XV-XVI ғғ. қазақ хандығы

Home » Рефераттар » XV-XVI ғғ. қазақ хандығы
Рефераттар Комментариев нет

Қазақстан жеріндегі қалыптасқан процестерге сәйкес XV ғ. жаңа мемлекеттік құрылым – Қазақ хандығы пайда болады. Әбілхайр мемлекетінің XV ғ. 50-жылдарындағы саяси дағдарысы ақ сүйектер ортасында оппозициялықтың өсіуне әкеп жеткізді, халық бұқарасында да жағдай осылай еді. 1457 ж. қалмақтармен болған соғыста хан өзінің негізгі функциясының бірі – агрессиялық әрекеттерден елді қорғай алмайтындығын байқатты. Осының бір көрінісі болып орыс ханның немересі Керей мен Жәнібектің Батыс Могулистанға Шу өзінің бойы мен Қозыбасына көшуін айтуға болады. Осы кезеңде қазақ аты пайда болады 1459-1460 жж. Көшкендердің саны 200 мыңға жеткен деп айтылады деректерде.

Батыс Жетісу, Орталық Қазақстан, Сырдарияның орталық ағысы Жәнібек пен Керей қолында болған. Батыс Қазақстанда Маңғыт билері үстемдік құрды. Маңғыт жұрты немесе ноғайлы ұлысы деп аталды. Батыс Сібір хандығы шейбанидтер тұқымы Ибрагимнің қол астында болған. Қазақ хандығының құрылу себептері: саяси, экономикалық және этникалық тұрғыда дәлелденеді:

  1. Саяси-құқықтық жүйенің сай келмеуі.
  2. Далалық өңірде су көздерінің молаюы батыстан шығысқа көшуді талап етті. Ұлы Ұлыстың батысынан шығысына көшуді алға қойды. Түрік империясының нығаюы Ұлы Ұлыстың Қара теңізбен байланысын үзді. 1395 ж. Тимур жорықтары нәтижесін­де Поволжье мен Солтүстік Кавказдың көптеген қалалары күйреді.

Осыған орай Сыр-Дарья бойындағы қалалардың маңызы өсті. Ұлы Жібек жолының да маңызды айтарлықтай болды;

  1. Этностық процестер де үлкен роль атқарды. XVII ғ. 50-60 жылдарында субэтнос ноғайлы қалыптасады. Бірте-бірте «ногай» термині ертеден келе жатқан «қыпшақ» терминін ығыстырады. Осы кезеңде жаңа субэтнос «алаш» пайда болды, Ұлы Ұлыстың сол жақ қанатында орналасқан. Этникалық орын алған дағдарыс жаңа субэтнос-қазақтардың пайда болуына жеткізді, ол жинақты айтылатын өзбек этносымен қатар айтылатын болған.

Ибн Рузбихан XVI ғ. былай деп жазған: «өзбектерге үш тайпа жатады, бұлар Шыңғыс хан империясындағы даңқтылар. Олардың бір шейбанидтер. Екінші тайпа қазақтар, өздерінің күшімен және қаћармандығы мен әлемге танылды, үшіншісі – маңғыттар, олардан астрахандық патшалар шыққан». XVI ғ. басында Әбілхайыр тұқымы Мавераннахр өзбектері, өзбектерді қазақ тегінен шыққан, немесе өзбек-қазақ деп атаған. XVI ғ. ноғайлар да, өзбектер де қазақ этнонимі болып аталады, ал олар қоныстанған жер Қазақстан атағына ие болады.

  1. Сөйтіп, қазақ хандығының құрылған жылы 1465-1466 жж. Керей мен Жәнібек бастаған кішкене хандық. Кейінен 1469-1470 жж. Сары-Арқа жері және сырдария өлкесі қосылғаннан кейін Керей мен Жәнібек екінші рет хан болып сайланған
  2. Қазақ хандығы Ұлы Ұлыстың орнын басты, XV-XVI ғғ. көшпелілердің көпшілік тайпасын біріктірді.

1474 ж. Керей өлгеннен кейін Жәнібек 1474-1480 хан болған, оның орнын баласы Мұрындық (1480-1511) иеленеді. Мұның тұсында XV ғ. аяғында Әбілқайрдың ұрпақтары Мавераннахрға ығыстырылады. Мұрындық хан Жетісудың, Орталық, Батыс Қазақстанның көшпелі тайпаларын біріктірді, Қазақстанның оңтүстігіндегі біраз қалаларды иеленді.

