Я.А Коменский –еуропа педагогикасының негізін салушы

Главная » Рефераттар » Я.А Коменский –еуропа педагогикасының негізін салушы

Ян Амос Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге келді. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар общинасының дін қызметшісі міндетін атқарады. 1618жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың ығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестантизмге қарсы күш – католиктік контирреформация құрылды.10жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, отбасымен бірге Лешноға келді. Бұл Польшаның белгілі общиналық орталығы болатын. Осыдан бастап,ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына қайтып орала алмады.1656жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл жылдары ол бала-шағасынан айырылды. Өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда өткізді.Голландияда да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды.1657 жылы латын тілінде «Ұлы дидактика» басылды. Я.А. Коменский өмірінің соңғы 4 жылы ішінде – «Адам ісін түзетудің бүкілжалпылық Кеңесі»атты еңбегін жариялады. XVII ғасырда педагогика статус алып,өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп,дами түсті. Осы кезден бастап Коменскийдің теориялық ой – пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге  дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формациының  үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ – гуманист, қоғам қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.
ХVIІ ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу – ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері және әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін – оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше «Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдарадан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі» деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде жүргізуді ұсынды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті – деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған  педагог «Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады», «Адам болу үшін  ол білім  алуы тиіс», «Білімділер нағыз адам»-деді. «Ілім – нравтылықтың спутнигі»-деді педагог. Оның жүйесінің негізі – ақыл – ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуды, үйренуі қажет –деді.
Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айналдырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Онвы ғылыми, теориялық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып – сабақ жүйесі – едагогиканың теориялық негізі болы  сақталып қалды.
Оқытудың жаңа әдісіінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Алайда кедей отбасының  балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың  басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католиктік шіркеудің бақылауында болды. Шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсатымен міндетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкімнің есіне келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат- ұрып , соғу мақсатын көздеді.
Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори- «Ешбір ойластырылмаған», «Ешбір қызықтырмайтын»деп атады. Ал Коменский оданда ауыр етіп «Ақыл соғысы»-деп атады.
Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630жылы отбасында тәрбиелейтін  аналар мен бала күтетін адамдарға арналады. 1631 жылы «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі»атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрлде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі колоннаға бөлінген – Чех тілі мен латын тілін салыстыра оқытудың кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптың құндылығы сонда,ол 16 елдің тіліне аударылды.
Коменский көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі – «Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі» атты еңбегі. Бұл жасөспірімдерге арналған еді. ХХ ғасырда педагогика профессоры Элвуд  Кабберли былай деді. «Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда  150жыл орнына 200жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың  болмағанының куәсі »- деп жазды.Қазіргі кітаптар мен  оқулықтар Коменский еңбектері негізінде иллюстрацияланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде «Ұлы дидактика» атты еңбегін жариялады. Бұл кітап , оны дүние жүзіне танытты. Кітап Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.