Құқық шығармашылық және нормативтік – құқықтық актілердің жүйелілігі

Главная » Рефераттар » Құқық шығармашылық және нормативтік – құқықтық актілердің жүйелілігі

Құқық шығармашылық үрдіс түсінігі және оның этаптары. Құқық шығармашылық мемлекеттің жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілікті түрі. Норма шығармашылық қоғамдағы қарым-қатынастарға тікелей ықпал ететін негізгі жол, құқыққа мемлекеттік күш беретін құрал. Құқық шығармашылық тек мемлекеттің жұмысы, мемлекеттің, қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын, орындайтын бірден-бір айқындалған жол. Басында норма туралы ой-пікір табиғи жолмен қалыптасып, жаңа қатынастарды реттеуге, басқаруға үлес қоса бастайды. Бірте-бірте ой-пікір норманың жобасына айналады. Сөйтіп мемлекеттік органның қарауына, талқылауына түседі.

Норма шығармашылықтың кезеңдері:

  1. Норманың жобасы туралы тиісті органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субъектілер әр мемлекеттің конститутциясында көрсетіледі.
  2. Тиісті ресми мемлекеттік орган қаулы қабылдап, жоба жасауға тапсырма береді.
  3. Жобаны талқылау. Оған мамандарды, заңгерлерді қатыстыру.
  4. Жобаны парламентте талқылау.
  5. Нормативтік актіні қабылдау, бекіту.
  6. Норманы жариялау.

Жаңа норманың сапалы болып шығуына, мазмұнды, ықшамды болуына өте қатаң көңіл бөлу, терминдерге түсінік беру; көп жүйелерді біріктіріп, халықтың түсінуін ауырлатуға жол бермеу. Оның орнына бірнеше жеке норма шығарған дұрыс. Норманың мазмұнын үш түрде беруге болады:

.
  • тікелей сол норманың өз ішінде толық мазмұнның болуы(гипотеза, диспозиция, санкция);
  • сілтеме түрде беру-норманың бір бөлімі, элементі жетіспесе, сол заңның басқа баптарына сілтеме жасау;
  • бланкеттік түрде беру-норманың жетіспейтін жері туралы басқа заңдарға сілтеме жасау.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  заң  және  заңға  тәуелді  актілерді  шығарудың, қабылдаудың, бекітудің  толық  әдістемесі  көрсетілген. Заң шығаруда  ұсыныс  құқығы – Праламент депутаттарында және  Үкіметтің  құзырында.

Қазақстан Республикасының  заң  шығару  процесінің ерекшеліктері бар. Бұл процесс, әдетте, заң  шығару  қызметінің  сатылары  және олардың  бірізділігі арқылы  дамып отырады.

Бірінші ол заң  шығару быстамасынан басталады. Заң  шығару бастамашылығы  құқығы субъектінің Парламент  қарауға  міндетті. Заң  жобасын  және Парламенттің  өзге  актісінің жобасын ресми  енгізуі  заң  шығару  бастамашылығы  болып  табылады. Бұл құқық Парламенттің  депутаттарына және  Үкіметке Конституция бойынша  берілген.

Мәжілістің  комитеттері  заң  жобасын  қабылдап  қарайды, олар  алдын ала  заң  жобасын   әзірлейді. Бұдан  кейін заң  жобасын  Мәжіліс  бюросының  қарауына тапсырады. Бюро  заң  жобасы жұмысының қорытындысын  тұрақты комитетте  қарап, оны  Мәжілістің  пленарлық отырысының  қарауына беру  туралы  шешім қабылдайды.

Заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысының  қарауына  беріледі. Мұнда  заң  жобасы бір рет, әдетте, екі рет, кейде одан да  көп  пысықталады. Одан  кейін Мәжіліс  депутаттары  қараған және  жалпы  санының  көпшілік  дауысымен  мақұлданған  заң  жобасы Сенатқа  беріледі, ол онда әрі  кеткенде 60  күннің  ішінде қаралуға  тиісті. Сенатта алдымен  комитеттерінде, кейін  бюро, пленарлық отырысында  заң  жобасы қаралады. Сенат  депутаттары  жалпы санының  көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға  айналады  және  ол он  күннің  ішінде Президенттің  қол қоюына беріледі. Президент заң  жобасын Конституциялық Кеңеске Конституцияға  сәйкестігін тексеруге бере  алады. Президент  заңға қол қойғаннан  кейін заң жарияланады.  

Құқық шығармашылық қағидалары мен түрлері

Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары:

  1. Демократизм мен жариялық- шығармашылық процесіне қалың бұқара, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, ақпарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, өздерінің пікірлерін айтып, ұсыныстарын береді. Өте күрделі мәселе бойынша жалпы халықтық референдум жүргізіледі.
  2. Заңды кәсіпқойлық-мемлекеттің заң шығармашылық органдарының кәсіпқойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестің сапасын көтеру үшін: біріншіден-қысқа және ұзақ мерзімді заң шығару жоспары болу керек; екіншіден-заң және заңға тәуелді нормаларды шығару көп жылғы тексерістен, тәжірибеден өткен ережелері болу қажет; үшіншіден-заңның жобасын тәуелсіз ғылыми сараптамадан өткізіп барып, парламентте талқылау керек; төртіншіден-парламенттегі депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.
  3. Құқық шығармашылықтағы заңдылық-жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Егерде мемлекеттің ең жоғарғы өкілетті органдары Конституцияға нұқсан келтірсе, ол мемлекеттен жақсылық күтуге болмайды.
  4. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру-бұл үшін қоғамның саяси-экономикалық, мәдени -әлеуметтік жүйелерін жан-жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алу керек.

Нормаларды референдум арқылы бекіту. Норма шығармашылықтың өзіне тән қағидалары: Әділеттік, демократизм, заңдылық, теңдік, достық, бостандық. Міне осы қағидалар дұрыс дамыса, мемлекеттің жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.

Құқық шығармашылықтың үш түрі бар:

  1. Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі, шығаруы:
  2. Өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қабылдап, бекіту.
  3. Нормаларды референдум арқылы бекіту. Норма шығармашылықтың өзіне тән қағидалары: Әділеттік, демократизм, заңдылық, теңдік, достық, бостандық. Міне осы қағидалар дұрыс дамыса, мемлекеттің жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.[7, 159б.]

Норма шығармашылықтың кезеңдері:

  1. Норманың жобасы туралы тиісті органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субъектілер әр мемлекеттің конститутциясында көрсетіледі.
  2. Тиісті ресми мемлекеттік орган қаулы қабылдап, жоба жасауға тапсырма береді.
  3. Жобаны талқылау. Оған мамандарды, заңгерлерді қатыстыру.
  4. Жобаны парламентте талқылау.
  5. Нормативтік актіні қабылдау, бекіту.
  6. Норманы жариялау.

Жаңа норманың сапалы болып шығуына, мазмұнды, ықшамды болуына өте қатаң көңіл бөлу, терминдерге түсінік беру; көп жүйелерді біріктіріп, халықтың түсінуін ауырлатуға жол бермеу. Оның орнына бірнеше жеке норма шығарған дұрыс. Норманың мазмұнын үш түрде беруге болады:

  • тікелей сол норманың өз ішінде толық мазмұнның болуы(гипотеза, диспозиция, санкция);
  • сілтеме түрде беру-норманың бір бөлімі, элементі жетіспесе, сол заңның басқа баптарына сілтеме жасау;
  • бланкеттік түрде беру-норманың жетіспейтін жері туралы басқа заңдарға сілтеме жасау. [5,77-85б.]

