«Возрождение» географиялық орналасуы

Главная » Рефераттар » «Возрождение» географиялық орналасуы

Кеңес Одағы дәуірінде ҚР аумағында бактериологиялық қарулар жасаумен шұғылданатын төрт негізгі нысанның маңыздысы да «Возрождение» сынақ полигоны орналасқан Аральск-7 қалашығы екен. Айтулы нүкте өзінің географиялық орналасуы жағынан болсын, климаттық ерекшелігі жағынан болсын, қарудың биологиялық түрлерін жасап шығаруға өте қолайлы саналыпты.

vozrozhdenie10

 

.

1-сурет. «Возрождение» аралы

Арал теңізінің нақ ортасына орналасқан «Возрождение» аралындағы полигонда сынақтан өткен әртүрлі биологиялық элементтер КСРО Қорғаныс министрлігіне қарасты Степногорскідегі биопрепарат орталығында талданып, жасалып отырған. Қарудың мұндай патегендік түрлерімен бірге олардың тікелей әскери мақсат сипатындағысы да осы «Возрождениеде» жүзеге асқан. Мұндай сынақтар бактериялық аэрозалдан атмосфераға жайылу ауқымын зерттеу бағытында ара-тұра «Возрождениенің» үстіндегі ауа қабатына да жүргізіліп отырыпты.

Арал теңізі мен аудан елді мекендерінің төбесінде сегіз мәрте жарылыс болған көрінеді. Аса құпия бұл нысанды арнайы бөлімшелер күзеткен. Қауіпсіздігін МҚК қамтамасыз еткен. АҚШ-тың орталық барлау басқармасы көпке дейін мұнда биологиялық қарулардың сынақтан өтіп жатқанынанхабарсыз болып келген. Олар Кеңес Одағында сынақ жұмыстарының жүргізіліп жатқанын білгенімен, нақтылы қай жерде екенін дөп басып айта алмаған. Зеңгір көкте жасын ойнатқан бір жарылыс 1956 жылғы екінші ақпан күні тіркеліпті.

«Возрождение» аралының ашық аспанның астында жүзеге асырылған келесі ядролық биологиялық жарылысы 1961жылдың кұзіндегі қыркүйек-қараша айларына тұспа-тұс келеді. Әуелі қыркүйекте 50 шақырым биіктікте қуаты 11,40 тонналық екі атмосфералық жарылыс жоғары ауа қабатын қамтыған. Олар көк жүзіндегі 150-220 шақырым биіктікте жалын шашқан. Осындай жаттығулардың барлық залал-зардабын қарапайым бейбіт тұрғындар, жайылымда жүрген қойлар, құмды далалық алқаптағы сан мыңдаған киік бостан-босқа қырылып қалды. Теңіз түбіндегі балықтардың өлігі су бетіне қалқып шықты. 1965 жылы Қарақалпақстанда холера ауруы тарап, көп адам көз жұмды. Оларды жерге көмбей өртеп жатты. Кейбір ауру шыққан үйлерді бала-шағасымен өртеп жіберді.

«Возрождение» аралы әлемнің ешбір географиялық немесе саяси картасынан орын алмаған, Байқоңыр қаласынан небәрі 200 шақырым жердегі Арал теңізінің Оңтүстік-Шығысында орналасқан. 1949 жылы «Возрождение» аралында әскери-жүк ұшақтар еркін ұшып-қону алаңы салынып, одан бірнеше шақырым қашықтықта «Көнтүбек» деген картада жоқ құпия көп қабатты үйлері бар поселкі бой көтерген. Ондағы ғылыми қызметкерлермен химиялық әскери бөлімнің жеке құрамы орналасқан. Елді мекеннің ортасында әскери бөлімнің штабы орын тепкен. Ал поселкінің ең шеткі аймағында арнайы әскери автомобиль техникалық паркі орналасқан көрінеді. Бұл Ұлы Отан соғысынан кейінгі қуатты КСРО-ның химиялық және бактериологиялық қару жасауға кіріскен алғашқы қадамдары болатын.

