XVIII ғ. ортасы мен ХІХ ғ. басындағы Қазақстан

Главная » Рефераттар » XVIII ғ. ортасы мен ХІХ ғ. басындағы Қазақстан

Бүкіл XVIII ғ. бойында және ХІХ ғ. алғашқы ширегінде Россия өкіметі Қазақстанды ашық түрде бағындыруға нақтылы күші болмағандықтан, оны өз отарына айналдыру үшін Қазақ­стандағы әскери бірлестіктердің арасындағы одақты әлсірету, Қазақ хандығының саяси жүйесін іріту, хан билігін тежеу сияқты саясатты қолданады.

Егерде бұл саясат Солтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстанда ХІХ ғ. басына дейін қажетті нәтижесе бермесе, ал Солтүстік-Батыс Қазақстанда отарлық әкімшілік қоғамның саяси жүйесін анағұрлым өзгерте алды және бірте-бірте бүкіл аймақта бақылау жасай алды. Қазақ мемлекеттігінің қайтадан жаңаруы Абылайдың аты­мен байланысты, ол әуелде сұлтан, кейіннен хан болған. XVIII ғ. 30-жылдарында оның атағы солтүстік Қазақстандағы әскери одақтың бастығы (басқарушысы) ретінде көзге түсе бастаған. Оның айқың ұйымдастырушылық және дипломатиялық таланты 1739-1742 жж. жоңғарлармен соғыста ерекше байқалады. Ол жоңғар тұтқынында болуына қарамастан одан босанып шығып олармен тиімді шарт жасасқан.

Мұнда басты рольды формальды түрде жоңғарларға қазақ хандығын бағындырудың маңызы болды, бірақ ол көпке созыл­ған жоқ. 40-жылдардың аяғында жоңғар билеушілерінің ішкі күресіне белсенді араласады, Қазақстанның шығыс бөліміне бақылау орнатады.

Орта және Ұлы жүзде жоғарғы биліктің нығаюы. Аблай­дың сыртқы және ішкі саясаты Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда орталық өкімет билігінің нығаюына жеткізеді. Мұнда хан Әбілмәмбет, бірак Орта және Ұлы жүздің нақтылы билеушісі сұлтан Аблай болды. Қытай императоры 60-жылдары беделді сұлтанды хан титулында танып орыстарға қарсы күресте өзінің көмегін ұсынған.

Ал, Россия жағы болса Абылайды хандыққа бекіту туралы өтініш жасауын сұраған, оған ішкі жауларға қарсы күресте көмек беретіндігін айтқан. Бірақ Абылай сұлтан бұдан бас тартады. Бірақта Абылай Россия протектораттығынан бас тартқан емес, себебі қазақтарға бұл белгілі дәрежеде пайдалы болды, өйткені Россия–Қытай қайшылықтарын Абылай елдің нақтылы тәуелсіздігін сақтауға пайдаланды.

1771 ж. Әбілмамбет қайтыс болған соң, Абылай Түркістан қаласында бүкіл үш жүздің съезінде ресми хан болып сайланады. 1772 ж. Абылайдың хан болуын Қытай императоры мойындаған, ал 1776 ж. жалпы қазақтың ханы деп тану туралы жолдама жіберіледі. Бірақ оны 1778 ж. Орта жүздің ханы деп таныған. Бұл Абылайдың ойынан шықпайды, 80-жылдардың басында Россиямен байланысын тоқтатады.

Абылай үш жүздің ханы болды, оның беделіне ешқандай кір келген емес. Абылайдың билігі кезінде мемлекеттік-құқықтық жүйеде орталық өкіметті нығайту шаралары басталады. Хан өлім жазасына кесу құқығын өзіне алды, мұны бұрын билер соты атқаратын. Жергілікті басқару органдарын қайта құра бастайды, әскери бөлімдердің құқығын шектейді.

Ұлыстық жүйеге көшу басталады. Хандықтың әртүрлі бөліктеріне өзінің ұлдары мен жақын-туысқандарын басқарушы етіп тағайындайды. Мысалы, сұлтан Әділ Батыс Жетісу қауымын басқаруға жіберіледі, Сүйік солтүстік Жетісуды басқарады. Абылайдың күйеу баласы сұлтан Құдайменде – Тобол даласын иемденеді, тағы бір күйеу баласы сұлтан Дайыр – Орталық Қазақстанның бір бөлігін басқарады.

Алайда, Абылай ханға өзінің өкімет билігін толық нығайтуға мүмкін болмады. Сұлтан Дайыр хан болу құқығына таласты, наймандардың сұлтаны Әбілфеиз тіпті тәуелсіз болған.

Кейбір ақсүйектер орталық өкіметке қарсылық жасаған. Россияның шекаралық әкімшілігі қазақ билеушілерінің ханға қар­сы шығуын қолдап отырды. Себебі хан өкіметін әлсірету болған.

Алайда, XVIII ғ. аяғына дейін Қазақ хандығының Россияға бағыныштылығы тым номиналды түрде болды.

XVIII ғ.  аяғы мен ХІХ ғ.  басындағы дағдарыс. Абылай 1781 ж. қайтыс болады да, оның орнына хан болып ұлы Уали сайланады. Уалиды хан деп Қытай 1781 ж. желтоқсанында мойыдаған. 1782 ж. Уали Петроградқа барып Россияға адалдығы­на ант берген. Жаңа хан әрине әкесіндей талантты болған жоқ. Оның хандық құрған жылдарында ішкі дағдарыс үдей түсті. Хандық бөліктерге тарай бастады.