XVI ғ. басында мемлекеттегі барлық билік Жәнібек баласы Қасымға көшкен. Қасым хан (1511-1518) тұсында Қазақ хандығының ең дамыған кезі еді. Территория кеңейді. Маңғыт жұрты ірі дағдарысты басынан кешірген. Қасымханның резиденциясы Сарайшық қаласына ауыстырылады. Қасым хан өлгеннен кейін қазақ-маңғыт (ноғай) одағы ыдырайды. Ішкі ұрыстардың нәтижесінде Қасымнан кейін бірнеше ұсақ хандықтар құрылған. Тек Хақназар (1538-1580) тұсында көпке созылған дағдарыс аяқталып саяси құрылыста өзгеріс пайда болды.

Басқару органдары. Қазақстанда ең жоғарғы заң билігі маслихатқа немесе құрылтайға берілді. Маслихат жылына бір рет шақырылатын, күзде, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешетін: бейбітшілік, соғыс ашу, жайылымды қайта бөлу, көші-қонудың маршрутын белгілеу.

Маслихат хандарды сайлайтын, орнынан алатын. Ержеткен еркектер маслихатқа қатысатын, кейде маслихатты халық жиналысы деп те атаған. Атқарушы өкімет билігі ханның қолында жинақталған. Ханды шыңғыс тұқымынан маслихат сайлайтын. 1511 ж. Мұрындық тағынан айырылды, ол Самарқандқа кетуге мәжбүр болған. 1526 ж. Тахирды тақтан түсірді, ол Қырғызстанға кетті. Ханның функциясы: елді сыртқы жаудан қорғауды ұйымдастыру, сыртқы саясатты белгілеу, жоғарғы сот функциясын атқарды, ішкі тәртіпті бақылау және қоғамдық құрылысты сақтау. Хан сонымен қоса қазақ армиясының бас қолбасшысы болды.

Хан соғыс жариялай алатын, бейбітшілік шартын жасайтын, шет елдік елшілерді қабылдап, еліне қайтара алатын, халықара­лық шарттар жасай алатын. Ханның қолында жоғарғы сот билігі болды, билер шешімін өзгерте алатын, әртүрлі ұлыстар арасындағы келіспеушілікті қа­райтын. Соттық мәселеде әдеттегі құқық нормаларын басшы­лық­қа алатын. Барлыққа бірдей заңдар мен бұйрықтар шығаратын. Хан­дықтың әкімшілік басшыларын тағайындайтын. XV-XVI ғғ. сұлтандар (хан тегінен шыққан) үлкен өкілдік­термен пайдаланатын. Удельдерді басқарды.

Сөйтіп сұлтан өз ұлысында соттық, азаматтық және әскери мәселелерді шешетін, ханға ғана бағынатын, күрделі саяси және юристік мәселерді шешетін. Хан жанында – дуан деп аталатын канцеляриясі болды. Ханның орталық аппараты XV-XVI ғғ. бір жерде тұрақты болма­ған, ханмен бірге көшіп-қонып жүретін. Мұрындық пен Қасым хан тұсында Сарайшық қаласы елдің орталығы болды.

Әкімшілік құрылым. Хан жері удельдерге бөлінді, оны хан тұқымы – сұлтандар басқарған. Әр уделде 50-60 мың семьядан болатын. Удел ұлыстарға бөлінетін, онда 10 мың семьядан болатын. Ұлыстарды да сұлтандар басқаратын. Әр ұлыстың өз территориясы және жайылымдығы болған. Ұлыста ополчение болатын. Сөйтіп, хандық әскери-әкімшілік бөліктерге бөлінген.

Салықтар. XV-XVI ғғ. хандар қол астындағылардан салық жинайтын. Салықтың түрлері – баж, харадж – отырықшылардан алынатын салық. Сол сияқты тұрғындар 5 % ұшыр төлейтіп, яғни мал басына байланысты. Салықты жергілікті билер мен старшиналар жинап, иның көлемін анықтайтын. Сырдарья бойындағы қалаларда қазақ хандары металл монета шығаратын.

Қысқасы, XV-XVI ғғ. Қазақстан хан республикасы болды, мұнда жабық элита – төрелер мен шыңғыс тұқымы үстемдік етті. Негізінен қазақ хандығы унитарлы (біртұтас) мемлекет болған.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.