Тынық мұхиты

Главная » Рефераттар » Тынық мұхиты

Тынық мұхиты — көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрылықтарымен шекаралас. Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15, 8 мың км, шығысынан батысына 19, 5 мың км созылын жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179, 7 млн км², орта тереңдігі 3984м, көлемі 723, 7 млн км³ (теңізсіз есептегенде165, 2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707, 6 млн км³). Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасында).[1] Тынық мұхитындағы 180-інінші мередиан арқылы тәуліктік сызық өтеді.

Алғаш болып Тынық мұхиты көрген испандық Бальбоа. Ол 1513 жылы өз серіктестерімен Панама мойнағы кесіп өтіп, белгісіз мұхитқа шығады. Олар мұхитқа оңтүстіктегі ашық шығанақ арқылы шыққандықтан, Бальбоа бұл мұхитты Оңтүстік теңіз (ис. Mar del Sur) деп атады. 28 қараша 1520 жылы Фернан Магеллан алғаш болып мұхитқа шықты. Ол Отты Жер аралынан Филиппин аралдарына деиін 3 ай 20 күнде мұхитты кесіп өтті. Осы уақыт бойы ауа райы бір қалыпты тынық болды, сол себепті Магеллан бұл мұхитты Тынық мұхит деп атады. 1753 жылы француздық географ Ж. Н. Бюаш Тынық мұхитын Ұлы мұхит (фр. Jean-Nicolas Buache) атауды ұсынды, әлемдегі ең үлкен болған себепті.[2] Бірақ бұл атауды көпшілік қабылдамады, әлемдік географияда сөзі басым ағылшын тілді елдердің қалауымен «Тынық мұхиты» (ағылш. Pacific Ocean) болып қала берді. 1917 жылға дейін жер аударған орыс картасында Шығыстық мұхит деп аталды.

Физика-географиялық сипаттамасы

Жалпы мағлұмат

Әлемдік мұхиттардың 49, 5% алатын және 53% суы бар Тынық мұхиты ғаламшардағы ең үлкен мұхит болып табылады. Шығысынан батысына 19 мың км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 16 мың км созылып жатыр. Оның суы оңтүстігінде көбірек, ал солтүстігінде аз болып келеді. Тынық мұхиты батыс жағасында Оңтүстік және Солтүстік Америка, шығыс жағасымен Аустралия мен Еуропаны, ал оңтүстігінде Антарктиданы шайып жатыр. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитымен шекарасы Дежнев мысынан Уэльс Ханзадасы мысына деінгі Беринг бұғазы. Атлант мұхитымен шекарасын Горн мысынан 68°04’ меридианға дейін немесе қысқасы Оңтүстік Америкадан Антарктида аралдарына дейін Дрейка бұғазы арқылы, Осте аралынан Штернек мысына дейін, Үнді мұхитымен шекарасы Аустралияның оңтүстігіне қарай Бассов бұғазының шығыс шекарасымен Тасмания аралдарына дейін, одан әрі 146°55’ меридианымен Антарктидаға дейін, Аустралияның солтүстігіне қарай Андаман теңізі мен Малак бұғазымен, оңтүстік-батыс жағалауында Суматра аралдарымен, Зонд бұғазымен, оңтүстік жағалауында Ява аралдарымен, Бали және Саву теңіздерінің оңтүстігімен, Арафур теңізінің солтүстігімен, Жаңа Гвинеяның оңтүстік батысымен және Торресов бұғазының батысымен шектесетін аралықта жатыр.

Теңіздер

Тынық мұхитындағы теңіз, бұғаз және шығанақтар ауданы 31, 64 млн км² құрайды. Теңіздердің басым бөлігі батысында, Еуразиямен шекарасында:Берингов, Охот, Жапон, Ішкі Жапон, Сары, Шығыс-Қытай, Филиппин; Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары арасындағы теңіздер: Оңтүстік-Қытай, Ява, Сұлу, Сулавес, Бале, Флорес, Саву, Банда, Серам, Хальмахера, Молукк; Аустралия жағалауында: Жаңа-Гвинея, Сүлейман, Коралл, Фиджи, Тасман; Антарктидадағы теңіздер (кейбір кезде бұларды Оңтүстік мұхитқа жатқызады): Росса, Амундсена, Беллинсгаузен. Оңтүстік Америка жағалауында теңіздер жоқ, бірақ үлкен шығанақтар кездеседі:Аляска, Калифорния, Панама.

Аралдар

Тынық мұхитында жанартау салдарынан пайда болған аралдар көптеп кездеседі. Олардың көбі маржандар түзіп, ақыр соңында мұхит түбіне кетіп, ал кейбіруелері өз соңынан маржан сақиналарын қалдырған.

Арал ауданы мен көптігінен Тынық мұхиты жоғары сатыда тұр. Мұхитта елді аралдарда кездеседі: Жаңа Гвинея ( 829, 3 мың км²) және Калмантан (735, 7 мың км²); үлкен аралдары: Үлкен Зонд аралы (1485 мың км² осы қатарлы Калимантан, Суматра, Сулавеси, Ява, Банка). Өзгеде ірі аралдары және архипелагтары: Жаңа Гвинея аралдары (Жаңа Гвинея, Колепом), Жапон араладры (Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Сикоку), Филиппин аралдары (Лусон, Миндано, Самар, Негрос, Палаван, Панай, Миндоро), Жаңа Зелендия (Оңтүстік және Солтүстік араладары), Кіші Зонд аралдары (Тимор, Сумбава, Флорес, Сумба), Сахалин, Молукк араладары (Серам, Хальмахера), Бисмарк архипилагы ( Жаңа Британия, Жаңа Ирландия), Сүлеймен аралдары (Бугенвиль), Алует аралдары , Тайвань, Хайнань, Ванкувер, Фиджи аралдары (Вити-Леву), Гавай аралдары (Гаваий), Жаңа Календония, Кадьяк архипелагы, Куриль аралдары, аралдар: Жаңа Гебрид, Шарлотта патшайым аралы, Галапагос аралы, Велингтон, Әулие Лаврентия, Рюкю аралдары, Риеско, Нунивак, Сант-Инес, Д’Антркасто аралы, Самоа аралдары, Ревилья-Хихедо, Палмер архипелагы, Шантар аралдары, Магдалена, Луизиада архипелагы, Лига архипелагы, Луайоте аралдары, Карагин, Кларенс, Нельсон, Принсесс-ройал, Хановер, Командор аралдары.

Әлем мұхиттарының биомассасының 50% Тынық мұхитының еншiсiнде. Мұхиттағы өмiр ағыл-тегiл және қилы, әсiресе маржан рифтар және мангр тоғайларымен шұғылданатын Австралия, Азия жиектерiндегі тропиялық және субтропиялық аймақтарда. Тынық мұхитының фитопланктоны 1300 жуық микроскопиялық бір жасушалы балдырлардан тұрады. Бұлардың жартысына жуығы перидинея түріне, ал одан азырақ бөлігі диатомея түріне жатады. Таяз су және Апвелинг аймақтарында өсімдіктер өте көп. Тынық мұхитының су асты өсімдіктері 4 мың балдыр түрінен 29 гүлді түрлеріне дейін жетеді. Тынық мұхитының шамалы және салқын аймақтарында бурыл балдырлары жаппай жайылған, әсіресе ламинари тобынан, Оңтүстік аймақтарында тіпті 200м жететін осы топтың алып балдырлары да кездеседі. Тропикті айммағында риф түзуші ағзалар болатын маржан полиптарымен қатар фукус, ірі жасыл, танымал қызыл балдыр кең таралған.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.