрық беріп, тек суретші қаламынан көркем шыққан эйелдермен ғана көңіл көтереді. Көптеген эйел суретшіге ақша беріп, оған өздерін эдемі көрсетуге талап қояды. Тек жалғандыққа бармаған Чжао-цзюньді ғана император көрмейді. Сюнну шаньюіне қалыңдық берер кезде, император оған Чжао-цзюньді жіберуге шешім қабылдайды. Кетер алдында қызды қабылдаған император оның гаремдегі ең сұлу жан екеніне көзін жеткізеді. Ашуланған им-ператор қарабайырды эсірелеп, шынайы сұлулықты көлеңкелеген суретшіні өлім жазасына кеседі.
Хань империясының ресми мэдениеті философиялық мектеп-тер көлемінде жете зерттелген ежелгі діни дэстүрлер, элеуметтік-саяси ғылымдардан қалыптасты. Әдеби сөз жэне бейнелеу өнерлері олардың ежелгі түрлерінен туындады. Осы айтылғандар Хань дэуірін ежелгі Қытай мэдениетінің соңғы сатысы деп анықтауға мүмкіндік береді.
Рухани қүндылықтар. Ежелгі Қытай елінің рухани құндылықтарының негізі: «Өлеңдер кітабы» (Ши-цзин), «Тарих кітабы» (Шу-цзин), «Өзгерістер кітабы» (И-цзин), «Әдет-ғұрып кітабы» (Ли-цзин) жэне шежіре «Чунь-цюмен» бірге, сауатты қытайдың дүниетанымдық көзқарасына негізделген «Бес кітаптан» (У-цзин) түрды. Бұл кітаптардың бэріне Конфуций мектебі эсерін тигізді. Атап айтқанда, олардың құрастырған, өңдеген, жазған бұл кітаптарының бэрінен алғашқы философиялық дүниетанымдық көзқарас бастаулары байқалады.
Дэстүрлі діни-аңыздық, дүниетанымдық көзқарасқа күмэн келтіруден қайшы пікірлер басталады. Мысалы, ежелгі қытайлықты өмірде жиі кездесетін жауыздық мэселесі толғандыруынан соны көреміз. Оған кім кінэлі, құдай ма, элде адам ба? Қастандыққа көп жағдайда неге кінэсіздер тап болады? «Ши-цзин» кітабына кірген поэтикалық шығарма авторы Тәңірден: «Кім қастандық жасаса, өзінің қастандығы үшін жауап берсін. Бірақ, ешқандай кінэсіздер не үшін түңғиық бақытсыздыққа тап болады?» деп сұрайды. Аспан құдіретті, адам оған толық кіріптар, тэуелді. Адамзатты дүниеге алып келген Аспан олардың бэріне өмір сүру ережесін де береді. Бұл жағдайда қастандық бастауын — Аспан десек, бірақ Құдай қастандық бастауы бола алмайды ғой. Демек, қастандық — адамнан, қырғиқабақ болу тек адамға тэн. Егер бұл солай болса, онда тек Жаратушының еркіне сенуге болмайды. Осындай бағытта ары қарай дамыған ежелгі Қытайдағы дүниетанымдық сана «бэрі де адамға тэуелді, Құдай қастандық бастауы емес» деген қорытындыға келеді.
«Шу-цзин» кітабында элемнің бес бастауы туралы мэселе көтеріледі. Бірінші бастау — су, екінші — от, үшінші — ағаш, төртінші -металл, бесінші — жер деп көрсетіледі. Сонымен қатар, табиғаттың бес түрлі қүбылысы туралы да айтылады: жауын, күннің шуағы, ыстық, суық жэне жел. Олардың өз уақытында болуы мен қалыптылығына халықтың тұрмыс жағдайының бағыныштылығы айтылып, табигат қүбылыстарын қолайлы, қолайсыз ететін ненің себебі екенін табуға талпыныс жасалады.