Нормативтік – құқықтық актілерді жүйелеу негіздері

Қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне қайшы келуі де, қайталануы да, кемшіліктер де молаяды. Осы сан алуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырады, оның әр түрлі әдіс-тәсілдері болады:

1) Ең күрделі түрі: инкорпорация, кодификация, консолидация. Инкорпорация – нормалардың мазмұнын өзгерпей сала-салаға бөліп, алфавит бойынша норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы нормативтік актілердің жинақтарын шығару. Инкорпорацияның түрлері:

— ресми инкорпорация – мемлекеттік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа сілтеме жасауға болады;

— бейресми инкорпорация – жеке және заңды тұлғалардың жасаған жинақтары, оған сілтеме жасауға болмайды;

— хронологяилық инкорпорация – норманың қабылданған уақыттарына сәйкес жүйеге келтіру;

— жүйелік инкорпорация – құқықтың жүйесіне  немесе қатынастардың жүйесіне сәйкес нормаларды жинақтау, бұл маңызды жинақ деуге болады. Оның ішіндегі ең күрделісі – заңдардың жинағы (свод законов). Басқа жинақтардан заң жинағының ерекшеліктері:

1). Жинақ заң шығарушы органның нұсқауымен жасалып, парламентте бекітіледі.

2). Жинақтың жасалу процесінде ескірген нормалар алынып, кемшіліктері болса толықтырылып, жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар қабылданып, қоғамдағы құқық толығымен жаңарып шығады.

3) Жинаққа қоғамдағы ескірмеген заңды күші бар нормативтік актілердің барлығы кіргізіліп, мемлекеттің ең негізгі заңды жинағына айналады.

Мұндай тәжірибе – заңдар жасау мемлекеттердің көпшілігінде кездеседі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы хронологиялық және жүйелік жинақтар жасау үшін барлық нормативтік актлерді сала-салаға топтастырып реттеп, тізім жасап жатыр.

Инкорпорация арқылы нормативтік актілер тек сырттай реквизиттеріне сәйкес жинақталады. Олардың ішкі мазмұнына инкорпорация тиіспейді. Кемшіліктерін жоя алмайды.

.

Нормативтік актілердің ішкі құрылысындағы кемшіліктерді, олқылықтарды, қайталауды жою жолы оларды біріктіріп, бір күрделі нормативтік актіге айналдыру қажет. Бұл жолды консолидация деп атайды. Консолидация өзінің құрамына кірген барлық нормалардың орнындағы біріккен бір акті болып саналады. Оның өзінің жаңа ресми реквизиттері болады: актінің аты, шығарған мекеменің аты, уақыты нөмірі, орны. Бұл нормативтік акт құқық шығармашылықтың бір түрі деуге болады.

Консолидация процесінде нормативтік актілердің қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқару мазмұнына тиіспейді, тек нормалардағы қайталауды олқылдықты, кемшілікті түзетіп жүйеге келтіру. Консолидацияның өзіне тән ерекшеліктері:

1). Консолидация процесін жүргізетін заң билігінің органдары. Сондықтан консолидация заң шығармашылықтың бір түрі.

2). Консолидацияда біріктірілген нормативтік актілердің заңды күштері жойылады. Оның  орнында біріккен нормативтік актінің заңды күші келеді.

Қазіргі заманда нормативтік актілерді консолидация арқылы жүйелеу процесі мемлекеттердің көпшілігінде өте кең пайдаланады. Біздің Қазақстан мемлекетімізде де осы бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

Кодификация – нормалардың мазмұнының ұқсастығына қарай жіктеп, ғылыми тұрғыдан салаға, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп, құқықтық нормалардың қолдануын жеңілдету. Бұл процесте нормативтік актілер өте күрделі жаңа заң шығармашылық көзқарастан өтіп парламентте бекітіледі.

Нормативтік актілерді кодификациялау процесінде олардың мазмұны өзгеріп, ескірген нормалар алынып, қайталануы жойылып, олқылықтары толықтырылып, жаңа мүдде-мақсатқа сәйкес жаңарып, бір салада біртұтас кодекс болып шығады. Кодекстің ішкі құрылымы өте күрделі: тараулар, бөлімдер, баптар. Бірақ олардың ара-қатынасы тұрақты, ықшамды, ғылыми байланысты, қолдануға пайдалануға ыңғайлы. Құқықтық нормаларды іске асыруда, дұрыс, уақытында орындауда маңызы өте зор.

