Уран өндірудің қоршаған ортаға зияндылығын сақтау

Главная » Рефераттар » Уран өндірудің қоршаған ортаға зияндылығын сақтау

Кен өндірудің қоршаған ортаға əсері. Біз жеріміздің тозбауын, табиғатымыздың жұтамауын, халықтың денсаулығын қорғап, болашақтың баянды бағына күресуіміз керек. Ендеше, елдің ертеңгі күнін бүгіннен ойлау қажет. Үкіметтің «Экология жəне табиғи ресурстар» бағдарламасы бойынша облыс экологиясын сауықтыруға түрлі шаралар ұйымдастырылу үстінде. Олар ғылыми негізге сүйеніп, сатылы кезеңмен үйлесім тапқан. Дегенмен, мұнымен бəрі мінсіз деу артықтау, əлі де шешілмеген мəселе шаш-етектен.

Мамандардың есебіне сүйенсек, облыстағы ең ірі мұнай ошағы – Құмкөлдің жалпы қоры 155 млн. тонна екен. Бұдан нақтылай алынатыны 90 млн. тонна шамасында деген болжам бар. Бірақ, мұнай қоршаған ортаға алуан түрлі химиялық қосылыстардың жинағын алып келеді. Нəтижесінде экожүйедегі қалыпты жағдай ауытқуға түседі. Мұндай бұзылу механизмі ортаның физикалық күйінің өзгеруіне, су мен ауа бассейіндеріне белгілі мөлшерде əсер етіп, топырақ құрылымының ыдырауына қолайсыз құбылыстар əкеледі.

Жер қыртысының терең қабатында бірыңғай анаэробты, яғни оттегінсіз ортадағы мұнайдың құрамы геохимиялық процестер баяу жүріп, жер бетіне шыққанда үлкен өзгеріске енеді. Бұл кезеңде оның бастапқы мөлшері 40-50 пайыз кемиді. Əрине, мұнай топыраққа түскен соң ең алдымен ондағы жеңіл фракциялар буланып, есесіне хош иісті көмірсутек қосылыстар артып, улылығы күшейеді. Ал, хош иісті көмірсутек ультракүлгін сəуленің əсерімен жүретін фотолиз процесінің нəтижесінде ғана бұзылып, улы күші кемиді. Дегенмен фотолиз процесі топырақтың күн сəулесі тікелей түсетін бөлігінде ғана жүреді. Оңтүстік Торғай иінінде өндірілетін мұнайдың мөлшерінде парафин көп екеніне күмəн жоқ. Осы парафин қоршаған ортаға қатерлі болып келетінін ғылыми зерттеулер мақұлдайды. Ол қатты көмірсутек, яғни мұнайдың құрамында болғанда тек +400С-та ериді. Ал парафинді мұнаймен ластанған топырақта органикалық заттардың мөлшері күрт азайып, сапасы өзгереді. Демек микроағзалардың арасындағы табиғи қалыптасқан ара қатынастардың бұзылуына себепкер болады.

.

Шиелі Ру-6 кені жəне онда уран өндіру əдісі. Уран кешенініңзиянды ықпалын болдырмау жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар. Шиелі ауданы аумағына орналасқан №6 кен басқармасы «Қазатомпром» ұлттық компаниясының филиалы болып есептеледі. Кен басқармасында ПВ-1 жəне ПВ-2 цехтары жұмыс істейді. Мұнда жер асты құбырымен сілтілендіру арқылы 500-650 метр тереңдіктен уран қоспасы жабық түрде ашылып, өңдеуге жіберіледі. Осы өндіріс орнының қоршаған ортаға, адам денсаулығына зияндылығын болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Полиметал кенін өндіру экологиялық таза өндірістің қатарына жатпайтыны белгілі.

Шиелі ауданында орналасқан өте сирек кездесетін элементтер өндіретін РУ-6 кен орны бар. Өндіретіні – кəдімгі əйгілі уран кені. Оны жер астында қышқылмен байланыстыру əдісімен алады. Ол үшін уран кені жатқан жер қабатына концентрлі күкірт қышқылын құяды. Сөйтіп, қоймалжың қышқыл ерітіндіні сорғыш қондырғының көмегімен тартып алады. Мұнда бастапқы шикізат ретінде алынып, арнаулы ыдыстарға құйылған əлі байытылмаған уран кенінің қоршаған ортаға пəлендей радиоактивтілігі болмайтын көрінеді. Бірақ бұл өндіріс орнының қауіптілігі басқада. Ол жер астындағы тұщы су көзін ластауы мүмкін. Сол себепті елді мекендердің тұрғындары құбыр арқылы сырттан тартылған суды, ал құбыры жоқ елді мекендер суды тасымалдап ішуге мəжбүр болып отыр. Бірақ мұны экологиялық мəселенің шешімі деп айтуға болмайды. Өйткені жер астындағы уранның байланысқан қүкірт қышқылы технологиясы сақталмаса, суға араласып, қапилляр түтіктері арқылы көтеріліп, жер қыртысымен беткі қабатына дейін жетеді. Одан өсімдікке сол арқылы малдың денесіне жиналады. Одан адамғаəсер етеді. Яғни оның зиянды зардабы уақыт өткен сайын ізсіз кетпейтінін мойындауға тура келеді.

