Құқықтық мінез-құлыққа әлеуметтік талдау жасау

Home » Рефераттар » Құқықтық мінез-құлыққа әлеуметтік талдау жасау
Рефераттар Комментариев нет

Құықтық әлеуметтену процесіне талдау жасау әлеуметтік макро не микроорта, не құқықтық тәрбие шеңберіңде ғана емес, сонымен бірге оған бүкіл қоғам тұтастай және әлеуметтенудің обьектісі не субьектісі ретінде әрбір иңдивидте; практикалық әрекеттер мен әлеуметтік қатынастардың барлық түрлері мен формалары да кіреді, құқықтық тәрбие өлеуметтенуге жататын құрал ретінде қарастырылады. Әлеуметтену адам тұлғасын қалыптастырады және оны қоғамдағы өмірге бейімдейді, адамдармен қатынасқа түсуге мүмкіндік беріп, қоғамдық және нақты тұрмыстық мақсатқа жету үшін қалай әрекет етуді үйретеді.

Адам мінез-құлығын реттегіштердің бірі — жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі болып саналады. Құндылық дегеніміз — құбылыс, идея не институт, нақты не қиялдағы заттар, бірақ оған қатысты алғанда индивид немесе әлеуметгік топтар өз өмірінде маңызды деп санайтьш құрметке бөленуі тиіс, ал оған қол жеткізуге үмтылуды қажет, міндет деп есептеуі керек. Кейбір топтарда, мысалы, маңызды рольді — ақша, байлық, билік, ал кейбірінде — идеология, үшіншісінде саясат не ар, абырой, әлеуметгік мәртебе атқаруы мүмкін. Құқық социологиясы, жекелей алғанда, қщықтың әлеуметтік құндылығы, оның қоғамдағы мәртебесі мәселесімен айналысады. Жеке түлғаның қүңдылық жүйесіңце қщықтық нормалардың қандай орын алуына байланысты оның құқықтық мінез-құлығы айқындалады. Әлеуметтену процесіңде кейбір нормалар интериорлануы мүмкін, яғни индивид норманы сақтау оның қүндылығын іштей көз жеткізуінің нөтижесі екенін терең меңгеруі болуы мүмкін.Бірақ өрдайым бүлай бола бермейді.Кейбір жағдайда индивидтің мінез -қүлығы мүмкін болатын санкциядан қорқуға бейімделуі мүмкін. Бүл жеке түлғаның шынайы әлеуметгеибегенш білдіреді.

Құқықтық мінез-құлық — жеке не ұжымдық субьектілердің санасы мен еркіне бағынатын, құқық нормаларында қарастырылған және заңды нәтижесі болатын әлеуметтік маңызы бар мінез-құлығы. Бұл анықтама жоғарыда келтірілген бүкіл белгілерді қамтиды және сол арқылы құқықтық мінез-құлықты әлеуметтік мінез-құлықтың өзге түрлерінен ажыратады. Тұрмыстағы, жұмыстағы, жеке қарым-қатынастағы мінез-құлық, бұл — заңды мінез-құлық. Біздің Конституция бойынша, барлық азаматтар заң мен сот алдында тең. Бірақ бұл азаматтардың құқықтық әрекеттері, яғни олардың жасаған занды мәні бар қыльгқтарының бәрі бірдей деген сөз емес. Бұл көптеген факторларға: адамның жасына, олардың өлеуметтік жағдайына; мүдде шеңберіне, обьективті мүмкіндіктеріне өмір сүру жағдайларына және т.б. байланысты. Мысалы, әр жастағы азаматтардың құқықтық мінез-құлқы әр түрлі санатқа жататын түлғалардың қызметтері сәйкес келмейтіндіктен, әр түрлі болады.

Мысалы, еңбек құқығы 16-19 жастағы не одан жоғарыдағыларға (зейнеткерлік жасқа дейінгі) тиісті болады. Ал әлеуметтік қамтамасыз ету жағынан заңды әрекеттер, негізінен, зейнеткер жасындағыларды қамтиды. Некеге түруда 20-24 жастағы әйелдер мен еркектер (әйелдердің 52 проценті) белсенділік танытса, одан кейін 20 жасқа дейінгілер (өйелдердің 30 проценті), 25-29 жас (әйелдердің 8 проценті) және 30 жастан асқаңцар (әйеддердің 10 проценті) тұрады. Ажырасуға келгеңде, ол 30-35 жас аралығыңда жиірек. Сонымен бірге бала тәрбиесіне байланысты неке-отбасылық қатынастарға қатысты қүқықтық мінез-қүлық неғұрлым ұзақ жас кезеңіне сәйкес келеді (25-45 жас). Бұдан байқағанымыздай, құқықтық мінез-құлық барлық жас топтарында болады, бірақ олардың мазмүны әр түрлі. Мүндай көріністер көбінесе құқыққа қарсы мінез қүлықтан көрінеді. Қылмыстық істерді зерттеу нәтижелері мынаны көрсетті: кәмелетке толмағандардың (14 пен 18 жас аралығындағылар) қылмыстық орта есеппен алғанда 10 проценті жасайды. Қылмысқа қатысты актілердің көп бөлігі 25-29 жастағыларға, сонан соң 18-24 жастағыларға, содан кейін 14-17 жастағыларға, соңыңда 30 жастан асқандарға түседі. Әкімшілік құқық бұзу саласыңда жас көрсеткіштері тең бөлінетіні байқалады. Бұдан байқағанымыздай, құқыққа қарсы мінез-құлықтың барлық түрінің субьектісі халықтың жас бөлігін қамтып тұр.

Құқықтық нормаларды жүзеге асыруда азаматтардың мінез-құлқының себептері қандай? Ең алдымен, мінез құлықтың басты себебі ретінде сол субьектінің ғана емес, басқалардың да, өлеуметтік топтар мен бүтіндей қоғамның да қажеттіліктері мен мүдделері алынады. Бұл субьектіні қоғамнан бөліп алып қарау дүрыс болмаған болар еді. Баланың жанына жақын биологиялық қажеттіліктері, туыстары мен жақындарының мүдделері, жолдастары мен достарына қамқорлығы, ұжымның жалпы мүдделері, соңыңда, қоғам алдьшдағы борышы-мұның бәрі адам мінез-құлығын, оның жеке мүддесі мен қажеттіліктеріне қарағаңда, көбірек әсер етеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.