Құқықтық шығармашылық түсінігі

Главная » Рефераттар » Құқықтық шығармашылық түсінігі

«Құкыктық шығармашылық» дегеніміз — мемлекеттің өкілетті органдарының әрекеттері, яғни нормативтік актілерді басуға, кай-та жөндеуге арналған әрекеттері, оларды мазмұнымен тұтас заң нормаларына айналдырады. Алайда, бұл мағынада «құқықтық-шығармашылық» атауы көбірек шартты және сол әрекетті құқықтық-шығармашылық деп атаған жөн, әрі кайта құру процестерін айыра білу кажет.

Мемлекет құкықты жасамайды. Құқықты құру процесі әлеуметтік организм қойнауында жүріп жатады, ал мемлекет қоғамда қалыптасқан құқықты талаптарға сай дайындауы керек. Сондықтан, кейбір авторлардың «құқықтық-шығармашылықты» құқықты құру процесіндегі ақырғы кезең деуі дұрыс емес. Профессор С. С. Алексеев негіздеме түрінде былай дейді: «Құқық-тық-шығармашылык принципті түрде, сол уақытта басталады, қашан коғам дамуындағы талаптар белгіленеді, тікелей әлеуметтік құқық қалыптасса, құқықтық жаңалықтардың қажеттігі шегіне жетсе, тек осы негізде ғана құқық құру процесіне міндетті органдар кіріседі».

Құқықтық-шығармашылық түсінігі қоғамның еркін, заңға айналдырудағы қызметтердің барлық түрлерін, жолдарын (нысанын) қамтиды:
а) мемлекеттік органдармен нормативтік актілерді қабылдау;
ә) референдум аркылы тікелей халыкпен ақылдасу;
б) құкық нормаларына сай әртүрлі келісімдер жасау;
в) мемлекеттік емес ұйымдардың шығарған әдеттері мен нормаларына санкция беру;
г) заңды прецеденттерді құру.

.

Юриспруденцияда көптеген құқықтық-шығармашылық принциптер шығарылған, олардың ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады:
а) демократиялық; ә) заңдылық;
б) гуманистік;
в) ғылымилығы;
г) кәсібилік;
ғ) бағдарламалықтығы.

Құқыктық-шығармашылық қызмет әр уақытта әртүрлі заңды процедураны көрсетеді, яғни құқықтық-шығармашылық қызыметін істегендегі құқықпен реттелген бірізділік, олар белгілі құқықтық-шығармашылық нәтиже. Құқықтық шығармашылық процедура жеткілікті түрде қиын және қызметі үзаққа жалғанады және өзінің кезеңдері бар, яғни бұл процестердің арасындағы кезеңдер, шешуі нақтылы мақсаттар.

.

Қазіргі кездегі көбірек таралған мынандай құқықтық-шығармашылық нысандар бар: мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауы. Ондай құқықтық-шығармашылық процедурада көбірек істелген заң шығару процедурасы (заңдарды баспаға беру процедурасы). Заң шығару процедурасының мынандай кезеңдері бар: Заң шығару бастамасын іске асыру қүқығы, яғни елдің ең жоғарғы өкілетті органына заң жобасын арнайы үсыну, ол орган оны қарауға міндетті. Заң жобасын үсынуға қүқығы бар субъектілердің тізімі Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабында анық айтылған: «1. Заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады».

2-кезең заң жобасын талқылау. Бұл кезеңде негізінен заң жобасы талқыға түсіп өзгертулер, толықтырулар кіргізіледі, керегі жоқ жерлері алынып тасталады; 3-кезеңде заң жобасы қабылданады; 4-кезеңде арнайы ақпарат құралдарымен жарияланады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 61-бабында осы мәселе туралы былай бекітілген «1. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. 4. Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақүлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі».

Заңды техника — нормативтік-құқықтық және жекелеген заң актілерін дайындаудағы пайдаланылған жолдардың, тәртіптердің және құралдардың жиынтығы, олардың жетілдірілуін қамтамасыз етуші. Заңды техниканың ішінде ерекше бөлінетіні заң шығару техникасы, ол мыналарды қамтамасыз етуге міндетті: а) жазудың қисынды бірізділігі; ә) нормативті актілердің ішінде қарама-қайшылықтың жоқтығы және толығымен заң шығару жүйесінде; б) нормативті материалдардың жинақы болуы; в) заң тілінің анықтығы және түсініктілігі; г) заң шығарудағы пайдаланылған терминдердің құрылуындағы дәлдік және белгілілік; ғ) тек бір мәселе бойынша белгіленген нормативтік актілердің көптігін болдырмау. Заң техникасының деңгейі, көп жағдайда заңдылық мәдениеттің деңгейін көрсетеді. Заңды техника, ең алдымен, заңды терминология мәселелеріне, заңды Конституцияға (толығымен және заңды қүралдардың қабысуы), өңдеу тәртібіне, жазылуына және нормативтік-қүқықтық актілерді жүйелеуге қатысы бар.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.