Ұрғашы мал жыныс ағзалары

Home » Рефераттар » Ұрғашы мал жыныс ағзалары
Рефераттар Комментариев нет

Ұрғашы мал жыныс ағзалары және олардың қызметі. Ұрғашы малдың жыныс ағзаларына аналық жыныс безі, жұмыртқа жолы, жатыр, қынап және сыртқы жыныс мүшелері жатады. Аналық без (жұмыртқалық) — сопақша (овал) пішінді жұп қүрылым. Онда аналық жыныс торшалары — жұмыртқа-торша, барлық даму сатыларынан өтеді және гормондар түзіледі. Бездің мөлшері оның функционалдық жағдайына және түлік түріне байланысты өзгеріп отырады. Ол сиырда 2-5 х 1,2 см, мегежінде 5 х 2 см, саулықта 0,5-1 х 0,3-0,5 см, биеде 10 х 5 см. Бездің құрылысы өте күрделі. Ол дәнекер ұлпадан тұратын түлғадан және паренхимадан құралады. Паренхима қыртысты (фолликулалық) және бозғылт аймақтарға бөлінеді. Алғашқы құрылымда фолликулалар мен сары дене, ал соңғысында қан, лимфа тамырлары мен жүйке талшықтары шоғырланады. Бозғылт аймақ аналық безді қоректендіру мен жүйкелендіруде маңызды рөл атқарады. Жұмыртқалық жол жұмыртқа-торшаның аналық безден жатыр мүйізіне түсуін қамтамасыз ететін иректелген жұп түтікше. Олардың әрқайсысының ұзындығы сиырда 25-28 см, мегежінде — 30, қой мен ешкіде — 6, жылқыда — 30 см жетеді. Жұмыртқалық жол қабырғасында оның қимылын қамтамасыз ететін көлденең және бойлама бағытта орналасқан ет қабаттары болады. Осы еттердің жиырылуынан түтікшеге түскен аналық торша жатырға қарай жылжиды. Симпатикалық жүйке көлденең орналасқан ет талшықтарының жиырылуын күшейтіп, бойлама еттердің жиырылуын бэсендетеді. Ал, парасимпатикалық жүйке керісінше, әсер етеді.

Жатыр — ұрықтың өсіп-дамитын ағзасы. Ол: жатыр мүйіздері, жатыр тұлғасы және мойын болып үш бөлікке бөлінеді. Бұл бөліктердің арақатынасы, мөлшері түлік түріне, малдың жасына қарай өзгеріп отырады. Жатыр мүйізінің ұзындығы сиырда 25 см, қойда 12 см, мегежінде 2 м, биеде 25 см. Жатыр түлғасының тұрқы сиыр мен қойда 3-5 см, мегежінде 5-12 см, биеде 15 см. Жатыр мойынының ұзындығы сиырда 10 см, қойда 6 см, мегежінде 20 см, биеде 8-см. Қынап тереңдігі сиырда 38 см, саулықта 12 см, мегежінде 18 см, жылқыда 30 см шамасында.

Овогенез. Жұмыртқа-торшаның дамып, жетілуін овогенез (оогенез) деп атайды. Овогенез сперматогенезден өзгешелеу жүреді де, үш сатыда — көбею, даму (өсу) және жетілу, өтеді. Көбею сатысы құрсақтық даму кезеңінде басталып, диплоидты алғашқы жыныс торшалары — оогонийлердің екі-үш мэрте бөлінуі арқылы атқарылады. Туған кезде ұрғашы төл жұмыртқалығында кейінірек жұмыртқа торшаға айналатын оогонийлер саны толығымен қалыптасып үлгереді. Бір жұмыртқалықтағы оогонийлердің жалпы саны сиырда 140 мыңға жуық, мегежінде 120, тауықта 60-150 мың шамасында. Кейінгі дара даму кезінде олардың жалпы санында өзгерістер болмайды. Ұрықтық даму кезеңінің соңында жыныс торшаларының бөлінуі тоқтап, олар майда фолликулалық торшалармен қоршалған І-реттік ооцитке айналады.

Ооциттер дамуы: баяу және жылдам жүретін екі сатыда өтеді. Баяу даму сатысы осы торшалардағы ассимиляция негізінде жүреді де, бірнеше жылдарға созылады. Жыныстық жетілу кезеңінің алдында мөлдір қабық пайда болып, ооциттердің көлемі өседі де, фолликулалар көлемі үлкейеді.
Екінші, жылдам даму сатысы, жыныстық жетілумен байланысты. Гипофиздің ФЖГ синтезінің күшеюі нәтижесінде фолликулалар дамып, аналық безде екінші және үшінші реттік фолликулалар пайда болады.

