XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси-құқықтық хал-ахуалы

Главная » Рефераттар » XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси-құқықтық хал-ахуалы

Жұртка мәлім, Қазақстанның патшалы Ресенге тәуелді болуының басы XVIII ғасырдың 30-жылдарына жатса да, бірақ патша өкіметі Қазақстанды тек XIX ғасырдың екінші жартысында ғана түпкілікті бағындыра алды. Петр I — нің өзі кезінде, дәлірек айтсақ 1722 жылы Астрахань қаласында болып, Қазақ ордасы туралы көп мағлүматтар алып: «Қырғыз-қайсақ даласы, Орта Азияның есігін ашатын қақпа» деген болатын, сондықган Шығыстағы байтақ даланы жаулап алуға ұмтылу орыс патша өкіметінің «дәстүрлі» саясаты болды. Орта азиялық хандықгармен сауда айналымын кеңейтуге ұмтылу бұл саясаттың негізгі өзегі болды. 1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Ионовна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Онан соң қазақ даласына А. И. Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шыгып, 1731 жылдың 10 қазанында Әбілқайырхан мен 27 рубасы сұлтан. батырлар Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы шарттық міндеттемелер қабылдап, ант береді. Қосылудың алғашқы жылдарында, Қазакстан Ресеймен протекторлық қарым-қатынаста болды. Бүл қарым-қатынас бойынша, Қазақстан сыртқы саясаттан өзге мәселеде егемендігін сақгауға тиіс болды. Ресей қол астындағы елдің ішкі саясатына араласпауы тиіс еді. Шындығында, Ресей қазақтардың ішкі ісіне бірден-ақ араласа бастады. Сыртқы саясатга, соғысып жатқан қазақгарға әскер және кару-жарақ жағынан жэрдем бермеді. Сол кездегі деректерге қарағанда, қазақгарды өз қол астына тезірек кіргізу мақсатымен, Ресей сол кезде қазақгармен соғысып жатқан жоңғарлар әскеріне зеңбірек және тағы басқа сол кездегі алдыңғы қатардағы кару-жарақтармен жабдықтаған. Қазақтардың ішкі өміріңде өзін-өзі басқару да, Ресей шенеуніктерінің жасырын араласуынан бұзыла бастады. Қазақтың жерлеріне айналдыра әскери қамалдар орнатылып, оларға әскер әкеліп қойылды. Қазактар Ресейдің келісімінсіз хан сайлай алмады. Қазақ хандары балаларын аманатқа беруі тиіс болды. Жақсы жайылымдар тартып алынып, қазақтар ішкі жакқа ығыстырыла бастады.

Қазақтардың басым бөлігі бірден-ақ Ресейге қосылуға қарсы болды. А.Тевкелевтің елшілігі келгенде, Әбілқайырдың өтірігі шығып, қазақтардың қарсы тобы дау көтеріп, хан мен Тевкелевті уақытша үй тұгқынына алады, тіпті Тевкелевті өлтірмек те болады. Оның қасындағы бірнеше башқұрт старшындары өлтіріледі. Осы даудың арты шиеленісіп, сол кездегі тек Қазақстандағы емес, Орта Азиядағы ең күшті билеушілердің бірі Барақ сұлтанның ықпалды қазақ ру билеушілеріне арқа сүйеп, Әбілқайыр ханды өлтіруімен тынады. 1943 жылғы «История Казахской ССР» атты еңбекге «Қазақтардың Ресей қол астына өтуі қазак атқамінерлерінщ бір тобының патша үкіметімен ауыз жаласуының қорытындысы болды. Қол астына кіру халық бұқарасының еркінен тыс қабылданды»,- деп жазылды.

1734 жылы Сенаттың Обер секретары И.К. Кириловтың (1689-1734 ж.ж) Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресей иеліктерін нығайту үшін, осы елдермен сауданы дамыту үшін қалалар мен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын Сенат жэне сыртқы істер коллегиясы қабылдады, 1734 жылдың 1 мамырында Сенат жарлығымен И.К. Кирилов басшылық еткен Орынбор экспедиясы құрылды. Әкспедиясының мақсаты «Қазақстан, Башкирия, Қарақалпақстанның оңтүстік аудандарының шаруашылығын, олардың пайдалы табиғи казбаларын пайдалануға дайындау» болды. Бұл уақытта қазақ халқы жоңғарлармен соғыстың ауыр кезеңін бастан өткізген

.

