XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті

Главная » Рефераттар » XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті

Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның қазақ әдебиеті да жағдайына әсер етті. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандык үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды, білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды. Бұл үрдісте қазақ халқының өмірін бейнелеуге және оның мүдделерін қорғауға өз үлесін коскан казақ әдебиетінің рөлі соңғы орында қалған жоқ. Қазақ жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатарлы бөлігі Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрін жалғастырып, оларды отаршылдыкқа қарсы күрес идеясымен байланыстыруға тырысты. Ұлттық қозғалыстың басында тұрған Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың әдеби-шығармашылық, коғамдық-саяси қызметінің революциялық-демократиялық бағытта болғаны айқын. Олар ұлт-азаттық идеясына шығармашылық кызметінде ғана емес, өздерінің қоғамдық-саяси қызметінде де ерекше мән берді. Бұған олардың 1905 жылғы бүкіл халықтық революцияға қатысуы, конституциялық-демократиялық партияның съезінде қазақтардың тәуелсіздігін талап етуі, бұл идеяны «Қазақ» газетінің (1913—1918) беттерінде нысаналы бағытта дамытуы, сондай-ақ патша өкіметі құлағаннан кейін Алаш автономиясын құруға әрекет жасауы айғақ болып табылады.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) — XX ғасырдың басындағы казақ әдебиетін бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын. Оның «Маса» деген поэтикалық жинағы (Орынбор, 1911) халықтың ауыр, құқыксыз жағдайына, оны отаршылдықтан азат етуге, дамудағы мешеулікке, надандыққа арналған, екінші жағынан, туынды білімге, ғылымға, мәдениетке шақыру болып табылады. Ақынның отандастарының бойында жоғары азаматтық сезімді оятуға ұмтылысы зор. А. Байтұрсыновтың «Қырықмысал» деген кітабы (Петербург, 1909) Крылов мысалдарының үлгісімен жазылған туындылар жинағы болып табылады Крылов мысалдарының сюжеттерін негізге алып, Байтұрсынов оларды қазақ өмірінен алынған мысалдармен толыктырып, еркін аудару арқылы түпнұсқа қазақ мысалдарын туғызған. Мысалдарда қазактар арасында таралған кеселдер келемеж етіледі, әлеуметтік әділетсіздік сыналады. А. Байтұрсынов — казақ тілінің реформаторы. Ол араб графикасы негізінде әліпби жасады. 1912 жылы басталған бұл жұмыс 1924 жылы «Жаңа емле» ретінде ресми қабылданды. А. Байтұрсынов «Оқу құралы» (1912) және «Тіл кұралы» окулықтарын жазды, олар үш бөлімнен: фонетика, морфология, синтаксис бөлімдерінен тұрады. А. Байтұрсыновтың оқулықтары қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық болды. Кейініректе ол әдістемелік сипаттағы «Баяншы» (1926), «Тіл жұмсарту» (1928) деген кітаптар шығарды. Әдебиеттану жөніндегі тұңғыш еңбек — «Әдебиеттанытқыш» (1926) та Байтұрсыновтың туындысы.
