Құқықтық нормалардың мәні және маңызы

Home » Рефераттар » Құқықтық нормалардың мәні және маңызы
Рефераттар Комментариев нет

Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормаларда (адамгершілік, өнеге, әдет-ғұрыптар, діни нормалар, қоғамдық ұйымдар нормалары, т.т.) қатар құқықтар нормалармен де реттеледі. Құқық (нормативтік мәнінде) — бүл қоғамдьщ тұрақтылықты сақтауға, әр түрлі өмір салаларындағы (әдуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, өндірістік, тұрмыстық т.т.) тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет билігін құру үшін қызмет пәрменділігін анықтауға бағытталған, мемлекет танитын жалпыға міндетті мінез-құлық (нормалар) жүйесі. Заң — ең жоғары күші бар нормативті акт. Құқык нормасы-мемлекет органы, немесе оның мақұлдауына қабылданған немесе бекітілген жалпыға міндетті мінез-құльщ ережесі.
Құқық бұзушылық — бұл қоғамға қауіпті, заң жауапкершілігін тудыратын, деликтоқабілеттілігі бар кінәлі адамның құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекетсіздігі). Заңдылық — мемлекет органдарының, лауазым иелерінің қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың заңдардың, басқа да ресімді актіжрдің талабые мүлтіксіз орындауы. Құқықтық тәртіп дегеніміз — бұл заңдылықтың сақталуы, құқықпея реттелінгш қоғамдық қатынастардьщ нақтылы жшғдайы [1]. Осы жоғарыда анықтамалары берілген, сондай-ақ олардан басқалай да құқыққа қатысты ұғым-түсініктер жас өспірімдердің құқықтық санасының мәнін құрайды. Демек, баланың бойына қүқықтық сананы сіңдірмейінше, оның бойьгада құқықтьщ мәдшиет қальгатаспайды. Ал, құқықтық мәдениеттіліксіз құқықтың мәнін ұғынып/түсіну, құқық нормаларының талаптарын мүлтіксіз орындау, қоғамдьщ тәртіпті сақтау, заңдылықты бұзбау, заң құзырлығьша сшім, тәртіптілік, биік адамгершілік, адалдық, жауапкершілік, т.б. бала бойында тұрақтамайды. Нәтижесінде бала көше ықпалынатүседі Құқьщ бұзушыльщты ерлікке балайдьі. Оньщ дәлеліне мына төмендегі мәліметтер мысал бола алады. Түркістан қаласы бойынша кәмелетке толмаған жас өспірімдердің жасаған қылмыстары жайлы жинақталған статистикалық мәліметтерде олар тарапына 2006 жылы 12 қылмыстық қозғалса, 2007 жылы олар жасаған қылмыс саны 53 -ке жеткен. Ал биылғы жылдың алғашқы 3 айында кәмілетке толмағандар 25 рет бөтеннің мүлкін ұрлау үстінде ұсталса, қарақшылық шабуыл жасау — 5, тонау-11, алаяқтық-1, анайы түрде зорлау -1, құжаттар бүлдіру-1, бұзақылық -6, біреудің мүлкін бүлдіру-1, орта дене жарақатын салу бойынша -1, өзінше билік ету бойынша-1 факті тіркелген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай жас өспірімдер Қазақстан Реепубликасы қылмыстық кодексінде кездесетін баптардың барлық түрлері бойынша қылмыс істеген, оның ішінде ауыр қылмыс жасаушылар көп.
Бұл тек бір елді мекенде тұратын жас өспірімдер тарапынан жасалып, құқық қорғау органдарында тіркелген қылмыстық істер. Ал, ашылмай қалып, тіркелмегендері қаншама. Оларды кім біліпті. Дерек көздеріне қарағанда өткен жылы республика бойынша әр түрлі қылмыстық әрекеттерге барған 19327 бала ұсталып, солардың 14546 тіркеуге алынған, Осы көрсеткішті 360 күнге шағыңыз, бұл республика бойынша кәмелетке толмағандар тарапынан күн сайын жүздеген заң бұзушылық орын алады деген сөз.
