Витаминдердің маңызы

Главная » Рефераттар » Витаминдердің маңызы

Витаминдердің (вита — латин сөзі, бізше — өмір, тіршілік деген мағынада) тіршілік үшін маңызы зор. Егер тамақта витаминдер болмаса не олар аз болса, ағзаларға керекті өзекті заттардың (белок, май, углевод және т. б.) уытталып бойға сіңуі нашарлайды, соның салдарынан организмнің қызметі бұзылады. Витамин жайында жұмыс тәжірибесін қорыта келіп академик А. II. Бах: «био-химия мен физиологияның витамин жөніндегі іліммен ұштаспайтын бөлімдерін табу өте қиын. Дұрысында организмдегі қоректік заттар алмасуы, сезгіштік ағзалар қызметінің дұрыс істелуі, нервтік жүйке жұмыстары, уыттау процесі, дененің өсуі және оның ұрпақ өндіру қызметі және тағы басқалары витаминдермен тығыз байланысты» дейді.

Витаминнің өмір арқауы екенін алғашқыда орыс ғалымы Н. И. Лунин білген көрінеді. Ол 1880 жылы хайуанаттарға ғылми тәжірибе жасап көреді. Ғалым екі топ тышқанды бөліп алып, арнаулы бөлмеде бағады. Ол тышқанның бір тобын колға үйретіп, сүтпен асыраса, екінші тобына жасанды, яғни құрамындағы кұнды заттары алынған сүтті беріп байқайды. Байқағанда бірінші топтағы тышқандар өседі, семіреді, тіпті балалап көбейеді. Ал екінші топтағылар жүдей бастайды да, кейін қырылып бітеді. Сөйтіп ғалым тәжірибесін қорытады. Ғалым тіршілік үшін арқау болатын арнаулы заттар керектігін шамалайды. Бірақ ғалымның организмге табиғи азық-түлік түрлерінен басқа да қасиетті, нәрлі заттар керек деген бұл пікірін ширек ғасыр бойы ешкім елемей келген болатын.

Тек 1905—1912 жылдары ғана шетел ғалымдары Лу- нинның ашқан жаңалығын сөзсіз мойындады. Алдымен поляк ғалымы Казимир Функ лабораториялар мен әдебиетте жинақталған нақты материалдарды талдап, оған өз клиникасында тапқанын қосты. Сөйтіп әлгіндей затка «витамин» деп ат қойыпты. Ол адамның қырғұлақ, тері, нерв, асқазан бұзылысы (пеллагра), аяқ-қолдың салдануы секілді ауыр аурулар ағзаның витаминсіз, немесе витамині кем құнарсыз, арқаусыз тағамдармен күнелткендігінен деп дәлдеп айтты. Витаминдер бірсыпырасы өсімдіктер құрамында болғандықтан олар күрделі химиялық әдіспен айырылатын болды, тіпті синтезденіп өз алдына тазартылып шығарылып жүр.

.

Ғылми зерттеуге қарағанда витаминдер денедегі уыттағыш арнаулы заттар құрамында болады екен, олар қоректік заттардың ағзаларға сіңімділігін тездететін күшті заттар қатарына кіреді. Адамның денсаулығын нығайтып, оны түрлі аурулардан қорғап, жұмыс қабілетін арттыру үшін витаминдер организмге күнделікті тағамдар арқылы белгілі мөлшерде үзбей жетіп тұруы қажет. Әрине, бұл жағдай тәжірибеде ойлағандай бола бермейді. Қазіргі озат медицина ғылымы витаминдердің сексенге тарта түрін тауып отыр. Бірақ олардың бәрі бірдей пай- даланылмайды. Әзірге әбден сыналған, тіршілік үшін маңызы күшті аз ғана: А, Д, Е, К, С, РР, В12, В12 сияқты витаминдер бар.

.

Бұлардың көпшілігі азық-түліктер құрамында кез- десетін болса, бірқатары олардан бөлініп, таза түрінде синтезделіп те шығарылады. Айталык, С витамин — аскорбин қышқылы түрінде, В1 — тиамин түрінде, В2 — рибофлавин, РР — никотиндік қышқыл түрінде (әрине, темекідегі никотиндік қышқылы емес. Е. О.). Әңгімеміз түсінікті болу үшін осы көрсетілген витамин түрлерін қысқаша шолып өтейік.

