Вардхаман туралы

Главная » Рефераттар » Вардхаман туралы

Жайнизмнің соңғы әрі ең танымал уағыздаушысы Вардхаман (басқа бір есімі – Махавира) Будданың замандасы болған екен. Жайнизм жүйесін қолдаушылар қабылдауды танымның жалғыз ғана шынайы көзі деп есептейтін чарвакашылдардың көзқарасын жоққа шығарады. Олардың білуінше, егер басқа адам жасаған қорытынды мен кәуліктің негізінде шынайы білімді алу мүмкіндігін – олар кейде қате болуы ықтимал деген желеумен жоққа шығарсақ, онда қабылдаудың дұрыстығына да күмән келтіруіміз қажет, өйткені қабылдаудың өзі кейде алдамшы болуы мүмкін. Чарвакашылдар кей қорытынды қате болған соң, барша қорытынды қате деп айтқанда және кей объектіні біздің сезім мүшелері қабылдамаған соң, олардың бар болуын жоққа шығарғанда – өздері де қорытындыға сүйенеді.

Жайнашылдар қабылдаудан басқа шынайы танымның көзі ретін-де логикалық қорытындылар мен куәліктерді мойындаған. Біз қоры-тынды арқылы алынатын шынайы білімді анықтылықтың логикалық заңына бағынғанда аламыз. Ал куәлік сенімді беделдің аузынан шық-қанда ғана шынайы болмақ. Расында да, джайнизм жүйесінде бәрін білетін, азаттыққа қолы жеткен әулиелер жасаған ілімнің беделіне негізделгенде ғана, біз өзіміздің шектелген сезімдік қабылдау мен пайым аша алмайтын кейбір діни мәселелерге қатысты дұрыс білімді аламыз.

Танымның осы аталған үш қайнары негізінде джайнизм өзінің ғалам туралы түсінігін жасайды. Қабылдау чарвак жүйесіндегідей төрт әртүрлі элементтен құралатын материалдық субстанциялардың реалдылығын ашады. Жайна мектебінің философтары қорытынды жасаудың арқасында кеңістіктің (акаша) бар болуы туралы тұжы-рымға келеді, өйткені материалдық субстанциялар өмір сүретін мекен болуы тиіс, сондай-ақ олар уақыттың (кала) бар болуы туралы айтады, өйткені өзгерістерді, яғни субстанция жағдайларының тізбекті қатарын, уақытсыз түсіну мүмкін емес. Сонымен қатар олар қозғалу мен қозғалмаудың себептері болады деп білген, өйткені ондай себептер болмаса, заттардың қозғалуы мен тоқтауын түсіндіру мүмкін болмас еді. Аталған себептер дхарма және адхарма деп аталады және оларды қарапайым моральдық мәнде емес, қозғалу мен қозғалмаудың техникалық мәндегі себептері ретінде түсінген абзал.

Бірақ материяның төрт элементінен, кеңістіктен, уақыттан, дхарма мен адхармадан құралатын физикалық әлем бұлармен шектелмейді. Қабылдау да, сондай-ақ қорытынды да барша тірі дененің ішінде жан болады дегенді айтады. Біз, апельсиндегі түр-түс, форма, иіс сияқты қасиеттерді қабылдаған кезде, сол апельсинді бар деп қабылдаймыз. Біз рақаттануды, азаптануды және жанның басқа да қасиетерін іштей қабылдағанда, жанның да тікелей қабылдауы арқылы бізге белгілі бо-латынын мойындауымыз қажет. Егер саналы түрде әрекет етіп, мате-риалдық субстанцияларды басқаратын күш болмаса, олар өздігінен тірі денені қалыптастыра алмайды және бұл жанның бар екенін дәлел-дейді. Материалдық субстанцияларды басқаруға қабілетті саналы суб-станция болмаса, денелер мен сезімдер өз жұмысын жүйелі атқара алмас еді.