Төртуыл бірлестігі 80-ж. Дайрды хан сайлайды, қаракерей­лер – Қанқожаны, сырдариялықтар – Болат пен Есімді хан сайлап, бұлар бірігіп Түркістан мен оның айналасын басқарады. Орталық үкіметтің әлсіреуі қырғыздармен болған соғыста жеңіліске ұшыратты. 1798 ж. Ташкент жергілікті ақсүйек Юнус Қожаның қолына көшті. Түркістанда бұхарлықтар үстемдік етті, Сырдария бойын ХІХ ғ. басында қоқандықтар биледі.

Сөйтіп, Қазақ хандығы экономикалық және әскери-саяси жоспарлы аймақтан, яғни Сырдария мен оның ескі қазақ қалала­ры аудандарынан айырылды. Бұл Уалидің позициясын қиын­датты, ХІХ ғ. басында ол тек Орта жүздің ханы болып танылады. 1800 ж., ханның бірнеше рет өтінішінен кейін Қытай оның ұлы Ғаббасты тақ мұрагері деп таниды. Осы арқылы Уали хан билігін мұрагерлікке ауыстырғысы келген. Бірақ бұдан ешнәрсе шықпады.

1816 ж. Орталық Қазақстанның қазақтары Россияның қолдауымен Бөкейді хан беп жариялайды. Сөйтіп Орталық Қазақстанда екінші хандық пайда болады.

1817 ж. Солтүстік-Батыс Қазақстанда тағы да екі хан пайда  болады:

  1. қыпшақ қоғамы Тобыл мен Аят арасында көшіп-қонатын, белгілі сұлтан Жантөрені (кайыптың тегінен);
  2. Торғайдың арғын қауымы – Тобыл мен Обаған арасында көшіп-қоңушы Құдайменденің ұлы Жұмажанды хан деп таниды.

1819 ж. Бөкей қайтыс болғаннан кейін оның орнына Шың­ғыс сайланады, бірақ оның билігі Нұраның жоғарғы ағысындағы бірнеше қауымға ғана жүреді. 1821 ж. Уали дүние салады.

Уалидің билігінің қорытындысы – Қазақ хандығының жалпы әлсіреуі болды. Удел жүйесі арқылы басқару, яғни бөліп басқару сұлтандардың әсерін арттырды, орталық үкіметтің әлсіруіне әкеп соқты XVIII ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында. Орыс шекарасына жақын орналасқан сұлтандар мен старшиндер олардан қолдау тауып, белсенді байланыстар жасады, Уалимен санаспай. Бұл маңайдағы билеушілер әртүрлі чин, сыйлық, биліктерін нығайтуға берген Россия уәдесі үшін император мен оның жергілікті билеушілеріне адалдыққа ант беретін.

Осы ситуация ХІХ ғ. 20-жылдарында Россияға хан өкіметін Орта жүзде таратуға мүмкіндік туғызды, осыған орай әкімшілік реформалар өткізілді, ол қазақтарды тәуелсіздіктен айырды, Қазақстанды Россия империясының бір бөлігіне айналдырды.

Арынғазы хан. XVIII ғ. ортасынан бастап Арал бойы жеке басқарылатын, орыс әкімшілігіне бағынбайтын. 1748-1771 жж. мұнда билікті Батыр хан жүргізді, 1771-1791 жж. Батырдың баласы – Қайып хан болды, ал 1794-1815 жж. Қайыптың ұлы Әбілғазы болған.

1816 ж. сәуірінде Арал бойының ханы болып Әбілғазының ұлы Арынғазы сайланады. Ол орталық өкіметті нығайтуға байланысты шараларды іске асырады. Ол анархияны тоқтатты, мемлекетті басқаруға кейбір жаналықтар енгізді. Біріншіден, жергілікті билеушілердің үстемдігін шектеу мақсатында жасауыл институтын енгізді. Жасауылдың қызметі хан жарлықтарын орындауды қадағалау, салықтар жинау еді. Екіншіден, сот жүйесі өзгерді. Бұрынғы традициялы билер сотымен қоса қазылар соты пайда болды, ол шариғат талаптарын басшылыққа алатын. Қылмысты істер құқығына Арынғазы мемлекеттік қылмыс түсінігін енгізді, өзінің қарсыластарына қарсы өлім жазасын қолданды, әрине бұл қазақтар үшін жаңалық еді. Бұрын мұндай шешімді билер сотының съезі ғана шығара алатын.

Үшіншіден, Арынғазыға қарайтын территорияда салық жинау тәртіпке келтірілді, жасауылдар мен қазиларды ұстауға айрықша салық жиналатын болды. Тархандық институты кеңінен қолданылды, яғни мемлекетке сіңірген ерекше еңбегі үшін салықтан босату.

Мұндай саясаттың мақсаты – қазақтарды біріктіру және өкімет билігін орталықтандыру, бұл Хива мен Россияның тоқтаусыз агрессиясына байланысты қажет болды. Арынғазының күшеюінен сескенген Россия өкіметі оны 1821 ж. одан құтылу үшін Петербургка келіссөздерге шақырады да тұтқындайды, Калугаға жер аударады, сол жерде ол қайтыс болған. Уалидің орнына 1821 ж. сайланған Ғұбайдолла 1824 ж. тұтқындалады, осыдан кейін Россия әкімшілігі Орталық Қазақстанды отарлаудың кең көлемді саясатын іске асырады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.