А  витаминін «өсу, жастық» витамині дейміз. Бұл витамин күнделікті тамағымызда кемістік етсе, кейде тіпті болмаса, ағза А витамииіне мұқтаж болады. Оның белгісі дене семеді, ерте қартаю белгілері пайда болады. Тері құрғап, қатая қыртыстана бастайды. Шаштың табиғи жылтырағаны кетеді, морт сына береді, ерте ағарады. Көз жанары да нашарлайды. Жыныстық нәпсі мезгілсіз тиыла береді. Организм, әсіресе тыныс жолдары түрлі ауруларға бейімделгіш болады, кейінірек ымырт жабылысымен көз-көруден қалады, адам тауықкөзденеді. Егер витамин кемістігі тез толтырылмаса, көздің кілегей қабықшасы құрғайды (ксерофталмия), түбі көз жанарынан айыруы да мүмкін. А витаминнің кемдігінің (немесе жоқтығының) салдары міне осындай болады. Осы ауруларды болдырмау адамның өз қолында! Ол үшін күнделікті тамақта А витамин мол болуы керек. Адам тіршілігі үшін күн тәулігіне 2—3 мгр А витамин керек. Бұл сүтте, сары майда, жұмыртқада, сәбізде, томатта, асқабақта және т. б. болады. Айталық, организмнің бұған тәуліктік мұктажын өтеу үшін 10—30 гр бауыр, 6—7 мл балық майын, не тиісті овощтардан 50—100 гр жесе болғаны.

Д-витамин — мешел ауруға қарсы витамин. Мешел — (рахит) балалар ауруы. Баланың сүйегі жұмсақ, сүйек-буындары қатпай, майысып тұрғаны осы аурудың айқын белгісі. Д витамин денедегі минералды заттар алмасуын уыттап, организмге сіңімді өтеді. Табиғи түрінде ол кальций, фосфор секілді минералды тұздар дене сүйегіне шорланып, әрқашан беріктік, қаттылық береді. Егер Д витамин ағзаға кем келсе, әлгі айтқан минералды тұздар бойға нашар сіңеді, сүйек жұмсап, майысып кетеді, Ондай сүйек, жоғарыда айтқандай, денеңің салмағын көтере алмайды, қатты майысып, баланы мүгедек те етеді. Мешел дәл осылай басталады. Мешелдің асқынған түрін кейде тек хирургиялық операция жасау арқылы емдеуге тура келеді

Бала мешел болмас үшін туғаннан бастап оны Д витаминмен қамтамасыз ету керек. Алғашқы кезде ана сүтін, бала өскен соң балық майын, жұмыртқаның сары уызын, сиыр бауырын беру қажет.

Е — витамин соңғы кезде жете зерттелді. Тәжірибеге қарағанда Е витамин жыныстық мүшелерге әсер ететіні анықталды. Бұл жағдайды мынадан аңғартуға болады. Ғалымдар бір топ хайуанның ұрға- шыларын Е витаминсіз азықтар- мен қоректендіріп көріпті. Бақылағанда олардың бойындағы ұрықтар әдеттегідей өспей, қайта өше беріпті, ақырында ананың бойына тарап кетіпті. Егер ұрығы өсіп, күніне жетіп, туғандары болса, олар ұзақ өмір сүрмеген көрінеді. Әйтеуір ананың тіршілігінде ешбір кемістік сезілмесе керек, әдеттегісіндей өмір сүре беріпті.

Ана екінші рет ұрықтанғанда Е витаминін бере бастаған екен, ол кәдімгідей іші шығып, күніне жетіп туыпты. Баласы дұрыс өсіпті, Әлгілердің бір еркегіне Е витаминсіз азық бергенде, оның ұрығы бойына тарай берген, жыныстық нәпсісі жойылып, піштірілген малдай болыпты. Е витаминін жыныстық фактор дейтіні міне осыдан.Е витамині кемістігінен болатын осы өзгергстерге жол бермеуге болады. Ол үшін күнделік ішіп-жейтін тағамға осы витаминге бай азық-түлік түрлері қатысуы қажет. Мұндай витамин — сары майда, бидай ұнында, мақта, кендір майында, жүгеріде, жұмыртқада, шпинатта, капустада көп кездеседі.