еді. Соны пайдаланып, Ресей империясы Ор (Тобылдың бір тармағы), Жайық өзендері құйылысында бекініс шептерін сала бастайды. Жайық өзенінің алдыңғы тұсында орыстың бекініс сауда орталығы — Орынбор (1735-1738 ж.ж.) қаласының іргесі қаланды. Хиуа, Бұқара, Ташкент бағытында орыстың сауда керуендері жүреді, қалаға қарай ағылған орыс көпестеріне үш жылга дейін алым алынбайтын сауда жүргізуге (1735-1738 ж.ж.) рұқсат етіледі.

XVIII ғасырдың өзінде, Жайық өзені бойында 14 қамал салынды. Жайық қалашығынан бастап Звериноголовск бекінісінде 770 шақырымға созылған Уйск шебі (әскери линия) аяқталды. 1752 жылы тоғыз қамал, 58 бекІністен тұратын 840 шақырымға созылған Жаңа Есіл шебін, 950 шақырымға созылған Ертіс — Сібір шебімен жалғастырды.

Патшалық Ресейдің қазак даласына кіруі, ашықтан ашық жаулап алумен емес, біртіндеп қазақ халқың Ресей мемлекетінІң жагына тарту болды. Патша өкіметі өзінің жаулап алу саясатында, бір жағынан қарулы күшке, отарлау аппаратына, екінші жағынан, қазақ шонжарларының феодалдық басшы тобына сүйендІ. Ресей қазақ жерІмен экономикалық байланыстардың өсуімен, қазақ феодал шонжарларды өз жағына тарту мақсатында, патша өкіметі олардың Қазақстандағы пұрсатты жағдайын мойындаған еді. Феодал шонжарларға жер меншігін бекітіп беру жолымен, олардың үстем жағдайын сақтап қалуға тырысу, қазақ кедейлерін сұлтандар мен билердің қыстақтары мен жайлауларына қол сұғуға мәжбүр еткен кезде, үкімет басындағылар эрдайым феодал шонжарларын қолдап отырды.

Үкімет феодал шонжарлардың Қазақстандағы үстем жағдайын бекітумен ғана шектелмеді, сонымен бірге оларды патшаға қызмет етуге тартты. Сөйтіп, қазақ шонжарлары, ел мүддесін сатып, қара бастары үшін, орыс отаршыларының сыбайлас-тарына бІрден айналды. Осы жағдайды, орыс саясаткерлері тез түсініп, олардан шен-шекпендІ аямады.

Орыс патша өкіметінің саясатының, Орта Азияда және сонымен бірге Қазақстанда жандандырылуы, XIX ғасырдың 1822 жылы шыққан «СібІр қыргыздары туралы жарғы» деген шешіміне байланысты болды. Ресей экімшілігі жүйесін, эуелі Орта, одан соң Кіші жүзге жеделдетіп енгізілді. Оның басты себебі: 1821 жылгы Лондон келісімі, Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі ірі дипломатиялық жеңілісі болды, яғни Ресей бұрынгыдай Түркиядағы үстемдігін сақтап қала алмады. Содан да, патша өкіметі Қазақстан мең Орта Азияда өз орнын нығайтуға көбІрек күш жұмсап, енді Бұл аймақ ағылшын — орыс күресінің негізгі аймақтарының біріне айналды. Ресей патшалық саясатының, Орта азиялық хандықтар жэне Қытай аралығына орналасқан, Қазақстанның орасан зор стратегиялық маңызы, нақ осы жылдары неғұрлым айқың көрінді. Бұл елдерге және одан ары Ауганстан мен Үндістанға баратын сауда жолдары, тек Қазақстан аркылы өтетін, сондықтан, осында ғана мықтап орналасып алып, содан соң Орта азиялық хандықтарға қарсы жорықты іске асыруға болатын еді. Бұдан басқа, Қазақстанға бекіну қажетгігі, өсіп келе жатқан орыс капитализмінің экономикалық мүддесінен туындағанды. Бүкіл Орта Азия сияқты Қазақстан да өнім өткізу жэне арзан шикізат базары ретінде, отарлық үстеме пайда көзі ретІнде, патша өкіметіңің назарын өзіне бірден аударған.

XIX ғасырдың басында Қазақотан Ресейге тек сөз жүзІнде ғана бағынды және онда да тұтас емес, өйгкені, оның бір бөлігі Қоқан мен Қытайдың ықпал өрісінде болғандықтан, патша өкіметі бірінші кезекте, қазақтардың саяси тәуелсіздігінің қалдықтарын жоюдан бастады. Осы мақсатпен, негізінен үш бағытта жүретін бірқатар шаралар жасалынды, олар:

1. Гарнизондарды қаптата отырып, тізілте және жекеленген бекіністер салуды жеделдетуден, осы бекіністерге жапсарластыра казактардың тұрақты елді мекендерін  орнатудан, әскери тұрғыда бекініп алу бағыты.

