Туристік фирманың қызметін реттейтін нормативтік база

Главная » Рефераттар » Туристік фирманың қызметін реттейтін нормативтік база

ҚР Спорт және шынықтыру істері жөніндегі агенттік Қазақстан Республикасының туризм саласындағы мемлекеттік басқаруды, салааралық үйлестіруді, курорттық кешенді қорғау мен дамыту аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын атқарушы билік органы, ол осылайша ұлттық туристік әкімшілік (ЮНВТО терминологиясы бойынша) болып табылады.
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің қағидасы мынада: мемлекет туристік қызметті Қазақстан экономикасының басым бағытты салаларының бірі ретінде мойындай отырып, туристік қызметтің дамуына әсер етеді және оның қызмет етуіне қолайлы жағдайлар жасайды, басым бағыттарды анықтайды жэәне қолдайды, Қазақстанды туризм үшін қолайлы ел ретінде көрсету үшін халықаралық деңгейде жарнамалайды, сонымен бірге, қазақстандық туристерді, туроператорлар мен турагенттерді қол-дау мен қорғауды жүзеге асырады. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі негізгі мақсаттары бар:
— азаматтардың демалуға, жылжу еркіндігіне және саяхатқа барған кездегі басқа да құқықтарын қамтамасыз ету;
— туристерді тәрбиелеуге, оларға білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызметке жағдайлар қалыптастыру;
— туристік индустрияның дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, мемлекет табыстары мен Қазақстан азаматтары табыстарының ұлғаюы, халықаралық байланыстарды дамыту;
— туристік көрсетілім объектілерін сақтау, елдің табиғи және мәдени әлеуетін, туристік ресурстарды рационалды қолдану.
Мемлекеттік реттеудің басым багыттары ретінде ішкі жэ-не сыртқы (Қазақстан азаматтары мен шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағының ішіндегі саяхаттары) туризмді қолдау мен дамыту, сонымен қоса, әлеуметтік жэне өзіндік туризм мойындалады. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу жекелей алғанда, туристік индустрия саласындағы қатынастарды жетілдіруге және реттеуге бағытталған нормативтік және құқықтық актілерді құру арқылы; лицензиялау, туристік индустрия саласындағы стандарттау, туристік өнімді сертификаттау, туристердің қүқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік органдар туризмдегі үзақ мерзімді бағдар-ламаларды құруда жетекші орындарға ие. Бірнеше елдерде мүндай бағдарламалар бар.
1994 жылы Мәскеуде ТМД туризмі бойынша кеңес туралы келісімге қол қойылған, оның негізгі міндеті — туризм саласындағы тең қүқылы жэне өзара тиімді серіктестіктің дамуына, оның ішінде туристік ресімдеуді қарапайымдандыруға және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ету.
Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің рөлі «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңында айқындалады.
Туризмдегі лицензиялау, стандарттау жэне сертификаттау туристік ұйымдар қызметін мемлекеттік реттеудің және туристік қызмет тұтынушыларының құқықтарын қорғаудың маңызды қүралдары болып табылады.
Туристік қызмет көрсету стандарттары Қазақстан Респуб-ликасындағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің бір бөлігі болып табылады, ол туризм, қонақүй менеджменті саласындағы стандарттау мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, жүмыстардың негізгі қағидалары мен үйымдастырылуын, нормативтік құжаттардың санаттарын, стандарттар түрлері мен халықаралық серіктестік бойынша негізгі ұстанымдарын анықтайды.
Турөнімді немесе бөлек туристік қызметтің сапасы мен оны тұтынудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туристік қызметтерді тұтынушылар мүдделерін нарықтағы адал емес бәсекелестіктен қорғау туристік қызмет көрсету саласындағы стандарттау мақсаттары болып табылады.
Халықаралық және отандық тәжірибеде стандарт деп келісім негізінде әзірленген, жауапты орган бекіткен жэне орындалуы міндетті стандарттау бойынша нормативтік қүжатты айтады, ол мүдделі тараптардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) көбісінің аса маңызды мәселелер бойынша шағымдарының бол-мауымен сипатталады. Туристік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік стандарттар Қазақстанның Мемлекеттік стандартымен бекітіледі.
Стандарт — нақты қызмет түрлеріне, оның ішінде туристік, қызметтерге түтынушылардың кең ауқымына қолжетімді қызмет-терге қатысты ережелерден, жалпы қағидалардан, сипаттамалар-дан түратын нормативтік қүжат.
Стандарт туристік қызметтер нарығын реттеудің тиімді құралдарының бірі болып табылады, ол адал емес туристік қызмет өндірушілеріне, сатушыларына жэне түтынушыларына эсер етуге мүмкіндік береді.
Стандарт кез келген өнімді немесе қызметті сенімділік, қауіпсіздік, сапа критерийлері бойынша өзінің қолданысына сәйкестендіретін қажетті минималды талаптарды қалыптастыруға арналған.
Стандарттау объектісі — қызмет көрсетудің өндірістік үрдісі немесе стандарттауға жататын қызмет көрсету нэтижесі.
Түрғындарға көрсетілетін қызметтер өздерінің функционал-дық қолданысына байланысты материалдық жэне әлеуметтік-мәдени болып ажыратылады. Әлеуметтік-мәдени қызметтерғе ру-хани, зияткерлік қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша жэне түтынушының қалыпты өмірлік қызметін қолдау (денсаулықты қолдау жэне қалыпқа келтіру, түлғаны рухани және физикалық дамыту, кэсіби шеберлікті шыңдау) бойынша қызметтер, соны-мен қатар мәдениет, туризм, білім беру қызметтері жатады. Бір жағынан, туристік қызмет кешенін қалыптастыруға көлік ком-паниялары, тамақтандыру кәсіпорындары жэне материалдық қызметтер саласындағы басқа да үйымдар қатысады.
Стандарттарды әзірлеуде Стандарттардың халықаралық үйы-мы (ИСО) қабылдаған стандарттар жэне аймақтық стандарттар, Еуропалық заңнамалық комиссия ережелері, сонымен бірге басқа елдердің үлттық стандарттары есепке алынады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.