Дегенмен, деректерден бұған да үстірт жауаптар табамыз. Әсіресе, алғашқы қауымдық құрылыс санасына сэйкес келетін табиғат, элеуметтік, адамгершілік құбылыстарының байланысы аңғырт көрінеді. Мысалы, жауын-шашын, күннің шуағы, ыстық, суық, жел экімдердің мінез-құлқына, елдегі тэртіп, ел басшысының көрегендігіне, даналығына тэуелді деп көрсетіледі. Сонымен қатар, экімнің бейбастақ іс-эрекеті — үздіксіз тынбай жауған жауынның, жалқаулығы-ұзаққасозылғаныстықтың,абайсыз,асығысіс-эрекеті-ұзаққа созылған суықтың, таяздығы тоқтамай соққан желдің ныша-ны болады.
Ежелгі Қытайда антагонистік жэне сонымен қоса, ынтымақтас екі күш, ян мен иньнің дамуы туралы түсінік бар. Бастапқыда бұл жарық пен қараңғылықты, таудың күн түскен беті мен көлеңке жағын, жылу мен суықты, қажырлы қайраттылық пен икемге көнгіштікті, ерлік пен эйелдік бастауды білдіретін. Кейін бұл жағдай «ци» — өз тегіндегі алғашқы материямен ауысады. «Изс-чжуань» кітабында «цидің» алты түрлі жағдайы айтылады. Оның мэні: инь, ян, жел, жа-уын, қараңғылық, жарық, «янци» жэне «иньци» — жеңіл аспандық жэне ауыр жерлік материя.
Ежелгі Қытай елінде еркін шығармашылықпен дамыған алты түрлі философиялық мектеп болды: конфуцийлік, моистік, заң мектебі (фа-цзя), еуропалықтар үшін легизм, дао мектебі, «инь-ян» (табиғат философиясы), аттар (мин-цзя) мектебі. Бүлардың басым бөлігінде өмір даналығы мэселелерімен қатар адамгершілік, ел басқаруға байланысты практикалық философия басым.
Ежелгі Қытайдағы Конфуций мектебінің негізін қалағандар: Кун Фу-цзы, Мэн-цзы, Сюнь-цзы болды. Ілімнің пайда болуы мен дамуы бір жағынан ата-баба культінің күшеюіне, екіншіден Ди ту-ралы түсініктің Аспан культіне үласуына жағдай жасады. Конфуций ілімі мемлекеттік ресми идеологияға айналғаннан кейін, осы культ мэнінің түсіндірмелері ережеге айналады.
Кун Фу-цзы б.д.д. 551-479 жылдар аралығында өмір сүрген. Де-ректерде оның мектеп негізін 50 жасында қалағаны, шэкірттерінің өте көп болғаны айтылады. Шэкірттердің үстаз сөзін жазып алуы арқасында, толық аяқталмаған осы мектептің басты шығармасы -«Лунь юй» (эңгімелер мен айтылғандар) жарық көреді. Жинақ -негізінен, адамгершілікке тэрбиелеуге ден қойған, жиі қайшылықты, философиялық деп қарауға қиын соғатын еңбек. Бүл кітапты эрбір сауатты қытайлық жас кезінде жаттап, қалған өмірінде оны басшылыққа алуға міндетті.
Аспан мен рухтар туралы сүрақта Конфуций ілімі қалыптасқан дэстүрді үстанады. Аспан — жердегі эділеттілікті қадағалайтын ең жоғарғы күш, оған конфуцийлік тағдыр да кіріптар. Дегенмен, бүл Аспанның «Ши-цзиннің» дерексіз бейне ретіндегі аспанынан елеулі айырмашылығы бар. Конфуций аспаны — тағдыр, жазмыш, дао (жол).