Бұл мәселе туралы тілшілер сөзінен. Мәскеуде шығатын «Труд» газетінің тілшісі Валерий Бирюков ешбір кедергісіз сол аралда болып, журналисттік зерттеулер жүргізген. Енді соның мақаласынан бір үзінді келтіріп кетейік: «Поселкіден бірнеше шақырым жерде лабораториялық ғимарат салынған. Айналасында бірнеше кепе түріндегі үйлер бар екен. Жанында полигон және қуатты электростанция тұрғызылған. Дәл осы жерде «химиялық бөлімнің көлеңкесінде» өте қорқынышты биологиялық қаруды өндіру және сынау нысандары жүргізілген. Аралды үзіліссіз әскери қайықтар күзеткен, ал жағалауда патрульдер жүрген. Лабораториялық корпус бірнеше тікенек сым темірмен қоршалған».

1992 жылдан бастап, бұл аралда тіршілік иесі қалмаған. Содан бері бұл жерге кім келіп, кім кетіп жатыр. Ол бақылаусыз қалған. Кеңес Одағы тараған соң «Возрождение» өмір сүруін тоқтатып, оның құпиясын ресейліктер өздерімен бірге ала кеткен. Негізінен «Возрождение» аралының орналасуын шекара сызығы тұрғысынан қарастырсақ, оның басым бөлігі Өзбекстанның территориясына тиесілі. Сондықтан әскери бөлімдер кеткен соң бұл аралға өзбек ағайындар қожайындық етіп, оның барлық мұрасына бақылау жасап келді.

«Труд» газетінің тілшісі Валерий Бирюков былай дейді: «Адамдар үйлеріндегі барлық жиһаздарын тіпті теледидар, мұздатқыштарын да тастап кеткен. Екі автопарк қозғалыстан қалған. Мұнда су жаңа «ЗИЛ» жұк машиналары, «Кировск» тракторлары және басқа да тракторлармен бірге шеберханалар, қосалқы бөлшектер қоймасы да сол күйінде тұр екен. Лабороториялық корпус пен оған жақын орналасқан барактар да құпия сақталған. …Биология жөнінде бай кітапхана және орасан зор арнайы ыдыс-аяқ пен түрлі шыны сыйымдылықтар қоймасы сақталған. Жер асты бөлмелерінің темір есіктері күйдіріліп пісірілген, ол осы күнге дейін ашылмаған екен. Түрлі көлемдегі сейфтер жан-жаққа лақтырылып тасталған». Ол тағы да онда крематорий болғандығын хабарлайды. Одан бірнеше щақырым жердегі Үстіртте тағы бір полигонның орналасқанын жазады. 1992 жылы күзде ол әріптестерімен сол құпия нысандарда, яғни, ешкім тұрмайтын көп қабатты үйлерді көргенін айтады.

.

«Возрождение» аралы — ажал аймағы. «Возрождение» аралы — Кеңес Одағының ең құпия әскери нысаны едi. Ондағы әскери полигондарда 1980 жылдардың аяғына дейiн бiрнеше кодты атаулары бар биологиялық қару мен жабдықтар сыналып келген. Әскери мамандардың айтуынша, сынақтар «Аральск-7», «Бархан» және «ПНИЛ-52» сынды ғылыми-зерттеу зертханаларында iске асқан. Бұрын Арал теңiзiнiң алып айдынында 300-ден астам арал болса, қазiргi кезде олардың арасындағы ең iрiлерi — Барсакелмес пен Көкаралдың өзi түбекке айналып барады. Ал Комсомол, Шұғыла, Константин, Лазарев аралдары бiрiгiп, «Возрождение» деген ортақ атқа ие. «Возрождение» — биологиялық қаруды сынау алаңы және әскери қалашық болып екiге бөлiнген. Қалашықта казарма, тұрғын үйлер, бастауыш мектеп, балабақша, асхана мен қоймалар және электр стансасы болған. Ал Аралдың оңтүстiгiндегi сынақ алаңында биологиялық қарудың аэрозол компоненттерi, модельдiң тарауын, оларды табу тәсiлдерi және биологиялық құралдары бар шағын колибрлi аэрозол бомбаларын ваккумда сынау жұмыстары жүргiзiлдi. Осылайша қырық жыл бойы азаматты түрлi аурулар арқылы жаппай қырып-жою тәжiрибесi жүрiп жатты. Ал 1988 жылдың көктемiнде АҚШ «Возрождениеге» қатысты дау шығарды. Америкалықтар ондағы мамандардың сiбiр жарасының ажал шашатын жауынгерлiк агентi- «Антракс» деп аталтын түрiне талдау жасап жатыр деген мәлiмет түскен. Антракс — өте ежелгi микроорганизм, әрi аса қауiптi биологиялық қару болып саналады. Ол қатерлi ауруды тез арада айналаға таратып, қоршаған ортаның күлпаршасын шығарады. Бұл шуды басу үшiн КСРО жағы тонналап жиналып қалған антраксты тез құртудың жолдарын қарастырды. Олар антраксты тот баспайтын болаттан жасалған арнайы ыдыстарға салып, үстiне хлорлы әктi төгiп, ауыр жүктi 24 вагонға тиеп, Орал бойынан Арал қаласына дейiн жеткiзедi. Содан берi антракс «Возрождение» аралында сақталуда. Ең сұмдығы — ғасырлар бойы бактериялардың сол күйiнде сақтала беретiндiгi. Одан құтылу мүмкiн емес. Ал оның қашан бұрқ ететiнi белгiсiз. Қазiргi уақытта Арал аумағы биологиялық қарулардың ең көп көмiлген қоры саналады. АҚШ-тың «Нью-Йорк Таймс» газетiнiң деректерiне қарағанда, 1992 жылға дейiн АҚШ Кеңес Одағының Орталық Азияда iрi көлемде антракс жасап келгенiн бiлмеген.