Міржақып Дулатов (1885-1935) — Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа, 1909) жинағы — халықтардың проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындылардың бірі. Ол өз оқырмандарының ойы мен санасына ықпал жасай отырып, олардың назарын әрбір жеке тұлғаның халық алдындағы жауапкершілігіне аударады. Өз заманындағы қазақ қоғамы өмірінің келеңсіз жақтарын ашып көрсете келіп, М. Дулатов отандастарын жаңа өмірге шақырады, баска халықтардағы жақсылық жағын үйренуге үндейді, ғылымды, білімді, әйелдердің тең құқықтылығын жақтайды. «Бақытсыз Жамал» — уақыты жағынан бірінші жазылған казақ романы. Онда патриархаттық-рулық ғұрыптар мен соқыр сенімдердің құрбаны болған қыз — Жамалдың ауыр тағдыры суреттеледі. Сонымен бірге романда туып келе жаткан жаңалыктың өшіп бара жаткан ескілікпен тартысы, жас ұрпаққа өз қарастарының ғасырлар бойындағы негіздерді жақтаушылармен қақтығыстары көрсетілген. Роман жастардың бойында еркіндік сүйгіш идеялардың туындау үрдісін ашып көрсетуімен де тартымды. М. Дулатов орыс және шетел классиктерінің (Пушкин, Лермонтов, Шиллер, Токай) бірқатар туындыларын аударды. Дулатовтың қазақ көсемсөзін дамытуға да қосқан үлесі баға жеткісіз.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) — тәуелсіздік ісіне, халыктың прогресс пен мәдениет жолымен дамуына зор үлес коскан ақын. Ол өткір сыни бағыттағы, әділетсіз өмір бет пердесін ашатын, надандық пен қараңғылықты түйрейтін туындылар жазды. Торайғыровтың пікірінше, халық өз тағдырын өзі жасайды, бұл үшін оған ұйқыдан оянып, ілгері жүру және басқа халықтар сияқты даму керек. Отаршылдыққа қарсы күрескен бауырларына ынтымақтастық ниет көрсете отырып, С. Торайғыров «Таныстыру» деген поэмасында (1918) Дулатовты, Байтұрсыновты, Бөкейхановты «күн», «таң», «ай» деп атайды. Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетін оның көркемдік-эстетикалық дамуы тұрғысынан байытты. Бұлармен қатар ол қазақ әдебиеті үшін жаңа жанрларды қалыптастыру мен дамыту ісінде біраз іс тындырды. Оның өлеңмен жазылған «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары, «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары, лирикалық елендері, көсемсездік, сын мақалалары оның көркемдік ізденістерінің сан қырлы және жан-жақты болғанын ашып көрсеттті. Үгіттік-ұраншыл өлеңдер шеңберінен шығып, ол табиғат және адамның ішкі дүниесі туралы терендігі мен көркемдігі жағынан тамаша лирикалық өлендер туғызды. Оның ірі туындыларында өз бойына жаңа қоғамдық көзқарастарды біріктірген кейіпкер бейнесі көрінеді. Ақын әлі де феодалдық-патриархаттық негіздердің шырмауында қалып, қараңғылық пен надандық күн кешкен қазақ қоғамы дамуының өткір әлеуметтік проблемаларын ашып көрсете білді («Кім жазықты»). Оның уақытты, дәуірді философиялық ой елегінен өткізуге құрылған поэмалары лирикалық-публицистикалық поэма жанрының жаңа да жарқын үлгілері болды. Қазақ әдебиетінде Абай негізін қалаған реалистік өнердің жоғары үлгілерін біз Сұлтанмахмұттың шығармашылығынан таба аламыз.

.
.

