Валенттік байланыстар әдісі

Главная » Рефераттар » Валенттік байланыстар әдісі

Валенттік байланыстар әдісі

1928 жылы неміс ғалымдары В.Гейтлер және Ф.Лондон валенттік байланыстар (ВБ) әдісін ұсынып, онымен сутек молекуласына кванттық механикапық есептеулерін жүргізді. Кейінірек бұл әдіс Слейтер, Ван Флек, Л.Полинг еңбектерінде жетіле түсті. Валенттік байланыстар әдісі келесі ережелерге негізделген:
1. Байланыстарды түзуге тек сыртқы электрон кабатындағы электрондар (валеннтік электрондар) катысады;
2. Химиялык байланыстарға түсуші атомдар өзара электрондарымен алмасады да, бұл электрондар байланыстырушы жұптарды түзеді;
3. Химиялық байланыс Паули қағидасына сәйкес, тек антипараллельді спиндегі электрондар арасында ғана түзіледі, мұндайда атом ядроларының арасында электрондық тығыздық жоғарылаған аймақ пайда болады.
4. Химиялык байланыстың сипаттамалары (энергиясы, ұзындығы, үйектігі және т.б.) атомдык орбитальдардың қайта жабылу типімен анықталады;
5. Молекулалар түзілген кезде электрондық құрылым (сырткы кабаттан басқасы) және әрбір атомның химиялық өзінділігі сақталынады.
Валенттік байланыс теориясына сәйкес коваленттік байланыстар әрекеттесуші атомдардың АО максималды кайта жабу жағына бағытталған.
Химиялық байланыстарды түзумен қатар атомның қосып алу және баска атомдардың белгілі санының орнын басу қабілеттілігін валенттілік деп атайды. Валенттік байланыстар әдісінің алмасымдық механизміне орай ортак электрондық жұп (коваленттік байланыс) түзуге әрбір атом жұптаспаған бір электроннан береді. Валенттік байланыстар әдісінде алмасымдык механизміндегі валенттіліктің сандык өлшемі ретінде атомның негізгі немесе қоздырылған күйде болатын тұтаспаған электрондар санын есептейді. Бұл сырткы электрондық қабаттың жұптаспаған электрондары з- және р-элементте, сі-элементтердің сыртқы және оның ішкері жағындағы қабатта, сол сиякты элементтердің сыртқы үш кабаттарында болады (орналасады).
Атомның қоздырылған күйге ауысуы элемент валенттілігінің артуына және ауыспалы валенттіліктің бар болуына мүмкіндік жасайды. Мысалы оттек пен фтор атомдарындағы электрондық жұптар бөліне (ажыраса) апмайды, өйткені екінші қабатта бос орбитальдар жоқ. Олардан өзгеліктері, күкірт пен хлор ЗД-қабатшаның бос орбиталіне ажыраса алады, тиісінше күікірт 1 және 2 валенттіліктен (негізгі күйінде) басқа тағы да 4 және 6 валенттілікте (қоздырылған күйінде) болады, ал хлор 1 валенттіліктен (негізгі күйінде) басқа 3,5 және 7 валенттілікте (коздырылған күйінде) болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.