Қазақ ғалымдары қазiргi таңда көңiлi қалаған адам «Возрождение» аралына барып, сiбiр жарасының штаммын оп-оңай алып кете алатындығын айтуда. Өйткенi бұл аймақ билiктiң бақылауынан тыс қалып отыр. Соңғы уақытта «Аралда көп көлемдi мұнай қоры бар деген әңгiменiң шетi шығып жүр. Сондықтан бiз сөз етiп отырған қатерлi аймаққа жақын күндерi адам табаны тиюi мүмкiн. Мiне, осы кезде сiбiр жарасымен қатар, жұқпалы дерттi тарататын бактериялардан бөлек, қу безгегi, оба, қара шешек, ботулизм, шиқан, түйнеме, сал, бөрiтпе сүзегi сияқты қатерлi аурулардың көмiлген нүктелерi ашылып, аймақтағы жағдай ушығуы мүмкiн. Ал қазақ жерiн айдаһардың апанына айналдырған Ресей 1992 жылы полигонды жауып, әскерлерiн әкеткеннен кейiн үнсiз жатыр. «Возрождение» аралы аймағына рекультивация жасауға қаражат қолбайлау болып тұр. Әзiрге бұл аймақта Мазғұт Әкiмбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зондық ғылыми орталығының директоры Бақыт Бахияұлы Атшабаров бастаған ғылыми топ зерттеп, қауiптi аймақтарды анықтап, белгiлегенi жайында естiген болатынбыз. Бiрақ ол жайында нақты ақпарат жоқ. 1997 жылы АҚШ-тан келген зерттеушiлер осы аймақты зерттеп, бiрнеше «тiрi» бактерияларды тапқанын естiгендер де бар. АҚШ зерттеушiлерi әлi де бұл аймақта қауiптi дерт ошақтарын зерттеу үстiнде. Алдағы уақытта «Возрождение» аралына қатысты құпиялардың ашыла түсетiнi анық.

«Возрождение» аралын сауықтыру мәселесі. Бүгінгі таңда биологиялық сынақ полигоны орналасқан  «Возрождение» аралын сауықтыру мәселесі айырықша маңызды проблема болып отыр. Теңіздің тартылу процесі ұлғайып бара жатуына байланысты онда сақталған патогендік құбылыстардың таралу қаупі де үрей туғызады. Аралдың эпидемиялық ахуалын және оны қоршаған ортаны қалыпқа келтіру жөніндегі жұмыстарды Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ мемлекеттері арасындағы үш жақты уағдаластық шеңберінде жүргізу шаралары қолға алынған. Өзбекстан және АҚШ арасында «Қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасы бойынша алты миллион доллар шамасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім бойынша аралдың Өзбекстан жағында орналасқан полигон нысандарында техникалық жұмыстар жүргізу шаралары көзделген,