  1. Ең әуелі округтер мен округтік приказдар құрып, әкімшілік басқару реформаларын жасап, содан соң нәтижесінде қазақтардың саяси құқықтары күрт шектелетін, басқарудың дистанциялық (бөліктік) жүйесін енгізіп, саяси тұрғыда орнығып алу бағыты.

Ең соңыңда, үшіншісі, қазақтардың жерін жаппай басып алудан, салық салуды және әр түрлі монополияларды (балық аулауға, ағаш кесуге т.б. монополия алу секілді) енгізіп, әкономикалық тұрғыда бекініп алу бағыты. Осындай шаралардың жиынтыгы, сайып келгенде, патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатының мазмұнын айқын көрсетеді. Өкіметтің кейбір өкілдері өздерінің пікірлерін ашықтан-ашық білдірді. Атап айтқанда, Орынбор өлкесіндегі бір белгілі шенеунік, Орынбор әскери губернаторы граф П.П. Сухтеленге былай деп жазған: «Мен қырғыздардың басына жұмақ орнатқысы, оларға білім бергісі, сөйтІп оларды Еуропа халықтары шыққан биікке көтергісі келетін филантроптарға еліктей алмаймын. Мен қырғыздардың ешкашан егін екпеуін, ғылым түгілІ, тіпті қолөнерді де білмеуІн бүкіл жан-тәніммен қалаймын, бІрақ, сонымен бірге, оларды біздің нанды жеуге, біздің жай шұғаны, РесейдІң басқа да осындай қарадүрсін бұйымдарын пайдалануға үйреткІм-ақ келер еді»,

Одан басқа, Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Ладыженский, Орынбор әскери губернаторы Обручевпен жазысқан хатында, Қазақстанда жүргІзіп жатқан отарлау саясатының сипаты туралы ашық айтқан: «Азиялық комитет төрағасы мырзаның пікірі жалпы мынаған келіп саяды, ол үкіметтің қорғаншылық жасауынан Орда мүлде мақрұм қалып, өз надандығынан, түн-түнегінен мәңгі оралмаса екең, сөйтіп, Бұл қырғыз халқының жабайы қарапайымдылығын пайдаланудағы атамзаманнан бері тәсіл және оларды Шептің қол астындағы көз жұмып, бас шұлғитын алым-салық төлеушісі күйінде қалса екен деп тілейді». Осы саясаггы жүргізіп отырғандардың мойындағандай, патша өкіметінің отарлау саясатының шын мәні осындай еді. Патша өкіметі өзінІң жаулап алу саясатында, бІр жағынан, қарулы күшке, отарлау аппаратына, екінші жағынан, қазақ шонжарларының феодалдық басшы тобына сүйенді. Соңғысы, әсіресе жаулап алынған орынды бекіту үшін маңызды болды.

.

Біріншіден, сұлтаңдар мен билерге жеке меншік құқығымен қыс қыстауларды және жаз жайлауды өздерінің жеке меншігі ретінде иеленуге рұқсат етілді. Онан соң, оларға үкімет қорғап тұрған жер мен мүлікті мұра ету құқығы бекітілді. Екіншіден, сұлтандар мен билер аға сұлтан, болыс билеушісі, т.б. ретінде әкІмшілік қызметке тағайындалды. Қызметке орналасқан сұлтандар мен билерге дворяндар әулетінен деген атақ берілді.

Үшіншіден, сұлтандар мен билер салықтардан және басқа да міндет- керліктерден босатылды. Оларға үкімет пайдасына заттай төлем, түндік басынан және басқа да алым жинау құқығы берілді. Ең соңында сұлтан мен билерге сот қызметін атқару жүктелді. Сұлтандар мен билерге арқа сүйеу саясаты, бір жағынан, халық бұқарасын қанауды күшейтті, әрі қазақ қоғамының таптық саралану процесін тездетті. Феодал шонжарларға жер меншігін бекітіп беру жолымен олардың үстем жағдайын сақтап қалуға тырысу, қазақ кедейлерін сұлтандар мен байлардың қыстактары мен жайлауына қол сұғуға мәжбүр еткен кезде, үкімет басындағылар әрдайым феодал шонжарларын қолдап отырды. Соны көрсететін бір мысал, 1831 жылы сұлтан Шама Абылхайханов Омбы облыстық басқармасының бастығына былай деп шағым еткен: «Осы жылы жер бөлу жөніндегі Қарқаралы округтік приказы біздІң көшіп-қонуымызға жер бөлген еді, қазір ол жерден бізді ыгыстырып, кім көрІнген иемденуге ниеттенуде, соның салдарынан