«Қазатомпром» компаниясы РУ-6 өндірісін қолға алғалы біршама жұмыстар атқарылу үстінде. Мəселен, 450 метрден 750 м-ге дейінгі тереңдіктен алынатын өнім облыстың экономикалық мүмкіндігіне үлкен үлес қосып отыр. Осыған сəйкес экологиялық заңдылықтарды сақтау да біршама ретке келтірілген. Атап айтқанда, 2001 жылы 340 тонна қалдық Степногорск қаласындағы «Казсаптон» АҚ-ға жіберілсе, биылғы жылдың l-ші тоқсанында 400 тонна өңдеуге өткізілді. Жалпы уран өндірісі жабық цикл бойынша алынады. Бұған еріткіш ретінде күкірт қышқылын қолданып, бір пайыз реагентін айдау арқылы экологиялық тазалықты пайдаланады. Дей тұрғанмен, жылына 120 мың текшеметр су қолданатын бұрғылар 6-6,9 млн. текшеметр ерітіндіні қолданысқа жұмсайды. Кеніштің қарамағындағы 373,61 га жердің қазбасында уран өндірісі жыл сайын көлемі ұлғайып, экономикалық тиімділікті арттырып келеді. Радиациялық тексеруге байланысты ДКС-96, МКС-01Р, СРП-88Н, ДРГ-01Т1, РАМОН-01, гамма спектрометр «Прогрессграмма», радиометр УМФ-2000 секілді аппараттар арқылы экологиялық барлық зардаптар анықталып отырады.

.

Шиелі Ру-6 кен басқармасында экологиялық қалыпты сақтаудағы жүргізіліп жатқан жұмыстар. Табиғат қорғау мəселесіне де мəн беріліп, биыл 2500 көшет егілді. Өткен жылы осы мақсатқа 23097,9 мың теңге бөлініп, көгалдандыру ісі жүзеге асты. «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы қазіргі кезде солтүстік жəне оңтүстік Қарамұрын, Қанжуған жəне орталық алаңдағы қызметі лайықты еңбегімен ерекше еніп отыр.

№6 кен басқармасы 1983 жылдың 1 қаңтарында құрылды. 1990 жылға дейін бұрынғы КСРО-да өндірілетін уранның 40 пайызын ҚазақстанРеспубликасы өндірді. Қазіргі уақытта дүниежүзінде уран өндіруден 1-ші орынды Канада (34 пайыз), 2-ші орынды Австралия алса, Қазақстан 5-ші орында тұр. Уран өндірісіне дүниежүзі бойынша сұраныс арта түсуде. Себебі дүниежүзіндегі АЭС – атом электр энергиясының 17 пайызын өндіреді. Қазақстандағы уран шикізатын жер бетіне ашық əдіспен 165-720 метр тереңдікте жер қойнауының концентрлі күкірт қышқылын сорып, трубамен айдау арқылы сілтілік əдіспен уран шикізаты өндірілуде. 1993 жылдан бастап жыл сайын өнім өндіру көлемі артып, республикалық бюджетке қомақты қаржылар түсіп, еліміздің экономикасын көтеруге едəуір үлесін қосуда. Дегенмен, бізді қатты ойландыратын басты мəселе – адам денсаулығы. Облысымызда уран шикізатын өндіру, мұнай жəне газ өндіру жəне Арал теңізі, Байқоңыр ғарыш айлағы жұмыстары облысымыздың экологиялық хал-ахуалын нашарлатып, адам денсаулығына зор зиянын тигізуде. Нəтижесінде аналар мен балалардың аурулары: анемия, туберкулез, əртүрлі жұқпалы аурулар, дене мүшелерінің кемістіктері бар ұрпақтар өмірге келуде. Бұл баға жетпес байлық – адам денсаулығын қорғау, қоршаған ортаның – экологияның əсерінен болып жатқан болатын. Уран өндірісін ауданда өндіруде, 1-ші кезекте онымен тікелей өндірісте жұмыс істейтін жергілікті халықтар болып табылады.

