Windows 7 операциялық жүйесі

Home » Рефераттар » Windows 7 операциялық жүйесі
Рефераттар Комментариев нет

perfectly-legal-ways-to-get-windows-7-cheapWindows 7 операциялық жүйесі

Дербес компьютерге арналған жаңа операциялық жүйе бүгін бүкіл әлем бойынша сатылымға түседі

Нью-Йорк — 2009 ж., 22 қазан — Бүгін Microsoft корпорациясы Windows® 7 жаңа операциялық жүйесінің сатылымға түсуі жөнінде бүкіл әлемгк жариялады. Windows®7-ні жасап шығару барысында жетекшілікке алынған қағида қарапайым – қолданушылар үшін ДК-де жұмыс жасауды барынша жеңілдендіру. Жаңа операциялық жүйе қолданушының жетілдірілген интерфейсі мен күнделікті тапсырмаларды орындауды жеңілдететін және қолданушыларға кез келген пішіндегі, түрдегі компьютерлерді барынша пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа сипаттамаларды ұсынады.

« Серіктестерімізбен әріптестік орнатудың нәтижесінде біздер аса сенімді, икемді, жылдам және үйлесімді Windows®7 операциялық жүйесін жасап шығардық. Оның бірегей басымдықтары мен мүмкіндіктерінің көмегімен дербес компьютерде жұмыс жасау және күнделікті тапсырмаларды орындау жылдам әрі жеңіл бола түсті. Бұл жаңалық — дербес компьютерлер үшін ең жақсы кезең »

— деп атап өтті Microsoft Қазақстан Бас директоры Гюнтер Дам.

Алғашқы күнінен бастап Windows®7–ні жасап шығару үрдісі Microsoft инженерлері мен дизайнерлерінің ДК-де жұмыс жасауды жеңілдететін операциялық жүйені жасап шығару мақсатында қолданушылар мен серіктестермен әріптестік қатынас орнатуына бағытталды.

« M:Portal компаниясы өз серіктестеріне Microsoft-тің жаңа өнімдері, технологиялары мен шешімдері жөнінде оқытушы іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Windows®7 жаңа операциялық жүйесінің басымдылығы мен жаңа технологиялық ендірмелерінің жиынтығы, интерфейсінің ыңғайлығы, үй компьютерлеріне және жұмыс стансаларына операциялық жүйелерге қойылатын ағымдағы нарық талаптарына барынша жауап беруінің арқасында біздің серіктестер мен ақырғы тапсырыс берушілер арасында оған деген үлкен қызығушылық пен жағымды әсерлер туып отыр »

— деп атап өтті Microsoft компаниясы Қазақстан және Орта Азия аумағындағы авторизациядан өткен дистрибьюторы M:Portal компаниясының консалтинг бөлімі бастығы Игорь Арчибасов.

Windows®7-ні жасап шығару бойынша серіктестермен әріптестік

Windows® 7-ні жасап шығару кезінде компьютерді қолданушылар ғана емес, сондай-ақ, «Microsoft» корпорациясының әріптестері де өнімнің тұжырымдамасы мен оның жоспарын құруға белсенді түрде атсалысты. Осындай әріптестіктің нәтижесінде өнімді жасап шығару үшін қажетті маңызды ақпарат алынып, дербес компьютердің жоғары пайдаланым көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Сондай-ақ, «Windows»экожүйесіндегі құрылғылар мен бағдарламалық қамсыздандырудың кең көлемімен үйлесімділік қамтамасыз етілді. Бағдарламалық қамсыздандыру мен құрылғылардың әзірлемесі мен өндірісімен айналысатын 16 000-нан астам компаниялар Windows®7 негізінде шешімдер әзірлемесімен айналысуда, сонымен қатар, 44 000-нан астам бағдарламалар әзірлемесін жасаушы компаниялар «Windows Ecosystem Readiness» бағдарламасымен («Windows» экожүйесінің дайындығы) жұмыс жасауда. Бір бірімен байланыста жұмыс жасай отырып, бұл серіктестер бүкіл әлем бойынша бір миллиардтан астам дербес компьютерлерге қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін құрылғылар, бағдарламалық қамсыздандыру мен қызметтердің әзірлемесін жүзеге асыруда.

