Веймар республикасының құрылуы

Главная » Рефераттар » Веймар республикасының құрылуы

Веймар республикасының құрылуына байланысты 1919 жылы қаңтар айының 19-ы күнi Германияда Ұлттық жиналысқа сайлау өттi. Сайлауда 54,5% дауыспен буржуазиялық партиялар жеңiске жетiп, Ұлттық жиналысқа (парламент) буржуазиялық депутаттар сайланды. Сайлаудан кейiн ақпан айының 6-ы күнi Веймар қаласында Ұлттық жиналыстың сессиясы өз жұмысын бастады. Елдiң Веймар Республикасы болып аталуы Веймар қаласының атымен байланысты болды. Ұлттық жиналыстың шақырылуы елдегi саяси тұрақсыздықпен сәйкес келдi. Ол 1919 жылғы қаңтар айында басталған революцияға жалғасты, буржуазия үкiметтi өз қолына алғанымен, Германия бiрi ншi дүниежүз iлiк соғыста жеңiлгендiгiн мойындады. Саяси қиындыққа қарамастан, Ұлттық жиналыс депутаттары Германияның жаңа үкiмет iн құруға, алдағы үкiметтiң мiндеттерiн анықтауға кiрiстi. Ұлттық жиналыстың қолдауымен Ф.Шейдеман бастаған үкi мет құрылды. Үкiметтiң құрамына ГСДП, Центр және Герман демократиялық партия-ларынан өкілдер кiрдi. Веймар Республикасының президентi болып Ф.Эберт сайланды. Халық жиналысында Конституцияның жобасын қабылдау мәселесi өте тартысты жүрдi. Үкiметт iң әлеуметтiк бағдарламасы да қызу тартыста өттi. Елдегi саяси күштердiң ара салмағын ескере отырып, Ұлттық жиналыс шiлде айының 31-ы күнi Веймар Республикасы Конституциясының жобасын бекiттi. 1919 жылы тамыз айының 4-і күнi Конституция өз күшiне ендi. Веймар Конституциясы Германияны республика деп жариялады. Халық – өкiметтiк билiктiң негiзгi тiрегi болды. Сонымен қатар еңбек етуге , адам құқықтарын қорғауға, бiлiм алуға Конституция кепiлдiк бердi. 20 жасқа толған азаматтарға жалпыға бiрдей сайлау құқығы берілді және референдум (жалпыхалықтық сұрау ) өткiзуге рұқсат етiлдi. Конституция бойынша Германияның заң шығарушы парламентi – Рейхстаг. Жергiлiктi немi с жерiнде заң шығарушы парламент – ландтаг болды. Ландтаг депутаттарының сайлауымен Германия парла-ментiнiң жоғарғы палатасы Рейхсрат болды. Рейхсратқа 68 депутат сайланды. Германия парламентi Конституция бойынша екi палатадан тұрды. Рейхстаг – жалпыға бiрдей сайлау арқылы; жоғарғы палата Рейхсрат – жергiлiктi немiс жерiнiң парламент депутаттарынан құрылды. Рейхсрат рейхстаг жұмысын тежеуге және шыққан заңдарды бекiтуге құқылы. Рейхсрат – бақылаушы орган және вето қоюға құқылы болды. Конституция бойынша атқарушы билiк президенттiң қолында болды. Президент өкiмет басшысын (канцлер ) және министрлердi тағайындады. Президент елдің жоғарғы әскери қолбас-шысы болды. Президент конституцияның 48-бабына сәйкес, елде төтенше жағдай жариялауға, парламенттi (рейхстаг) таратуға және Конституцияның баптарына өзгерiстер енгiзуге құқылы болды. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы 7 жылға сайланды. Веймар Республикасының Конституциясы президентке жеке билiк жүргiзуге мүмкiндiк жасады. Веймар Конституциясы буржуазиялық демократияның қалыптасып, дамуына жол ашты. 1919 жылы наурыз айында Ұлттық жиналыс экономикалық-әлеуметтiк бағдарламаны бекiттi. Бұл бағдарлама бойынша жеке менш iктiң барлық түрiне кеңшiлiк жасалды. Өндiрiстi басқару және реттеу мемлекеттiң құзырында болды. Көмiр өндiрiсiн де жеке меншiктi сақтай отырып мемлекеттiк реттеуге бердi. Көмiр өндiрiсiн басқару үшiн «Империялық көмiр кеңесi» деп аталған мемлекеттiк мекеме құрылды . 1919 жылы сәуiр айында ұлттық жиналыс өндiрiстi басқаруда фабрика-завод комитеттерiн құр-ды. Бұған жұмысшылар кең қамтылды. Өндiрiстiк кеңес ең жоғарғы басқару құқына ие болды. Әлеуметтiк бағдарлама мемлекеттiк реттеудiң жаңа үлгiсi — мемлекеттiк-монополиялық капитализмнiң негiзгi механизмi болса, фабрика-завод комитетi өндiрiстегi еңбек ынтымақтастығын қалыптастырудағы басқару жүйесi болды. Ұлттық жиналыс арқылы буржуазия реформаны кең түрде жүргiзе алды. Әлеуметтiк реформа қараша революциясынан кейiнгi еңбекшi халықтың жеңiсi бола алды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.