Сонымен кодификацияның өзіне тән ерекшеліктері:

1). Нормативтік актілердің жүйелеу процесінде мазмұнының өзгеруі, барлық кемшіліктерінің жойылуы, жаңарып, құқықтың салаларына сәйкес біртұтас кодекс болып шығуы.

2). Кодекстерді жаңарту, өзгерту тек парламенттің құзыретіндегі — өкілеттіндегі мәселе.

3). Қоғамдағы құқықтың сапасын жақсартудың ең маңызды, негізгі жолы.

Кодификацияның түрлері: Конститция, Кодекс, ережелер, жарнама, әскери заң, зейнеткерлер заңы, теміржол заңы т.б.

Қазіргі заманда мемлекеттердің басым көпшілігінде кодификация кеңінен қолданылады. Біздің мемлекетімізде де кодификация жақсы дамып келеді.

Қоғамдағы нормативтік актілерді жүйеге келтірудің екінші әдісі оларды пайдалану қолдану жұмыстарын жеңілдеті тәсілі.[19, 145-163б]

Нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау мемлекеттік органдардың, қоғамдық  ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіби одақтың міндеттері. Олар 10-15 жылдар өздерінде сақтап, мемлекеттік архивке тапсыруға тиісті. Мемлекеттік архив ол материалдардың бағалы, керекті құжаттарын, естеліктерді, ғылыми-техникалық, мәдени, білім жетістіктерін мәңгі сақтауға міндетті. Біразын 50-100 жыл өткеннен кейін актілеп жоюға болады.

Қоғамдағы барлық нормаларды білу, олар туралы жедел түрде түсінік беру әр мемлекеттің кезек күттірмейтін міндеті. Бұл істі мемлекет бақылауға алып, қатаң тәртіп орнатып, құқықтық нормаларға жедел түрде түсінік беруді қамтамасыз етіп отырады.  Ол үшін мемлекет барлық заңды күші бар нормаларды толық есепке алып, жинақтап отырады.

Мемлекеттік есепке алудың әдіс-тәсілдері:

— кітапшылық есепке алу: алфавит, хронологиялық, сала, жүйелік бойынша;

— картотекалық есепке алу: норманың, мекеменің аты-жөні, шығарған жері, уақыты, нөмірі;

— автоматикалық-механикалық есепке алу: ЭВМ т.б.;

— компьютерлік есепке алу: ең күрделі, ең шапшаң және көпке шыдап, сақталатын жүйе.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, нормативтік-құқықтық актілерде көпшіліктің және жеке адамдардың мүдделерін қорғайтын құқық нормалары бекітіледі және оларды нақтылы экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және осы тарихи кезендердегі халықаралық жағдайларға байланысты үйлестіреді.

Қоғам өмірінің дамуымен, қоғамдық қатынастардың қиыңдауымен міндетті бағыттар қоғамдық прогресстің тежеуіне айналды.

Жалпылама нормативты реттеуге көшу эволюциялық жолмен іске асырылуда. Алғашқыда нормативтік реттеу, қоғам өміріндегі тек қана, тікелей мемлекеттік биліктің мүддесіне тиісті болды. Жекеше мүліктік және отбасылық қатынастар көп уақыт бойында әдет-ғүрып құқығымен сот жұмысының ықпалдарыңда болды. Уақьгг өткен сайын, нормативтік-құқықтық реттеу өзіне қоғам өмірінің басқа аяларын бағындыра отырып, кеңейе түсті және қоғамдық қатынастарды реттеудеп ең алдыңғы құқықтық нысанға айналды.