Қазақстан мен АҚШ арасында жоғарыдағы бағдарлама шеңберінде Степногордағы «Биомедпрепарат» ААҚ нысанындағы биологиялық қару-жарақ өндірісіне арналған инфрақұрылым мен жабдықтарды қайта бұзу жөнінде келісім бар. Степногорскідегі бұрынғы өскери биологиялық зауытты залалсызданумен айналысып жатқан АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілдері мәселенің байыбына бармай осындағы су құбырынан күйдіргі бактерияларының табылғанын хабарлап жіберді. Қазақстан басшылығы антракстың экстремистер қолына тұсуі мүмкін еместігін және американдықтардың күйдіргімен ауруына біздің еліміздің ешқандай қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанды бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруларды жобалау, өндіру және жинауға тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенцияға біріктіру туралы» заңға қол қойды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Келісім комиссиясының шешіміне сәйкес , «Қазақстан Республикасын бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруларды жобалау, өндіру және жинауға тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенцияға біріктіру және оны бекіту туралы» деп аталады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Конвенция жаппай әрі толыққанды қарусыздану жолында тиімді ілгерілеушілікке қол жеткізу мақсатын көздейді. Онда халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған барлық қару түрлеріне тыйым салу және жою, бактериологиялық (биологиялық) және химиялық қару түрлерін жобалау, жасау және жинауға тыйым салу және оларды жою көзделген»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің қорытындысында. «Еліміздің бұл конвенцияға бірігуі микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттерді, жабдықтарды, қару түрлерін немесе оларды жеткізу құралдарын жобалау, өндіру, сатып алу және сақтаудың алдын алу үшін конвенцияға біріккен елдермен ынтымақтастық орнатуда айрықша маңызға ие болмақ»,- делінген қорытындыда.

«Конвенцияға бірігу — халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған қаруды таратпау саласындағы Қазақстанның конструктивті саясатын тағы бір дәлелдеумен бірге Қазақстанның бұрынғы сынақ полигондары аумақтары мен нысандарды реабилитациялау мәселесіне халықаралық қоғамдастықты араластыруына түрткі болмақ»,- делінген құжатта. Қазір 150 мемлекет біріккен бұл конвенцияға 1972-жылдың сәуір айында Мәскеу, Лондон және Вашингтон қалаларында қол қойылған. 

ҚОРЫТЫНДЫ

Осы жұмысты орындау барысында мен бактериологиялық қарулардың аса қауіпті екендігін түсіндім. Бұл мәселелер адамзатқа өзін қоршаған ортамен ортақтасып, табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жан-дүниеде болған әсерін сезіп байқап, мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін, таралған аумағын экономикаға келтірер зиянын, жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп, оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен іс екенін аңғартады. Табиғатты қорғау мемлекеттің басты міндеті, адамзаттың абзал ісі. Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.

.

Адам өміріне келетін ауруларды, қауіпті оқиғаларды азайту жолында  зиянсыз жана технологияны енгізу ісінде, халықтың саяси-әлеуметтік өміріне жәрдемдесетін сынақтар өткізу әлбетте керек, әрі қолайлы. Ал қуатты мемлекеттердің өрескел үстемдігімен, қаражатының күшімен, шовинистік идеологиясымен, тек өз қамының төңірегіндегі тоғышарлықпен адам өмірінің жан-жануар, өсімдік дүниесінің өркендеуіне кедергі болатын сынақтар өткізу ешқандай адамгершілік сипатқа жатпаса керек.

Соншама уақыт бойы жүргізілген аса қуатты ядролық қару түрлерін сынау жұмыстары, бұл өңірдегі қоршаған ортада, орнына қайтып келмес процестер мен күрделі экологиялық жағдайдың қалыптасуына душар етті. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің табиғи ортадағы тепе-теңдігі бұзылды. Осы өңірді мекендеген тұрғындардың денсаулығына орасан зор нұқсан келуіне әкеліп соқтырды. Возрождение аралы әлі де біз білмейтін жұмбақтарды қойнында жасырып жатыр. Оның қаншалықты қауіпті екенін мамандардың өздері де айта алмай отыр. Бірақ онда көмілген бактериялық қарудың адамзатқа үлкен қатер төндіріп тұрғаны анық.

Бұл өте қайғылы жайт. Қарапайым бейбіт халық мұндай масқара оқиғалар жайында беймәлім, сауатсыз болып келеді. Мемлекет қол қусырып отырмай бүгін-ертең осы мәселені назарға алып айналысар,сол кезеңдердің зардаптарын жойяр, апаттар азайып, ұрпақтарымыз тыныштық, амандық пен тазалықта өмір сүрер деп үміттенемін. Әлі де кеш емес деп сенемін.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.