Құқық жүйесі және заңдар жүйесі

Home » Рефераттар » Құқық жүйесі және заңдар жүйесі
Рефераттар Комментариев нет

Бұл проблеманың тікелей тәжірибелік маңызы бар. Аталмыш мәселені теориялық жағынан шешу нормативтік-құқықтық актілерді шығарудағы және топтауды эффективті әрекеттерге, құқықтың барлық арнайы нысандардың көрінуіне әсер етеді. Оны шешудің методологиялық негізіне құқық пен заңның жалпы заңдылықтары жатады («заң» деп айтқанда, тек тікелей заңдарды ғана емес, барлық құқықтың қайнар көздерін қоса айтамыз). Құқық дегеніміз — құқықтық заңның өзі. Құқық өзінің көріну нысанынан тыста болмайды: оның сыртынан тек мынандай жауап табуға болады: құқық қандай болу керек, бірақ құқықтың өзі емес. Тура солай әлеуметтік ортада, реттелетін әлеуметтік аяда құқық жүйесінің объективті негізі, оның идеалды үлгісі бар, бірақ құқық жүйесі нағыз жүйесінде ғана өмір сүре алады. Әдебиетте құқық жүйесі және заңдар жүйесі — бір феноменнің екі жағы — объективтік құқықтың. Құқық жүйесін заңдар жүйесінің қалпынан шығару деген, құқықтың өзін қалыптан шығару болып табылады. Және принципті түрде олардың арақатынасына дұрыс сипат беру оның мазмұны мен құқық нысанын сипаттау. Сонымен бірге, құқық жүйесі және заңдар жүйесі тығыз байланысты болса да, жеке жүйелер болып табылады. Олардың әртүрлі мақсаттары және әртүрлі құрылымдары бар.

Құқық жүйесі — құрылымын сипаттайды (элементтері мен құрылысын) құқықтық ақпаратты (құқықтың мазмұны) және құқықтың әрекетін ақпараттық реттеу жүйесі ретінде қамтамасыз етеді. Заңдар жүйесі — құқықтық ақпарат иесінің құрылымын сипаттайды және оның мақсаты сол ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету және оны тиімді пайдалану. Әдебиетте құқық жүйесі заңдар жүйесінің объективті негізі және заңдар жүйесі заң шығарушымен құқықтың жүйесі негізінде құрылады. Жалпы және тұтасымен ол дұрыс. Алайда, заңдар жүйесінің дамуы, оның жетілуі оған қарағандық емес, яғни құқық жүйесін қайталап соған ұқсас болуды көздемейді, тек көбірек түрде, құқық жүйесіне қарағанда өзінің қызметтік мақсатын толық іске асыру, құқықтық ақпараттың ашықтығын және түсінікті болуын қамтамасыз ету, заңдылық күштеріне қарай, заң нормаларының анық иерархиясын белгілеу, көбірек, толық және дұрыстық жағдайда елдің мемлекеттік құрылымын есепке алу қажет.

Заңдар шығару жүйесі (ал «заңдар шығарумен» бұл проблеманың контексінде барлық нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығын және құқықтың арнайыланған көріну нысандарына дейін түсінуге болады) өкілетті органдардың арнайы қызметтерінің нәтижесі («құқықтық шығармашылыққа» қатысты) және ол осы бағдарламада көбірек, не азырақ жетілгендігін көрсетуі мүмкін. Теорияда мұндай сәттерді заңдар шығару жүйесінің субъективтік факторларға тәуелділігі ретінде сипаттайды.

Егер құқық жүйесінің элементтеріне нормалар, институттар, салалар жатса, онда заң шығару жүйесінің элементтері — нормативтік-құқықтық актілер және олардың элементтерін құрушылар (тараулар, бөлімдер, баптар, белгілер, т.б.). Сол сияқты, заң шығарудың салалары бөлініп шығады. Заң шығару жүйесінің құрылысы «жоғарыдан төмен» (субор-динация принципі бойынша) және «көлденең» құрылады (координа-ция принципі). Нормативтік-құқықтық актілердің иерархиялық негізінде (жоғарыдан төмен құрылым) әр уақытта Конституцияға жатады. Көлденең құрылыс заң шығару саласының бөлшектенген жүйесімен сипатталады. Федеративтік мемлекеттерде заң шығару жүйесі өзгеше. Мысалға, Ресейдің заң шығару жүйесін алсақ, онда жалпы федеративтік заң шығару мен Федерация субъектілерінің заң шығару жүйелері бар.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.