Басқа құқықтық деректерден (нысаннан) айырмашылығы, нормативтік-құқықтық актілердің мынандай белгілері бар:

  1. I. Нормативті-құқықтық актілер құзіреті бар мемлекетгік органдардың құқықтықшығармашылық жұмыстарының нәтижесінде не болмаса, бүкілхалықтық ерік біддіру арқылы (референдуммен) құрылады. Құқықтық шығармашылық жұмыс дегеніміз, құқық нормаларын шығаратын, сонымен бірге оларды жетілдіріп ескірген құқық нормаларының пайдаланылуын тоқтататын мемлекеттік органдардың қызметі.

Құқықтық шығармашьшық — нормативті-құқықтық актілерді дайындауға және жетілдіруге арналған қызмет. Оның негізгі екі түрі бар: тікелей құқықтық шығармашьшық және жанама түрдегі (мемлекеттік) құқықтық шығармашылық.

Тікелей құқықтық шығармашылық — референдумды өткізу кезіңде іске асырылады, яғни конституция негізінде мемлекеттік билікпен ұсынылған нормативті-құқықтық актілер қабылданады немесе қабылданбайды.

Мемлекеттік құқықтық шығармашылық заңмен белгіленген тәртіпке сай, құқық нормаларын өзгерту не жоюмен көрінеді. Оған мемлекет рұқсат (санкция) берген қоғамдық ұйымдардың нормаларды шығару туралы, шығармашьшық жұмыстары жатады. Мұнда, қоғамдық ұйымдардың шығаратын құқықтық нормалар, мемлекет қорғайтын қасиеті бар нормаларға айналады.

Нормативті-құқықтық актілерде тек құқық нормалары болады, яғни, жалпы сипаттағы мемлекеттік міндеттілікке ие тәртіптер. Сондықтан, нормативті-құқықтық актілерде жекелеген құқықтық актілерден айыра білу қажет. Олар құқықтық деректерге жатпайды. Жеке құқықтық актылар өз әрекетін құқықтық реттеу аясындағы белгілі құқық субъектілеріне бағыттайды. Ол бірақ рет пайдалануға арналған, яғни жекелеген адамдарға арналып, белгілі құқықты не міндетті іске асырғаннан кейін өз әрекетін тоқтатады (мысалы, белгілі адамға әлеуметтік қамтамасыз ету органымен пенсия тағайыңдау, соттың шешімімен мәжбүрлеу арқылы міндетті адамнан қарызын қайтару).

Жекелеген құқықтық актілер, жалпы құқықтық нормалардың ұйғарымын іске асыруға маңызды және қажетті құрал. Олар міндетті мемлекеттік сипатта болады, оларды қамтамасыз ету құзыреті бар мемлекеттік оргаңдар арқылы жүргізіледі (сотпен, арбитрахбен, мэрлермен) дегенмен, олар құқықтық деректерге жатпайды себебі, құқық нормалары оларда жоқ. Құқықтық нормалардан айырмашылығы, олардың ұйғарымдары жекелеген адамдарға және нақтылы өмір жағдайларына арналған.

Нормативті-құқықтық актіні құқықтану деректерінен не болмаса, біздің құқықтық біліміміздің деректерінен айыра білу қажет. Біз құқық нормалары туралы мәлімдемелерді әртүрлі заңдар жинағынан, тарихи құқықтық ескерткіштерден, профессионал заңгерлердің еңбегінен аламыз. Бұның барлығы, құқық нормалары туралы алатын біздің түсінігіміздің деректері, олар құқықтың деректеріне жатпайды.

.

Нормативті-құқықтық актілер ресми түрде мемлекеттік құжат ретінде дайындалады, олардың міңдетті түрдегі ерекше белгілері бар: актының аты (заң, жарлық, қаулы), қабылдаған органның аты (парламент, президент, үкімет, жергілікті билік оргаңдары).

Нормативті актілерде құқық нормалары белгілі құрылымдарына байланысты бірігеді: тарау, бөлім, бап (мысалы азаматтық кодексте: бөлім Міндеттілік құқығы, тарау Міндетті орындау, бап Міндеттілікті жедел түрде орындау (атқару).

Сонымен, нормативті-құқықтық акт — құқықтық шығармашылықтың ресми актісі, онда құқық нормалалар.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.