Қоғамтанушы конфуцийліктердің назар аударған негізгі мэселесі — тэрбие, адамдар арасындағы қарым-қатынас, элеуметтік ортаны жетілдірудің жолдары. Конфуций астарлы сөз, ғибратты пайымдаумен өз ортасын жетілдіруді мақсат еткен. Осыған орай, да-нышпан өмірінен мынадай мысал келтіруге болады: Бірде күймесіне мінген Конфуций Тайшань тауы жанындағы жолмен келе жатады. Мола басында зар еңірей, жылап отырған бір эйелді көреді. Ілтипат көрсетіп, күйменің алдыңғы жағына қарай иілген ол, эйелдің жоқтауына құлақ тігеді. Сосын эйелге шэкірті Цзылуды жібереді. Ол эйелден:
— Осыншама егіліп жылағаныңызға қарағанда, қайғыға бірінші рет кезігіп отырмаған тэріздісіз ғой деймін?
— Солай, рас айтасыз, — дейді эйел. Бұрын жолбарыс тырнағынан қайын атам қайтыс болған. Одан кейін күйеуім өлді. Енді, міне, ба-ламды өлтірді.
— Онда неге бул жерден көшіп кетпедіңіздер? — деп сурайды Оқытушы.
— Бұл жерде қатал билік жоқ, — дейді эйел.
— Муны есіңде сақта, оқушым! — дейді Оқытушы. — Қатал билік -жыртқыш жолбарыстан да зулым [84].
Қоғамдық орта жетістіктеріне қанағаттанбаған Кун Фу-цзы -оның негізін қайта қараушы реформатор. Бірақ, оның мақсаты болашақты емес, өткенді дэріптеуде. Осыдан өткенге табыну -ежелгі қытайлықтардың тарихи дүниетанымдық көзқарасының өзіндік ерекшелігі болатыны байқалады. Ежелгі қытайлар өмірдің түкке турмайтын үсақ-түйегіне көңіл аудармай, өздерін одан жоғары үстауға тырысты, турашылдығымен ерекшеленді, өздерін жетілдіруге талпынды, оқыды, дөрекі сөзді адамдардан аулақ жүрді, жаман өнегеден, тэртіпсіз адамдардан қашты. Ескіні қайта жаңғыртып, жаңаны жасадым деп ойлаған олар адамгершілік, қүлықтылық ілімдерін жетілдірді.
Кун Фу-цзыдың адамгершілік туралы ілімі, этикасы — өзімен-өзі жэне басқа адамдармен, ғаламмен бақытты ымырашылдықта өмір сүргісі келетін кез келген адам толығымен «дұрыс жолды» (дао) қалыптастыратын мынадай ұғымдарға сүйенеді: «өзара», «ал-тын орта», «адамды сүю». «Алтын орта» — адам мінез-қүлқындағы үстамсыздық пен сақтық ортасы. Бұл ортаны табу оңай емес, өйткені адамдардың басым бөлігі өте устамсыз немесе өте сақ. Адам-ды сүюдің негізі «жень» — ата-ананы қадірлеп, қошеметтеу, жасы үлкендерді сыйлау. Жалпы адамға қатынас оны қүрметтеуді, оған қастандық, зұлымдық жасамауды білдіреді. «Өзара» немесе «адамға қамқорлыққа» келсек, онда бұл — конфуцийліктердің адамгершілік жайлы өсиетінің негізі. Бұл ілімнің негізі «өзіңе жасалғанын қаламайтынды өзгеге де істеме» дегенге саяды [85. 167 б.]. Кун Фу-цзы адамгершілік өсиеттерді ұстанатын кемел адам бейнесін береді. Адамгершілігі жоғары қайраткерді қарапайым адамдарға немесе «арам ниетті» адамдарға қарсы қояды. Біріншісі өз өмірінде міндет пен заңды басшылыққа алады, ал екіншісі қалайда өмірден жақсы орын алу мен пайда табуды ойлайды. Біріншісі -өзіне, екіншісі — басқаларға талап қойғыш. Бірінші жонінде уақ-түйекке сүйеніп пікір айтуға болмайды, оған тек үлкен істерді сеніп тапсыру керек. Екіншіге үлкен істерді сеніп тапсыруға болмайды, ол туралы түкке түрмайтын уақ-түйекке сүйеніп-ақ пікір айтуға бола-ды. Бірінші басқа адамдармен келісіп омір сүреді, дегенмен олардың ісіне еліктемейді, екінші басқалардың ізімен жүреді, бірақ олармен келісіп омір сүрмейді. Біріншіге қызмет ету оңай, бірақ оны қуанту қиын, екіншіге қызмет ету қиын, қуанту оңай. «Адамгершілігі бар қайраткер үш нэрседен — аспан жарлығынан, үлы адамдардан жэне данышпандардың сезінен қорқады. Төменгі адамдар аспан жарлығын білмейді, одан қорықпайды, қоғамда жоғары лауазымға ие болған қүрметті адамды жаны жаратпайды, данышпандар созіне қүлақ сал-майды» [85. 170 б.].