Уран шикізатын сілтілік əдіспен өндіруде күкірт қышқылы, тағы басқа зиянды сұйықтықтар Көкшоқы, Шиелі тұрғындарының арасында зиянды қалдықтарын ауаға таратуда. Сондай-ақ уран өндірудегі əртүрлі құрал-жабдықтар, зиянды қалдықтар ашық далада қалдырылуда. Оған жақындаған тұрғын халықтар мен олардың жан- жануарлары зиян шегетіні белгілі.

.

Қызылорда облысы жерінде уран кенін жердің қойнауына концентрлі күкірт қышқылын құйып, тау жынысын шаю арқылы қоймалжыңқышқыл ерітіндіні сорғыш қондырғының көмегімен тартып алады. Бастапқы шикізат түрінде алынған кенді арнаулы ыдысқа құйылған соң əлі байытылмаған уран кенінің қоршаған ортаға радиоактивтік зияны болмайтын көрінеді. Бірақ бұл өндірістің қауіптілігі басқада. Қазіргі кезде Шиелі жерінің жер астындағы тұщы су көзі күкірт қышқылымен ластанып, оның құрамында уран элементі болуы əбден мойындатып келеді. Яғни қабаттағы судың құрамындағы уран капилляр қуыстарымен жер бетіне көтеріліп, өсімдік жəне топыраққа зияндық əрекеттерін тигізіп тұр. Соңғы кездері сапасы мемлекеттік стандарттық нормасына сəйкес келмейтін жер асты су қорларының қорғау мəселесі қолға алынып, экологиялық заңдылықтарға мəн берілуде. Бас сараптаудың берілген мəліметі бойынша уран өндірген учаскелердетехникалық жəне биологиялық қалыпты жағдайды сақтау ретке келтірілді. Əрине, іс бар жерде кемшілік болмауы мүмкін емес. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы тексерген мəлімет негізінде 12345 теңге айыппұл салынған осы сөзіміздің айғағы.

Қорытынды. Экологиялық бүліну жағынан Қазақстан əлемдегі бүлінген жерлері мол аймақтардың бірі Қазақстан əлемдегі ядролық-стратегиялық бағдарламаны толығымен жүзеге асырған жалғыз мемлекет Н.Ə. Назарбаев Кеңес одағы əлі ыдырамай тұрған шақта, Мəскеуден қаймықпай, 40 жыл бойы халқына қасірет шектіріп келген жер бетіндегі ең алып сынақ алаңы – Семей полигонының көмейіне құм құйды. Қасиетті қазақ жерін 40 жыл бойы тажал қаруды сынайтын тамұққа айналдырған сынақ кезінде 450-ден астам ядролық жарылыс жасайды. Оның 120-дан астамы ашық аспан астында жарылды. Жарылыстың жиынтық қуаты кезінде Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есеге асып түсті. Қазақ даласының 300 мың шаршы шақырымы радиациямен уланып, одан 1,5 миллионнан астам одан зардап шекті. Семей сынақ алаңын жабу – ядролық қарусыз əлем құру жолындағы қазақ халқының ұлы қадамдарының бастауы болды. Семей сынақ алаңы жабылған 29 тамыздағы БҰҰ-ның қарарымен «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» болып жарияланды. Қазақстан Халықаралық «Атом» жобасын іске қосып, оны бейбіт мақсатта қолдануға көшбасы ел болып отыр. Қазірдің өзінде оған 183 мемлекет қосылып отыр. Мамандардың пікірінше, 2035 жылға қарай əлем зкономикасының энергияны қажет етуі екі есе ұлғайады. Қазіргі кездің өзінде планетада 2 миллиардқа жуық адам электр қуатын мүлде пайдалана алмайды. Сондықтан да атом өндіру – уран кенішін бейбіт мақсатта пайдаланудың маңызы орасан зор.

Əдебиеттер

  1. «Жас алаш» газеті. – 22.03.2003.
  2. «Сыр бойы» газеті. – 15.07.2004.
  3. «Қазақстан мектебі» журналы. – 05.2004.
  4. «Егемен Қазақстан» газеті. – 10.2004.
  5. «Азамат» газеті. – 12.09.2003.
  6. Назарбаев Н.Ə. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы // «Сыр бойы» газеті. – 06.2003.
  7. «География жəне табиғат» журналы. – 11.2003.
  8. Жер қойнауы байлықтарын қорғау // «Егемен Қазақстан» газеті. – 09.2004. 9 Экология мəселесі // «Табиғат дауысы» газеті. – 18.08.2003.
  9. Ядросыз əлемнің көшбасшысы // «Сыр бойы» газеті. – 09.2012.
  10. Ядролық қарусыз əлем – адамзат ұмтылуға тиісті ортақ мақсат // «Дала мен қала» газеті. – 03.09.2012.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.