Майкрософт Қазақстан компаниясының кеңсесінде жаңа операциялық жүйенің іске қосылуына орайластырылған «Windows 7-ге шолу» атты семинар өтті. Бұл шара Windows 7 операциялық жүйесін іске қосу алдындағы шаралардың ішінде негізгі болып табылады. Семинар техникалық директорларға, ІТ департаменттерінің жетекшілеріне, ІТ-мамандарына және заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға қызығушылық білдіретін барлық адамдарға арналған. Семинарға қатысушылардың барлығына Windows 7-нің бета-нұсқасы бар DVD дисктер берілді.

Семинарда столүстілік операциялық жүйелер маркетингі бойынша менеджер Уве Гратце (Microsoft CEE); MDOP шешімі бойынша маман Крисзтоф Сзафер (Microsoft CEE); технологиялар бойынша маман Андрей Чичибабин (Microsoft Қазақстан); бағдарламалық жабдықтаманы жасау технологиялары бойынша сарапшы Тимур Иващенко (Microsoft Қазақстан) қатысушылар алдында сөз сөйледі. Майкрософт қызметкерлері Windows 7 жаңа операциялық жүйесін қолдануға байланысты мәселелерді түсіндіріп, жаңа операциялық жүйенің негізгі мүмкіндіктерімен және оның артықшылықтарымен таныстырды. Сонымен қатар, Microsoft Desktop Optimization Pack (MDOP) сияқты негізгі технологияларды қатысушыларға ұсынды. Бұл технологиялар мынадай мүмкіндіктерге ие:

  • ІТ-инфрақұрылымын оңтайландыру арқылы шығындарды азайту;
  • Жаңа қызметтер көмегімен ақырғы пайдаланушылардың еңбек өнімділігін арттыру;
  • Виртуалдандыру арқылы еңбекті жақсарту;
  • Қосымшаларды қадағалаудың жетілдірілген түрін қолдана отырып, ІТ-инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыру.

Майкрософттың бағдарлама жасаушыларының айтуынша Windows 7-нің алдын-ала нұсқасының шығарылуы (Release Candidate Windows 7) операциялық жүйені дайындаудың маңызды кезеңі болып табылады. Windows 7–ні жасау өз мәресіне жеткелі тұр және ол әріптестер тарапынан тексерілу мен сыналудан өтуге дайын.

Release Candidate-те күнделікті міндеттерді орындауды жеңілдетуге, жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға және бірқатар жаңа мүмкіндіктерге баса назар аударылып отыр. Бағдарламаны жасау барысында құрылығылар мен қосымшалар сәйкестілігінің жоғарғы деңгейіне ерекше назар аударылды. Release Candidate келесі жаңа мүмкіндіктерге ие:

  • Remote Media Streaming қызметі Интернет арқылы Windows 7 басқаруымен кез-келген компьютерден медиа-кітапханаларға қосылуға мүмкіндік береді.
  • Release Candidate Windows 7 бағдарламасын шығарудың кезінде Майкрософт Windows XP mode және Windows Virtual PC бета-нұсқаларын ұсынды. Бұл режімдерді қолдану Windows 7-мен қоса Windows XP-ге арналған қосымшаларды шығаруға мүмкіндік береді. Windows XP mode Windows 7 Professional және Windows 7 Ultimate редакцияларында қолжетімді болады және ол жаңа компьютерлерде алдын ала орнатылады.

Бета-тестілеу барысында айтылған пікірлердің негізінде Release Candidate Windows 7 нұсқасына келесі бірнеше жаңалықтар енгізілді. :

  • Жетілдірілген навигация (тапсырамалар мәзіріндегі, Jump Lists және іздеудегі әрекеттерді ыңғайлы ету);
  • Internet Explorer 8 интернет-шолушымен тығыз байланыс (ендігі жаңа сайт терезесін ашуды немесе қауіпсіз InPrivate интернет-сессиясын бастауды тікелей Jump Lists-тан іске асыруға болады);
  • Экранға саусақты тигізу арқылы компьютерді басқаруға мүмкіндік беретін Windows Touch-тің кеңейтілген мүмкіндіктері Windows 7-нің негізгі ерекшелігі болып табылады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.