Тыңдау дағдыларын дамыту және жетілдіру

Главная » Рефераттар » Тыңдау дағдыларын дамыту және жетілдіру

Тыңдау дегеніміз — естіліп тұрған сөзді қабылдау, мағынасына қарай ажыратып, түсінуге байланысты тілдік әрекеттің түрі. Есту мен тыңдау — екеуі екі түрлі нәрсе, естудегі айтылған нәрсені тыңдау деп түсінуге болмайды. Есту — бұл дыбысты физикалық құбылыс есебінде қабылдау. Тыңдау — бұл нәрсеге құлағыңды салу ғана емес, сонымен бірге қабылданған нәрсеге зейін қойып, естіген дыбыстарыңның мағынасын түсіну деген сөз.
Тыңдай білу — тілдік қатынастарда аса қажетті біліктердің бірі. Бұл біліктіліктің адамның күнделікті өмірде атқаратын қызметі аса зор және адамның қатынас икемділігінің негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.
Арнайы зерттеулердің нәтижесінде адам орта есеппен уақытының 29,5% -ын — тыңдауға, 25,5% -ын — сөйлеуге, 10% -ын — жазуға жүмсайтындығы аныңталған. Іскерлік қатынастар жағдаяттарында жүмыс күнінің 16%-ы оқуға, 9% -ы жазуға, ал 30% -ы сөйлеуге кетеді екен.
Тіпті ресми емес әңгімелесулердің барысында да адам әріптесінің айтңан сөзінің тек 60-70%-ын меңгеретін көрінеді.

Неге бұлай деген сұрақ туады. Бір жағынан бұл адамдардың мүлде тыңдай алмайтындығымен, әдеттегі тыңдау дағдысының кемшіліктерімен түсіндіріледі.
— ойланбай тыңдау (үй жүмысын істеп жатқанда радионы солай тыңдайды);
— үзіп-жұлқып тыңдау (айтылып жатңан сөздің тек керекті жерлерін ғана таңдап тыңдау);
— тыңдаған хабардың мазмүнына сын көзбен қарап, ерекшеп, хабар мен өмір шындығын салыстыра алмау.
Тыңдай алу және талдау қабілеттерін тексеру үшін мына қысқа мәтінді бір рет тыңдап, одан соң тезірек келтірілетін пікірлерді не дұрыс, не теріс деп бағалаңдар.

«Сатушы дүкендегі жарықты енді өшіре бергенде, бір адам кіріп келіп, ақша талап етті. Сатушы кассаны ашты. Кассада бар ақшаны сыпырып алып, тонаушы тез ғайып болды. Тез арада полицейге хабарланды».
1. Тонаушы дүкен иесі жарыңты өшіргеннен кейін келді.
2. Ол ақша талап еткен жоқ.
3. Дүкен иесі кассадағы ақшаны жинады.
4. Кассада ақша бар болатын, бірақ қанша екені айтылмаған.
5. Оқиғаға полицей араласты.

Есту жолымен қабылдаудың нәтижелілігіне объективтік және субъективтік факторлар әсер етеді.
1. Объективтік факторлар — шу, айқай және әр түрлі кедергілер, ғимараттың дыбыстың ерекшеліктері, үй ішіндегі микроклимат (температура, ылғалдылық).
2. Субъективтік факторлар — тыңдаушының жынысы (ерлер әйелдерге қарағанда зейіндірек тыңдаушылар деп есептеледі); адамның темпераменті (сангвиниктер мен флегматиктер холериктер мен меланхоликтерге қарағанда жақсы тыңдаушылар деп есептелінеді); зияткерлік қабілеттері. Есту арңылы қабылдау процесіне ойлау, қиялдау, сезім, мүдде, қажеттілік, т.б. адамның көңіл-күй жағдайлары да қатысады. Адамға тән аталған қасиеттер ңаншалықты дамыған болса, олардың иесі соншалыңты ыждағатты тыңдаушы болып есептеледі.
Барлың қабілеттердің арасынан тыңдау нәтижелілігіне күшті әсер ететіндері мыналар:
— есту қабілеті;
— зейінділігі;
— түсіну қабілеті;
— есте саңтау қабілеті.

Сондыңтан да тыңдау дағдыларын дамыту жоғарыда келтірілген қабілеттерді жетілдіре түсуге негізделуі керек. Есту қабілеті — адамның физиологиялың сипатта-масы. Жастар ересектерге ңарағанда әдетте жаңсы естиді. Жасы ұлғайған сайын кісінің есту қабілеті төмендейді. Кей адамдар есту қабілетінің кемдігінен аңпаратты көру қабілеті арңылы жинауға тырысады. Тыңдау кезінде олар сөйлеушінің бетін көріп отыруға тырысады, себебі оның бет-аузының, ңолының қимылынан, артикуляциясынан көп мәселелерді атғаруға болады. Тіпті жаңсы еститін адамдардың өздері де сөйлеушінің бетін көріп отырғанын қалайды. Зейіннің, ықыластың түсіну мен есте сақтауда қандай қызмет атқаратынын біз өткен тарауда айтқан болатынбыз. Сол тарауда ұсынылған жаттығуларды тыңдау дағдыларын дамыту маңсатында да қолдануға болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.