XVII ғасырдағы музыка

Главная » Рефераттар » XVII ғасырдағы музыка

XVII ғасыр шіркеу үстtмдігінен босап, музыка өнерінде көптеген жаңа жанрлардың, көркемдік құралдарының туған кезеңі болды. Бұл кезеңдегі музыка өнері тартысты, экспрессивті сипатқа ие болып, Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінен даралана түсті, музыка өнерінде тұрмыстық және өмірлік мәселелер басты орынға қойылды. Жаңа образдар, жаңа тақырыптар пайда болып, олар жаңа к-ркемдік құралдарын талап етті. Осылардың бәрі жаңа музыкалық жанр, стиль, пішін мен құрылым және музыка тілінің өзгеруіне алып келді. Бірақ бұдан келіп, барокко дәуірінің жетістіктері теріске шығарылды деуге болмайды. Тіпті, полифониялық қатаң стильдің өзі де одан әрі дамып, жаңа бағытта жалғасын тауып жатты. Бүгінгі музыкалық зерттеулерде XVII ғасырды барокко дәуіріне жатқызу орын алып келеді. Бұл стильдің музыка мәдениетінен айрықша көрініс тапқаны рас. Бірақ XVII ғасырдағы музыка өнері толығымен осы барокко стилінде өрбіді деп айтуға болмайды. Мысалы, Францияда бұл кезеңде классицизм стилі айқын көрініс тапты. И.С.Бах шығармашылығы барокко дәуірінің жетістіктерін одан әрі дамыта отырып, композитордың жеке стилін қалыптастырды. XVII ғасыр ұлы композиторлардың жаңа есімдерін тудырды. Олар музыка өнерінің жаңа беттерін ашып, опера, кантата, оратория, жаңа аспаптық жанрлар тудырды. Осының бәрі И.Бах пен Ф.Гендель шығармашылығына келіп ұласты.
Қайта өрлеу дәуірінің ізімен опера жанры туып, халықтық музыка, жеке ән салу дәстүрі алғашқы орынға музыкалық әуеннің әсемдігін, көркемдігін шығарды. Флоренция мен Римде алғаш рет опера сахнаға шықты. Италия жерінде опера өнерінің биік белесі Клаудио Монтеверди шығармашылығы болды. Оның музыкасында драма мен музыка шебер ұштасып, опералық шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселелер көтерілді. Франциядағы опера жанрының негізін қалаушы Жан Батист Люлли драма театрының тәжірибесіне, әсіресе Г. Корнель мен Ж. Расин шығармаларына сүйенді. Өзінің «лирикалық трагедияларында» Люлли декламациялық қара сөздер қолданыл, хор мен биге ерекше мән берді. Гавот, менуэт ырғақтары опера арияларына да еніп жатты. Ағылшын композиторы Генри Пёрселл өзінің «Дидона және Эней» атты операсы арқылы терең сезімді лириканың көркем үлгісін көрсетті. Оның қарапайым да нәзік шығармалары халық дәстүріне өте жақын болды. Сол туста Лондонға Георг Фридрих Гендель келіп, көптеген опера қояды. Музыка арқылы халықтың еркіндігін аңсау, ерлікке бастау идеясы композиторды оратория жанрына алып келді. Бұл кезеңде вокалдық шығармалармен қатар аспатық музыка да дами түседі. Барокко дәуірінің негізгі музыкалық аспабы орган болса, оның ізімен қолданысқа клавесин түседі. Д.Фрескобальди, Д.Букстехуде, Ф.Гендель, И.С.Бах секілді композиторлар осы клавесинге арнап шығармалар жазды. Орган аспабының күш-қуаты мен латетикасы клавесиннің нәзік дыбысымен ауыса бастады. Француз композиторлары Ф.Куперен, Ж.Ф.Рамо, Л.К.Дакен т.б. клавесинге арнаған шағын пьесалары көпшілік тарапынан жақсы қабылданып жатты. Оған арнап би сюиталары да жазылды. Италия жерінде скрипка аспабының үні басымдау шықты. Арканджело Кореллидің скрипкаға арналған сонатасы, Антонио Вивальдидің концерті өз замандастарына жаңа бағыттың үлгісі болды. XVIII ғасырдың екінші жартысында аспаптық музыка өз биігіне көтерілді. Ірі сарайларда ансамбль, оркестрлер болды. Оларды капельмейстер басқарып, сол топқа арнап музыка жазды. Би сюиталары, опера увертюралары негізінде симфония жанры қалыптаса бастады. Олардың музыкалық әуені халық ән-билеріне құрылды. Вена классикалық симфония және аспаптық музыканың басқа да жанрлары — соната, концерт, квартеттердің отанына айналды. Вена классиктері И.Гайдн, В.Моцарт, Л.Бетховен шығармаларында классикалық музыканың негізі қаланды. Артынша бүкіл Батыс Еуропа елдері осы жанр мен пішіндерді қабылдады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.