Вирустар және антивирустық программалар

Home » Рефераттар » Вирустар және антивирустық программалар
Рефераттар Комментариев нет

Вирустар экранда ұрандарды, балағат (сыбау) сөздерді ұйымдастыруы ықтимал, қатқыл дискіден файлдарды алып тастауы немесе операциялық жүйені бүлдіруі мүмкін. Кейбір вирустық программалар пайда болғаннан кейін бірден емес, біршама кешігіп барып жұмыс істеуі мүмкін, себебі сіз оның жұмыс нәтижесін бір күн емес, бірнеше күн өткеннен кейін бір-ақ білуіңіз ғажап емес. Уақытты алатын әр қилы жағымсыз ұсақ-түйек құбылыстар, файлдардың кешігіп өңделуі — мұның ақырында, яғни күндердің бір «тамаша» күнінде компьютер мүлдем жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл арада әр түрлі нұсқалар болуы мүмкін, бірақ түпкі нәтижесі біреу-ақ: компьютер уақытша тоқтап қалады немесе жұмыс істеуін мүлдем тоқтатады. Вирус — атауының өзі мұндай программаға бекер жапсырылып (таңылып) отырған жоқ. Компьютерлік вирустар «мінез-құлықтарымын» тірі организмді еске түсіреді. Тура осындай ауру тудыратын вирустар адам денесінің әр түрлі органдары мен клеткаларында жасырынып жатады, осыған ұқсас компьютерлік вирустар да орындалатын компьютерлік программаларда немесе басқа файлдарда жасырынып жатады. Әдеттегі вирустар сияқты компьютерлік вирустар да жұқпалы, бұл арада ол тірі организмдердегі вирустар тәрізді болады, ал кейбір вирустар көбейгіш келеді, яғни көбеюге бейім. Вирустардың көбісі жалпыға ортақ желілер доменінде немесе тегін программалы етуде, яғни программамен тегін қамтамасыз ету кезінде қалқаланып (маскируясь) жасырынып жатады, алайда коммерциялық тұрғыдан таралатын программалардың көшірмесіне жария түрде (немесе жариясыз) еніп кетуі ықтимал. Толық «занды түрдегі» программалы етуде жасырынып, сіздің жүйеңізге еніп кеткен вирустарды «трояндық программа» (троян жылқысына ұқсас етіп алынған) деп жиі атайды.
Вирустардың алуан түрлілігі. Вирустың көптеген түрлері болады. Оның кейбіреулері нақты уақыт аралығында (мәселен, «Қара жұма» — «Черная пятница» вирусы) белсенділік танытатын болса, енді біреулері тек белгілі бір программаны іске қосқанда немесе нақты функцияның программасын орындау барысында «бой көрсетеді». Компьютерді жүктеу сәтінде белсенділік танытатын вирустар да бар. Вирустың бүлдіруші әрекеттері. Вирустар деректерді бүлдіреді информацияны бұрмалап көрсетеді, компьютерлік программаның орындалу барысы мен тәртібін өзгертіп жібереді, компьютердің өздігінен жүктелуіне әкеп соғады немесе монитордағы кескінді бұрмалап көрсетеді. Көмпьютердің вирус жұқтырғаны белгілі болған жағдайда мынадай іс-шараларды жүзеге асыру керек: компьютерді сөндіру; дискеттің икемді жүйесіндегі жазбадан қорғалып, таза екендігіне кепілдігі бар машинаны қайта жүктеу; тиімділігі жоғары ативирустық программаларды іске қосу; антивирустық программалардың көмегіме тек қатқыл дискілерді ғана емес, сондай-ақ программаның барлық архивін тексеру; вирустан құтыла алмаған жағдайда білікті арнайы маманның көмегіне жүгініңіз.