Адамгершілігі жоғарылар ~ өз өмірін бір нэрсемен шектемейтін, жан-жақты дамыған адамдар. Ілімнің жағымды жағы е ол халықты басқарудың басты қүралын жалаң, еріксіз, зорлап көндіруден емес, үлгі-онегенің күшінен жэне сенім мен коз жеткізуден көрінеді. Патриархалдық қоғам түжырымдамасын, концепциясын үсынған конфуцийліктердің аз ғана кінэсі үшін қатал жазаға тартатын, қорқыту мен күш жүмсау қағидаларына сүйеніп қоғам құрғысы келетін легистерден жэне т.б. мектептерден айырмасы осында.
Қытайд ағы философиялық ой дамуының маңызд ы бағыттарының бірі болған Дао мектебінің зерттеу нысаны — табиғат, ғарыш және адам. Десек те, бұл бастаулар парасат жолымен, қисынды дэйекті формулалармен емес, керісінше, өмір сүрудің табиғаты, тура түсінік көмегімен ұғынылады. Әлем үздіксіз қозғалыста, өзгерістерде бола-ды жэне өзіндік ішкі себептерімен емір сүреді, эрекет жасайды, да-миды. Болмыс ілімінің негізі саналатын осы жол (дао) түсінігінше, ойдың мақсаты — адамның табиғатпен қосылуында, ойткені адам -табиғаттың болшегі.
Лао-цзы осы мектептің негізін қалаушы жэне оның «Дао дэ-цзин» кітабы дао ілімінің болашақ дамуының негізі болды. Ол екі бөлімнен (біріншіде дао жолы, екіншіде дао күші туралы айтыла-ды), дао болмысының алғашқы бастауларынан түрады. Дао — барлық ғаламның өмір сүру тэсілі мен пайда болуы тэртібі сүрағына жауап беретін, бэрін қамтитын эмбебап түсінік. Негізінде оның атауы жоқ, барлық жерден көрініс табады, барлық заттың бастауы. Дегенмен, ол дербес субстанция немесе мэн бола алмайды. Даоның бастауы жоқ, ол өзінің қуаттық қызметінсіз бэріне түбір болады. «Дао — барлық заттардың анасы».
