Туберкулезді емдеу шаралары

Главная » Рефераттар » Туберкулезді емдеу шаралары

Заманымыздағы озат медицина ғылымы туберкулезді емдеуде ірі табыстарға жетіп отыр. Қазір туберкулез адамның қай жерінде кездессе де, оны түрлі әдістерді пайдалана отырып емдеуге болады. Туберкулезге қарсы жұмсалатын барлық емді негізінде үш бағытта жүгізуге болады. Олардың бірінші бағыты – жалпы емдеу. Өйткені туберкулезбен дененің бір жері (сүйек, өкпе, без және т.б.) ауырса оның зардабы барлық денеге жайылады. Сондықтан емдік шара алдымен жалпы дененің арқауын нығайтуға, оның қорғаныс күшін арттыруға жұмсалғаны жөн. Жалпы шараның нәтижесінде адамның нер жүйесі бұзылған қызметін жөнге келтіреді, денеде коректі заттар алмасуы түзетіледі және бездер жүйесінің жұмысы ширайды.

Туберкулезді емдеудің екінші бағыты – ағзада ұялаған, оны бүлдіріп жатқан туберкулез микробын өлтіру. Қазір күшті дәрі-дәрмектер жеткілікті, солардың күшімен микробтың өсіп-өнуіне тоқтау салып, ұяларын құртығу болады.

Туберкулезді емдеудің үшінші бағыты – хирургиялық және ортопедиялық тәсілдер. Әрине, тәжірибеде осы айтылған әдістер мен түрлі дәрілер өзара үйлестіріле жұмсалады. Мысалы, стрептомицин, фтивазид, ПАСК, болмаса тибонмен емдеу кеуде қуысына газ үрлеумен немесе өкпенің ауырған жерін кесумен бірге істелсе, оның нәтижесі жақсы болады. Сондықтан ауру адамды емдегенде бірнеше әдістер және дәрелер қосарлана жұмсалады. Мұны қоспалы емдеу әдісі дейміз. Бірақ туберкулезді емдеуге қандай әдіс қолданса да, нендеу дәрі жұмсалса да, негізгі шара – аурудың жалпы халін көтеру, денесінің қорғаныш күшін арттыру, сөйтіп туберкулезге қарсы күресте оны жеңімпаз ету. Сондықтан толып жатқан емдердің бастысы гигиеналық-диеталық режим болады. Мұның мәнісі адамның тұрмысында тазалық сақтау және тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыру деген сөз. Бұл әдіс адамға жағымды жағдай жасайды, дененің кеселге қарсы күшін арттырады және адамның жазылуы сенімін күшейтеді. Осы айтылған мақсатқа жету үшін мамандар науқастың жағдайына қарап, жатқызып емдейді, ал біреулеріне туберкулезге қарсы дене шанықтарын шаралар істейді.

.

Таза ауа – пәрменді ем. Туберкулезді емдеуде гигиеналық әдістің маңызы зор дедік.

Науқасқа емдік шараның қай түрін қолданса да, таза ауаны кең пайдалану жағы көзделуге тиіс, себебі адам, ауруханада болсын үйде болсын санаторийде емделсе де сыртқы таза ауаны қысы – жазы бірдеу пайдалану таптырмайтын ем. Бірақ басқа ем түрі секілді, ауаны да аурудың түрін, сатысына қарап пайдалануға тура келеді. Айталық, ауру қозған кезінде адам терлегіш, нерв жүйесі шыдамсыз, қозғыш келеді. Ондай ауру жатқан бөлмеге немесе палатаға мезгіл – мезгіл терезені, есікті ашып, таза ауа жіберіп тұру қажет. Егер адамның дене қызуы қалпына келіп , жалпы халі тәуірленсе, оған көлеңкеде  жатуға және аздап серуедеп таза ауада жүруге рұқсат етіледі. Қырым жағасындағы санаторийлерде емделген ауқастар ала жаздай таза ауада болады, тіпті түнде де теңіз жағасында ұйықтайды. Ал солтүстікте кейбір шыныққан адамдар жылы оранып, 10 – 15 градус аязда күніне 2 – 3 сағаттай таза ауада жатуға дағдыланып қалған. Туберкулез науқас үшін таза ауаның пайдасы өте көп. Күнделікті тыныстанатын ауамыз негізінде оттегі мен азоттан тұрады. Бірақ бұлардың құрамына организмге зияды көмір қышқыл газы, су буы және басқа қосымшалар қосылып отырады. Егер тұрғын үйдің ауасы ауық – ауық жаңартылмаса, ондағы ауа бұзылады, ол адам үшін , әсіресе туберкулез ауруы үшін зиянды.