К —  витамин — қан ұйытқыш, қанның ағуын тоқтатқыш дәрі. К витаминнің ағзада кемдігі немесе жоқтығы өмірге қауіпті. Ондай адам сәл жарадан кейін де қаны тоқтамай, қансырап өлуі мүмкін. Сондықтан адамға күн тәулігіне 10 мгр К витамин керек. Бұл витамин сүйектің кемігінде, капустада, помидорда, бұршақта және т. с. с. көбірек болады.

Есте болсын, К витамин бойға өт күшімен сіңеді. Өт жолы бөгеліп, ол ішекке жетпесе, организм әлсірейді, оның өзі өмірге өте қауіпті. Хирургтар операция жасау алдында науқас адамға біраз К витаминін беріп, организмнен қанның көп ақпау жағын қарастырады.

С витаминді аскорбин қышқылы деп те атайды. Бұл қырғұлақтың емі. С витамин күн- делікті аста кем болса, немесе жоқ болса, витамннсіз ас адамды қырғұлақ ауруына ұшыратады. Мысалы, қырғұлақ болғанда тіс- тің қызыл еті қопсып ауырады, сәл нәрсе тисе болды, канайды, тіс босап, түсе бастайды. Тері астына және бұлшық ет ішінде қан құйылады. Сондықтан бұлшық еттің түсі өзгеріп көгілдірленеді, тырсиып қатаяды, мұның ақыры өмірге қауіп туғызуы да ғажап емес.

С витамин — тіршіліктің үлкен тірегі. Ол ағза клеткаларына оттегін жақсы сіңіріп отырады. Бе- лок пен углеводтың денеде тиімді уытталуына әсер етеді. Осындай құнды витаминнің күнделікті аста болмауы немесе аз болуы адамды біріншіден, қырғұлақ ауруына ұшыратса, екіншіден, адамның іскерлік қабілетін төмендетеді, дененің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қуатын кетіреді. Сондықтан адам күн тәулігінде 50—100 мгр С витаминді қабылдауы керек. Айталық, жаңа піскен картоптың, помидордың және т. б. әрбір жүз грамына қырық мгр С витамин болады. Бұл витаминге итмұрын жемістері өте бай, оның жүз грамында 1500 мгр, ал қарақаттың жүз грамында — 300 мгр болады. Барлық витаминдердің, оның ішінде С витаминінің жемістерде кейде аз кейде көп болуы жыл маусымына байланысты. Мысалы, күз айларында ағзаның С витаминге мұқтажын қанағаттандыру үшін тәулігіне 250—300гр жас картопты тағамға пайдалану керек болса, декабрь — январь айларында кар жиі кездеседі, себебі жүгеріде РР витамин мүлде бол- майды, қайта ол бидай нанында көп. Совет Одағында жүгері нанын көп жейтін халықтарға РР витамин басқа түсті тамақпен қоса берілгендіктен оларда пеллагра ауруы кездеспейді. РР витамин көбінесе сыра ашытқысында, бауырда, майсыз етте болады.

В1 в и т а м и н, кейде мұны «көңілділік витамині» деп те атайды. Бұл витаминнің таптырмайтын қасиеті — ол нерв жүйесін аздырмайды, углеводтың бойға сіңімділігін жақсартады, В1 витамин ағзада жетіспегенде ми қызметі нашарлайды, ақылой, кемиді, ондай адам саналы ойдан қалады, тағамға тәбеті шаппайды, үлкен дәреті қатады, бұлшық еттер балбырап босайды. Мұндай сырқаттар белгілері В1 витаминсіздігі созылған сайын өрши түседі. Тіпті адамның қолаяғы жансызданып, сал болып қалады. Аңғарған адам аурудың алғашқы белгілерін ертерек сезеді. Мезгілінде емделмеген адамның ауруы асқынады. Бұл кезде В1 витамин беріліп, дереу емделмесе, адам өліп те кетеді. В1 витаминнің негізгі көзі — нан. Сондықтан күнделікті дастарханда бидай, қара бидай ұнынан пісірілген нандар мен бұршақ және жасымықтан пісірілген тағамдар жиі болуы керек, мал бауырын, сыра ашытқысын тамаққа көбірек пайдаланған жөн, себебі оларда В1 витамин көп болады.