Ғаламдағының бэрі жолда, қозғалыста, өзгерісте болады, бэрі де түрақты емес, шектеулі. Бүл, мүмкін, инь мен янның белгілі бір қағидаларының себебінен шығар. Өйткені, эрбір құбылыста олар диалектикалық бірлікте жэне қозғалыс пен өзгерістің себебі болады. Осы эсерден заттар дамиды, өрбиді, «бэрі де өзіндік иньге ие болады жэне янды қамтиды» [85.39-42 б.]. Даоға ішкі өзіндік шығармашылық күш (дэ) тэн. Сол арқылы инь жэне янның эсерімен дао заттардан өз көрінісін табады. Дэ заттардың өзіндік нақтылануы есебінде түсініледі. Адам табиғаттан шыққан жэне оның бөлігі ретінде табиғатпен бірлігін де сақтауы керек. Бүл жерде сөз адамның рухани тыныштығы негізін табатын элеммен келісім туралы. Лао-цзы адам-дар арасындағы ғана емес, қоғамдағы үстемдікті қандай түрде болса да қабыл алмайды. Сондықтан өркениетті қоғамның табиғатқа күш көрсетуі адам мен әлем арасындағы қайшылыққа, үйлесімнің жойы-луына алып келеді. «Егер кімде-кім элемге қожа болғысы келсе, ол үшін айлалы эрекет жасаса, ол сэтсіздікке үшырайды. Әлем — айла-лы эрекет жасауға болмайтын қасиетті ыдыс. Егер де кім оған айла жасаса, оны қүртады. Егер кім оны иеленгісі келсе, оны жоғалтады» [85. 80-81 б.]. Адам үшін «заттардың шамасын» сақтау — басты міндет.
Ежелгі Қытай философиясының тағы да бір ерекше ағымы -Фа-цзя мектебі («фа» — заң). Мектеп үстанымы конфуцийлік ілімге, оның адам, мораль мэселелеріне қарсы бағытталған.
Заңдар мектебінің негізін қалаушы — Хань-Фэй-цзы (б.д.д. 280-233 жж.) болмыс ілімінде Даоға дүниедегі барлық нэрсенің табиғи заңы ретінде қараған: «Әрбір зат пен істің заңдары бар. Аспанның өз заңдылығы, адамдардың да орнатқан өзіндік заңдары бар».
«Дао жалғыз жэне бөлінбейді» деген пікірді үстанған Хань-Фэй-цзы елбасының тек өзіне сенуі керектігін айтады. «Дао бос, қозғалмайды жэне жалғыздықта, сондықтан елбасы бэрін өзінің ішінде терең сақтауы керек, адамдардың алдында ашылмағаны жөн. Елбасы даосын ешкім көрмеуі, оны қолдану жолын басқалар түсінбеуі керек» дегенге меңзейді.
«Фа-цзя» мектебі ел басқару мэселелерін адам табиғатының өзімшілдігіне негіздеп шешеді.
Мектеп заң мен басқару өнерін бір-бірінен ажыратып қарастырады. Мысалы, Хань-Фэй-цзы халық жалақыны, пайда көзін тапқанды жақсы көреді де, жазаға ұшырауды ұнатпайды, жақсы көрмейді. Мұндай шараларды жүзеге асыру елбасының қолында. Сондықтан қоғамда тэртіп орнауы үшін, бэрін заң арқылы ретке келтіру керек. Заң қысқа, эрбір адамға түсінікті болуға тиіс, қайсыбір заңды бүзушылыққа қатаң жазалар қолданылады. Қоғамда жазаның көп, қүрметтеудің аз болганы абзал. «Бірақ, кімнің заңды орында-май, бүзғанын қалай білуге болады?» — деген сүраққа, адамдар өзара бір-бірін бақылап жүруі керек деген жауап беріледі. Ол қалай жүзеге асады? Адам жүрегіне қорқыныш сезімін үялату, заң бұзған адамды көпшілік алдында жазалау үсынылады. Осы жағдайда адамдардың өздері-ақ, бір-бірін көрсете бастайды деген үстаным басымдыққа ие болады.
Елбасының жүрегінде терең орын тепкен басқару өнерін, оның ойын жанындағылардың білмеуі, сезбеуі, болжай алмауы керектігін үсынады. Өйткені, «елбасының ізін аңдып арыстандар жүр, ол өзінің қүпиялылығын жоғалтса, арыстандардың (жанында жүрген басқа лауазым иелері) жеміне айналады».
Елбасы бэріне самарқау қарап, еш нэрсе жасамауы керек. Оның күші — ештеңе істемеуінде. Сонда ғана ол жауларының мақсат-мүддесін түсінеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.