Заңгер, немесе педагог, немесе психолог ғалымдар да, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, тіптен қала берді мұғалімдер мен ата-аналардың өздері де кәмелетке толмағандар арасында тәртіп бұзушылықтың көбіне көп достарының, сыныптастарының арасында өзін «Мен мықтымын» деп көрсетіп қалу немесе жәй әншейін батылдық таныту шегінен туындайтындығын тілге тиек етеді. Ия, баланың аты бала. Олардың қоғамдық тәртіпті бұзуға, немесе бұзақылық жасауға саналы түрде бармайтындығы да ақиқат шындық. Демек, бала бір рет сүрінді екен деп оны үйренген ортасынан шеттетіп бөліп тастауға болмайды, Қайта оған жағымсыз қылықтардан арылуға көп болып көмектескен жөн. Құқық бұзушылықтың негізгі бөлігін, яғни 76, 1 пайызын жасөспірімдер сабақтан бос кезде жасайтын көрінеді. Барлық халқының үштен бірін жасы кәмелетке толмағандар құрайтын республикамызда бүгінгі таңда небәрі 629 мемлекеттен тыс тәрбиелік ұйымдар мен шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Олардың жұмысына шамамен 29 1545 бала ғана тартылған. Бұл бойындағы күш — жігерін қайда жұмсарын білмей жүрген ойын балалары үшін теңізге тамған тамшымен бірдей. Кейбір ата-аналардаң балаларын тек материалдық тұрғыдан ғана қамтамасыз етумен шектелетіні ашы да болса шындық. Шын мәнінде баланы не толғандырып жүр, араласатын ортасы қандай, бос уақытында немен айналысады, бұған олар аса мән бере бермейді. Ата-аналық міндетті тамағының тоқтығы мен көйлегінің көктігіне сайып, «қатарынан кем қылмадық» түсінігіміз өлшейді. Соның салдарынан қадағалаусыз қалған бала арты өкінішке ұрындырар іске ойланбай қадам басады. Демек дұрыс емес тәрбие түрлерінің арасында шектен тыс қамқорлықтың зардабы да аз емес.
Құқық бұзушы жасөспірімнің жеке басы қалыптасуына ықпал ететін әлуметтік факторлар тобында отбасының алар орны ерекше. Мысалы әрбір үшінші қылмысқа барушы жасөспірім әкесіз өскен, ал әрбір төртінші жас өспірімнің әкесі алкагольден зардап шегуші болған.
Қоғамдық тәртіпті бүзып, бұзақылық жасаушы балалардың хал-ақуалдары мен көңіл-күйлеріне барлау жасап, отбасыларының тұрмыс жағдайларын екшелеу олардың 50,7 пайызы қолайсыз жағдайда тәрбиеленіп келе жатқандығын, 25,9 пайызының ата-аналары ішімдікке салынып кеткенін, 14,3 пайызының отбасында үнемі ұрыс- керіс болып жатқандығын, 15,5 пайызының ата-аналары балаларын үйден қуып жібергендігін, 2,6 пайызының ата- аналары балаларына үнемі ұрып соғатынын, 1,3 пайызының ата-аналары қылмыстық істер жасағандар екендігін, 10,4 пайызының психикалық тұрғыдан ауру ата-аналарымен тұратындығын анықтап берді. Демек, жеке тұлғаның қалыптасуында құқықтық тәрбие де жетекші рөль атқарады, Ол кез-келген адамның әсіресе, жас ұрпақтың құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін және мінез-құлқын қалыптастырудың қайнар көзі болып саналады. Бұл міндеттің оңды шешілуі сынып жетекшілер мен мұғалімдердің жас өспірімдерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, оны бұзушылықтың туу себептерін күнделікті өмірлік түйіткілдерден, адамдар арасындағы уақытша түсінбеушіліктен туындайтын құбылыс ретінде түсіндіріп, ұғындыра, оларды заңға бағынушылық пен құқықты құрметтеушілікке тербиелей алуларынан көрінеді.
Осы уақытқа дейін жас өспірімдердің бойында өздерінің қылықтарына жауаптылықты қалыптастырумен байланыстырыла қарастырылатын құқықтылықты қорғау мәселесі ең негізгі проблема ретінде қойылып келді. Ал, қазіргі қатаң нарықтық экономика жағдайында адамгершілік нышандарының тапшылығы жас өспірімдердің бойында жеке жауаптылықтың тәрбиеленуін қоғамдық істермен байланыстыра жүргізуді қажетсініп отыр. Себебі, адамгершілік мәселелерін күнделікті өмірде болып жатқан жаманды-жақсылы жағдайлармен байланыстыра қарастыра білуге үйрету керек деген сөз, ертеңгі күні еңбектенуші заңды тұлға заңсыздық, жүгенсіздік атаулының барлық түрінен өзін өзі қорғай білуге, заң алдындағы жауапкершілігін сезіне білуге толық тәрбиелеу деген тұжырымды білдіреді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.