Таза ауада жұқтыратын микробтар сирек кездеседі. Үйдегі ауаның бұзылуына ылғал, кір жуу, с пісіру, темекі түтіні, лас киімдер сақтау себеп болады.

Таза ауа өкпеге өтіп, онда жиалған қақырықтың шығуына көмектеседі. Адам таза ауада қыдырып жүріп, еркін дем алған кезінде ауа өкпені толтыра кернейді. Қақырықпен бітеліп қалған жіңішке тыныс жолдары ішке ауа таратуға ашылады. Далада немесе терезені ашып ұйықтағанда адамның күркілдеп, қақырық тастауы тиылады, көңілі көтеріледі. Өкпедегі жолдардың қақырық, түкіріктен босауы, тыныс жолдарына (өкпе ішіне) таза ауаның еркін және мол тарауына жағдай туғызады. Мұның өзі денені оттегімен байытады, сөйтіп қан құрамын жақсартады, адамның жалпы халі жақсарып, оның асқа көңілі шабады.

Үй жағдайында адамның сыртта көбірек жүргені жақсы. Жаз айларында тіпті күні бойы таза ауада болғаны жөн. Ал қыстыгүні жылы киініп, далада қыдырып жүру таптырмайтын ақыл. Туберкулез науқастың ентігіп, шаршап жұмыс істемеуі, жүгірмеуі шарт екені есте болуы тиіс.

Күн сәулесімен емдеу. Туберкулезді емдеуде күн сәулесінің де маңызы зор. Күнмен емдегенде науқастың қан құрамы жақсарады, дене тканьдары шынығады. Соның нәтижесінде олардың атқаратын қызметі жақсарады. Мұның өзі организмнің туберкулез микробына және оның уына қарсы тұруына қолайлы жағдай туғызады. Күн сәулесі, әсіресе теріге жағымды келеді. Күнге қақталғаннан кейін тері жылтырап, қоңыр тартады, пысып тығыздалады. Күн сәулесі, сүйек, буын, без, тері туберкулездеріне қарсы жақсы нәтиже береді. Ал өкпе туберкулезіне күн қауіпті. Сондықта мұндай адамдарға күн сәулесі сирек қолданылады. Адам күн көзінде аңдамай көп отырып қалса, туберкулез процесі тез қозады: дене қызуы көтеріледі, тіпті қан қақырып та қалады. Дұрысында өкпе туберкулезді адам күн сәулесін тек дәрігердің айтуынша ғана пайдалануы керек. Күнге қақталғанда адам жалаңаш немесе трусикпен жатқан жөн, басқа орамал тарту керек, бас ауырса орамалдысуға батырып , сыға ораған жақсы болады.

Кү сәулесіне бірте – бірте дағдыланбаса пайда орныа зиян келтіреді – адамның нерв жүйесіне зақым келеді, ұйқы қашады, бас ауырады және тағы сондай әсерлер сезіледі.

.

Сумен емдеу тәртібі. Судың денсаулық үшін маңызы зор, өйткені адам өзін сумен емдеуге үйретсе, оның жүрек қызметі жақсарады, денеде қан айналысы тәуірленеді, асқа деген тәбеті ашылады және тынысы ашылып, тереңдеп дем алатын болады. Алдымен науқас адам денесін таза ұстауға тиіс, ол үші жетісіне бір рет моншаға немесе жылылығы  32 – 35 градус ваннаға түсуге тиіс. Адам ваннада 10 – 12 минут ішінде денесін сабындап жуып, артынан 24 – 28 градус салқын сумен үстін шаяды да, үстін таза сүлгімен құрғата сүртіп, бір сағаттай тынығады.

.