Антивирустық программалар. Вирустардан қорғайтын программалар мыналарға бөлінеді: детектор программасы вирустарды табады; иммуназатор-программасы вирустар оны бүлдірдік деп санайтындай етіп программаны өзгертеді. Көптеген вирустар екінші мәрте файлды бүлдіре алмайды, өйткені иммунитеттеу вирустардың мұндай «бір жолғы» әрекетнен қорғауға мүмкіндік береді; фаги-программасы вирустарды тауып қана қоймай, олардың көзін құртады, яғни оларды жояды. Егер программа әр түрлі вирустарды құрта алатын болса, онда оны әдетте полифаг деп атайды. Кейде вирустарды жойғаннан кейін бүлінген файлды бұрынғы қалпына келтіруге болады. Ал, бастапқы қалпына келмеген файлды жойып, жоқ қылу керек. Сонымен қатар, мұндай жағдайда дискетке жазып алудан қоғалатындай етіп орналасырылған программаның таза резервтік көшірмесі қажет болады; сүзгі-программасы компьютер қосылғаннан кейін ұдайы жұмыс жағдайында болады және қалыпты жұмыс істеп тұрған компьютерде сәл ауытқу пайда болса қатер төнгенін білдіріп, бірден дабыл қағады. Бұл компьютерге, яғни программаға еніп кеткен вирусты ерте тауып, сол кірген сәттегі алғашқы кезеңінде-ақ оның бүлдірушілік әрекеттерін асқындырмай, алдын алып, неғұрлым залалсыздандыруға ұмтылады.  Бүгінгі танда ең танымал (әйгілі) антивирустық құралдарға Norton Antivirus, AVP, Aidstest, Adinf, DoctorWeb және DSAV. DoctorWeb дестелерін жатқызуға болады. DoctorWeb антивирустық программа құралы компьютердің жадында сақтау программадағы белгілі вирустарды іздестіріп, табылған вирустарды дискіден алып тастауды орындайды. Сондай-ақ компьютер дискілеріндегі жүйелі аймақтың және файлдардың эвристикалық талдауын жүзеге асырады. Эвристикалық талдауын дестенің маңызы айрықша элементі болып табылады. Ол программадан белгісіз болып келген бұрынғы және жаңадан пайда болған компьютерлік вирустарды табуға (оның таба алатын мүмкіндігі зор) мүмкіндік береді. DoctorWeb антивирустық программасы 1994 жылы шығарылған. Дәл қазіргі уақытта бұл программаның нұсқалары көптеп шығарылған. Norton AntiVirus. Windows үшін осы заманғы антивирустық программалардың ішінде Symantec Corporation фирмасының вирустарды тауып, залалсыздандыру бойынша үлкен мүмкіндіктеріне ие, сондай-ақ аса қолайлы пайдалану итерфейсі бар. Вирустардың бар-жоғын тексерудің ең қарапайым түріне Іздеу кнопкасын басудан кейін іздеу процесі орындалатын дискідегі NAV бас терезесіндегі мүмкіндік беретін барлық параметрлердің мәні дыбыс шығармауы (по умолчанию) бойынша белгіленеді. Тексеруді пайдалануға қажетті қапшықты немесе файлды тапсыру үшін командалардың біреуін пайдалану керек: Іздеу — Папкалар — Файлдар және ашылған диалог терезесінен қажетті атауды таңдау керек. Әр түрлі Іздеу параметрлерінің тапсырмасы үшін құрал-саймандар панеліндегі Параметрлер кнопкасын пайдалануға болады немесе Құралы — Параметрлер командасын орындау керек.
AutiViral Toolkit Pro (AVP). Соңғы уақытга Касперлік AVP антивирустық дестесі өте әйгілі деп саналады. Бұл программа вирустарды іздестіріп, жоюға арналған. Аса қолайлы пайдалану интерфейсіне, көпгеген әр түрлі баптауларға, сондай-ақ антивирустық деректердің көлемді базасына ие AVP пакетінің қолданбалары бүгінгі күні белгілі болып отырған барлық вирустарды дер уақытында (уақытылы) залалсыздандыру арқылы пайдаланушының еш алаңсыз тапжылмай отырып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. AVP-тың ең басты артықшылығы — соңғы уақытта пайда болған вирустардан қорғауды қамтамасыз ететін антивирустық программаны уақытынша әзірлей алады. Анитивирустық деректер базасын жаңарту процесі автоматтандырылған және пайдаланушыға Интернет арқылы осы базаға енгізілген өзгертулердің барлығынан аттап (немесе айналып) өтуіне мүмкіндік береді. Дестенің негізгі құрастырушылары ретінде Монитор AVP және сканер AVP программалары қызмет етеді. Монитор AVP қолданбасының негізгі міндеті — компьютердің жағдайын (орындалатын программалар, жүктелген кітапханалар және т.б.) ұдайы бақылап отыру. Басқаша айтқанда, жадта ұдайы болуы арқылы бұл программа болып қалуы ықтимал барлық күдікті әрекеттердің ізін бағып отырады, ал мұндай әрекеттің үстінен тап басып түсетін болса (тауып алса), бірден хабар береді. Сканер AVR қолданбасы өз кезегінде дискіде вирустың бар-жоғын бір-ақ рет тексеріп білуге, яғни бір жолғы тексеруге арналған. Бүлінген файлды тауып әрекет етудің әр түрлі ықтимал нұсқаларын ұсына отырып ескерту жасайды, я болмаса бүлінген файлды бірден жөндеуге кіріседі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.