Верный бекінісі негізінің салынуы

Главная » Рефераттар » Верный бекінісі негізінің салынуы

VernyВерный бекінісі салынуының алғышарттары. Ұлы жүздің оңтүстік аймактары әлі Қоқан билігінде болды. Сондыктан алдағы кезде ол аймакты және қырғыз жерін бөтен билік иелерінен босатып алу үшін дәйекті күрес жүргізу керек болды. Омбы мен Орынбордан жіберілген отрядтар Ырғыз, Торғай, Сырдария өзендері бойынан бірнеше бекініс-камалдар тұрғызды. Бұған дейін бұл өңір Қоқан хандығының -билігінде болған. Таушүбек бекінісі Қокан хандығының тірегі еді Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек Ресей үшін Қокан билеушілерін кууды қиындатты. Бұл қамалды алмай Қоқан билігіне соққы беру қиын еді.

1850 жылы капитан К.Гутковский бастаған 200 қазақтан және 50 жаяу әскерден кұралған топ Қапалдан шығып, Таушүбекке жақындады. Алайда Алматы өзенінде кырғыздар жасағымен қақтығысқан К.Гутковский Іле жағалауына қайтып оралуға мәжбүр болды. Бұл мақсатты орындау 1851 жылы мамырдың ортасында Қапалдан аттанған подполковник Карбышев тобына жүктелді. Бір батальон жаяу әскерден, төрт казак жүздігінен және 18 зеңбіректен тұрған күшті би Тәйнеке Досетұлының жігіттері қолдады. 1851 жылы шілденің 7-сінде Таушүбек бекінісі кантөгіссіз берілуге мәжбүр болды Ресейдің Орта Азия хандыктарына жақын сол қанаты күшейтілді.

1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы граф В.А.Перовскийдің басшылығымен іске асырылған әскери қимылдар нәтижесінде Қокан билеушілерінің Акмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады. Енді орыс әскерінің Іле бойына жылжуына жол ашылды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Г. Гасфорттың Сырдария және Сібір әскери шептерін ұштастыру туралы ұсынысы Петербургте кабылданды. 1854 жылы сәуір айында Гасфорт жергілікті баскарушыларына 1858 жылдың көктеміне карай Көксу өзені мен Ілеге дейінгі аралыкта бірнеше бекет салуды тапсырды.

Верный бекінісі. Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельскийдің отряды 1853 жылы Талғар өзенінін Ілеге құяр жерінен Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылдын көктемінде сол отряд Верный деп аталған бекіністің іргетасын көтерді. Верный Алматы деп аталған ертедегі қазактардың коныс қалдықтары сақталған жерде пайда болған еді. Саз балшықтан көтерілген бекініс ағаш дуалмен коршалды. 1854 жылдың күзінде бөренелі ағаш үйлерге және казармаларға Іле отрядының 470 солдаты мен офицері келіп коныстанды. Сонымен катар мұнда жылдан-жылға сырттан келген келімсектер көбейді. 1855 жылы Сібірден 400 отбасы коныс аударды. Олар Үлкен Алматы станицасын мекендеді. Верный кейін Іле қонысы деп аталды. Онын маңайына бұрын осы өңірде көшіп жүрген отырыкшы қазақтар орын тепті. Верный бекінісі төңірегінде өзге де көптеген елді мекендер пайда болды. Лепсі, Кіші Алматы, Талгар, Есік, Ұзынағаш және Көстек мекендері ұлғайып, табиғаты егіншілікке колайлы өңірге әр түрлі ұлт өкілдері топтасты. Верный бекінісінің пайда болуы көрші қырғыз халқының да кейінгі тағдырына әсер етті. 1855 жылы кырғыздың бұғы руы Ресей билігін мойындады. Бекініс біртіндеп Шу мен Талас алабына Ресей империясының экономикалық және саяси ыкпалын жүргізетін басты тірекке айналды. 1855 жылы жазда Ұлы жүз приставы резиденциясының Қапалдан Верныйға орын ауыстыруы бекіністің Жетісу өңіріндегі рөлін бұрынғыдан да күшейтті. Бекіністің бұл бөлігінде колөнершілер және саудамен айналысатын тұрғындар орналасты да, бұл жай Верныйдың сауда байланыстарындағы делдалдық кызметін де күшейтті. 1856 жылы Верныйға жер ауған коныстанушылардың жаңа толқыны жиналды. Олардың ішінде Воронеж және баска Орталык Ресей губернияларынан келгендер болды. Олар жергілікті халықтан суармалы егіншіліктің, мал жайылымын пайдаланудың дәстүрлі әдістерін үйренді. 1857 жылы татар слободкасы маңайында Верныйдағы тұңғыш су диірмені салынды. 1858 жылы іске косылған алғашкы сыра зауыты жергілікті өңдеу өнеркөсібінің басы болды.

Верный Жетісу өлкесіне қоныс аударушылар көп шоғырланған ірі мекенге айналды. Ресейдің орталық аудандарынан шалғай орналасса да, мұнда орыстың прогресшіл қоғамдық ойшылдары көптеп келе бастады. Белгілі ғалым-саяхатшылар П. П. Семенов — Тяньшанский, Н. М. Пржевальский, И. А.Северцев, т.б. Верныйда болып, жергілікті халықтың тұрмыс-салтымен, тарихымен танысты. ХІХ ғасырдың 60-жылдары бекіністе Ш. Уәлиханов та тұрған еді. Верный бекінісі XIX ғасырдың 50-жылдарында Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресей қол астына қарауын тездетті.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.