Ваннаға түскенде мына жағдай есте болсын. Егер ауру адамның дене қызуы аздап көтеріліп тұрса, онда оған бес минуттан артық жуынуға болмайды. Өте жүдеген немесе дене қызуы тым көтеріліп кеткен адам ванаға түсуді уақытша тоқтатады. Сондай – ақ өан қақырып жүргенде де ванаға шомылу өте қауіпті, ондайда дәрігермен ақылдасқан жөн. Денені таза ұстап, шынықтыруда ысқылаудың маңызы зор. Денені күнделікті ысқылау тіпті әлсіз адамға да жағады. Тек өкпеден кан түскен кезде ғана ысқылауға болмайды, өйткені бұл кезде адам қозғалмай тыныш жатуға тиіс. Ысқылауды таңертең оянысымен, дененің жылы кезінде жасаған жөн. Суыған денені ысқылаудың пайдасы жоқ, тіпті зиян келтіруі де мүмкін. Денені ылғалданған сүлгі немесе губкамен ысуға болады. Ол үшін сүлгі (губка) суға малынып сығылады. Содан кейін дене мүшелерін (қолды, мойынды, кеудені, арқаны және аяқты) түгел тез ысқылап шығады. Кейбіреулер тек белуарға дейін ғана ысқылайды. Ол қате, өйткені көптеген адамдардың қан айналысы нашарлағаннан аяқтары тоңғақ келеді. Ал аяқты баса ысқыласа, қан тарауы күшейіп, аяқ жылынып кетеді. Денені ылғалды сүлгімен ысқылап, құрғақ сүлгімен сүртеді, сонда тері ысып, қызарады, адамның қабағы ашылып, көңілі көтеріледі. Ысқылағаннан кейін мұндай көрініс болмаса, тері түршігіп тоңса, онда ысқылаудың дұрыс жасалмағаны, бұл зиян. Шамалары келетін адамдар үстерін өздері ысқылайды, ал әлсіздерін күтуші адамдар ысқылауға тиіс. Кейбір әлсіз немесе нерв жүйесі нашар адамдар батыра ысқылауды жақтырмайды, сондықтан оларды жайлап ысқылап, денесін тез кептіре сүрту керек. Салқын сумен ысқылауға адамдардың өздері аз-аздап үйренуі керек. Денесі толық, ширақ адамдар ысқылауды үй ішіндегі судан бастауға тиіс, дене салқынға дағдыланған сайын су температурасы төмендетіле береді, сөйте-сөйте нағыз салқын (су құбырындағы) сумен ысуға жетеді. Әрине, әлсіз немесе дене қызуы көтеріңкі, жүдегендерді әуелі бірнеше күн құрғақ сүлгімен сақтықпен ысқылаған жөн, одан кейін жылы, артынан жылымшы сумен ысқылауға болады. Әрине, денені салқын сумен ысқылағанда судың температурасы оған адам сүйсініп, көңілі көтерілетіндей болғаны жөн. «Салқындаудың жөні осы екен» деп дене түршігетін, тым мұздай суға шомылу қате!

Әлсіз адам ысқылау алдында бір стакан сүт ішіп немесе бір тарелка ботқа жеп алсын, ал ысқылағаннан кейін 15—30 минуттай төсекте жатып тынықсын. Бұрын дағдыланбаған адам ысқылауды жаз айларында бастап, денесін салқын суға үйретуге тиіс. Әбден дағдыланып алған соң ысқылау қысы-жазы бірдей істеліп, әдетке айналады. Қыстыгүндері ысқылауды жылы үйде істейді. Егер әйелдер денесін бұрыннан ысқылап дағдыланған болса, оны етеккірі келгенде де тоқтатпауға тиіс, бірақ бұл кезде денесін тек белуарға дейін ысқылаған жөн, су тым салқын болмасын. Денені ысқылау әдісін әлі үйренбеген, етеккірі келіп жүрген, әйелдерге ысқылауды бастауға болмайды. Екіқабат кезінде әйел , дәрігерге барып ысқылану жөнінен кеңес алады.

Өзенге шомылу және салқын бүрікпе (душ) қабылдау денеге ысқылаудан гөрі күшті әсер етеді. Сондықтан туберкулез науқас дәрігермен кеңеспей ондай істеуіне. болмайды. Өзен немесе бүрікпеге түскеннен кейін кейде  өкпе ауруы қозуы, яки плеврит басталуы ғажап емес. Суға түсетін адамдардың денесі мықты, бүйрек, жүрегі сау,өкпе ауруы тоқтаған, ешбір қауіп туғызбайтын болуы кажет.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.