Қазак әдебиетінің сыншыл бағытын дамытуда, көркемдік кұралдар арқылы ағартушылық идеяларын аскактатуда Шәкерім (1858-1931), Сәбит Дөнентаев (1894-1933), Мұхамеджан Сералин (1872-1929), Спандияр Көбеев (1878-1956), Бекет Өтетілеуов (1883-1949), Әріп Тәңірбергенов (1856-1924), Ғұмар Қарашев (1876-1921), Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939), Бернияз Күлеев (1899-1923), Нарманбет Орманбетов (1870-1918) және басқалар шығармашылығының ерекше маңызы болды. Поэтикалык шеберлікті дамытып және байыта отырып, олар дәуірді көркемдік ой елегінен өткізуге зор үлес қосты. Егер С. Дөнентаев сюжеті шағын өлендер мен мысалдар жанрын дамытса, С. Көбеев өмір шындығын лирикалық туындыларда бейнелеуге ұмтылды. С. Көбеев пен Б. Өтетілеуовтің шығармашылығы педагогикалық қызметпен астасып жатты: олардың екеуі де ауыл мектептерінде мұғалім болды. Әдебиетті балалар тәрбиелеуге кеңінен пайдалана отырып, жазушылар идеялық мазмұны жаңа бірқатар туындылар жазды. С. Көбеевтің «Қалың мал» романы, балаларға арналған хикаялары мен өлендері осылай туған. С.Көбеев пен Б.Өтетілеуов аударған орыс классиктерінің туындылары аз емес. М. Сералин қазақ әдебиетінің дамуына ғана емес, сонымен қатар өз заманындағы журналистиканың дамуына да үлес қосты. Ол және оның қаламдас бауырлары шығарған «Айқап» журналы (1911-1915) қазақ әдебиетінің ағартушылық және демократиялық бағытын айқын да анық ұстанды. Сералин поэмалар жазып, Фирдоусидің «Шахнамесін» («Рүстем — Зураб») аударды. М. Сералин «Айқап» беттеріндегі көсемсөздік туындыларында патриархаттық негіздерді сынға алып, халықты ағарту ісіне, оның ілгері ұмтылуына, қазақтардың отырықшылық тұрмыс салтына көшу проблемасына ерекше көңіл бөлді. Біз Ғ.Қарашев пен Н. Орманбетовтің туындыларынан айтарлықтай көркемдік шешімдерді көреміз, оларда отаршылдықтың мәні, халықты басқару саясатының екіжүзділігі, қазақ қоғамы өмірінің артта қалғандығы кеңінен ашып көрсетілген. Бірнеше кітаптың («Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» және басқалар) және философиялық толғаныстардың авторы Ғұмар Қарашев өз ерекшелігі бар жарқын ақын, ағартушы-философ ретінде, шариғат дәстурлеріне және ар-ожданға адал суреткер ретінде көрінді. Ол Ақпан революциясын және «Алаш» козғалысын үмітпен карсы алып, өз халқының бостандығы мен тәуелсіздігіне сенді, кейіннен Кеңес өкіметіне ізгі ниет білдірді. Ал Нармамбет өлендерінде («Сарыарқа», «Заман» және басқалары) қазақтар шұрайлы қонысынан айырылып, туған жерлерінен көше бастаған кездегі патша өкіметінің қоныс аудару саясаты салдарынан ерекше көрінген халыктың ауыр өмірін суреттеді.

XX ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушылары өздерінің бағдары мен көркемдік ізденістері жөнінен әсте де бірдей емес. Талант көп болған сайын оның кыры да алуан түрлі болмақ. Олардың кәбісін революциялық-демократиялық және ағартушылық-демократиялық идеялар біріктірді. Бұл бағытты ұстанғандардың бәрі прогресті, халықтар әдебиетінің озық идеяларын меңгеруге тырысты. Сонымен бірге Шығыстың демократиялық әдебиетінің тәжірибесін пайдалана отырып, таза ұлттық дәстүрде жазған ақындардың тұтас тобы болды. Надандықты, билік басындағылардың әділетсіздігін, патша өкіметінің отаршылдық саясатын олар да сынады, алайда олар бұл тұйықтан шығу жолдарын таба алмай, оның шешімі өткендегі «жақсы» заманға оралуда деп тапты. Бұл ақындар қатарына Мәшһүр Жүсіп Көпеевті (1858—1931), Нұржан Наушабаевты (1859-1919), Мақыш Қалтаевты (1869 -1916) жатқызуға болады. Олардың реалистік туындылары біздің сол дәуірдегі шындыкты ұғуымызға көмектеседі. М. Ж. Көпеевтің «Сарыарқа кімнің жері?» деген кітабы (Қазан, 1907) тәркіленіп, ал басып шығарушыға ірі көлемде айыппұл салынды. М. Ж. Көпеевтің мұрасында халыктың ауызша шығармашылығының ол жинаған туындылары мен қазақ ақындарының шығармаларынан тұратын қолжазбалар сақталған. Н. Наушабаевтың