XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басындағы қазақ хандығы

Главная » Рефераттар » XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басындағы қазақ хандығы

XVI ғ. 50-жылдарында Қазақ хандығы нығаяды. Бұған Хақ­назар ханның саясаты (1538-1580) себеп болды. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін, елдің шекарасы батыста Жайық өзенінен солтүстік Есіл мен Нұра өзендері аралығын, шығыста – Шыңғыстау таулары, Балқаш көлі, Шу өзені арқылы өткен. Оңтүстікте Ташкентте дейінгі аралықты қамтыды. Хақназарға башқұрттар мен қырғыздардың біраз бөлігі қарады.

Хақназар қайтыс болғаннан кейінгі аздаған дағдарыс барысында Сығай хан (1580-1582) Бұқар хандығына бағынады, бірақ көп ұзамай қайтадан нығаяды. XVI ғ. аяғында Тауекел хан (1586-1598) тұсында Бұқар хандығы тойтарыс алып, жеңіліске ұшырайды, қазақ хандығы Ташкентті, Фергана ойпатының қалаларын иемденеді. Бүкіл Сырдария бойы Қазақ хандығының қолында болған.

XVII ғ. реформа. Бір мемлекеттің құрамына әрқилы саяси құрылысы бар, әр түрлі саяси мәдениеті қалыптасқан, регионалдық экономикалық байланыстары қалыптасқан аудандарды біріктіру сепаратистік көңіл күй тұғызды. XVI ғ. аяғында қазақ хандары едігенің жақтастары – билермен, шыңғыс тұқымынан шыққан сұлтандармен жоғарғы билік үшін күрес жүргізді.

.

Ішкі саяси күрестің барысында Тәуекел хан жеңіп шықты. Бірақ хан қауымдастық ақсүйектеріне әжептәуір мәселелерде көнуіне тура келді. Тәуекелден кейін таққа отырған Есімханға (1598-1628) одан да қатал ішкі саяси тарысты басынан өткізуіне тура келді.

Осының нәтижесінде Қазақ мемлекетінің саяси жүйесі түбірлі өзгерді. Бұрын жабық болып келген төре элитасы, енді ашық түрдегі (типтегі) би мен старшиналар элитасымен айырбасталды. Былайша айтқанда би революциясы іске асты, шыңғыс тұқымының саяси құқығы шектелді.

Басқару органдары. Бұрығысынша маслихат жоғарғы заң шығарушы орган болып есептелінді. Оның құрамына қазақ қауымдастығының өкілдері және ең беделді деген сұлтандар кіргізілген. Реформаға байланысты хан билігінің өкіметтігі әжептәуір қысқарды. Бірақ ол жоғарғы қолбасшы, жоғарғы сот қызметін сақтап қалды.

Кейбір мәселелерде, мысалы бейбітшілік шартын жасауға, соғыс жариялауға, елшілер жіберуге маслихаттың келісімін алатын. Хан өлім жазасына үкім шығара алмайтын болды, бұл билер сотына берілді.

Саяси жүйелдегі хан рөлінің әлсіреуі ханды сайлау жүйесін де өзгертті. Меритократия принципі сақталғанымен хандықты мұрагерлікпен сайлау XVII ғ. басына дейін орын алды. XVII ғ. Қазақ хандығының астанасы болып – Түркістан қаласы анықталды, мұнда хан қыс кезінде болатын. Билер кеңесінің беделі артты, оған ең белгілі билер ғана қатысатын, сол сияқты әкімшілік және сот билігі қолында бар басшылар да қатысты. Белгілі территорияны мекендеген рулар ел немесе аймақ деп аталды. Әрбір ру мен тайпанаң белгісі – таңбасы және ұраны болған.

Жүздер. XVII ғ. басынан бастап қазақ саяси жүйесінің ерекшелігі болып жүздерге бөліну есептелді. Бұл ірі террито­риялық, әкімшілік-саяси және шаруашылық автономиясы еді.

Жүздерге бөлінуді Хақназар ханнан бастайды. Қазақстанда ерте орта ғасырдың өзінде-ақ ерекшелігі бар үш аудан бөлінген: а) Жетісу; б) Батыс Қазақстан және Арал бойы; в) Солтүстік-Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан және Сырдарияның Орта ағысы. Міне осы шеқараларда жүздер қалыптасты: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Сөйтіп, қазақ мемлекетінде биліктің екі жүйесі қалыптас­қанын байқаймыз. Авторитетті және аристократиялық екі билік қатар өмір сүрді. Оның біріншісі ашық типтегі басқарушысы элитаның традициясына, салт-дәстүріне, биделіне негізделген. Мұнда ылғиынша жаңа күштер бірін бірі айырбастап отырды. Мұнда шыққан тегің емес, бастысы тәжірибе мен авторитет. Бұл билер мен старшиндер өкіметі болды.

.

Аристократиялық билік жабық түрдегі элитаға арқа сүйеді, өз қатарына жаңа элитаны жібермейтін. Бұл шыңғыс тұқымдары – төрелер билігі. XVII ғ. басында Қазақ хандығы унитарлы бір тұтас мемлекеттен федерацияға айналды, бұған кіретін субъектілер ішкі автономиямен пайдаланды.

Сырдария бойындағы қалалар мен егіншаруашылығымен шұғылданатын округтер ханға тікелей бағынатын да, автономиямен пайдаланбайтын, хан оларды басқаруға сұлтандар мен әкімдерді тағайындайтан.

Алайда, XVIII ғ. бірінші жартысындағы қазақ хандығындағы сыртқы – саяси жағдайдың  шиеленісуі – осы саяси жүйенің дағдарысына әкеп соқты, ол XVIII ғ. бойында өзгерістерге ұшырады, ақырысында, егемендігі мен тәуелсіздігінен айрылуға әкеп жеткізді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.