Windows 95 операциялық жүйесі

Home » Рефераттар » Windows 95 операциялық жүйесі
Рефераттар Комментариев нет

s378066234Windows 95 windows 3.1 х жүйесінің эволюциялық дамуының өнімі болып табылады және өткенмен толық қоштасуды білдірмейді. Ол өзінде Windows-тың 16-разрядтық сәулетімен салыстырғанда көп маңызды өзгертулер алып жүрсе де, онда оның негізін салушысының кейбір өте маңызды қасиеттері сақталған. Нәтижесінде, Windows-тың 16-разрядтық қолданбалы бағдарламаларымен, В08-тан мұраланған бағдарламаларымен және нақты тәртіптегі құрылғыларының ескі драйверлерімен және де сол уақытта 32-разрядтың қолданбалы бағдарламалармен және виртуалды ңұрылғылардың 32-разрядты драйверлерімен жұмыс істей білетін будандық операциялық жүйесілер пайда болды.

Windows 95-те пайда болған ең маңызды жетілдірулердің арасында — онда ең алдында берілген 32-разрядтың көпағымды қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істей білу қабілеттілігі, қорғалған адрестік кеңістіктер, ығыстыратын көп мақсаттылық, виртуалды құрылғылардың драйверлерінің едәуір кең және нәтижелі қолданылуы және 32-разрядтың типтердің жүйелік қорлардың мәліметтерінің ңұрылымдарын саңтауына арналған едөуір көп ңолданылуы. Оның ең маңызды жетіспеу- шілігі қателерден тұратын жаман жұмыс істеуші бағдарламалардан салыстырмалы әлсіз қорғанушылығынан тұрады. Windows 95-тің әрбір меншікті қолданбалы бағдарламасы ішінде өзі және плюс жүйелік код пен windows 95-тің драйверлері орналасатын құрылымданбаған 4-Гбайт адрестік кеңістікті көреді. Әрбір 32-разрядтық қолданбалы бағдарлама ДҚ барлығын монополиялық түрде қолданатын сияқты орындалады. Қолданбалы бағдарламаның коды осы адрестік кеңістікке 2 және 4 Гбайт белгілерінің арасында жүктеледі. 32-разрядтық қолданбалы бағдарламалар бірін-бірін «көрмесе» де, олар айырбас буфері, Е>ВЕ жөне ОВЕ механизмдері арқылы мәліметтермен айырбас жасай алады. Барлық 32-разрядтық қолданбалы бағдарламалар жеке ағымдармен басқаруға негізделген ығыстыратын көпмақсаттылықтың үлгісіне сәйкес орындалады. Өз бойында виртуалды жадпен басқару жүйесінің (УММ) құрама бөлігін білдіретін ағымдардың жоспарлаушысы жүйелік уақытты әрбір ағымның орындалып жатқан басымдылығын бағалау және оның орындалуға даярлығының негізінде бір уақытта орындалып жатқан ағымдар топтарының арасында бөледі. Ығыстырушы жоспарлау 1х- пен қолданылатын кооперативтік әдіске қарағанда, көпмақсаттылықтың едәуір жатық және сенімді механизмін іске асыруға рұқсат етеді.

windows 95-тің жүйелік коды 2 Гбайт шекарасынан жоғарырақ орналасады. 2 және 3 Гбайт белгілері арасындағы кеңістікте бірнеше бағдарламалармен пайдаланылатын 3 сақинасының DLL және кез келген DLL жүйелік кітапханалары орналасқан (Іntel фирмасының 32-разрядтық процессорлары 0 сақинасынан бастап 3 сақинасына дейін есімделген аппараттық қорғаныштың төрт деңгейін иайдалануға ұсынады. 0 сақинасы едәуір пұрсатты windows 95 жүйесінде 0 сақинасының компоненттері 3 және 4 Гбайт арасындағы кеңістікте суреттеледі. Жеңілдіктердің ең үлкен деңгейімен бірге кодтың бұл маңызды үлескілері виртуалды машиналармен басқару ішкі жүйелерінен (УММ), файлдық жүйеден және VхD драйверінен тұрады. 2 және 4 Гбайт арасындағы жады облысы әр 32-разрядты қолданбалы бағдарламаның адресті кеңістігінде кездеседі, яғни ол сіздің ЖК барлық 32-разрядты қолданбалы бағдарламалармен қатар қолданыла береді, Мұндай байланыс қолданбалы бағдарламаның адресті кеңістігінде АРІ шақыруларына қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және жұмысшылар жиынының көлемін шектейді. Бірақ мұның әсерінен сенімділік төмендейді. Қатесі бар бағдарламаға жүйелі DLL тән адрестерге жазба жасап, соның арқасында барлық жүйенің күйреуіне еш нәрсе бөгет бола алмайды. 2 және 4 Гбайт арасындағы жады облысында сонымен қатар сіз жүзеге асыратын 16-разрядты қолданбалы windows бағдарламалары бар. Сәйкестікті орнату бары-сында бұл бағдарламалармен бірге колданатын ортаң адресті кеңістікте орындалады. Бұл жағдайда олар windows сияқты бір-бірін бұзуы мүмкін.

4 Мбайт жадысынан төменгі адрестер де әр қолданбалы бағдарламаның адресті кеңістігінде кездеседі және барлық процестермен өзара қолданылады. Осыған орай нағыз режимдегі бұл адрестерге жол ашық болуды талап ететін драйверлермен сәйкестендіру мүмкіңдігі туады. Бұл тағы бір жады облысык кездейсоқ жазбадан сақтамайды. Бұл адресті кеңістіктің ең төмен 64 Кбайт 32-разрядты қолданбалы бағдарламалар тікелей байланыса алмайды, бұл дұрыс емес көрсеткіштерді байқауға мүмкіндік береді, бірақ 16-разрядты бағдарламалар кезінде кейбір қателерді сақтап, онда деректерді жаза алады.

Кейбір жүйелі windows 95, сонымен қатар USER және GDI, әлі де 16-разрядты кодтардан тұрады. Мұның бір осал жағы USER мен GDI модульдердің 64-Кбайт локальді хабтары және оларға сай жүйелі шектеулердің солай қала беретіні болып табылады. Қуанышқа орай, windows 95-те кейбір деректер құрылымдары 32-разрядты хабтарға өткен, осыған байланысты windows 3.1 х ортасымен салыстырғанда жүйелі ресурстардың желінуі оңай емес. Басқа 16-разрядты жүйелі кодпен байланысты қиын жағдай — Win16Mutex тиімділігі. 16-разрядты жүйелі код пайдасыз болғандықтан 16-разрядты DLL-ға әр уақыт мезетінде бір ғана ағын байланыса алады, ол басқа осы кітапханалармен байланысты қажет ететін процестерді тікелей тоқтатады.