Әр аналық безде эртүрлі даму сатысындағы фолликулалар ұшырасады. Сақа организмде олардың барлығы толық жетілу сатысына дейін дамымайды. Мысалы, сиырда бүкіл көбею кезеңінде бар болғаны 300 фолликула толық дамып жетіледі немесе әрбір жыныс айналымына 1-2 фолликуладан ғана келеді. Басқа фолликулалар дамудың белгілі бір сатысына жеткен соң құпиясы әлі белгісіз атрезия (жетілмей қалу) қүбылысына ұшырап, бірте-бірте жойылып отырады немесе строма (төсемік) торшаларына айналады. Атрезияға ұшырайтын фолликулаларда гонодотроптық гормондар мен эстрадиол рецепторлары болмайды деген болжам бар.

Даму үстінде фолликулада бірте-бірте үлкейетін қуыс пайда болады да, онда құрамында эстроген гормоны бар сары сүйық жиналады. Осы сұйық әсерімен фолликулалар қабырғасы керіле келе, көпіршік бейнесіне көшеді. Жетілген фолликуланың (Грааф көпіршігі) сүйыққа толған қуысының ішінде бірнеше қабат торшалармен қоршалған ооцит орналасады. Фолликуланың ішкі бетін көмкеріп, ооцитті қоршап тұратын түйірлі (гранулездық) торшалар қабатын фолликуланың сыртқы қабығынан негіздік мембрана (эпителий) қабаты бөліп тұрады. Негіздік мембранада қан тамырлары болмайды, сондықтан ооцит пен түйірлі торшалар қоректік заттар мен оттегіні диффузиялық жолмен және белсенді тасымалдау нэтижесінде алып отырады.
Жетілген фолликулалар аналық без бетінен томпайып шығып, без беткейінің көп бөлігін алып тұрады. Шошқа сияқты өнімтал жануарда аналық бездерде бір мезгілде 15-18 фолликула жетіледі де, бұл кезде без жүзім шоғырына ұқсап кетеді. Жетілген фолликула мөлшері орта есеппен сиырда 1,6 см, мегежінде 0,8, саулықта 0,6, биеде 3-5 см. Мал өнімталдығы бір мезгілде жарылған фолликулалар мен ұрықтанған жұмыртқалар санына байланысты. Аналық жыныс торшаларының жетілуі барысында І-реттік ооциттің алғашқы мейоздық бөлінуі нәтижесінде екі торша пайда болады Оның кішісіне цитоплазманың аз ғана бөлігі беріледі де, басым үлесі екінші торшада қалады. Пайда болған кіші торшаны бастащы багыттаушы немесе полярлық денешік деп атайды. Әрі қарай олар екі торшаға бөлінеді де, дамымай қалады. Екінші үлкенірек торша II — реттік ооцит деп аталады. Оның бөлінуі нәтижесінде тағы да бір кіші торша — екінші багыттаушы денешік, және хромосоманың гаплоидты жиынтығымен сипатталатын ірі торша пайда болады. Бұл қалыптасқан жыныс торшасы (гамета).

Овуляция (фолликула қабығының жарылуы) кезінде ооцит жүмыртқа жолының шанағына түседі де, түтікше бойымен жылжи бастайды. Жұмыртқа жолында овогенездің үшінші — жетілу сатысы жүреді. Жұмыртқа торшаға спермийлер ене бастағанда П-реттік ооцит екінші мейоздық бөлінуге ұшырап, ұрықтануға дайын жетілген жұмыртқаға айналады және екінші бағыттаушы денешік бөледі. Жұмыртқа басқа торшалар сияқты цитоплазмалық мембранамен жабдықталып, торша аралық сүйықпен қоршалған. Торша мен осы сүйықтық арасында үздіксіз алмасу процесі жүріп отырады. Бұл процесте белоктар мен фосфолипидтерден қүралған торша мембранасы маңызды рөл атқарады. Мембрана арқылы заттар диффузия, осмос жэне белсенді тасымалдау жолдарымен алмасады.

Фолликулалардың өсуі, жетілуі кезінде, овуляция алдында жэне одан кейін ұрғашы мал организмінде, әсіресе, оның жыныс ағзаларында, айтарлықтай морфологиялық және функционалдық өзгерістер байқалады. Аналық жыныс бездерінде әркез көпіршіктену сатысындағы фолликулалар (Грааф көпіршігі) кездеседі. Олар эстрогендер түзеді және фолликулалардың өсуімен байланысты бұл процесс күшейе түседі. Эстрогендер қан арқылы денеге тарап, ұрғашы малдың жыныстық айналымын реттейді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.