Демек қанша дене бар болса, сонша жан да бар болады. Жайна мектебі философтарының пікірінше, жан (джива) жануарларда ғана емес, өсімдік пен тозаңда да болады екен және жандардың саналылық дәрежесі бірдей емес. Жандардың кейбірінде, мысалы, өсімдіктің не-месе тозаңның жанында, сипап сезу сезімі ғана бар және олар сипап сезу санасын ғана иеленеді. Ең төмеңгі тірі ағзаларда екі сезім бар; жоғары сатыдағыларда – үш, үшіншілерде – төрт сезім бар. Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың бес сезімі бар және солардың көмегімен олар қоршаған ортаны таниды. Бірақ, сезімдер қандай жетілген болса да денеде өмір сүретін жанның тану мүмкіндігі шектеулі болады; оның күші де шектеулі және ол азаптың барлық түріне душар болады.

Дегенмен, әрбір жан шексіз саналылыққа, қуат пен бақытқа қол жеткізе алады. Аталған қасиеттер жанның табиғатына тән нәрселер. Кармалар, аспандағы күннің жарығын тұмшалайтын бұлттар тәрізді, сол қасиеттердің айқындалуына кедергі жасайды. Кармалар, яғни жан-ның құмарлығы мен қалауының қуаты жанға енетін материяның бөл-шектерін жанға қарай тартады, олар күннің немесе жалынның жары-ғында қалқып жүретін тозаң тәрізді. Бір сөзбен айтқанда, кармалар жанның материяға байлану себебі болады. Кармаларды жою арқылы жан өзінің тәуелділігінен босанып, өзінің табиғи кемелдігіне қайта оралады.

Азаттыққа жеткен әулиелердің (тиртханкарлардың) өмірі мен ілімі азаттыққа жету мүкіндігін дәлелдеп, сол мақсатқа жекізетін жолды сілтейді. Тәуелділіктен азат болу үшін үш нәрсе қажет. Олар: джайнизм іліміне толық сену, сол ілімді нақты білу және дұрыс мінез-құлықта болу. Дұрыс мінез-құлық дегеніміз – әділетсіздікке, өтірікке, ұрлыққа, сезімдерге және сезім объектілеріне деген құштарлыққа жол бермеу. Дұрыс сенімді, дұрыс білімді және дұрыс мінез-құлықты тәрбиелеген кезде, біз өзіміздің құмарлығымызды бағындырамыз, соның нәтижесінде жанды материяның кісенімен байлап қоятын карма да жойылады. Кедергілерді алып тастаған жан өзінің табиғи күйіне оралады, ол шексіз сенімге, шексіз білімге, шексіз қуат пен шексіз рақатқа жолығады. Бұлар азаттықтың күйі болады.

Жайнистер Құдайға сенбейді. Құдайдың орнында тиртханкарлар тұрады және оларда бәрін білетін, бәріне құдіреті жететін қуат бар деп есептеледі. Басқалар оларға мінсіз мұрат ретінде табынуы тиіс.

Жайналық діннің басты ерекшелігіне барша тірі жанға жанашыр-лықпен қарау жатады. Бұл жердегі жанашырлық шектен асып кетеді, кейбір джайнашылдар ұсақ не көзге көрінбес жәндіктерге (бактерия, жәндік) жаны ашығаны соншалықты, суды сүзіп ішеді, су ішкенде не ауа жұтқанда көзге көрінбейтін бактерияны байқамай өлтіріп алмау үшін бет-аузын шүберекпен жауып жүреді.

Жайна философиясында жанашырлық идеясымен байланысты басқа мектеп өкілдерінің көзқарасына да құрметпен қарау байқалады. Жайнашыл философтардың пікірінше, әр объектінің шексіз қыры болады және сол объект туралы әртүрлі пікір айтылуы мүмкін. Сондықтан, зат туралы әрбір жеке пікір сол заттың белгілі бір қырына қатысты дұрыс болуы ықтимал. Демек, біз біліміміз бен пайымымыз-дың табиғаты шектеулі екенін ұмытпай, қайсыбір пікір аталмыш зат туралы толық түсінік бермейді деген ойдан аулақ болуымыз қажет. Біз пікірімізді қорғап, оны дәлелді етуіміз керек, сонымен қатар, басқа пікірдің дұрыс болу мүмкіндігін де мойындауымыз қажет.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.