біздер тыныштықтан айырылдық, сондықтан бұл жерлерді маған бекітіп беруді сұраймын». Сұлтан Шама Абылайхановтың өтініші қанағаттандырылған. Омбы облыстық басқарманың бастығы Қарқаралы приказына: «Бұған көз жеткізіп, сұраушының өтінішін мүмкіндігінше қанағаттандырарсың»,- деп жарлық беріпті. Үкімет феодал шонжарлардың Қазақстандағы үстем тағдырын бекітумен ғана шектелмеді, сонымен бірге оларды патшаға қызмет етуге тартты. Қазақтың сұлтандары мен билерін патша әкімшілігінің қызметіне қатыстыру М.М. Сперанский 1822 жылы жасаған «Сібір қырғыздары туралы жарғыда» көзделген. Жарғыны енгізуде көзделген негізгі міндет, жарғының соңғы бөлігінде төмендегіше тұжырымдалған: «СібІр шептері, күзет мағынасында алганда эрдайым уақытқа арналғап мекемелер емес, бірақ өзіміз иеленген қырғыз жерлеріне орнатылған тэртіптің таралуына орай, бұл күзет ілгері жылжи береді де, ең ақырында, нақты мемлекеттік шекараға жеткен соң, тұрақты орын тебетің болады».

Басқаша айтқанда, міндет мынада еді: Қазақстандағы тәуелсіздіктің соңғы қалдықтарын жойып, қазақ даласын империя құрамына жымын білдірмей қосып алу керек еді. Осы мақсатпен Орта Жүз жерлерінде сыртқы округтер ұйымдастырылып, олардың басына «округтік приказдар» қойылды. Приказдарды аға сұлтандар басқаруға тиіс болды. Оларға заседательдер ретінде 2 «құрметті қырғыз» және 2 орыс тағайындайды.

.

Аға сұлтан тек бір ғана сұлтандар жиналысында 2 жылға сайланды. Заседательдер де сол мерзімге сайланды. Аға сұлтанға «Ресей қызметінің майоры» деген әскери атақ беріледі. Үш жыл қызмет еткеннен кейін олардың «орыс дворянына лайық» деген диплом сұрауға құқығы болды.

Округ құрамына 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Әрбір округтің аумагы қатаң межеленген жері болды. Бұл округтік тұрғындары басқа округтің жеріне жергілікті бастықгың арнайы рұқсатынсыз өте алмайтын еді. Өз бетімен өтіп кетудІң қандайы болсын қатаң жазаланды. Болыстардың басында болыстық старшындар тұрды, олар да патша өкіметіне шын берілген сұлтандар мен билерден сайланды. Болыстарды басқаратын сұлтандар мен билер 12 класты чиновниктерге теңестірілді. Ауылдарды селолық бастықтарға теңелетін старшындар — билер басқарды. Орта жүздегі хандық үкімет Жарғы бойынша таратылды. Жарғы шыққаннан кейін көп кешікпей Кіші жүздегі хандық үкІмет те таратылып (1824 жыл), Батыс Қазақстан даласы билеуші сұлтандар басқарган үш алқапқа — батыс, орта және шығыс алқаптарғабөлінді. Әрбір билеуші сұлтанның міндетіне Орданың тайпалардан тұратын тұтас бөлігін басқару да, сондай-ақ билер мен сұлтандардың ауылдарды жэне жекелеген тайпаларды басқаруына бақылау жасау да жатқызылды. «Орданың көз алдында салмағын арттыру үшін» әрбір билеуші сұлтанға алтын қылыш, ту, қызмет дәрежесі көрсетілген грамота берілді.

Бұлардан басқа «Қырғыз старшындарының ұғымында бас сұлтандар атағын пайдалы да, тартымды етуге» тырысқан Азия комитеті билеуші сұлтандарға айына 100 сомнан күміс ақша, жылына 60 қанардан қара бидай ұнын беруді тағайындады. Батыс жэне орта бөліктер арасындағы шекара Илецк қалашығынан бастап, Елек пен Үлкен Қобда өзендері арқылы, одан соң Темір өзенінен оңтүстікке бұрылып, Арал теңізіне дейін өтті. Орта және шығыс бөліктері арасында шекара Степная қамалынан басталып, Тоғызақ және Тобыл өзендерінің жоғарғы жағын ала өтіп, оңтүстікте Сырдария өзеніне дейін жетті. Қазақ даласында адамдар тағдырын шешетіндер — Орта жүзде аға сұлтандар, Кіші жүзде билеуші сұлтандар болды. Сұлтандар жанынан 200 адамдық орыс — казак отрядтары қосып берілді. Сұлтандарға мұндай отрядтар, қазақтарға «орыс рухында» ықпал ету үшін берілді деп ресми түрде айтылды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.