В2 витамин басқаша айтқанда рибофлавин дейміз. Бұл витамин көптеген дене ферменттерінің құрамына кіреді, сөйтіп углевод пен белоктік заттар алмасуына көмектеседі. В2 витаминнің кемдігі түрлі ауруларға ұшыратады. Айталық, тері домбығады, тіл мен ерін қабынады, көздің кілегей қабықшасы қанталайды, көз жанары қашады, жарыққа қарай алмайды. Осы айтылған сырқаттар В2 витаминін пайдаланса-ақ жазылып кетеді.

.

В2 витамин сүтте және көк жапырақты овощта көп кездеседі. Қазақтар айранды сүзіп, қатық жасағанда оның сары суын төгіп тастайды. Әрине, бұл түсінбегендік. Дұрысында, В2 витамин қатықта емес, одан сүзілген сары суда көп екендігі анықталды. Мұнымен қатар сары суда тіршілікке пайдалы басқа да заттар: кальций тұзы мен сүт қанты мол болады. Сондықтан сары суды ысырап етпей, сусын орнына, қамыр илеуге, шалапқа тағы басқаларға пайдалану керек. В2 витамин сүт консервасында, сүт ұнтағында, пісірген сүтте де жақсы сақталады. Бірақ күн көзі түскен сүтте В2 витамин тез бұзылады. Сондықтан сүтті күн түспейтін жерге немесе күн өйтпетін ыдыста сақтаған жөн. В2 витамин мал бауырында, сыра ашытқысында да болады.

В12 в и т а м и н қан өндіргіш ірі фактор. Ол орга- низмнің нашарлаған қан өнімін тез қалпына келтіреді. Сонымен қатар ол қан аздықтың зәрлі түріне ұштасатын нерв ауруын, сезім кемуін, жүрістің шатасуын, ас қорыту нашарлауын, тәбеттің төмендеуін тағы сондайларды, ем- деп, қалпына түсіруге. катты көмектеседі. Күн тәулігіне екі-үш мгр В12 витамин егілсе, қаны азайған адамның қан шариктері үш-бес жетіде алғашқы мөлшеріне жетеді, қызыл түйіршігі де тез толығады. В12 витамин көбінесе сиырдың бауыры мен бүйрегінде, сүтте, шикі жұмыртқада болады.

Біз витаминдер туралы, олардың тіршілікке пайдасын қысқаша айтып өттік. Сондықтан кім де кім «денім сау, өмірім ұзақ болсын» десе, күнделікті ішіп-жейтін тағамын ғылым талабына сәйкес істеуі керек. Қазақ ССР Ғылым академиясының жақында жүргізген ғылми-зерттеу нәтижелеріне қарағанда, қазақтардың қан құрамында тіршілікке қажетті С витамин, тағы басқа да витаминдер өте аз көрінеді, Ел ішінде овощтан, жидек-жемістен пісірілген тағамдарға үрке қарайтындар әлі бар. Мен өзім «картоп, капуста… желді, тағам…» дегендердің талайын кездестірдім. Орыс халқы, Европаның басқа да халықтары өсімдіктерден пісірілген тағамдарды сүйсіне жейді. Овощ, жеміс дегендердің дастарханынан қысы-жазы бірдей кетпейді. Қазақтың ұлттық тағамдары: сүт, айран, қатық, құрт, ірімшік, көже, қымыз, шұбат, ет, май, сорпа тағы басқалары, овощ, жемістермен ұштасып отырса, ол өте қолайлы дастархан болар еді. Демек мүмкіндік болған жерде жаппай овощ және жеміс ағаштарын егу қолға алынуға тиіс. Сонымен қатар капуста, помидор, қияр, картоп, пияз, сарымсақ, тағы сондайларды келесі жылға дейін жетерліктей етіп күзде дайындап алу керек. Көшпелі малшыларға әсіресе, қыста, көктемде тұздалған, ашытқан овощтар, кептірілген жемістер аудан орталығынан үзбей жеткізіліп тұру керек. Сонда ғана организм үшін құнарлы тағам ұйымдастыруға болады. Өмірді созу мәселесінің бір түйіні міне осында.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.