Құқықтық мәдениетті жақсарту

Главная » Рефераттар » Құқықтық мәдениетті жақсарту

Адам қоғамының даму процесінен қалыптасқан ең зор мәдени байлық — құқық пен құқықтық заңдар. Адам қоғамын дағдарысқа ұшыратпай, миллион жылдар реттеп, басқарып келе жатқан мемлекет пен құқық. Мәдениеттің және құқықтың даму процесінде заңдылықпен құқықтық тәртіп қалыптасып, қоғамның прогрестік жолымен дамуына мүмкіншілік жасады. Қоғамның мәдениет саласындағы қатынастардың көпшілігі заң арқылы реттеліп басқарылып жатады. Заң мәдениеттің негізгі мүдде-мақсатын анықтап, оның орындалу бағыттарын көрсетіп реттеп отырады. Заң мәдениеттің жаңа бағытын, жаңа мақсатын болжап, алдан-ала заңға тәуелді нормативтік актілердің қабылдауын қамтамасыз етеді. Заң құқықтық мәдениетті басқаратын, дамытатын аппараттарды құрып, нығайтып отырады.

Заңның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ететін, заңға тәуелді нормативтік актілер. Сондықтан құқықтық мәдениетті дамыту үшін мемлекет барлық басқарушы аппараттардың (Үкімет, министрлік, ведомстволық, жергілікті органдардың) жұмыстарын жақсартып, олардың нормалары мен құжаттары дұрыс, реттеуді, басқаруды тиісті дәрежеде ұстауды қамтамасыз етеді. Құқықтық мәдениеттің жақсы дамуының негізгі шарттары: халықтың рухани сана-сезімін дамыту; мемлекеттік биліктің үш бағыттығы жұмысын жақсарту, заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату; мәдениеттің жетістіктерін қорғау; құқықтық мемлекетті қалыптастыру.

Бұл шаттарды орындау үшін біріншіден — қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік даму процесін күшейту; екіншіден — мәдениеттің аппараттағы қызметкерлердің сапасын жақсартып, білімін, тәжірибесін көтеру; үшіншіден — демократияны дамыту керек. Құқықтық мемлекеттің ең жоғары деңгейдегі түрі профессионал — заңгерлер. Бұл топқа жататындар: мемлекеттің заңдарын қорғайтын органдарда қызмет атқаратын азаматтар және заңгерлердің кәсіпқойлық ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін мамандар. Олардың көпшілігінің құқықтық сана-сезімі, білімі, тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болады. Сондықтан олар нормативтік актілерді қабылдауға, қорғауға, орындауға өте зор үлес қосады, қателікке, кемшілікке жол бермейді. Бұл бағытта маман заңгерлердің рөлі өте жоғары дәрежеде болады. Олар құқық теориясын ғылыми тұрғыдан зерттеп, дамытып отырады, нормативтік актілердің сапалы болып шығуына, орындалуына көп үлеc қосады.

Мемлекеттік профессионал заңгерлердің құқықтық білімін, сана-сезімін, мамандық тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп отыруға көңіл бөліп, көптеген істер атқарады, шаралар қолданады. Сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті дамытуға, нығайтуға мүмкіншілік жасап отырады. Профессионал заңгерлердің басым көпшілігі адал, жақсы қызмет атқарады, демократияны, әділеттікті, теңдікті, бостандықты дамытуға, нығайтуға зор үлес қосады.

Сонымен бірге көптеген мемлекеттердің өмір тәжірибесі көрсеткендей, заңгерлердің ішінен аз да болса да заңдылықты, құқықтық тәртіпті бұзатындар кездесіп жатады. Оның себебі сана-сезім, мәдениеттің, бөлімнің деңгейі төмен, нашар болуынан. Ондай адамдар әшкерленіп, құқық қорғау органдарынан қулады. Қоғамның құқықтық мәдениеттің жетілдіруге заңгерлердің ғылыми және кәсіпкерлік қоғамдастарының, ұйымдарының маңызы өте зор. Олар нормативтік актілердің сапасын көтеруге, нормалардың қателіктерін түзетуге, кемшіліктерін жетілдіруге, құқық теориясын дамытуға көп үлес қосады.

Құқықтық мәдениет екі деңгейден тұрады: адамдардың сана-сезімінің деңгейі және олардың мамандығының деңгейі. Құқықтық мәдениеттің сапасы немесе сапасыз екенің қоғамдағы бостандықтың, әділеттіліктің, демократияның, заңдылықтың, құқықтық тәртіптің деңгейінен білуге толық болады. Құқықтық мәдениет сапасының жоғары дәрежеде болуы құқықтық мемлекетті қалыптастыруға зор әсер етеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.