поэзиясы негізінен ғибрат пен тағылымы мол термелерден тұрады. М. Қалтаевтың шығармашылығында өмір мен дәуір кең көрсетілгеніне қарамастан, дегенмен де көркемдік деңгейі солғын тартып жатады. Қазак ақындарының басқа бір тобы халык туындылары, сондай-ақ Шығыс шығармалары сюжеттерінің ықпалымен дастандарға және хиссаларға ерекше көңіл бөлді. Оларға Жүсіпбек Шайхысламұлын (1854—1936), Шәді Жәңгірұлын (1855-1933), Ақылбек Сабалұлын (1880-1919) жатқызуға болады. Олардың бәрі тамаша білімді еді және араб-парсы әдебиетінің білгірлері болатын, халықтың аса бай фольклорын егжей-тегжейлі білетін, Олар өз туындыларын тығыз байланысты болған Қазан баспаханаларынан бірде «Дастан» түрінде, бірде «хисса» түрінше шығарып отырды. Осы туындылар арқылы XX ғасырдың басында халық арасында хиссалар кең таралды. Мұнда сюжеттерінің қызықты, суреттелетін тарихи оқиғалардың маңызды болуы аз рөл атқарған жоқ. Бұл туындылардың арасында «Қыз Жібек», «Мұңлық — Зарлық», «Сейфүл -Мәлік», «Қасым — Жомарт», «Орақ— Күлше», «һарон ар-Рашид», «Камарзаман», «Бозжігіт», «Тахир — Зуһра», «Назым» және басқалар бар. Олар түрлі тақырыптарға (махаббат, әділдік, наным және т.б.) жазылғанымен, бұл дастандарды адамзатқа деген сүйіспеншілік байланыстырды. Олардың кейбіреуі талай рет қайта басылып шыкты. Халык өміріндегі тарихи оқиғалар туралы жазып, оларға халықтық баға беруге тырыскан ақындар да болды. Бұл арада Ығылман Шөрековтің (1871— 1932) «Исатай—Махамбет» поэмасын айту орынды. Автор тарихи оқиғалар хронологиясын тәптіштеп тере бермей, Исатай батыр мен онын досы Махамбеттің бейнелерін ашып көрсетуге тырысады. Көтерілістің негізгі кезеңдеріне ғана тоқталған автор оның шын себептерін ашып, ру аралық жанжалдарды шешудегі Исатайдың даусыз беделін, Жәңгір ханмен қақтығыстардағы батырдың ержүректігін көрсете білген.
Қарастырылып отырған кезеңде қазак әдебиеті мен мәдениетінің дәстүрлерін жалғастырған сазгер-ақындардың шығармашылығы елеулі орын алады. Театрлар, концертзалдары болмаған жағдайларда сазгер-ақындар халықтың рухани мәдениетінің дамуына, оның театр және ән-күй өнерін байытуға зор үлес қосты. Біржан, Ақан сері, Мұхит шығармашылығының дәстүрлерін ұстана отырып, сазгер-ақындар Жаяу Мұса Байжанұлы (1835—1929), Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864—1919), Мәди Бапиұлы (1880-1921), Майра Уәлиқызы (1896-1926), Иманжүсіп Құтбанұлы (1863-1929), Әсет Найманбайұлы (1867-1923), Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1856—1932), Кенен Әзірбаев (1884—1976) және басқалар демократиялық бағыттағы жаңа әндер мен жырлар туғызды. Олардың едәуір туындыларында өмірдің көркемдігі жырланды, тыңдаушылардың бойында жоғары эстетикалық сезімдердің қалыптасуына жәрдемдесті. Сонымен бірге бұл шығармаларда да коғамның әлеуметтік жағынан әділ кұрылмағандығының проблемалары қозғалып, отаршылдық бұғауынан арылуға шақырған ұрандар естілді. Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Мәди, Иманжүсіп, Үкілі Ыбырай патшалық өкімет орындарының қысымы мен кудалауын өз бастарынан кешірді. Сазгер-ақындардың кызметі сөз жоқ, шынайы халықтық ән шығармашылығының дамуына көмектесті. Олар «Жаяу Мұса», «Хаулау», «Ғалия», «Қаракесек», «Майра», «Иманжүсіп», «Гәкку», «Бозторғай» сияқты классикалық туындылар туғызды. Сазгер-акындардың мұрасы орасан көп және алуан қырлы. Мұнда лирикалық әндер мен дастандарды кездестіруге болады, ал Әсет, Кенен сияқты ақындар айтыстарға қатыскан.

