Туляремия ауруы

Главная » Рефераттар » Туляремия ауруы

Туляремия ауруы адамға әр түрлі жолмен жұғады. Денеде жарылған, қажалған, кесілген жер болса, оған тулярензе түседі. Кейде бұл микробқа тіпті бүтін тері де мұрынның, ауыздың, тыныстық жүйелердің жұқа қабықшалары да кедергі бола алмайды. Туляремия жұқпалы ауру. Онымен ересек те, бала да ауырады. Оның микробтары даладағы тышқан, қоян, тиін және басқа да хайуандар денесінде өсіп өнеді. Туляремияның сиыр, қой, түйе, жылқы және шошқа т.б. жануарларға да жұғуы мүмкін. Бірақ оларда ауру жеңіл өтеді. Дегенмен, ауырған мал адам үшін қауіпсіз деуге болмайды. Ертеде туляремиямен ауырған қой етін мүшелегенде адамға ауру жұққан кезі де болды. Туляремия індетінің жайылуы жабайы хайуанаттардың көбеюіне байланысты. Туляремия ауылды жерлерде жиі кездеседі. Оның себебі ауыл адамдары шөп шауып, егін егіп, көп уақытын далада өткізеді. Пішінді тасығанда, егінді бастырғанда туляремия микробтары шаңға араласып, ауаға көтеріледі де, ауа арқылы микробтар адамға жұғады. Мұндай жағдайда тулярензе тері арқылы да яки лас қолмен ауызды сүрткенде, көзді сипағанда да жұғады. Туляремия микробы тышқан ұялаған астықты тазалағанда, сұрыптағанда, үйгенде, егін сабанын тасығанда да жұғады. Сондықтан сабан мен пішенді тышқан жайлайтындықтан отынға пайдалауға болмайтыны даусыз. Қоймадағы картопты, қызылшаны, сәбізді тазалағанда, малға жем әзірлегенде, малдың астындағы төсеніш шөпті алғанда сақтанбаса туляремия жұғады. Өйткені қыста тышқан сондай жерлерде ұялайды. Тышқан тұрғын үйлерді, азық-түлік қоймаларын, наубайханалар мен нан дүкендерін, диірменді паналайды. Өлген тышқадардың және олардың қиыны микробтары азық-түліктерге, ыдыстарға және т.с.с. түседі, олардан адамдар ауырады, кейде әлгіндей тышқанды жеген мысықтар да ауру таратады. Өлген тышқандар құдық немесе көлге түседі де, ауыз су арқылы туляремия індеті халыққа тарайды.

Туляремия микробы денеге түскеннен кейін ауру орта есеппен үш-бес күн ішінде, кейде 12 күн өткен соң білінеді. Адамның денесі кенет қызады, кейде қалшылдап тоңады. Басы қатты ауырып, қалжырап, ілсірейді, бұлшық еттері сыздп ауырады. Тамаққа тәбеті болмайды, ұйқысы қашады, түнде ағыл-тегіл болып терлейді. Кейде адамның мұрны қанайды, құсады. Туляремияда адамның шап, қолтық, мойын, іш сарайы бездері шошиды. Әдетте микробтың денеге кірген орны қызарып, бөртеді, үлкейе келе тиындай, одан да үлкен жараға айналады, жарасы іріңдейді, асқынады. Бұл арада микроб немесе оның уы жараға таяу бездерге қан арқылы өтіп, оларды шошытады. Туляремия микробы адам дем алғанда ауа арқылы жұқса, онда кеуде қуысындағы бездер шошынады. Егер микроб тыныс жолына түссе ауру тұмау-сүзек түрінде білінеді, содан өкпе қабынады.

Микроб денеге көз арқылы түссе, қабақ домбығып ісінеді, көз қанталап іріңдейді, аштырмай шаншып ауырады. Көзді ашып қарағанда, ішінде ішкентай ойық жаралар көрінеді. Көзге таяу құлақ түбі, иекғ шықшыт бездері шошиды. Микроб тамақтан жұқса, ауру баспа түрінде білінеді. Көмекей, мойын және жақ бездері ісінеді. Жұтынғанда, ауызды ашқанда ауыртып, адамды қинайды. Тулярензе қарынға, ішекке өтсе, асқазан қызметі бұзылады, іш бүріп ауырады, шажырқай бездері ісінеді, адамды мазасыздандырады. Туляремияда іскен без жарылып іріңдеуі де мүмкін. Туляремияның басталуы қатты болғанымен түбі қауіпті емес, ауырған адам кезінде емделсе екі-үш жетіден кейін айғып кетеді. Туляремиядан жазылғанымен оның салдары: бас ауру, әлсіздік, басқа да ыңқыл-сыңқылдар біразға дейін созылуы мүмкін.

Туляремия ауруы адамнан адамға жұқпайды. Туляремияны емдеуде стрептомици, биомицин және басқа да антибиотиктер пайдалы ем болып табылады. Бұл ауруға қарсы егілген адам қайтып онымен бес жылға дейін ауырмайды. Ауруды таратушы негізінде тышқан болғандықтан оған қарсы барлық шараны қолдану керек. Тышқанды жоюға газды, қақпанды немесе «крысид» атты препаратты пайдалану қажет. Кенені жоюға қолайлы мерзім – көктем мен күз. Бұл кезде кене малға жабысып, қанын сорады. Осы кезде малдың кене түскен жеріне ДДТ препаратын сеуіп, қырып тастауға болады. Дала жұмысында дененің бір жері жарақаттанса, оны спирт, арақ, одеколон сияқтылармен тазартса сүртіп, йод жағып, бинтпен байлаған жөн.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.