Ыбырай Сандыбайұлы

Home » Рефераттар » Ыбырай Сандыбайұлы
Рефераттар Комментариев нет

Ыбырай Сандыбайұлы (Үкілі Ыбырай) — екі ғасырды бастан кешірген белгілі әнші (тенор), халық композиторы, суырып салма ақын, классикалық халык ән мәдениетінің ірі өкілдерінің бірі Ыбырай Көкше өңірінде, Володар ауданы, Қызыләскер ауылында дүниеге келіп, жастайынан өлеңге, әнге кұмар болып, молдадан оқып, арабша сауатын ашып өсіп жетіледі. «Сандыбайдың әнші баласы, өлеңші баласы» атанып, ауыл-аймақтағы жиын, той-думаннан қалмай, атақты ақын-әншілер: Орынбай Бертағұлы, Арыстанбай Табылбайұлы, Шөже Қарнаубайұлы, Біржан Қожағұлұлы, Ақан Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Тезекбай Шоктыбайұлы, т.б. ұстаз тұтып, үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүріне еліктеп, Көкше өлкесіне әйгілі бола бастайды. Осылай ән мәдениетінің ортасынан өсіп жетілгеп сылқым, өнерпаз жас жігіт Ыбырай алдыңғы ағаларының Біржан сал, Ақан сері секілді әшекейленген киімімен атқа мініп, тазы, қаршыға ұстап, аңшылық, ойын-сауық ортасынан көрініп «Үкілі Ыбырай» атанады. Үкілі домбырасын тастамай, жас әнші — Ыбырай халық әндерін, халық композиторларының әндерін шебер орындаушылық шеберлігіне жетіп, өзі де ән, өлең шығарумен айналысады. Ыбырай әндерінің кұрылысында өз ерекшеліктерімен, қайырмасыз әннің күрделі түрі романс бағытына жақындайды. Дауыска жайлы, қиын емес ырғақтардан құралып, көңілге тез қонатын әуеннен тұрады. Композитордың 40-қа жуық әндері бар, олардың ішіндегі шоқтығы биік, кең тынысты, көп салалы, өзгермелі ырғақтардан тұратын, дамыған әннің түрі — ромапс деп атауға тұратын 24 бөлшектен, 11 дыбыс аралығын қамтитын «Гәкку» ән-романсы, халық композиторының ән мәдениетімізге әкелген жаңалығы деп бағалауға тұрарлық туынды. Казақ халқының тұңғыш «Қыз Жібек» операсының Құрманбек, Қанабек, Күләштар композитор Е.Брусиловскийге кезінде Жібектің ариясын таңдауында «Гәкку» әнінің кабылдағаны жәй болмаса керек. 1934 жылдың 7 қарашасында өзінің шымылдығын көтеріл сахнада қойылған ару Жібектің ариясы — «Гәкку» — әнінің қабылданғаны жәй болмаса керек. «Арарай» әні де қ9ндылығының нәтижесінде «Ер Тарғын» операсында Ақжүністің ариясы ретінде пайдаланған. Халық жазушылары: С.Мұқанов, Е.Ысмайылова, Ш.Хусайынов, Т.Қожыбаевтар үкілі Ыбырайдың шығармашылығын дәріптеп, пьеса, новеллаларын жазды.
Акын-композитор екінші ғасыр жаңа заманын карсы алып, «Октябрьдің Жеңісі», «Отарба», «Ленин бабам» өлеңдерін де жырлады. Кезінде акын импровизатор замандас Доскей, Есімбет, Қожахмет акындармен айтыска шыққан екен. Демек, Ыбырайдың бойына біткен әншілік, ақындық, орындаушылык, домбырамен өзін-сүйемелдеуші, әрі насихаттаушы болуы «Сегіз қырлы, бір сырлы» дарын иесі болып өткендігін дәлелдейтін құдыретті құбылыс дейміз.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.