.

XX ғасырдың басындағы казақ әдебиеті дамуының ерекшелігі оның басқа халықтардың әдебиеттерімен байланысы болып табылады. Тарихи жағдай коғамдық-экономикалық байланыстардың күшеюіне себепші болып қана қоймай, рухани мәдениет саласындағы қарым-қатынас үрдісін жандандыра түсті. Бұл козғалыста қазақ мерзімді баспасөзі едәуір рөл атқарды, оның негізін «Түркістан уәлаятының газеті» (1870—1882) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888—1902) салып берді. Олардың беттерінде орыс әдебиеті мен дүниежүзілік классикадан аудармалар басылды. Абайдың аудармашылық дәстүрлерін жалғастыра отырып, Ә. Тәңірбергенов пен Ә. Найманбаев А. Пушкиннің «Евгений Онегинінен» үзінділер жариялады, сондай сюжетке өз туындыларын жасады. «Капитан кызы» (аударған М. Бекімов, 1903) мен «Дубровский» (аударған Ш. Құдайбердиев, 1912), сондай-ақ А. Байтұрсыновтың «Қырық мысалы» (1909) мен С. Көбеевтің «Үлгілі тәрбиесі» (1910) кітап болып жарық көрді. Б. Өтетілеуов Пушкиннің, Лермонтовтың, Жуковскийдің, Плещеевтің, Крыловтың туындыларын аударды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінің беттерінде орыс, Шығыс және Батыс Еуропа әдебиеттерінен жасалған аудармалар үлкен орын алды. Олардың арасында «Рүстем-Зурабты» (Фирдоусидің «Шахнамесінен» — аударған М. Сералин), Д. Байронның «Шильон тұткынын» (аударған А. Ғалымов), «Мың бір түннен» үзінділерді, А. Толстой мен А. Чеховтың әңгімелерін атауға болады. Сонымен дүниежүзілік классикалық әдебиеттің көркемдік тәжірибесін меңгеру үшін кең жол ашылды. Ғасырдың басында қазақ әдебиетінің дамуына 1916 жылғы ұлт-азаттык қозғалыс елеулі ықпал жасады. Көтеріліске қазақтарды тыл жұмыстарына алу туралы патша жарлығы себеп болды. Отаршылдық езгінің ауыр салмағы зарықтырған халық өмірдің жақсаруынан қандай да бір үмітін үзіп, өз билеушілеріне қарсы көтерілді. Амангелді, Бекболат сияқты халық батырларының басшылығымен көтеріліске шыққан халық өкіметтің өкілдерін жазалай бастады. Алайда стихиялы түрде басталған көтеріліс басшылық ететін ұйымдасқан орталығы болмай, көп кешікпей-ақ бәсеңдей бастады, ал патша солдаттары одан кейін де ұзақ уақыт жүгенсіздік етті. Халықтық әдебиетте бұл көтеріліс туралы көптеген туындылар сақталған. Оларда халықтың ауыр тағдыры туралы, патша өкіметінің, қысым көрсетуі туралы, бостандық жолындағы күрес туралы, көтеріліске шыққан адамдар мен оның жетекшілері туралы баяндалған. Бұл туындылар авторларының ішінен азаттық қозғалысына тікелей қатысып, бұл күрестің барлық қиындықтары мен қасіретін бастан кешірген Сәт Есенбаевты, Күдеріні, Омар Шипинді, Төлеу Көбдіковті, Бұзаубековті, Иса Дәукебаевты атауға болады. Ақындар Омар мен Күдері аңызға айналған Амангелді туралы, Иса — Бекболат туралы тарихи жырлар туғызды. Аталған туындылар қазақ әдебиеті тарихынан лайықты орын алды. Олардың ерекшеліктері халық батырларының жаңа бейнелері, нақты тарихи оқиғалар шығарма арқауын құрады.

One thought on - XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.